Аңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/5
Дата05.08.2020
өлшемі49,84 Kb.
#76086
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
КТЖ 5 сынып
Ішкі аурулар

Түсінік хат

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және 2016 жылдың 3 қарашасындағы №668 бұйрықтың негізіндегі типтік оқу бағдарламаларының негізінде жасалынды.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған: тыңдалым және айтылым; оқылым; жазылым;

әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы базалық мазмұны бойынша білім алушылар:



1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; негізгі ойды анықтайды; негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіре алады;

2) оқылым: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді; лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы таниды; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктерін, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер; оқылым стратегияларын қолданып, қажетті ақапаратты таба біледі;

3) жазылым: мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құруды; хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сай етіп жазуды; сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазуды; эссенің бөлімдерін меңгеруді (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазуды үйренеді.

4) әдеби тіл нормалары бойынша білім алушылар:

1) орфографиялық норма бойынша қазақ тілінің дыбыстар жүйесі; үндестік заңы; емле заңдылықтарын үйренеді;

2) орфоэпиялық норма бойынша ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлерін ажырата алады;

3) лексикалық норма бойынша сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздер мен синоноим, омоним, антоним туралы білімдерін кеңейтеді;

4) грамматикалық норма бойынша туынды сөздер; күрделі сөздер: зат есімнің мағыналық түрлерін; сын есім, шырай категориясы; сан есім, мағыналық түрлерін; төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі туралы білімдерін кеңейтеді;

5) пунктуациялық норма бойынша төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйренеді.

Осы күнтізбелік жоспарды жасауда төмендегі баспа оқулықтары басшылыққа алынды:

5-сынып қазақ тілі Т.Н.Ермекова, Ж.К.Отарбекова, Р.Н.Мұнасаева



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет