А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет107/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
қан топтары
Қан тобы
Мына топтарға қан бере алады Мына топтардан қан ала алады
і
II
III
IV
і, іі, ііі, іV
II, IV
III, IV
IV
I
I, II
I, III
I, II, III, IV
Салмағы шамамен 70 кг адам екі литр және одан да көп мөлшерде 
қан жоғалтқан кезде 
қан құю
керек. Егер салмағы 35–40 кг бала болса, 
оған 1 литр қан жоғалтудың өзі қауіпті. 
Ежелгі кездің өзінде адамдар көп қан жоғалтқан адамды құтқару 
мүмкін емес екенін білген. Сол кезде де қан құю қолданылған, бірақ ол 
көбінесе сәтсіз аяқталған. 1901 жылы бір адам қанының екінші адам 
қанына сәйкес келмейтіні анықталды. 
Тобы сәйкес келмейтін қан құйған кезде эритроциттер бір-біріне 
жабысып қала ды. Мұндай құбылысты 
агглютинация­
деп атайды. Бұл 
плазма нәруыздары антидене сияқты жұмыс істей тін діктен болады. 
Олар бөгде эритроциттерге жұқпаға (антиген) әсер көрсеткендей әсер 
көрсетеді де, оларды жабыс тырады. Жабысқан эритроциттер қанда ұсақ 
қанұйық (сгусток) түзіп, оттекті тасымалдай алмайды. Агглютинация 
тез дамиды және өте қауіпті. Сондықтан қазіргі уақытта тек өз тобына 
сәйкес қанды құяды. Сирек жағдайда жер сілкінуі, техногендік апат
және т.б. сызба бойынша қан құю жүзеге асырылуы мүмкін (5-сыз-
ба). Өз тобына жатпайтын қанды (мысалы, бірінші) аз мөлшерде қажет 
адамға қолданады. 


93
Себебі қан эритроциттері мен агглютининдерінен бөлек қанда басқа 
да жасушалар (тромбоциттер, лейкоциттер) бар. Плазмада әртүрлі 
нәруыздардың көп мөлшері жүзіп жүреді. Өз тобына жататын қан тобын 
құйған кезде де жеке сәйкес келмеу – эритроцит агглютиногендерінен 
басқа нәруыздарға иммундық реакция болуы мүмкін. Сондықтан 
дайындалған донор қанын аз мөлшерде, жеке төзбеу қасиеті бар-жоғын 
бақылап мұқият құю қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет