Абай Қара сөздеріндегі білім мен ғылым мәселелері



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#83242
1   2   3   4   5
Байланысты:
абай ұлттық руханият

Абай атамыздың 32- қара сөзінде ғылымды үйретудің алты түрлі шартын түсіндіреді. Ғылымды үйренбекке талап қылушылар, ең әуелі, ғылымды шын көңілімен сүюі керек. Оның көңілінің ғылымға деген бұл мейірімі- шешенің балаға деген мейірімі секілді болсын . Бұл - бірінші шарт. Екінші шарт: «Ғылымды құрғақ дау үшін емес, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек». Үшінші шарт: «Ақиқат тануға тырысу керек, көзің жеткен ақиқаттан айрылмай, оны берік тұтуың міндет». Төртінші шарт: адамның ішкі дүниесінде екі қуат көзі бар: біреуі – ойлау, екіншісі – білгеніңді сақтау, қорғау. Осы екі қуатты зорайта беру қажет. Олай болмаса, ғылым өспейді, дамымайды. Бесінші шарт: ой кеселдерінен қашық болуы керек. Абай ой кеселдері деп: уайымсыз салғырттықты, ойыншы – күлкішілдікті, я бір қайғыға салынуды, я бір нәрсеге құмарлық пайда болуды айтады. Алтыншы шарт: ғылымды сақтау үшін мінездің біріктігі керек. Көрсе қызарлықтың, я жеңілтектіктің, я біреудің орынсыз сөзіне күйінудің салдарынан мінездің беріктігі бұзылады, осыдан сақтану керек, «мінезде азғырылмайтын беріктік бар болсын» дейді Абай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет