А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет110/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153
Байланысты:
S4

13.1.
 
Полимерлердің қасиеттері 
 
Жоғары молекулалы қосылыстарың жалпы ортақ қасиеттері болады, 
бірақ оны классикалық үлгідегі химия тұрғысынан түсіндіру қиын. 
Сондықтан полимерлердің қасиеттерін қарастыру үшін тиісті жаңа 


187 
түсініктерді енгізуге тура келеді. Полимерлердің молекулалық массалары 
әртүрлі және құрылымдарының айрықша сипатта болуына байланысты, 
олардың қасиеттерінің айтарлықтай өзгешелігі болады.
Жоғары молекулалық қосылыстарда 
орташа молекулалық масса 
деген 
түсінік бар. Кіші молекулалық қосылыстардың қасиеттері тұрақты болады, 
себебі олардың молекулалық массалары тұрақты, ал жоғары молекулалық 
қосылыстардың молекулалық массалары құрылым буындарының санына 
байланысты өзгеріп отырады. Осыған сәйкес, қасиеттері де елеулі түрде 
өзгереді.
Құрылым буындарының құрылысы бірдей, бірақ сандары әртүрлі 
макромолекулалар 
полимергомологтар 
деп 
аталады. 
Молекулалық 
массалары үлкен болған сайын, полимергомологтардың қасиеттеріндегі 
айырмашылықтар азая береді, тіпті жеке зат ретіндегі айырмасы болмай 
қалады. Сондықтан полимергомологтарды жеке химиялық зат ретінде 
қарастыруға болмайды, олардың қоспасын молекулалық массалары бір-біріне 
жуық шамадағы фракцияларға бөліп қарастырады. 
13.1.1. Полимердің беріктігі 
 
Полимерлердің маңызды қасиеттерінің бірі – олардың беріктігі, әсіресе 
кеңістік құрылымды (стереоструктура) полимерлер ерекше берік болады. 
Беріктілік қасиет полимердің тармақталу дәрежесіне және типіне 
байланысты. Молекулааралық байланыс ұзарған сайын, заттың қаттылығы да 
арта түседі, серпімділік модулі артып, салыстырмалы деформациясы азаяды. 
Торлы құрылымды полимерлердің қасиеттері алмаз тәрізді кристалл 
заттардың қасиеттеріне жақындайды. Сонымен, полимерлердің беріктігіне 
әсер ететін факторлар қатарына – молекулалық масса, макромолекулалық 
бағдарлануы, табиғаты, құрылымдарының сипаты, тізбектерінің тігілу 
дәрежесі және т.б. жатады. 
Қандайда бір заттың балқуы, буға айналуы немесе еріп кетуі үшін оның 
молекулалары арасындағы өзара тартылыс күшін жеңу керек. Кіші 
молекулалы заттардың молекулалары арасындағы өзара тартылыс күші 
айтарлықтай мықты болмайды, сондықтан оларды ажыратып бөлу қиынға 
соқпайды. Ал үлкен молекулалы қосылыстардың молекулаларының өзара 
әсері анағұрлым күшті, өйткені, олар толып жатқан бунақтары арқылы бір-
біріне тартылып тұрады. Сондықтан, ондай заттарды буға айналдыру немесе 
балқыту үшін едәуір қыздыру керек. Сонда кейбір молекулалардың атомдары 
арасындағы байланыстар үзіле бастайды да, заттардың ыдырауы жүреді. 
Ондай макромолекулаларды еріткіштің әсері арқылы ыдырату мүмкін емес. 
Сызықтық құрылымды және кеңістік құрылымды полимерлердің 
қасиеттеріндегі айырмашылықты каучук пен резина қасиеттерінен айқын 
байқауға болады. Сызықтық құрылымды молекулалардан құрылған, 
вулканизацияланбаған каучук сұйық көмірсутектерде ериді және олардың 
механикалық беріктігі онша жоғары болмайды. Ондай каучуктерді созып 


188 
тартқанда, үзіліп кетеді. Ал, сызықтық молекулалардың арасы күкірт 
атомдары арқылы жалғасқан вулканизацияланған каучук – резина
(құрылымдық полимер) еріткіштерде ерімейді, тек ісінеді және олар едәуір 
берік болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет