278
сияқты кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қҧрылуына, қайта
ҧйымдастырылуына және таратылуына бӛлінеді. Меңгеруде
маңызды орынға кәсіпкерлік саласында қолданылатын меншік
қҧқығы, әртҥрлі шарттар, оның ішінде: мҥлікті меншікке беру
туралы, ӛзге де заттық қҧқықтар немесе пайдалану (тауар
жеткізілім, кәсіпорынды сату, лизинг және т.б.), жҧмыс орындау
туралы (мердігерлік), қызмет кӛрсету туралы (тапсырма,
комиссия, сенімгерлікпен басқару), коммерциялық концессия
(франчайзинг),
ақшалай
талапты
беріп
қаржыландыру
(факторинг), сақтандыру, банктік және т.б. мәмілелер және
басқалары ие.
«Кәсіпкерлк қҧқық» курсын ойдағыдай меңгерген соң, білім
алушылар кәсіпкерлік қызметтің заңды белігілерін, олардың
қатысушыларын, қатысушылардың мемлекеттік тіркелу тәртібін,
қҧқықтарының объектілерінің тізімін, аталмыш қҧқықтардың
жҥзеге асырылу және қорғалу әдісі мен тәртібін, заттық
қҧқықтардың жҥзеге асырылу және қорғалу нысандарын,
кәсіпкерлік қызмет саласында қолданылатын шарттарды жасасу,
орындау, ӛзгерту және бҧзу тәртібін анықтауды ҥйренеді.
Заңдық сауаттылыққа тек сәттілікті ғана қосу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: