А. Соловьева, Б. Ибраимова


Нәруыздардың қасиеті мен қызметі



Pdf көрінісі
бет24/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
Нәруыздардың қасиеті мен қызметі.
Нәру ыздардың көп шілігі суда 
жақсы ериді. Сондықтан олар өз дерінің биологиялық қасиеттерін 
судағы ерітіндісінде көрсетеді. Бірақ ерімейтін нәруыздар да 
16-сурет.­
Нәруыз 
молекуласының 
құрылысы


22
бар. Мысалы, сүйек нәруызы 
оссеин
немесе буын нәруызы, сіңір және 
тері нәруызы 
кол­лаген
суда ерімейді. Нәруыздардың қасиеттері алуан 
түрлі. Ол нәруыздардағы аминқышқылдарының құрамы мен мөлшерінің 
де әртүрлі болуына байланысты. 
Нәруыздардың негізгі үш қызметі:
1.
­Құрылыстық­қызметі
. Барлық тірі ағзалар, негі 
зі нен, нәруыздар-
дан тұрады. Нәруыздар барлық жасу шалық құрылым құрамына кіреді де, 
жасушаның құр ғақ массасы ның 80%-ын немесе орташа алғанда 70%-ын
су алады деп есептегенде шикі массасының 20%-ын құрайды. 
Өсімдіктер мен кейбір бактериялар судан, көмірқышқыл газы мен 
құрамында азоты бар заттардан барлық аминқышқ ы лын синтездей 
алады. Адам мен жануарлар аминқышқылын тек қорекпен алады. 
Олардан ағза өз нәруыздарын түзеді. Ет, балық, жұмыртқа, сүт 
өнімдері, қытайбұршақ (соя), бұршақ, асбұршақ және кейбір өсімдіктер 
нәруыздарға бай. 
2.
­Ферменттік­қызметі.
Әрбір тірі жасушада күрделі био хи миялық 
реакциялар жүреді. Жасушаға түскен заттар ыды рай ды. Басқа заттар 
керісінше түзіледі. Осылардан бөлінген энергия қолданылады, жұмсалады 
немесе син тез деледі. Жалпы жасуша бір мезгілде жүздеген, мың даған 
әртүрлі реакциялар жүретін алып химиялық зертхана сияқты жұмыс 
істейді. Тірі жасушаларда жүретін реак циялардың жоғары жылдамдығы 
мен дәлдігін нәруыз-ката лизаторлар немесе реакцияны тездеткіштер – 
ферменттер
қамтамасыз етеді. 
Әрбір фермент бір, сирек жағдайда бірнеше реакцияны катализдейді. 
Мысалы, асқазан сөлінің ферменті – пепсин тек тамақ нәруыздарын 
ыдыратады да, майлар мен көмір су ларға әсер етпейді. Басқа ферменттер 
белгілі бір көмір су ларды ыдыратады. Олар басқа заттарға (майлар немесе 
нә руыз дар) әсер көрсетпейді. Нәруыз-ферменттердің осын дай ерек шелігі 
үдерістің дәлдігін қамтамасыз етеді. 
3. Нәруыздардың 
энергетикалық
қызметі
көмірсулар дағы сияқты.
Нәруыздар басқа да көптеген қызмет атқарады. Солардың кейбіріне 
сипаттама берейік. 
Реттейтін­қызметі.
Гормондар
ағзадағы физиологиялық үдерістер-
дің реттегіші болып табылады. Адам және жануар лар гормондарының 
бір бөлігі нәруыздар болып табылады. Мысалы, ұйқы безінің гормоны – 
инсулин бауыр жасушасында гликогенді синтездейтін ферментті белсенді 
етеді. Осылай қандағы глюкоза деңгейі төмендейді. Ол бауыр гликогеніне 
айналады.


23
Нәруыздардың 
қорғаныш
қызметі
иммунитетті қамтама сыз етуден 
тұрады. Адам ағзасы мен жануарларда қорғаныш нәруыздары – 
антиденелер
түзіледі. Олар ауру тудыратын микроағзалардың тіршілік 
әрекетін жояды. Сонымен қатар 
фибриноген
сияқты нәруыздар қанның 
ұю үдерісіне қа тысады. 
Сүйек нәруызы – оссеин мен сіңір нәруызы – коллаген 
механикалық­
қызмет
атқарады. 
Бұлшық ет нәруызы – актин мен миозин жиырылғыш қызмет 
атқарады. 
Гемоглобин нәруызы 
тасымалдау­ қызметін
атқарады. Ол қанның 
құрамында болады да, оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды. 
Түсі бар нәруыздар 
пигменттік­ қызмет­
атқарады. Мысалы, тері-
дегі – меланин, шаш, көздің қасаң қабықшасы. 
Нәруыздар басқа да көптеген қызмет атқарады. Мысалы: сигнал беру, 
жылу оқшаулау және т.б. 
Биополимерлер,­аминқышқылдар,­тұқым­қуалай­тын­ақпарат,­
ферменттер,­гормондар,­инсулин,­гликоген,­фибриноген,­анти-
денелер,­оссеин,­коллаген,­актин,­миозин,­гемоглобин,­меланин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет