А. Соловьева, Б. Ибраимова


Негізгі сөздер мен тіркестер



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


 
Негізгі сөздер мен тіркестер
Эпидермис, эктодерма, дерма, гиподерма, жылуреттегіштік, меланин,  
Д дәрумені 
195

 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Тері қорғаныштық қызмет атқарады, ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауда  
үлкен рөл атқарады, сонымен бірге үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортаға 
бейімделуде де маңызы зор. Осылардың шын екендігін дәлелдей аласың ба?  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Адам қалыпты өмір сүру үшін дене температурасы тұрақты болуы тиіс. 
Сыртқы орта температурасының ауытқуы адам температурасына әсер 
көрсетпейді. Адам денесінің температурасы 36-37 
0
. Неліктен? 
Дененің тұрақты температурасы  жылу өндіру мен жылу шығарудың 
реттелуіне байланысты жүзеге асады. 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Тері қабаттарын дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
«Суретке қарап сөйле» 
– Жүйе 
– Жүйені құрайтын мүшелер 
– Мүшелердің орналасуы 
– Мүшелердің құрылысы 
 
 
 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Оқушылар заттар бойынша топқа бөлінеді. Әрбір оқушы 
өзінің бір затын мұғалімге немесе жүргізушіге 
тапсырады, мәселен, қаламсабын, дәптерін, кілтін, 
көзілдірігін т.б. Бұл заттар қорапқа салынып, әр партаға 
ретсіз түрде қойылады. Оқушы сыныпқа кірген кезде 
өзінің заты бар партаға отырады. Оқушылады «Дене 
жабыны», «Денсаулықтың айнасы» топтарына бөледі. 
Топ атына байланысты топ мүшелері ойларын айтады. 
Сабақтың тақырыбын табу үшін ойқозғау: 
 
Адам денесінде оның салмағы шамамен 2 кг 700 гр 
болады.
 
 
Онда шамамен 250 мың суықты сезетін және 30 мың 
жылуды сезетін рецепторлар бар.
 
 
Сыртқа  орта  мен  ағза  арасындағы  шегара  қызметін 
атқарады.
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Кездесу» ойыны 
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады, 
әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, қарсы тұрған 
оқушының жақсы қасиетін айтады. 
 
 
Ортасы 
1.  Оқулықпен жұмыс.  
«Дербес пікір» жазу стратегиясы 
Оқулық 
 
196

 
Жұптық жұмыс 
Мәтінді оқып болған соң оқушыларға төмендегідей 
құрылым бойынша жазба жұмысын жазу тапсырылады. 
1.  Мәтін бойынша өзіндік пікір 
2.  Дәлел 
3.  Өз пікірін айғақтайтын мысал 
4.  Өз пікіріне қарсы дәлел 
5.  Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал 
6.  Қорытынды 
 
Ұсыныс: 
 
Мәтін бойынша өзіндік пікір 
– 
бір сөйлем 
Дәлел 
– 
екі сөйлем 
Өз пікірін айғақтайтын мысал 
– 
екі сөйлем 
Өз пікіріне қарсы дәлел 
– 
бір сөйлем 
Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал 
– 
екі сөйлем 
Қорытынды 
– 
екі сөйлем 
Дескрипторлар: 
– Мәтіндегі негізгі мәліметтерді теріп ала алады. 
– Мәтінді жұппен талдайды, өзіндік пікірді 
қалыптастырады, қорытынды жасайды. 
«Көңіл күй» рефлексиясы: 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сергіту сәті: «Броун қозғалысы»  
Музыка әуенімен оқушылар сынып бөлмесінде қозғалады. 
Әуеннің  ортасында  мұғалім  бір  санды  айтады.  Оқушылар 
сол санға байланысты топтаса қалады. 
ІІ. «Суреттер сөйлейді» 
Терінің  суретін  қарай  отырып  құрылысын  жазып 
шығыңдар. 
 
  
Дескрипторлар: 
197

 
– терінің құрылысын талдайды; 
– тері қабаттарын біледі. 
Аяқталуы 
«Кесте толтыру» 
Терінің құрылысы мен қызметі 
Тері қабаттары 
Құрылыс 
ерекшелігі 
Атқаратын 
қызметтері 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
– терінің құрылысының ерекшеліктері мен атқаратын 
қызметтерінің арасындағы байланысты болжайды; 
– терінің ағазадағы қызметтеріне баға береді; 
– кестені нақты, дәлелді толтырады. 
 
Рефлексия тақташасы  
 
Маған 
ұнады 
 
        ? 
Маған қиын 
болды 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша ақпарат.   
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Төмендегі тізімнен терінің функцияларын 
көрсететін сөздерді теріп ал. 
– қорғаныш 
– тірек-қимыл 
– бөліп шығару 
– жылу реттеушілік 
– сезім мүшесі 
– тыныс алу 
– қан жасау 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Өзін-өзі бақылау 
– Қолыңның сыртын қара. Жұдырығыңды түй. 
Буындағы тері қатпарына мән бер. Бұл қатпарлар 
не үшін керек? 
– Қолыңның сыртындағы теріңді тарт. Не көрдің? 
Терінің қандай қасиетін байқадың? 
– Саусақ басындағы сызықтарға көңіл бөл. Саусақ 
іздеріне қарап жеке адамды анықтауға бола ма? 
 
Функционалдық сауаттылық тапсырмалары:  
Тері адамның сыртқы жабыны.  Орта 
есеппен терінің салмағы ересек адамда 12 кг. Әр 
6,45 см
2
 теріде 94 май бездері, 65 шаш түбірі 
болады. 90% май бездері шаш түбіне ашылады.
 
Пәнаралық байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
198

 
№1 тапсырма. 
Дұрыс 1 жауапты таңдаңыз. 
1. Тері қорғаныш қызметін атқарады себебі онда 
болады: 
А) меланин 
В) рецепторлар 
С) май бездері 
Д) эпидермис 
2. Май бездері 
А) денені салқындатады 
В) теріні майлайды 
С) өт бөледі 
Д) сілекей бөледі 
3. Тер бездерінің пішіні 
А) түтік тәрізді 
В) домалақ 
С) жұлдызша сияқты 
Д) төртбұрышты 
№2 тапсырма 
Сөйлемді толықтыр.  
Бір уақытта күнге қыздырынған адамдардағы тері 
түстерінің әртүрлі болуы..... байланысты. 
  А) меланинге 
В) Д дәруменіне 
С) жүйке ұштарына 
Д) кератинге 
№3 тапсырма 
Сәйкестендір. 
Май жасушалары 

 эпидермис 
Мүйізді қабат 
– 
теріасты май қабаты 
Май бездері 
– 
дерма 
№4 тапсырма 
Бақылау жаса. 
Саусақтарыңның сыртын ұлғайтқыш қол 
әйнекпен қара.  
Сұрақ. Қолдың сыртындағы ромбтар мен 
үшбұрыштар неге жылтырап тұрады? 
Алақаныңды ұлғайтқыш қоләйнекпен қара. 
Сұрақ. 
Неге қатты қобалжығанда алақан терлейді, ал 
қол сырты терлемейді? 
Қол саусақтарының ұшын ұлғайтқыш қол 
әйнекпен қара. 
Сұрақ. 
Неге бір затты танып білуде саусақтың ұшымен 
сипап көру нәтиже береді? 
№4 тапсырма 
Төмендегі тұжырымдарды атқаратын 
қызметтеріне байланысты топтастыр. 
І тері 
ІІ бүйрек 

 3 бөлімнен тұрады 
199

 
 

 зәр шығару жүйесіне жатады 
– 
Д витаминін синтездейді 
– 
меланин пигменті бар 
– 
аммиак синтезделеді 
– 
жылу реттеуге қатысады 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар 
не білді?  
Сыныптағы 
ахуал қандай 
болды?  
Мен жоспар-
лаған саралау 
шаралары 
тиімді болды 
ма?  
Мен берілген 
уақыт ішінде 
үлгердім бе? 
Мен өз жоспа-
рыма қандай 
түзетулер 
енгіздім және 
неліктен?
 
Таңдау рефлексиясы 
1. Мен сабақта  
2. Өз жұмысыма 
3. Сабақ маған 
4. Сабақта мен 
5. Менің көңіл күйім 
6. Сабақ материалдары маған 
Таңдалатын жауаптар: 
белсенді,   енжар 
ризамын,   риза емеспін 
тез, ұзақ өтті 
шаршадым,  шаршамадым 
жақсарды, нашарлады 
түсінікті,       түсініксіз 
қызықты,      қызықсыз 
пайдалы,        пайдасыз 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар   
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру  
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды  жетілдіруге 
көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
САБАҚ:  §30.  Тері аурулары 
және гигиенасы 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.5.4 – тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, тері ауруларының тізімін 
жасайды. 
200

 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Тері ауруларын бір-бірінен ажырата алады, аурудың туындау 
себептерін анықтайды, ауруды сипаттап береді. 
Кейбір оқушылар: 
 
Терінің гигиенасын сақтау шараларын қарастырады. 
 
Тері тазалығының маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады. 
–  Тері ауруларын тізімдейді, туу себептерін талдайды. 
– Тері ауруларының белгілерін сипаттап береді. 
– Тері ауруларының алдын алу шараларын қарастырады. 
– Таза терінің ағза үшін маңыздылығына баға береді.  
Тілдік мақсат 
 
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті 
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу  
дағдылары)  
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
дерматолог, күбіреткі, теміреткі, сүйел, күю, үсу, қотыр, денешынықтыру 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Егер температурасы 50–60

болатын бассейнге адам түсетін болса, күйіп 
қалатыны белгілі. Ал сыртқы ортаның температурасы 50–60
0  
болған 
жағдайда адам неге күйік алмайды? 
(Ауаның температурасы 50–60

болған жағдайда адамның күйік алмайтын 
себебі терлеудің арқасында. Тер ағзаны салқындатады. Ал бассейнде адам 
терлемейді). 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Көптеген елдерде ыстық күндері салқындатылған сусын ішеді, ал Азия 
халықтары ыстық күндері неліктен ыстық шай ішетінін түсіндіріп бере 
аласыңдар ма? 
(Ыстық шай шөлді жақсы қандырады, сонымен бірге тердің қарқынды 
бөлінуіне жағдай жасайды, ал тер болса денені салқындатады). 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Тері ауруларының алдын алу шараларын дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
Зымыран сұрақтар 
1.  Терінің түктер, тырнақтар пайда болатын қабаты 
2. Терінің бірінші қабаты 
3. Шаш түбірі орналасқан қабат 
4. Эпидермис қабатын түзетін ұлпа 
5. Эпидермистің ішкі қабаты 
6. Теріде ультракүлгін сәулелердің әсерінен түзілетін дәрумен 
7. Адамның қалыпты жағдайдағы дене температурасы 
8. Тері дәрігері 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
1.  Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топты қағаз қиындылары бойынша «Қотыр қолдан, таз 
тақиядан», «Дені саудың –  жаны сау» топтарына  бөлу. 
Топ атына байланысты топ мүшелері ойларын айтады. 
 
201

 
Сабақтың тақырыбын табады. 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
 Өзіңізге тілегенді –  басқаларға тілеңіз! 
Әр оқушыға 10–15 секунд уақыт аралығында ішінен 
өзіне бір тілек тілеу тапсырылады. Ол оқушы қарама- 
қарсы топтағы бір оқушының қолынан алып, жаңағы 
өзіне тілеген тілекті жұбына айтады. 
 
Ортасы 
2.  Оқулықпен жұмыс.  
Мәтінді оқып «Бононың алты қалпағы» 
стратегиясын қолдана отырып, тапсырмаларды 
орындайды. 
«Ақ қалпақ» –  мәтіндегі қандай ақпараттың жетпей 
тұрғанын пайымдаймыз және ол ақпаратты қайдан алуға 
болатынына нұсқау береміз.  
«Сары қалпақ» –  теріге тиімді әсер ететін факторларды 
айту. 
«Қара қалпақ» –  теріде ауру туғызатын факторларды және  
тиімсіз жақтарын айту. 
«Қызыл қалпақ» –  өз эмоцияларын білдіру. 
«Жасыл қалпақ» –  тері ауруларын болдырмау жөнінде өз 
идеяларын беру. 
«Көк қалпақ» –  топтардың жұмыстарын сараптау. 
 
Дескрипторлар: 
– Мәтіндегі негізгі ойды таба біледі. 
– Бононың алты қалпағы бойынша берілген 
тапсырмаларды жан-жақты талқылап, қорытынды шығара 
алады. 
Кері байланыс: 
«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»   
     Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар 
өз  қайығын  Білім  теңізіне  жібереді,  ал  оған  сенімсіз 
балалар Ереже шығанағында қалады. 
 
 
Сергіту сәті: 
Еркiн ұста денеңдi, 
Тарсылдатпай едендi. 
Орнымыздан тұрып ап, 
Жүгiрейiк бiр уақ. 
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. 
Аяқты алға созайық, 
Оқулық 
 
202

 
Тiк көтерiп, қозғайық. 
Тым сылбыр да болмайық, 
Алға қарай озбайық. 
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. 
Аяқталуы 
Рөлдік ойын 
Дерматолог –  теріде болатын ауруларды және оның 
белгілерін айтады, сұрақтарға жауап береді. 
Косметолог – теріні күту ережелерін оқушыларға 
түсіндіреді. 
Гигиенист –  тазалықтың тері үшін маңызына тоқталып, 
таза жүруге, саламатты өмір салтын сақтауға шақырады. 
Дескрипторлар: 
–  Теріде болатын ауруларды тізімдейді. 
– Тері ауруларының болу себептерін анықтайды. 
– Тері ауруларының алдын алу шараларын қарастырады. 
– Терінің ағза үшін маңызына баға береді. 
 
 
Қосымша ақпарат.  Шаштың гигиеналық жағдайы ағзаның жалпы күтіміне байланысты. Ол 
үшін еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырып, қуатты тамақтанып, дене-шынықтырумен 
шұғылданудың маңызы өте зор. Шашты уақытында май және шаң-тозаңнан, қайызғақтан 
тазартып, жуып-күту қажет. Судың сапасы да шашқа көп әсер етеді. Оның кермектігінің 
(құрамындағы кальций, магний, тeмip тұздары) адам терісіне және шашына қолайсыз әсер 
етуден құрғап, қайызғақ түседі. Кермек су шашты жіңішкертіп, үзілгіш етеді.  Сондықтан 
мұндай суды жұмсарту үшін оны бip сағат қайнатады немесе 5 л суға 2–3 шай қасық ас 
содасын қосады. Шашты орамалмен құрғатады. Су шашты желмен кептіруге болмайды. Ұзын 
шашты ұшынан бастап, ал қысқа шашты түбінен бастап сирек тісті тарақпен тарау керек. 
Шашты қатты тартып, бұрап өру оның қан айналымын нашарлатады, түсуіне, селдіреуіне әсер 
етеді. Сол сияқты үнемі тар және ауыр баскиім кию де зиян. Баскиімсіз ыстық күннің көзінде 
және суықта жүруге болмайды. Шашты химиялық әдіспен бояп, бұйралау да шаштың өсуін 
нашарлатады. Шашты күтпесе – құрғап, өңі кетіп, қайызғақ басады, ал майлы шаш – ұйыса 
береді. Шашты аптасына бip рет жуып, тазартады. Адам өзінің тepiciнe қарай сабын мен сұйық 
сабынды таңдап қолдануы қажет. Ол үшін шаштың қандай (құрғақ, майлы) екенін білу керек. 
Шаштың өcyi үшін, бастың тepiciн уқалау пайдалы. Шашты дер кезінде шаштаразға алдырып 
немесе сәнді қиғызып жүру сыпайылықтың, мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Шашты 
жаңбыр және қар суымен жууға болмайды, ceбeбi олардың құрамында ауаның ластануына 
байланысты шаң-тозаң, түрлі қышқылдар болады.   
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Кейбір адамдарға суық еденде жалаңаяқ жүрсе 
болды суық тиеді, ал кейде қақаған аязда суық 
суға түсетін адамдарды да көреміз, тіпті оларға 
суық та тимейді. Не себепті? 
(Ол адамдардың шынығу дәрежесіне байланысты). 
 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Оқушылардың арасында саңырауқұлақтардан 
болатын тері ауруларын алдын алу үшін жаднама 
жасаңдар. 
 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
203

 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар 
не білді?  
Сыныптағы 
ахуал қандай 
болды?  
Мен жоспар-
лаған саралау 
шаралары 
тиімді болды 
ма?  
Мен берілген 
уақыт ішінде 
үлгердім бе? 
Мен өз жоспа-
рыма қандай 
түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Кері байланыс:  
Кемпірқосақ 
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді 
желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан 
күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы 
түсінік деңгейін білдіреді. 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар   
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру  
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §31.   Адам қаңқасы- 
ның құрылысы. Тірек-қимыл 
жүйесінің рөлі мен қызметі 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.6.1 – тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, адамның тірек-қимыл жүйесіне 
кіретін мүшелерді біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Адамның қаңқасымен танысады, қаңқа бөлімдерін құрайтын 
сүйектермен танысады, бөлімдерді құрайтын сүйектерді жүйелейді, 
204

 
салыстырады. 
Кейбір оқушылар: 
 
Тірек-қимыл жүйесінің маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Тірек-қимыл жүйесіне кіретін мүшелерді біледі, жүйелейді. 
– Адамның қаңқасын талдайды, басқа ағзалардан ерекшеліктерін 
зерделейді. 
– Адамның қаңқасының бөліктерін құрайтын сүйектерді ажыратады. 
– Адамның тірек-қимыл жүйесінің маңызына баға береді.  
Тілдік мақсат 
 
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа 
 аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті 
терминология мен тіркестері бар лексика) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Тірек-қимыл жүйесі, енжар бөлім, белсенді бөлім, жалпақ сүйектер, қысқа 
сүйектер, ұзын сүйектер, жіліктер 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Екі оқушы пікірталасып отыр. Біріншісі –  сүйек бұл күрделі тірі мүше десе, 
екінші оқушы оны жоққа шығаруда. Қай оқушының пікірі дұрыс?  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Адамның бойы таңертең ұзындау болады да,  неліктен кешке қарай 
қысқарады? 
(Омыртқалардың арасындағы шеміршек адам күні бойы жүрудің әсерінен 
тегістеледі. Соның әсерінен бой кешке қарай қысқарады). 
 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Қаңқа бөліктерін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
Дұрыс тұжырымды табыңдар 
1.  Тері – біздің ағзамызды сыртқы ортадан бөліп тұратын жамылғы.  
2.  Терінің негізгі қабаты гиподерма 
3.  Теріде болатын ерекше түзіліс –  плакоидты қабыршақ. 
4.  Тері Д витаминінің түзілуіне қатысады. 
5.  Дәнекер ұлпасынан түзілетін екінші қабат дерма қабаты деп 
аталады. 
6.  Май клетчаткасында қоректік заттың қоры бар. 
7.  Теріде қан жасушалары түзіледі 
8.  Эпидермистің сыртқы қабаты –  мүйізді қабат. 
9.  Дермада тер бездері, шаш түбірі, тырнақ негізі бар. 
10. Терінің сыртқы қабаты –  эпидермис. 
11. Терінің дерма қабатында гормондар түзіледі 
12. Тері ауруларын емдейтін дәрігерді дерматолог дейді. 
13. Шаш, түктер, тырнақ – эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. 
14. Тырнақ – саусақ ұштарының сыртында орналасқан жалпақ мүйізді 
түзіліс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет