Осы тұрғыда ұлы ағартушы тұрғызған мектептің түлегі ретінде және сол бабамыздың биыл туғанына 176 жыл толуына орай мектеп тарихы мен тұңғыш дала қоңырауы иесінің мектептер ашуы жайындағы аз-кем білгенімді оқырманмен бөліссем деп отырмын. Орынборда 1850 жылы алғаш ашылған қазақ-орыс мектебіне оқуға түскен Ы.Алтынсарин келе-келе Шығысты зерттеуші ғалым, профессор В.В.Григорьевтің көмегімен оның бай кітапханасынан сусындайды. Сол жерде туған халқының өнер-білімнен, оқу-ағарту ісінен кенде қалғанын біліп, алған ілімін халқына пайдалану ниетіне кіріседі. Бойында жоғары ағартушылық ынта туады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін мектеп ашу ұйғарылып, Ы.Алтынсарин Орынбор облыстық басқармасының шешімімен Торғайға келіп, өзі армандаған мақсатты ісіне кірісуді бастайды. Әрине, бұл өте қиын шаруа болса да халқының болашағы үшін тәуекелге бел байлайды. Мектеп ашуға өкімет тарапынан қаражат кешіктіріледі. Жергілікті билік түрлі сылтау айтып, жәрдем көрсетуден бас тартады. Осындай қиындыққа кезіккен Ыбырай ұстаз ойынан қайтпайды. Тың жерден түрен тартып, дән сепкен диқандай қазақ даласына білімнің алғашқы нәрін себуге белсене кіріседі. Білімге сусаған қарапайым халық бұл маңызды бастаманы қуана қарсы алады. Торғайдағы нағашысы, әйгілі Шеген би әулетімен Ыбырай мақсатына қызмет етсе, игілікті іс бастаған немересіне қолдау білдірген Балқожа би де беретін көмегін аямайды. «Балаң мектептің іргетасын көтеріп жатыр», дегенді естіген ол кісі үйірлі жылқыны айдатып, 500 шақырымдай жердегі Аманқарағайдан бөренелер тиетіп жіберіп жатыпты дейді білетіндер. Әйтсе де мектептің құрылыс жұмыстары өте баяу жүріп, ол 3-4 жылға созылады. Ұлы ұстаз мектеп үйінің әр кірпішін өз қолымен қалап, көп қиындықтардан соң мақсатына жетеді. Сөйтіп 1864 жылы Торғай қаласында алғашқы қазақ мектебі бой көтереді. Бұл білім ұясын Ыбырай баба сол кездегі озық педагогика үрдісі негізіне құра отырып, жаңа оқыту жүйесімен жұмыс істеуге талпыныс жасайды. Оқуды ана тілінде жүргізіп, оқыту әдістерін оқушының ынта мен қызығушылығына бағыттай отырып, тәрбиелей оқытуды жоспарлайды. Алғашқы оқулықты өзі құрастырып, өзі сабақ жүргізеді. Оның бірінші бетіне бәрімізге белгілі: Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық, – деп бүкіл қазақ даласын білімге шақырады. Бұл қанатты сөздер жас ұрпақ санасына мәңгілік ұран болып сақталып қалғаны анық. Жас ұстаз мектепте бала оқыта жүріп, қазақ даласында басқа да жаңа мектептер ашумен шұғылданады. 1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барып орыстың ағартушылық жүйесін, сонымен бірге ондағы озық ойлы педагогтар еңбектерін зерттейді. Осыдан кейін қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Алғашқы оқулықтан соң Ыбырай баба алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, екі төл оқу құралы – «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» бастырып шығарады. 1879 жылы Ы.Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметіне кең жол ашады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде жаңа мектептердің ашылуына тікелей мұрындық болса, 1-2 сыныптық орыс-қазақ мектептерін ашып, оларды оқулықтармен қамтамасыз етуді де назардан тыс қалдырмайды. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін өмірге әкеліп, бұл қазақ жерінде техникалық білім беретін оқу орны ретінде тарихта қалды. Сондай-ақ 1887 жылы Ырғыздағы ашылған қыздар мектебі де үлкен қуанышты жаңалықтың жаршысындай болды. Мектептер саны артып, ойлаған арман-тілегі орындала бастаған ағартушыға енді жаңа мектептерге жаңаша тәлім-тәрбие беріп оқытатын мұғалімдер қажет еді. Сол себептен де Орал қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебінің негізі қалануы да заңдылық-тын. Бұл 1881 жыл еді. Осындай игі істерді ұстаз аз ғұмырында көптеп істеуге барын салды. Торғайда Ыбекең ашқан мектептен қоғам қайраткерлері, ғалым-ұстаздар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов білім алды. Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын кеңінен табуда.
М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас сыры мен қырында жатыр. Дүниедегі бар құбылысты, адамзат санасындағы сан қырлы сезімді сөз арқылы жеткізуге болады. Сондықтан да сөз құдіретінің мән-мағынасына терең бойлап, мың сөзден бір сөз таңдап, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын — қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздардың бірі.
Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ болары сөзсіз. Иә, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев та біз үшін мәңгі тірі. Жылдар өтер … әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек!
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты — Мұхаметқали. Ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап кеткен. Үйдің тұнғышы болғандықтан, Мұқағали Тиын әжесінің тәрбиесінде болған.
… Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса… нені көрем?- деп Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген. Әжесін білетін қарттар Мұқағалиды «Тиын әжесіне тартқан» дейді екен.
Екінші оқушы. Ол он жасқа келгенде әкесі Сүлеймен соғысқа аттанып, Калининград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында ерлікпен қаза табады. Анасы Нағиман балаларын өзі асырап бағады, тоқсан бес жасқа келіп қайтыс болды. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали он-он бір жасынан өлең жаза бастайды. Ал он төрт-он бес жасында қазақ әдебиетінен бастап орыс әдебиетін, оның ішінде Пушкин, Есенин, Блок поэзиясын сүйсіне оқиды. Шетел әдебиетінен Гейне, Гете, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Лондон, Шекспир шығармаларын жоғары бағалайды.
М.Мақатаев поэзиясында өмір құбылыстарын көз алдына қаз – қалпында еш қоспасыз түрлі әдістерді қолдана отырып, көркем суреттейді.
Өмір құбылысын суреттеуде эпитет, теңеуді ақын өлеңдерінде өте шебер қолдана біліп, көркем шығуына септігін тигізген, өлеңдерінде өте жиі қолданған. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшелендіріп, белгілерін анық көз алдыңа елес арқылы түрлі қозғалысқа ендіріп, адамның ой – қиялына, сезіміне әсер етіп, ақылымен бірге сенде құбылып, өзгеріп, өсіп, қуанып, қайғырып отырасың.
Достарыңызбен бөлісу: |