А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет20/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Пайдаланылған әдебиеттер


Ляззат Дүйсембекова Қазақ ресми-іс қағаздары. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2005 ж.
Құжаттар жинағы. Сборник документов. – Алматы: Алматы қаласы әкімдігі тіл басқармасы, 2004.
Саурықова К.Д., Қарымсақова Р.Д., Омарова Б.А. Қазақ тілі: Ресми іс қағаздар тілін оқыту. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.

Дәріс – 7
Тақырып 7. Басқару органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар: Мінездеме, анықтама, хабарландыру, аннотациялық парақ


Лекцияның мақсаты: Басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттардың түрлері: Мінездеме, анықтама, хабарландыру, аннотациялық парақ туралы оқып сұрақтарға жауап беру


Негізгі сұрақтар:
1. Мінездеме дегеніміз қандай құжат?
2. Анықтама құжатына сипаттама
3. Хабарландыру жазуды үйрену
МІНЕЗДЕМЕ

Мінездемені қызметкердің өз сұрауы бойынша, басқа мекеменің сұрауы бойынша және өзінің бастамасымен әкімшілік немесе мекеменің қоғамдық ұйымы (егер бар болса) жазады.


МІНЕЗДЕМЕНІҢ деректемелері:

  • құжаттың түрі – МІНЕЗДЕМЕ;

  • мәтіні;

  • қол қою;

  • мерзімі;

  • мөрі.

Ережеге сәйкес мінездеменің мәтіні екі бөлімнен тұрады:
Кіріспе бөлімінде: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы, туылған күні, білімі, қызметі, еңбек өтілі (стажы) көрсетіледі.
Негізгі бөлімде – іскерлігі, жұмысына жауапкершілігі, алған марапаттаулары, ұжымдағы адамдармен қарым қатынасы, қызметтегі өсуін жазады.
Егер, мінездемені қоғамдық ұйым немесе еңбек ұжымы бекітсе онда хаттаманың нөмірі мен мерзіміне сілтеме жиналыста қаралады. Мінездемеге мекеме жетекшісі, жетекші маман, қоғамдық ұйым жетекшісі қол қояды, мөрмен куәландырылады.
Мінездеме 2 (екі) данада жазылады.

1. Мінездеме дегеніміз қандай құжат?


2. Мінездеме не үшін жазылады?
3. Мінездемені кімдер әзірлейді?
4. Мінездеменің мәтіні неше бөлімнен тұрады?
5. Мінездеме неше дана етіп жазылады?
АНЫҚТАМА

Анықтамалар екі түрде болады:


1. Өндірістік ұйым қызметінде нақты жағдайлар мен атқарылған істерді растайтын және көрсететін анықтамалар.
Анықтамаларды жоғарғы ұйымның немесе мекеме басшысының бұйрығымен жоспардың орындалуы, тапсырмалардың іске асырылуы туралы ақпарат алу үшін жазылады (беріледі). Оларды белгілі бір мерзімге (уақытқа) береді. Мұндай анықтаманың мәтіні екі бөліктен тұрады:
Бірінші бөлігінде анықтаманы жазуға себеп болған жағдайлар мен іс-әрекеттер жазылады;
Екінші бөлігінде нақты мәліметтер беріледі.
Анықтамаға тұжырымдар мен пікірлер жазылмайды. Бұл анықтаманың баяндау хаттан өзгешелігі.
Анықтамаға анықталған уақыт аралығындағы мәлімет тіркеледі.
Анықтаманың бұрыштамасында құжатта көрсетілген мәліметтердің уақыты немесе күні көрсетілуі мүмкін.
Мысалы: «2001 жылдың 1 кварталы бойынша...»
Анықтама жазылған істің жағдайын анық бейнелеуі тиіс, сондықтан жазылған мәліметтің тыңғылықты түрде берілуі және тексерілуі талап етіледі.
Анықтамада кестелер (таблица) берілуі мүмкін.
Мекеменің жетекшісіне жазылған анықтамаға жоғарғы ұйымның бұйрығы бойынша жазған адам және мекеме басшысы қол қояды.
Қаржы жөніндегі анықтамаларға бас есепшіде қол қояды.
Мекеме үшін шығарылған анықтама А4 формат парағында жазылады, ал ішкі анықтамалар таза параққа сол реквизиттермен жазылады.
Анықтаманың уақыты (мерзімі) қол қойылған күннен есептеледі.
2. Тұрғылықты жерін, оқуын, атқаратын қызметін растайтын анықтамалар: заңды дәлелденген анықтамалар болып саналады.
Оларды мекемелердің сұрап, талап етуіне қарай береді. Бұлар күнделікті және көп жазылатын анықтамалар түрі. Мұндай анықтамаларды жазуға А5 форматты трафератты бланкісі қолданылады. Трафераттық анықтаманың айрықша белгісі, ол мекен-жай иесінің мәтіннің екінші бөлігіне жазылуы.
Мәтін анықтама берілген адамның аты-жөні, әкесінің атынан басталып жазылады. Мәтіннің соңында анықтаманың қай мекемеге берілгендігі көрсетіледі. Мәтінде ескірген және керек емес сөздер қолданылмауы тиіс: «Осы анықтама», «шын мәнінде оқиды».
Мәтінге қол қойылып және мөр басылып куәландырылады.
АНЫҚТАМАНЫҢ үлгі-формуляры мына деректемелерден тұрады:

  • мекеменің аты (ішкі анықтама үшін – министрліктің, басқару мекемелерінің, құрылымдық ұйымдардың аты) – құжат авторы;

  • құжат түрі – АНЫҚТАМА;

  • уақыты, нөмірі;

  • жазылған, берілген жері (қала);

  • бұрыштамасы;

  • мәтіні;

  • мекен-жай иесі;

  • қосымшаның бар болуы туралы мәлімет (егер қажет болса);

  • қол қою;

  • мөр (қажет болған жағдайда).

1. Анықтама құжатына сипаттама беріңіз.


2. Анықтаманың қанша түрі болады?
3. Мекеме жетекшісіне жазылған анықтамаға кімдер қол қояды?
4. Қаржы жөніндегі анықтамаларға кімдер қол қояды?
5. Трафераттық анықтаманың айрықша белгісі дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет