Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Өрнек ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытындысы



бет20/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Өрнек ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытындысы

Өрнек ауылдық округіне 5 елді мекен қарайды. 5 елді мекенде 4230 адам тұрады.

Сұмқайты ауылының мектеп жасындағы оқушы балаларды «Ақыртөбе» орта мектебіне тасымалдауға 1 млн 239 мың теңге бөлініп, оқушыларды жыл бойына тасымалдау ұйымдастырылды.

2018 жылы әскери қызметке шақыру науқанына 60 жасөспірім медициналық комиссияда сараптамадан өткізілді. 20 азамат әскер қатарына қызмет етуге жіберілді.

Аймақ бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мақсатында мекеме басшылары мен шаруа қожалық басшыларынан арнайы штаб құрылған. Штабтың жұмысшы тобының басқаруымен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында тау бөктерінен келетін су арналарына тазарту жұмыстары атқарылды. Көктемгі қар суының еруінен пайда болған су тасқының алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Аймақ бойынша жеке тұлғалардың көлік, жеке табыс салығы және заңды тұлғалардың жер, көлік салықтарының жиналуы ұйымдастырылды. Жоспар 100 пайызға орындалды. Салық міндеттілігін орындау, уақытылы төлемдер жасау туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аймақ әкімімен тұрғындардан түскен 34 жазбаша өтініш, округ әкімінің жеке және заңды тұлғалардың 37 жеке қабылдау арыздары уақытылы қаралып, шешімдер қабылданды. 133 балаға шағын орталыққа жолдама берілді. Аймақ әкімімен 85 өкім және 30 шешім шығарылды. Аймақ бойынша 16 жиын және мереке күндеріне арналған 13 іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына сәйкес елді мекендердегі санитарлық тазарту жұмыстарын атқаруды ұйымдастыру ауыл әкімінің құзырына берілген. Аудан әкімдігінің көктемгі «Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық жариялау туралы» қаулыларын басшылыққа ала отырып, Аймақ бойынша арнайы жұмысшы тобы құрылып, атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Әр ауылдар бойынша ауыл тұрғындарынан және мекеме басшыларынан бақылаушы жұмыс тобы құрылды. Учаскелік инспекторлармен бірлесіп рейдтер жасалынып, 28 ауыл тұрғынына ескерту берілді. Барлық көшелер күл қоқыстан тазаланып, 29 тн күл қоқыс шығарылды.

Мемлекеттік мекемелер ауласын абаттандыру, гүлзарлар мен тал егу жұмыстары жақсы атқарылып отыр.

2018 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында барлығы 3 млн 738 мың теңгеге бөлінді. Соның ішінде Сәлімбай ауылына шағын ойын алаңын салуға мемлекеттік сатып алу жүргізіліп 1376,0 мың теңгеге жеңімпаз анықталып, жұмыстар жүргізілді. Үнемделген қаржының 1,490 мың теңгесіне Өрнек ауылындағы шағын ойын алаңына газон төселінді. Сәлімбай ауылы Бірлес көшесіне 360 мың теңгеге көше жарығы орнатылды. Одан қалған 490,4 мың теңгеге Өрнек ауылдық округі әкімшілігінің кіре берісіне пандус орнатылды. Көктемгі жауын-шашын салдары мен қатты желден болған апаттық жағдайға байланысты Әбжапар ауылындағы ауыз су мұнарасын қалпына келтіруге 2,700,0 теңге бөлініп, 1,476,0 теңгеге жеңімпаз анықталып, жұмыстар жүргізілді. Су жабдықтау электр қуатына 1 млн 760 мың теңге бөлініп, қаржы толықтай игерілді. Аудандық мәслихат шешімімен әімшілік ғимаратын мемлекеттік меншікке сатып алуға 20 000,0 миллион теңге бөлініп мемлекеттік меншікке сатып алынды.

Бүгінгі күнге аймақ бойынша 244 көше шамдары жанып тұр. 200 мың теңгеге жыл бойына жанбай қалған көше жарықшамдары ауыстырылды. Уақытылы көше шамдарына электр қуатын қамтамасыз ету үшін 1 000,0 миллион теңге игерілді. Аудандық бюджеттен Сәлімбай ауылындағы Ә.Шоқанова көшесіне 1,6 км 15 300,0 теңгеге асфальт төселді. Өрнек ауылындағы Б.Ахметов көшесіне 1,4 км, 12 200,0 теңгеге асфальт төселді. Өрнек ауылдық округі бойынша тұрғындар көгілдір отынды 85 пайыз пайдаланып отыр.


Каталог: app -> uploads -> sites
app -> Таќырыбы: Јділбай Табылдиев “Аппаќ бала”
app -> Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары
sites -> Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!
sites -> Т. Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
sites -> Баспасөз баяны қР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
sites -> Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет