А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағ


Балалар ұжымымен мұғалім арасындағы өзара әректтестіктің негізгі формалары



бет6/6
Дата19.12.2021
өлшемі347 Kb.
#103462
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ұжым

Балалар ұжымымен мұғалім арасындағы өзара әректтестіктің негізгі формалары:

- Күнделікті өмірде ұжым мүшелеріне үздіксіз және жан-жақты көмек көрсету;

- Ұжымда және оның мүшелрінің өміріне жағымды әсер ететін жағдай қалыптасытыу;

- Өзін-өзі басқару органының іс-әректін жетілдіру;

- Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың ықпалын біріктіру;

- Ұжым динамикалы жүйе болғандықтан онымен әсерлесу фрмаларын үнемі жетілдіру.

7.4 Біртұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымын зерттеу

 

Біртұас педагогикалық процесте оқушылар ұжымын зерттеу сынып жетекші қызметінде маңызды орын алады. Сынып ұжымын зерттеудің көптеген әдістері бар. Сынып ұжымына толық сипаттама беру үшін әр түрлі психологиялық тесттер мен педагогикалық бақылаулар және т.б. зерттеу әдістері қолданылады. Сынып ұжымын зерттеу үшін төмендегі жағдайлар туралы мәліметтер жинау қажет:



1. Сынып ұжымы туралы жалпы мәліметтер және оның қалыптасу тарихы (оқушылар саны, ұлы, қызы, жастық құрамы, екінші жыл үлгере алмаушылар, сынып қашан ұйымдастырылды, басқа ұжымдармен қосылу болды ма, сынып жетекшілердің ауысыуы және т.б.).

2. Ұжым іс-әрекетінің сипаты мен мазмұны.

а) оқу іс-әрекеті ( үлгерімнің жалпы сипаттамасы және тәртібі, сыныптың жоғары үлгерім үшін күресі, сынып белсенділерінің, ұжымның  жекелеген оқушылардың үлгерімін бақылау, өзара көмек, оны ұйымдастыру формалары). Оқу іс әректі барысындағы тәртіп;

б) сабақтан тыс уақыттардағы ұжым өмірі:  қазіргі заманғы саяси жағдайларға, өнерге, әдебиетке, музыкаға, спортқа қызығушылығы. Сыныптың мектепішілік шараларға қатысуы;

в) сыныпта және одан тыс жерлердегі қоғамдық пайдалы еңбек. Еңбек түрлері және оларды орындау сипаты. Қоғамдық пайдалы еңбекте саналы тәртіпті сақтауы.

3.Сынып ұжымын ұйымдастыру және оған басшылық.

а) сынып орталығын, белсенділерін және жұмысын  ұйымдастыру, оның белсенділеріне сипаттама (инициатива, дербестік, өзіне және өзгелерге талап қоя алушылық, жолдастарының арасындағы беделі, ол неге негізделгген, ұйымдастырушылық қабілеті, қоғамдық пікірге көзқарасы);

б) ұжымда бейресми «басшылардың» болуы, олардың сыныпқа әсері,әсердің себептері, белсенділердің басшыларға көзқарасы. Жекелеген оқушылардың пассивті болу себептері, «назардан тыс қалушылардың»  болуы, бұндай қатынастың себебі, оны өзгерту жолдары;

в) ұжымаралық өзара қарым-қатынас (ұжымның ұйымшылдығы, топтардың бар болуы мен болмауы, олардың психологиялық негіздері, өзаракөмек). Жалған көмек (сыбырлау, көшіру, жат мінез құлықтарды жасырулары). өзаракөмектің болуы. Өзара көмек пен өзара талапқоюшылықтың болуы. Жарысу, дауласу, жеке көріну. Ұжымда өзіндік сынның болуы;

г) өзара қабылдаудың (симпатия)  болуы және олардың психологтялық негіздері. Ұжымның жекелеген мүшелерінің арасында достастық, жолдастықтың көрінуі, олардың ішкі негіздері;

д) ұлдар мен қыздар арасындағы қарым- қатынас. Олардың өзара карым- қатынасының ерекшелігі (достық, негізділік, сүйіспеншіліктің болуы, ортақ қызығушылықтарының болуы);

е) Сыныптың сынып жетекшісімен қарым- қатынасы, ата-аналармен байланыс;

 ж) сынып жетекшісінің тұлғасы, оның ұжымға әсері (білмділігі, жалпы мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, оқушылардың психологиясын, қызығушылығын білуі). Ұжымның сынып жетекшісіне қатынасы, оқушылар арасындағы оның беделі;

4. Жалпы қорытындылар:



Сыныптың ұйымшылдығы, оның сипаты. Ұжымдағы жалпы «эмоционалдық климат» ( ашық, инертті, неврозды, ) ұжым өмірін ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктер, оларды шешу жолдары және оның мүшелерінің өзара қарым- қатынасы.

Бұл мәліметтер сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуына талдау жасауға және ұжымға мінездеме беруге көмегін тигізеді. Сынып ұжымын зерттеудің төмендегідей әдіс түрлері кең тараған: социаметриялық талдау, бақылау, байқау, тренингтер, психологиялық тесттер, тапсырма беру, «іс-әрекетке қатыстыру», сауалнама, әңгімелесу және т.б. әдістер. Сынып ұжымын бір әдіспен зерттеу мүмкін емес, соныдқтан зерттеу барысында әдістер кешені қолданылады. Зерттеудің бағытына қарай зерттеуші әдіс түрлерін өзі таңдап алады. Зерттеу қорытындылары ұжым өмірін, ондағы қарым-қатынасты жақсарта түсу үшін пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет