А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет75/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Дәріс – 14
Тақырып 14. Қазіргі танымал жазушылар


Лекцияның мақсаты: Д. Рамазанның «Алланың әмірі», «Келіндер», әңгімесі


Негізгі сұрақтар:
1. Думан Рамазанның өмірбаяны
2. «Алланың әмірі», «Келіндер», әңгімесі



Жазушы, журналист, аудармашы, зерттеуші, драматург Думан Әмірғалиұлы Рамазан 1967 жылғы 1 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы, Қызылту кеңшарында дүниеге келген. 1985-92 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде оқыған. Одан соң М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын тәмамдаған. Ұзақ жыл республикалық «Халық Кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істеген. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі және Қазақстан Саяси зерттеулер орталығының бас директоры қызметтерін атқарған.

Қазір «Әлем әдебиеті» журналының бас редакторы. «Көкжал», «Хан Кененің қазасы», «Алланың әмірі», «Жылап аққан тамшылар» атты кітаптардың және «Кенесары хан» деректі фильмі сценарийінің авторы. Харуки Мураками, Юкио Мисима, Джон Голсуорси, Уильям Сароян секілді әлемге әйгілі қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Кенесары-Күнімжан», «Апат», «Бала Қазыбек», «Жүрек қалауы» атты драмалық шығармалары бар.
2010 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында және 2011 жылы Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Кенесары-Күнімжан» пьесасы сахналанды. Осы пьесасы 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде ең үздік драма атанды.
Қазақстан Жастар Одағы мен Журналистер Одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Кенесары хан атындағы республикалық әдеби конкурстың және «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша «Алтын қалам» байқауының бас жүлдегері. Президенттік және Мемлекеттік стипендияның иегері. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет