есте сақтау, жады – өткен жеке тәжірибелерді қайта жаңғырту, еске түсіру
қабілеті.
есінеу – ұзақ терең тыныс алу мен қарқынды тыныс шығарудан тұратын
еріксіз тыныс алу қозғалысы. Қанда көмірқышқыл газы жинақталған кезде
мүшелерді оттекпен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған ағзаның
рефлекстік реакциясы.
Ж Жас – жас безінің секреті.
Жастық шақ – бал дәурен шақтан кейінгі есейген кезге дейінгі өмір кезеңі;
ағзаның тіршілік ету күші жинақталады және дамиды.
Жарымес – ескірген атау. Психикалық тұрғыда қалыпты емес адам.
Жемсау – қалқанша бездің тұрақты түрде ұлғаюы.
Жүрек бұлшық еті – миокард.
Жүрекмаңы қапшығы – перикард дегенді білдіреді.
Жұқпалы аурулар – ауру адамнан сау адамға берілетін, ауру тудырғыш
микроағзалар тудыратын аурулар.
Жұмыртқа – жұп аталық жыныс безі.