А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет76/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153
Байланысты:
S4

∆G 
а 

∆G 
б 
Т 


117 
Реакция жылдамдығын арттыру үшін температураны жоғарылату және 
катализаторды қолдану қажет. Көптеген реакциялар кезінде температураны 
10 ºС жоғарылатқанда, реакция жылдамдығы 2-4 есе артады. Температураны 
жоғарылату арқылы бастапқы шикізаттың өзгерістер дәрежесін қажетті 
деңгейге дейін жеткізуге болады. 
Қысым мономолекулалы реакциялар (ыдырау, изомерлену, дегидрлеу) 
жылдамдығына әсер етпейді, яғни мұндағы әрбір молекуланың әрқайсысы өз 
алдына жекелей әсер етеді. Бимолекулалы синтез реакциялары үшін 
(полимерлену, гидрлеу, алкилдеу) қысымды жоғарылату әрекеттесуші
молекулалардың соқтығысу мүмкіндігін арттырады, сондықтан реакцияның 
жылдамдығы өседі. 
Термиялық крекинг кезінде жүретін реакциялар, негізінен бірінші 
реттегі теңдеуге бағынады, олар үшін жылдамдық константасы (
k
) бастапқы 
кезеңдегі концентрация (С
о
) мен уақыт өткеннен кейінгі концентрация (С) 
және реакция уақыты (τ) арқылы анықталады: 
C
C
К
o
ln
1


Крекинг реакциясының жылдамдығы арқылы анықталатын активтену 
энергиясы шамамен 200-280 кДж/моль шамасында болады. 
Мұнайды өңдеудегі термиялық процестерде жүретін негізгі химиялық 
өзгерістер көмірсутектердің ыдырауы болып табылады. Көмірсутектердің 
термиялық тұрақтылығы бірдей емес, ол олардың молекулалық массасына, 
химиялық құрылысына, сонымен қатар молекуладағы атомдар арасындағы
байланыс энергиясына тәуелді болады. Байланыс энергиясы деп атомдар 
арасындағы байланысты үзуге жұмсалатын энергия мөлшерін айтады. 
Атомдар бір-бірімен бірігіп молекулалар түзген кезде жылу бөлініп
жүйе бұрыңғыдан да тұрақты күйге ауысады, яғни, байланыстың түзілу 
энергиясы оң мәнге тең болады. Молекула ыдырағанда жылу сіңіріліп, 
сәйкесінше, байланыстың ыдырау энергиясы теріс мәнге ие болады.
10.2–Кестеде кейбір байланыстар энергияларының орташа мәндері 
берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет