А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Арендерді мұнайхимиясында қолдану



Pdf көрінісі
бет62/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   153
Байланысты:
S4

7.3. Арендерді мұнайхимиясында қолдану 
 
Арендерді алудың негізгі шикізаты мұнайды өңдеу – катализдік 
риформинг және пиролиз процестерінің өнімдері. Қазақстанда бензол және 
параксилол алу қондырғысы Атырау мұнай өңдеу зауытында бар. 
Мұнай химиясында кең қолданылатын арен – бензол. Бензолдың негізгі 
тұтынушысы этилбензол мен стирол өндірісі болып табылады. Этилбензолды 
алудың негізгі жолы бензолды хлорлы сутекті ортада AlCl
3
қатысында
этиленмен алкилдеу болып табылады: 
Этилбензолдан стирол алудың бірнеше жолдары бар: 
1)
600-630 
о
С температурада Ғе
2
О
3
қатысында дегидрлеу 
2) оттегімен тотықтыру 
3) күкірт диоксидімен тотықтыру 
Өндірісте стирол мен пропилен оксидін қатар алу процесі енгізілген: 
Стиролдан полистирол, бутадиен-стиролды синтетикалық каучук
анионалмастырғыш 
полимерлер 
алуда 
қолданылатын 
стиролдың 


92 
акрилонитрилмен, дивинилбензолмен, N-винилкарбазолмен сополимері 
алынады. 
Бензолды тұтынушы екінші маңызды өндіріс фенол өндірісі болып 
табылады. Бензолдан изопропилбензол (кумол) алынады, кумолды 
тотықтыра дегидрлеу арқылы фенол және 

-метилстирол түзіледі: 
Фенол алудың бұдан басқа да жолдары белгілі: мысалы, 1) бензолды 
тікелей тотықтыру
2) 200-250 
о
С Ni-катализаторы катысында бензолды гидрлеп циклогексан, 
одан әрі тотықтырып циклогексанол және циклогексанон түзіледі, ақыр 
соңында 250-425 
о
С Pt-катализаторында дегидрленіп фенол пайда болады: 
Фенолдың негізгі қолданылатын жері – фенолформальдегидті шайырлар 
өндірісі, олардан пенопластар, электр тогын өткізбейтін материалдар, тез 
тығыздалатын пресс-ұнтақтар алынады.
Циклогексанол мен циклогексанон гексаметилендиамин, капролактам 
және адипин қышқылын алу үшін қолданылады. 
Бензолды ауамен 
𝑉
2
𝑂
5
қатысында 400-450 
о
С температурада және 
атмосфералық қысымда бу фазасында тотықтырғанда малеин ангидриді 
түзіледі. Малеин ангидридінің көп бөлігі полиэфирлі шайырлар өндірісінде 
қолданылады. Сонымен қатар, оны диенді синтез арқылы фумар қышқылын 
алуда қолданады. Фумар қышқылы жағар майларға қосымша болып 
табылады. 
Бензолды азот және күкірт қышқылдарының қоспасымен нитрлеп 
нитробензол, оны тотықсыздандырып анилин алады (Зинин реакциясы): 
Өндірісте нитробензолды гидрлеу процесін мыс катализаторының қатысында 
бу фазасында жүргізеді. 
Өндірісте анилин алудың тағы бір жолы фенолды бу фазасында 
аммонолиздеу: 
Алайда соңғы әдіс кең қолданыс тапқан жоқ, себебі шикізат қымбат 
және анилин мен фенол азеотропты қоспа түзіп, бөліп алуда қиындық 
тудырады.


93 
Анилиннің көп бөлігі полиуретанды пенопластар өндірісінде және 
синтетикалық каучукты вулканизациялауда қолданылады. Анилиннің 
азғантай бөлігі (өнімнің 10-15%) бояулар, фотоматериалдар және 
фармацевтикалық препараттар жасау өндірісінде қолданылады. 
Бензолды қолданудың басқа саласына синтетикалық жуғыш заттар – 
алкиларилсульфонаттар (RC
6
H
4
SCO
2
ONa) өндірісін атауға болады.
Толуол бензолға қарағанда аз қолданылады. Оны полиуретандар 
өндірісінің негізгі мономері – толуилендиизоцианат синтезінде қолданады.
Толуол, сонымен қатар, капролактам, фенол, бензалдегид, жарылғыш зат 
– 2,4,6-тринитротолуол, т.с.с. өндірістерінде қолданылады. 
Толуолдың біраз бөлігі термиялық немесе катализдік гидродеалкилдеу 
арқылы бензол алу өндірісінде қолданылады. Гидродеалкилдеу процесімен 
қатар толуолдың диспропорциалану өндірістік процесі жүргізіледі: 
Толуол, сол сияқты, еріткіштер ретінде де қолданылады. 
Ксилолдар да әртүрлі заттарды синтездеуде кең қолданылады. Мысалы, 
п
-ксилолды тотықтырып немесе тотықтыра аммонолиздеп терефталь 
қышқылын, 
о
-ксилолдан фталь ангидридін
м
-ксилолдан тотықтырып 
изофталь қышқылын синтездеуге болады.
Терефталь 
қышқылын 
және 
диметилтерефталатты 
полиэфирлі 
синтетикалық талшықтар өндірісінде қолданады. 
Фталь ангидриді алкидті және полиэфирлі шайырлар, пластификаторлар 
(диоктилфталат), репеленттер (диметил- және диэтилфталаттар) өндірісінде 
қолданылады. 
Нафталин фталь ангидриді, инсектицидтер, 1- және 2-нафтолдар 
өндірісінде қолданылады. Нафтолдар және нафтиламиндер азобояулар 
өндірісінде қолданылады. 
Алкилнафталиндер 
қышқыл 
катализатор 
(НСООН) 
қатысында 
формальдегидпен әрекеттесіп термопластикалық шайырлар түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет