А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет31/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

гүлді өсімдіктер 
немесе 
жабық тұқымдылар. 
Атауынан көрініп 
тұрғандай ең жетілген өсімдіктер бөлімінде 
жемісі
түзі летін жыныстық 
20-сурет.
 
Ашықтұқымды өсімдіктер: 
а – шырша: 1 – әр жылғы аналық бүр лер; 
2 – аталық бүр лер; ә – балқарағай; б – арша; в – қарағай бұтағы: 1 – аталық бүр;
2 – әр жылғы аналық бүр; 3 – тұқымның шашылуы 
19-сурет.
Қырықжапырақ
а
ә
1
1
2
б
в
1
3
2


28
көбеюдің жаңа мүшесі – 
гүлі­
пайда болады. Тұқымбүршік тұқымды
қорғайтын берік жабын түзетін жатын (түйін) қабырғасымен қорғалады. 
Осыдан гүлді өсімдіктердің 
жабықтұқымдылар
деген екінші атауы 
шығады.
гүлдің құрылысы.
Гүл бөлiмдерi – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), 
тостаған жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады 
(21-сурет).
Гүлді өсімдіктердің көпшілігінде тамырлары мен серіктес-
жасушалары бар флоэманың сүзгілі элементтері болады. Органикалық 
заттардың ерітінділері сүзгілі түтіктер арқылы жапырақтан тамырға 
тасымалданады. Ал еріген минералды заттары бар су сүректің ұзын 
түтікшелері немесе ксилема арқылы тамырдан жапыраққа барады.
Гүлді өсімдіктердің шығуы және эволюциясы туралы жалпы 
қабылданған теориялар жоқ. Себебі ертедегі түрлерінің қазба қалдықтары 
табылмаған. Сонымен қатар қазіргі кездегі өсімдіктер тобының 
ешқайсысы гүлді өсімдіктердің пайда болуына негіз бола алмайды деп 
есептеледі. Олардың арғы тегі қылқанжапырақтылардағы сияқты бор 
дәуірінде жойылып кеткен тұқымды қырықжапырақтар болуы мүмкін. 
Гүлді өсімдіктердің эволюциясы мен таралуында тозаңдандырғыш 
жәндіктер зор рөл атқарды. Олардың эволюциясы тозаң мен шірнеге бай 
гүлді өсімдіктердің пайда болуына байланысты едәуір қарқынды дамы-
ды. Сонымен, гүлді өсімдіктер мен жәндіктер қатар дамыды. 
Споралар,­ спорангий,­ ризоидтер,­ ашықтұқымдылар,­ қыл­қан-­
жапырақтылар,­жабық­тұ­қымдылар.
21-сурет.
Гүлдің құрылысы:
1 – гүл сағағы;
2 – гүл табаны; 3 – тостаған жапырақша; 4 – күлте 
жапырақша; 5 – аталығы; 6 – аналығы 
3
1
2
5
4
6


29
Білу және түсіну:
1. «Төменгі сатыдағы өсімдіктер» деген түсінікке анықтама беріңдер.
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің бөлімдерін атаңдар. 
3. Өсімдіктердің белгілі бір топтарын қандай критерий бойынша «жоғары 
сатыдағы өсімдіктерге» жатқызады? 
қолданылуы:
1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің әртүрлі ұлпалары мен мүшелерінің 
қызметін сипаттаңдар.
2. Неліктен жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықта, ал төменгі 
сатыдағы өсімдіктердің суда өсетінін түсіндіріңдер. 
3. Тіршілік ортасы және ұлпалар мен мүшелердің арасындағы 
байланысты анықтаңдар.
4. Бауыр мүктер мен жапырақсабақты мүктердің дене құрылысын 
салыстырыңдар. 
Талдау:
1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер бөлімдерінің қалыптасу кезеңдерін 
талдаңдар. Олардың біртіндеп пайда болғанын дәлелдеңдер.
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің пайда 
болуын сызба түрінде сипаттаңдар.
3. Өсімдіктердің әртүрлі бөлімдерінің түрлі мүшелері пайда болу себеп-
тері туралы өз пікірлеріңді айтыңдар. 
Синтез:
1. Құрлығы жоқ ғаламшарда жоғары сатыдағы өсімдіктер қалыптаса 
ма? Талқылаңдар. 
2. Егер мүктер тек бауыр мүктерден тұратын болса, олар жоғары 
сатыдағы өсімдіктерге жатқызыла ма? Бағалаңдар. 
Бағалау:
1. Мынадай жойылып кеткен өсімдік топтары туралы ре ферат жазыңдар: 
псилофиттер­ немесе­ риниофиттер,­ тұ­қымды­ қырықжапырақтар
қандай жүйелік топтарға жатқызылатын еді? 
2. Қазіргі кезде өсетін өсімдіктер: 
вельвичия,­ гинкго­ билоба,­
саговниктәрізділер,­ қылша­ (эфедра)­
туралы реферат жа зыңдар. 
Олар қандай жүйелік топтарға жатады? Қан дай ерекшеліктері бар? 
Қазақстанда табиғи жағдайда қайсылары өседі? 
Пікірталас:
Келешекте өсімдіктердің эволюциясы жүруі мүмкін бе? Олардың 
қандай бағыттары болуы мүмкін? Талқылаңдар. 
№3 зертханалық жұмыс.
өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілерін 
анықтау. 
248-бетті қара.


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет