АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет11/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

жаралаған  жерлеріне,  бақайларына  құрт  түсіп  меңдеп  кетсе,  не  əлдеқалай

мертіксе,  немесе  төлдерді  қасқыр  тартып  я  жеп  кетсе,  ығып  кетсе,

түйелердің,  қойлар  мен  ешкілердің  төстеріне  кене  қадалудан  қатпа  болса,

мініс  малдардың  арқасына  жауыр  түссе  я  арық  болса,  малдар  мезгілімен

оттап, мезгілімен суарылмаса... - осындай жайларды сезе қалған Шепе сол

істі тапсырған адамдарын жер-жебіріне жете тілдеумен қатар, көбін сілейте

сабап алады. Денесі қол тоқпақтай бола тұра, ол төбелескіш те, сабағыш та.

Екі  сөзге  келмей  кім  көрінгеннің  үстіне  міне  түседі  де,  жатып  тұрып

төмпештейді.  Өзі  барып  тұрған  көк  долы,  ашуына  бір  мінсе,  құмарын

тарқатқанша  басылмайды.  Одан  емес,  алғаш  Айғанымнан,  кейін

Шыңғыстан қорқатындар, күштері келе тұра, Шепеге сөз де, тіл де қатпай

жасқана  береді,  қашқанын  Шепе  қуып  жүріп  ұрады.  Қолы  батпағандарға

сырық,  құрық,  қазық,  балта  сияқты  нəрселерді  жұмсап,  өлер-тірілеріне

қарамай


пергілейді.

Сондай


қимылдарында

талайларды

жаралап,

талайларды  талдырып,  мертіктіріп  тастағандары  бар.  Біреулер  өліп  те

қалған деседі.

Шепенің  сондай  мінезі  мен  қылығын  білетіндер,  қаһарына  жолықпау

үшін,  шаруада  болып  жататын  кемшіліктерді  оған  білдірмеуге  тырысады,

басқаратын  адамдарына  Шепе  көрсететін  қорлықтарды  өздері  көрсетеді.

Шепе асқынып кеткен қылықтарды ғана біледі.

Қарашыларды  шаруашылық  жəне  хұқықтық  істерде  құл  ғып  ұстайтын

Шепе əдеттік тіршіліктерінде де оның ойынша, қарашылардан бетінің нəлі

бар қыз-келіншек, ең алдымен – соның меншігі. Біреу өңі бар келіншек ала

қалса,  алғашқыдан  кейінгі  қалаған  түн  –  Шепенікі.  Сол  мақсатына  жету

үшін,  күйеуді  əлденеге  жұмсап  жіберуден  Шепе  қымсынбайды  да,



ұялмайды  да,  ананың  «бармаймын»  дерлік  күші  жоқ,  егер  –  «дей»  қалса,

əлдене  сылтаумен  сазайын  тарттырады,  сонысын  білгендіктен,  жұмсаған

адамдары тіл қатпай жорта береді.

Ажары


бар

қыз-келіншектерін

қарашылар

Шепеге


білдірмеуге

тырысады.  Бірақ  ол  білмей  қоймайды,  сондағы  жұмсайтын  бас  «агенті»  –

өзінің əйелі Шоңайна. Дарақы мінезді ол «қа-те-ен, тағы біреуді таппаймы-

сен»  деп  күлімсіреп  қойса  болды,  «неге  таппаймын?»  деп  жымиып  алады

да, іле іске кіріседі. Оның да «қол астында» бірталай «агенттері» бар, олар

кімде  ажарлы  қыз-келіншек  барын  Шоңайнаға  хабарлайды  да,  Шепе  ар

жағында  өз  əрекеттеріне  кіріседі.  Шепенің  кішкене  бірақ  шымыр  денесіне

өткір  қылығына  қарап  оны  «қырғи»  деп  кеткен.  Сол  қырғиының  қолына

тəуірлеу бір «жем» түсе қалса, Шоңайна, -«біздің қырғи оны да алып жеді!»

деп,  кім  көрінгеннің  алдында  мақтанып  жүреді.  Өсекші  ауыздардың

айтуынша,  жасырын  жүрістен  Шоңайна  Шепеден  қалыспайды.  Ол  хабар

Шепеге де жетеді. Бірақ Шепе де оған қыңқ ете қоймайды. Біраздан кейін

көрінген жас əйелге талғамсыз арқырай берген соң, жұрт Шепені «қырғи»

орнына «есек» деп қоймайды, əйел құмарлық қылықтарын үдете береді.

Осы  бетінде  ол  өзгелерді  былай  қойып,  «жан  жолдасым»  дейтін

біреумен қатты қақтығысып, оның арты ауыр трагедияға да соғады. Ендігі

аз сөз сол «біреу» туралы.

Қарашы  ауылдан  етікші,  өрімші,  əнші,  домбырашы,  ойыншы,  балуан

сияқты  өнер  иелері  де  шыққан.  Сондайлардың  біреуі  -  Қауқар  баласы

Нұртай  деген  жігіт.  Оның  үшінші  атасы  –  Құлболды  -  жаугершілікте

қалмақтан тұтқындалып келіпті. Біреулер оны «қалмақтың бегілер – бегінің

баласы  екен»  деседі.  Ол  сымбатты  да,  сұлу  да  жігіт  болған.  Атасы  кім

болса  да,  жаугершілікте  қолға  түскен  соң,  басқа  құлдар  сияқты,  Абылай

оның  оң  жақ  құлағын  кестіреді  де,  түйесін  бақтырады.  Ол  осы  бейнетпен

күн кешеді. Құлбалдыдан – Қауқар, Қаңтар деген екі бала болған. «Қауқары

əкесіне тартқан еді» дейді. Қаңтары қара күш иесі ғана болған. Балуан да,

домбырашы  да,  əнші  де,  қулықшы  да  болған  Қауқарды,  атқа  мінген

шағында  Айғаным  ат  -  қосшы  ғып  қасынан  тастамайды  екен.  Өсек  көп

ерген Айғанымға біреулер оны танып та жүріпті.

Айғанымға жағып оның «серісі» атанған Қауқар, сүйген бір қызын алып

қашады да, содан ұл туады, атын Нұрмұхамбет қояды, бұл ұзақ есімге тілі

келмеген  шешесі,  сүйікті  ұлын  «Нұртай»  дейді  де,  өзгелер  де  солай  атап

кетеді.

Нұртай  да  əкесіндей  болып  өседі.  Бұл  кезде  Айғаным  тұғырдан  түсіп,



əкімшілікті  немере  қайын  інісі  –  Сартай  алады.  Нұртай  жасынан  соған

«жігіт» болады да, ол қылмысты боп итжеккенге айдалғанда орнын басқан

Тəнінің қасына ереді.

Тəніге  еретін  нөкерлердің  біреуі,  –  бізге  белгілі  Шепе  болған.  Ол

Нұртаймен түйдей құрдас екен.


Сері  Нұртай  да  əлдекімнің  Күнсұлу  аталатын  сұлу  қызын  алып  қашып,

Тəнінің  арқасында  сіңіріп  кетеді.  Нұртай  Күнсұлуды  ерекше  сүйеді  де,

«атымыз  ұйқас  болсын»  деп,  «Күнтай»  қояды.  Жұрт  та  солай  атап  кетеді.

Күнтай  сымбаттылығы  мен  сұлулығының  үстіне  он  саусағынан  өнері

тамған  мініскер,  ас-суға  қылап  əйел  болып  шығады,  сондықтан  үйінде

отырып  қалған  Айғаным  оны  қолына  ұстап  жеке  басын  соған  ғана

күттірген.

Əйел  құмар  Шепенің  көзіне  Күнтай  бірден  -  ақ  түсті.  Бірақ  өзге

қарашылардың  əйелдеріне  қолданатын  əдісін  оған  қолдана  алмады.  Сонда

қорыққаны Күнтай емес, Нұртай. «Тегі құл» дегенмен əкесі Қауқар сияқты

ешкімге кеудесін бастырмай өскен жігіт. Кімге де болса ол тілі мен қолын

еркін ұстайды, басынам дегендерді қатты тойтарып тастайды, сонда айтары

қазақтың  «əкем  болды  жетесіз,  енем  болды  некесіз,  өзің  болдың,  -  не

етесіз?»  деген  «өзі  болған  жігітке,  бір  кісілік  орын  бар»  деген  мақалдары.

Өзінің  жігітшілігіне  ешкім  де  нұқсан  келтіре  алмайды,  өйтудің  орнына,

«бір жігіт осындай-ақ болар!» деп дəріптейді.

Бұндай  жігітті  басынуға  болмайтынын  білген  Шепенің  Күнтайға  «сол

əдіспен  ғана  жетуім  мүмкін»  деген  қулығы  бар,  –  ол  Нұртаймен

құрдастығы.

Қазақтың  əдетінде  –  құрдастық  достықтың  ең  биік  шыңы.  Құрдас

адамдар  дəрежесіне,  дəулетіне  қарамастан  біріншіден,  –  өмір  бойы  тату-

тəтті болуға тиісті, екіншіден, – бір-біріне үнемі достық қана көрсетіп, еш

уақытта  ешбір  қастық,  қиянат  жасамауға  тиісті,  үшіншіден,  –  өзара  үнемі

ойнап-күлуге  жəне  қандай  қатты  ойын-күлкі  болса  да  ашуланбауға,

көтеруге,  кек  көрмеуге  тиісті.  Ауыл  əдетінде  бұндай  ойындардың  көлге  я

өзенге шомылғанда киімдерін ала қашып, көпке дейін бермеу, ерлі-зайыпты

адамдарды  тырдай  жалаңаш  таңып  тастап,  біразға  дейін  босатпау,  көпке

күлкі боларлық қылықтар жасау, ұйқтап жатқанда қойнына жылан, тышқан

сияқты  жəндіктерді  салып  шошыту,  бірінің  атын  бірі  итіне  қойып,  жұртқа

естіртіп  шақыру,  бірін-бірі  «өлді»  деп,  жаназа  айтып  ел  жию,  «боғауыз»

аталатын  сөздердің,  қандайын  болса  да  айтуға  қымсынбау,  бір-біріне  қол

жүгіртіп ойнау... сияқты түрлері болады.

Қазақта  «байы  құрдастың  бəрі  құрдас»  деген  мақал  бар.  Онысы  ерлі-

зайыпты адамдардың ерлері құрдас болса жетеді, əйелдерінің құрдас болу,

болмауы қажет емес. Сондықтан ері құрдас болса, жетеді, əйелдерінің жасы

үлкен я кіші болуына қарамай ойнай береді.

Осы  əдетті  білетін  Шепе  Күнтайды  «құрдас»  деп  тілін  де,  қолын  да

жұмсап қатты ойнап жүрді. Қалжыңның қандай түріне болса да «құрдастық

болар» деп шыдайтын Күнтай бір сəтте арамдығын сезіп қалды да, бойын

сырғақ ұстауға айналды. Енді жолай алмаған Шепе өзге əйелге қолданатын

əдісін бұған да қолданбақ боп, Шоңайнаны жұмсап еді. Күнтай оның бетін

қатты қайырып тастады да, Шепеге біржола суып алды. Сондай күндердің

бірінде  оңаша  кездескен  Күнтайға  күш  жұмсамақ  болып  алыса  кеткенде,


Күнтай алып ұрып астына басты да, алқымынан біраз сығымдап, тізесімен

ішіне  түйгіштеді.  Таяқ  батқан  Шепе  жалынып-жалпайып,  «ендігəрі

бүйтпейін» деген уəдемен əрең құтылды. Күнтайдың бұл қылығы ішіне мұз

болып қатқан Шепе, көк алар сəтін күтті де, қайтып жоламады.

Айғаным  өлер  алдында,  мінезі  де,  қылығы  да  жаққан  Күнтаймен

мақұлдасып:

– Бір ғана тапсыратыным бар, – деген еді оған.

«Не нəрсе тапсырар екен?» деп құлақ түрген жұрттың көзінше:

–  Келінімді  көре  алмай  кетіп  бара  жатырмын,  –  деген  еді,  демін  зорға

алған  Айғаным,  -біріншіден,  –  менен  сəлем  айт  оған  мақұл  болсын,

екіншіден, – ене орнына ене болып, соның қасында боларсың.

Шыңғыс Зейнепті ордаға алып келгенше, Айғаным дүниеден өтіп кетті.

Оның тапсырмаларын Күнтай келініне айтты.

Зейнеп  ордаға  қазақы  түрде  тіккен  асыл  киімдерімен  келген  еді.

Басында,  –  қазақтың  сəукелесі.  Алтын  зерлі  матадан  жасалған,  оның  өн-

бойы  меруерт,  маржан,  кəукер,  ақық,  жақұт  сияқты  асыл  тастармен

безенген. Төбесіне шоқпақтай үкі қадалған.

Айғанымның  өлгенін  орда  аулына  жақындай  естіген  Зейнеп,  көзін

көрген  сүйікті  қайын  енесін  аза  тұтып,  басынан  сəукелесін  сыпырып,

үстіне  «мекеден  келген  қара  жабу»  дейтін,  көлемі  адамның,  денесін  орап

алатын, қара түсті жібекті жамылған еді. Сол қараны Құсмұрынға көшкенге

дейін тастамаған. Айғанымның өсиетімен Зейнепке күтуші болған Күнтай,

сəукелесіне  қарап,  оны  «Үкілі  келін»  атаған,  жұрт  та  солай  деп  кеткен.

Көріскен  сəттен  бастап  мінезі  де,  қылығы  да,  ісі  де  жаққан  Күнтайды

Зейнеп «Ақ апа» деген.

Құсмұрынға  көшкен  Шыңғыс  Нұртайды  да  ала  көшті.  Онда  бара  жасы

үлкен  болғанмен,  Нұртай  Шыңғысқа  да  «жігіт»  боп,  өзге  нөкерлерімен

бірге еріп жүрді.

Ол  кездегі  көшпелі  ауылда,  той,  ас  сияқты  ұлы  жиындар,  көбінесе  ел

жайлауға  шыққан  кезде  болады.  Өзін  осы  елдің  ханы  көрген  Шыңғыс

ондай ас пен тойдың аса бір ірісіне болмаса, кебіне бармайды. Сонда оның

орындайтыны - шешесі Айғанымның бір сəтте:

–  «Жаспын»  деп  жыртаңдама,  балам.  Сен  жалпы  жастың  бірі  емессің,

бір қауым елдің аға сұлтанысың. «Жеңіл тулақ желге ұшар» болма, балам.

Қорғасындай  салмақты  бол.  Сен  жеңілденсең,  баққан  елің  аспанға  күл

болып ұшады. «Күнге күле қарасаң, көйлегіне жамау сұрайды» дейді қазақ.

Күлегеш болма. Түсіңді суық ұста. «Таудың етегі жақын, төбесі алыс» депті

аталарың.  Күнде  көріне  берсең,  баққан  елің  басынып  алады.  Оларға  аз



көрін.  Ызғарыңды  алыстан  сал.  Ас,  той,  айт  сияқты  ел  көп  жиналатын

жерлерге өте сирек бар, – деген ақылы.

Өзі  жиындарға  сирек  баратын  Шыңғысқа  сол  жиында  не  сөздер

болатынын,  əсіресе  өзі  туралы  не  сөздер  болатынын  біліп  отыру  қажет.

Сондықтан сенімді біреулерін кезек-мезек есебінде жұмсап үнемі тіл алып

отырады. Сонда жансыздарының қатарына Шепе мен Нұртай да қосылады.

Құсмұрынға  орныққан  беделі  көтеріліп  болған  жылдардың  біреуінде,

Есіл  өзенінің  Құсмұрын  жақ  бетін  жайлайтын,  осы  дуанға  қарайтын

Жансары  –  Уақ  руында  атақты  Жарылғамыс  бай  қызын  ұзатады  деген

хабар  естілді.  Бұл  ру  соңғы  кезде  Шыңғысқа  қыңыратқып  жүрген.  Ол

кездегі  қазақтың  қай  руының  болса  да  рулық  намысқа  жататын  кеңестері,

үлкен  тойлары,  астары  сияқты  жиындарында  болып,  не  істеуге  қажетті

бəтуаны соларда жасап қайтады.

Шыңғыс  Жарылғамыстың  тойына  Шепе  мен  Нұртайды  жұмсады,

сондағы сылтаулары -«Бурбайдағы туғандарымызға бара жатыр ек» болды.

Осы  сапардан  Шепе  тірі  қайтты  да,  Нұртай  елі  қайтты.  Есіл  мен

Құсмұрын  арасында  Қойбағар  аталатын  жиегі  қамысты,  ортасы  шалқар,

суаты əр жеріне ғана біткен көл бар. Жаз күндерінде маңында ел болмайды,

тек бекіністен келген орыс балықшылары болады.

Жарылғамыстың  тойынан  қайтқан  Шепе  мен  Нұртай  осы  көлге  келсе,

балықшылардың  қосы,  саймандары  бар  да  өздері  жоқ.  Аршылған

балықтардың  қалған-құтқанына  қарағанда,  балықшылар  жуық  арада  ғана

кеткен. Көлдің тереңірек ішінде құрылған аулар көрінеді.

Жолаушылар «балықшылар тез келер» деп дəмеленді де, балық жеп кету

ниетімен, аттарын тұсап, балағанға қонып қалды.

Ертеңіне  ертемен  балықшы  орыстар  да  келді.  Олар  Шепені  де,

Нұртайды  да  таниды.  Сонда  қайран  қалғаны:  Шепе  –  тірі,  Нұртай  өліп

қалған!..

– Неліктен?! – деген сұрауға Шепенің берер жауабы:

–  Білмеймін.  Тегі  жылан  шаққан  болу  керек.  Ертемен  оянсам,

Нұртайдың  дыбысы  сезілмейді.  «Бұ  несі?!»  деп  қозғасам,  –  жаны  жоқ!

Зəрем  кетіп,  денесін  көтере  бергенімде,  қасынан  сала-құлаш  қара  шұбар

жылан жорғалап жөнеле берді. Шаққан сол болу керек...

Балықшылар  бұл  сөзге  нанды  да,  бұл  маңайда  сондай  жыландар  бары,

балағанға  да  келіп  жүруі  рас  та.  Ал  шынында  Нұртайды  жылан  шаққан

жоқ-ты.  «Ұйқтап  жатқанда,  құлағынан  бірер  тамшысын  жіберсең  сеспей

қатады»  деген  бір  дəріні  Шепе  қолына  əлдеқашан  түсіріп,  Нұртайдың

құлағына  құюдың  сəтін  түсіре  алмай  жүрген.  Сол  сəт  балықшылардың



балағанына  қонғанда  ғана  түсті  де,  шырт  ұйқыға  кіргені  дыбысынан

байқалған  Нұртайдың  құлағына  тамызбақ  болды.  Қылмысына  қолы

қалтыраған  ол  тамызу  орнына  төгіп  алды,  «жолы  болғанда»  төгілген

дəрінің көбі құлақтың тесігіне кетті.

Нұртай  ұйқышыл  еді.  Қатты  қалғыған  шағында  ол  оңай  оянбайтын.

Құлағының  тесігіне  дəрі  кеткенде,  шыбын  жыбырлатқандай  көрген  ол

болмашы  ғана  оянған  қалпымен  соқыр  сезімнің  ықпалы  айдап,  дəрі

құйылған құлағын алақанымен бір қақты да, аунап түсіп жата берді.

Енді орнында жата беруді қауіп көрген Шепе, балағанын алдына шықты

да, Нұртайдың не халға ұшырарын күтті.

Ол  аздан  кейін  тыпыршуға  айналды.  Оның  арты  –  жанталасып

дөңбекшуге  соқты.  Ақыры  есін  жыя  алмаған  Нұртай  өкірген  дауыспен

тəлтіректеп балаған есігінен шыға берді де етпетінен түсті. Содан ол оңала

алған  жоқ.  Дірілдеген  денесін  əуелі  қатты  қимылдатты  да,  біртіндеп

əлсіреп, ақыры сұп-сұлқ бола қалды. Сонда да жақындауға батпай, алыстан

күзеткен  Шепе,  жырақ  жерден  балықшылардың  ат-арбасы  бұлдырап

көрінгенде,  Нұртайды  аяғымен  түртіп  байқап,  өлгеніне  көзі  жеткен  соң,

балаған ішіне жатқан орнына сүйреп кіргізді...

Міне, Нұртайдың өлген тарихы осы.

Күнтай  күйеуінен  отызды  орталаған  шағында  қалды.  Айғанымның

тапсыруымен жəне өзінің адал қызметімен жаққан оны, Зейнеп аса сыйлап,

«Ақ  апа»  атап  кеткенін  білеміз.  Күнтай  сол  сыйлауын  ақтады  да.  Хан

ордасына  келін  боп,  босағасын  аттағаннан  бері,  Зейнептің  де,  одан  туған

балалардың  да  күтімі  Күнтайда  болды.  Кеш  тұрып,  ерте  жатып  үйренген,

таза киініп, тəтті тамақтарды ішіп үйренген Шорман байдың қызы - Зейнеп

келін болған күндерінде де сол дағдысын тастамаған. Кейде сəске көтеріле

кейде  шалшық  түс  бола  оянатын  Зейнепті  Күнтай  əуелі  үлкен  жез  легенге

жалаңаш  отырғызып  жылы  сумен  ақ  сабындап  шомылдырады,  одан  кейін

ақ  жібек  орамалмен  денесін  сүртіп,  қалаған  киімдерімен  безейді.  Содан

кейін,  Нұртай  мен  Күнтайға  арнап  тіктіріп,  кейін  «ас  үй»  аталып  кеткен

отаудан  тағам  келеді.  Түстік  ас  əдетте  сол  күнгі  ешкі  сүтінен  іріткен  ақ

ірімшікті қой сүтінің піскен қаймағына езіп, ақ ұннан илеген нанмен берген

–  тұшпара  болады.  Кей  күні  Зейнептің  ашырқанғысы  келсе,  ірімшікті

қаймақ орнына тұзды сары майдың тортасына езеді.

Ол кездегі қазақ ауылдарында ақ құйрық шай (орысша - фамильная) тек,

Шыңғыстың  үйінде  ғана  бар.  Ондай  шайды  Шыңғыс  алыстағы  Троицк,

Қызылжар,  Ірбіт,  Қорған  сияқты  қалаларға  барып  қайтатын  сəудегерлерге

жетектеп, ұзақ уақытқа жетерлік қып алдырып қояды. Шайды дəрі көретін

заманда жұрт оны сырқаттарына емге сұрайды. Шыңғыс пен Зейнеп көңілі

түскенге бір «əшмуш – кені» тұтас береді де, көңілін қайтарғысы келмеген

былайғыларға  бірер  қайнатым  ғана  сыйлап,  ұнатпайтындарға  татырмақ

түгіл иіскетпейді де.



Зейнеп  қыз  күнінде  де  шайқор  еді,  қатын  болған  соң  тіпті  құмартып,

бүкіл елде сол үйде ғана бар бірі – «ақ болыскей» (польский, бірі – «сары

теле»  (тульский)  аталатын  екі  самауырды  бірінен  соң  бірін  тұтаттырып,

қайнағанын  сораптап  ішеді  де  отырады.  Шайды  ол  ақ  құманға  көп

салдырып,  түйенін,  құрғақ  құмалағынан  жанған  қозға  қойдырады  да,

бұрқырай  қайнаған  шайдың  күрең  көбігі,  құманның  қақпағын  түрткілей,

ернеуінен төгіліп жатады. Зейнеп шайды төркінінен келген алтын кесесіне

құйдырып  ішуді  жақсы  көреді,  сондай  шайдың  нəлі  кесенің,  ішіне

жұғарлықтай  қою  болуы  керек.  Шайға  ол,  «тұщы,  шикі  қаймақтай  қою

болады»  деп,  жас  іңгеннің  соңғы  иіндісін  ғана  қаттырады.  Ондай  шайды

жұрт  «күрең  қасқа»  атап,  татып  көргендер  жұмақтың  кəусерін  ішкендей

болады да, татпағандар, – «шіркін, тым болмаса ернімізді малар ма ек!» деп

арман етеді.

Зейнептің түскі асы – семіз лақтың еті немесе ашымаған жас сүр. Үйінде

ұны  аз  Зейнеп,  етті  ақ  ірімшік  салған  кішкене,  сопақтау,  əшекейлі  «ақ

астауға»  (фаянс)  туратады.  Шыңғыстан  басқа  адам  қол  сұқпақ  түгілі

маңайламайтын бұл астауға, Шыңғыс жоқта да Зейнеп етті толтыра салады.

Содан  өзі  шоқып  қана  жеп,  қалғаны  Күнтайға  жəне  ас  үйдегі  басқа

əйелдерге  нəпақа  болып  қалады.  Несіне  өйтпесін:  меншігіндегі  лақтар

таусылса,  маңайдағы  ауылдардың  лақтары  жетеді.  Жəне  ол  «теке  сасиды»

деп еркек лақты жемейді, «бал татиды» деп ұрғашы лақты жейді. Ұрғашы

лақтар  да  Зейнептің  жеуіне  жетеді.  Ешкіні  малданбайтын  ауылдар,

Шыңғысты  еліктеген  болып  үй  басы  аздаған  ешкіні  Зейнеп  үшін  өсіреді.

Ұрғашы  лақ  сойып  Зейнепке  сыбаға  əкелушілер  ордадан  ат  ізін

құрғатпайды.

Малдың  еті  мен  сүмесінен  басқа  асы  аз  бұрынғы  ауылда  Зейнептің

кешкі асы да осы тағамдардан.

Келіншек  болып  түскен  алғашқы  екі-үш  жылда  Зейнеп  толықша  сыла

денелі болып жүрді де, содан кейін семіре бастап, Шоқан Омбының оқуына

аттанар  шақта  жуандап  кетті.  Жұрт  оны  -  «енді  аз  жылда  қайын  енесі

болады  да  қояды»  десті.  Сыла  кезінде  тамақсау  Зейнеп,  семірген  сайын

асты азайта берді. Жұрт оны «үлпершегін май басып кетуден» десті.

Денесі  жалпайған  сайын,  Зейнепке  киім  қонбауға  айналды.  Бірақ  бұл

қиындық  оның,  сəнді  киінуіне  бөгет  болмады:  Бағланнан  бір  шебер  татар

табылып, үнемі денесіне қонымды киімдер тікті.

Зейнеп  Шыңғысқа  қайдағы  жоқ  қымбатты  таптырады  екен.  Ол  кездегі

сібірлік  қазақтардың  ең  жақын  базары  -  Ірбіт.  Шамасы  Құсмұрыннан  250

шақырымдай  жерде,  Орал  тауының  солтүстік  шығысына  он  алтыншы

ғасырдың  орта  кезінде  орнаған  бұл  қалаға  қолы  жететін  сəудегер  байлар

ғана барады да, халыққа қажет бұйымдарды не борышқа, не ақысын төлеп,

ылаулап  алып  келеді  де  ақшасы  жоқ  ауылдардың  малдарына,  жүн-жұрқа,

тері-терсек  сияқты  бұйымына  айырбастайды.  Ондай  байларды,  -  «Ірбіт

шапқандар» деседі.


Ол  кезде  Құсмұрын  төңірегінде  қазақтан  Ірбіт  шапқан  бай  –  Керейдің

Тоқымбет аталатын руынан шыққан – Естайдың Дүйсекесі деген кісі екен.

Ол үкіметтен первый гильді сəудегер атағын алған адам. Шыңғыс Ірбіттен

керектерін соған алғызады екен.

Бір  жылы  Дүйсеке  Шыңғыс  тапсырғандардың  біразын  желе  алмаса

керек. Соған ренжіген Зейнеп билеп алған Шыңғысқа:

–  Немене  бұлардың  өзі  бізге  керексіз?  –  деп  лақтырып  отырғанда,

Шыңғыс  бүгежектеп  үндемей  қапты.  Сонда,  сол  үйде  отырған  Арғын

руынан шыққан атақты Шоқан шешен Шыңғысқа:

–  Арыстанның  ақырғанынан  қорықпайтын,  Шыңғыс-ай  ешкінің

бақырғанынан қорықтың-ау! – депті-міс.

Сондай бабы күшті Зейнептің көңілін тек Күнтай ғана тауып, тілектерін

тыз еткізбестен орындайды екен.

Ол  Зейнептің  өзі  түгіл  балаларын  да  күткен.  Тұңғышы  Шоқанды

төсекпен  көтерген  Зейнеп,  одан  кейін  араларына  (көп  дегенде  бір,  я  жыл

жарым  сап,  баланың  бірінен  соң  бірін  лөкілдете  берген.  Шоқан  оқуға

аттанарда оның үйелмелі-сүйелмелі Шоқан, Жақып, Мақы, Мақмет, Ахмет,

Қоқыш, Козке дейтін жеті ұлы, Ұрқия, Рақия дейтін екі қызы болған.

Осы  тоғыз  баланы  жөргекке  орап  алғаннан  бастап,  өз  бетімен  ойнап

кетуге  жарағанша,  түгелімен  Күнтай  күткен.  Аяқ  басқаннан  кейінгі

киіндіру,  шешіндіру,  төсектеріне  жатқызу,  мезгілімен  астарын  беру,

көңілдерін табу сияқты істердің көбі Күнтайдың мойнында болған. Зейнеп

сүті  аз  жəне  тез  суалатын  əйел  екен.  Балалары  кішкене  күнінен  асқа

қарайды. Солардың не ішу, не жеу қыбын Күнтай ғана тауып, ешқайсысын

қыңқ еткізбеген. Солардың ішінде, Күнтайдың еміреніп ең жақсы көретіні -

Шоқан.  Оған  себеп,  Шоқан  туған  сағатта,  Күнтай  да  ұл  тауып,  атын

Жайнақ қойған. Бала туа тұмса Зейнептің кеудесі ісіп, емуге жарамаған соң

Шоқанды Күнтай ауыздандырған. Кеудесі жазылған соң да, Зейнептің сүті

аз  боп,  Шоқан  жарымаған  соң,  «киік  емшек»  аталған  сүтті  Күнтай,  өз

баласына қоса, Шоқанды кезек емізген.

Шоқан  шешесін  апыл-тапыл  басқанша  сорған  бала.  Сонда  зауқы  түсіп

кеткенде  Күнтайды  да  жұлмалап,  сусынын  қандырып  алады  екен,

сондықтан Шоқан оны кішкене күнінен шешесіндей жақсы көрген. Күнтай

да оны шын жүректен сүйіп, «телғозым» деп атаған.

Бертін  ері  келе  Күнтай  орда  ауылдан  қарашы  ауылға  еріксіз  көшті.

Көшпейін  деп  еді,  ерінің  ыстық  қабыры  суымай  жатып,  Шепе  азбан

айғырдай азынап маза бермеді.

Күнтай құрсақты сирек көтерген əйел. Зейнептен мүшелге жақын үлкен

оның  төсекпен  көтерген  тұңғышының  аты  Малгелді  бірақ,  ол  мал  түлігі


болуға  жете  алмай,  жеткіншек  кезінде  Айғаным  үйінін  бурасы  тізерлеп

өлтірген. Одан төрт-бес жыл кейін туған Нарша деген қыз, ер жете бастаған

шағында  шешектен  өлген.  Одан  кейінгі  көтергені  -  Жайнақ.  Содан  кейін

тоқтаған.

Өзінің еркіне салса, ері өлген Күнтай, жасы жеті - сегізде қалған жалғыз

ұлын  қанағат  көріп,  Зейнепке  атқаратын  қызметін  жалғастырып  отыра

бермек те.

ІІІепе Күнтайдың бұл ойын бұзды. Нұртайдың қырқын бермей жатып, ас

үйде ұйықтаған Күнтайға ол түнде кеп қол салды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет