Оқушылары аудандық, облыстық деңгейдегі пән олимпиадалары мен шығармалар байқауында жүлделі орындар иемденген.
2010 жыл. Облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік мұғалімдерге материалдық көтермелеу грантының» ІІІ дәрежелі диплом иегері;
Әліпбекова Зере Жақсылықовна – І санатты тәжірибелі ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі. Мектептің даму бағытындағы жұмыстары мен тәжірибелік-эксперименттік бағыттағы іс-әрекетін белсенді ұйымдастырушысы.
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия қабырғасында 1994 жылдан бастап қызмет етеді.
Ғылыми-зерттеушілік бағытындағы баяндамалары:
2002 жылы. «Қазақ мектебі: бүгінгі жай-күйі және даму болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағына енгізілген баяндама: «Тілдік негіз арқылы тұлғаны дамытуға жағдай жасау»
2004 жылы. «Облыс Білім беру ұйымдарындағы инновациялық процестерін жүзеге асырудың мәселелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағына енгізілген баяндамалар: «Мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру»;
2007 жылы. «12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктерін жүзеге асыру» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағына енгізілген баяндама «Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тиімділігін бағалау арқылы мектеп дамуының жолдарын ашу»;