Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз



бет1/20
Дата15.09.2017
өлшемі1,06 Mb.
#33115
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары. 
«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып,оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық арасында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы “Қос мүйізді Зұлқарнайын” деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай таланты әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында ауыз әдебиетінде кең тараған аңыз-әпсаналармен қатар тарихи шындық деректерді негіз етіп, өзінің ақындық ой-өрнегінен өткізіп Ескендір бейнесінің еш боямасыз, шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір, Александр Македонский–тарихи тұлға. Ол–бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне.Абай мұраларының қазақ, Шығыс, Батыс мәдениетімен табиғи түрде ұштасқандығының кезекті бір елеулі мы­салы деуге тұрарлық сүйекті шығармасы «Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.









І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.

275

Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты жазылған сияқты. Ол кездері , тоталитаризм меңдеген кезде, әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің айқайшыл сынның бел алып тұрған кезі еді.
Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын осыны бар жан тәнімен түсінгенде, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жан әлемінен ғана «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей туындылар жаралған.
Ақан сері- өнер тұлпары. Оның әдебиеттегі, өнердегі орны ерекше. Ақан серінің көптеген өлеңдерінің тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік жайында. Жастық дәурені жүріп тұрған кезде сауық-сайран, ойын тамашаның бел ортасында болған өнерлі жігіттің әсемдікке, сұлулыққа іңкәр болмауы мүмкін емес еді. Осылайша Ақанның көңілі құлаған аруларға деген сүйіспеншілік сезімі өлең боп өріліп, ән боп төгілді. Ақындық пен серілік, сазгершілік пен әншілік бір бойында тоғысуы Ақанның атақ-даңқын арттыра түсті. Ақанның әнін жастар жағы іліп әкетіп, ел арасына таратып жатты.

Поэманың бас қаһарманы – Ақан сері Қорамсаұлы. Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме беріп кетеді. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. 

Поэмадағы ақынның авторлық мінездемесіне қарағанда: Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып, ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып, зекет алып, дүниенің нәжісін бойға жаққан  молда» емес, тіпті, байдың жалшысы да емес, өз малын баққан қарапайым шаруа да емес. Поэманы оқып отырған оқырманның осы тұста  заңды сұрағы туатыны аян. Ақан енді кім? Бұған жауап ақынның Ақанға берген мына сипаттамасынан табылады: 

  “Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз қрқынмен.
Өмірдің ащы емес, тұщысын да
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен.
Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден,
Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.
Қызықтың айдынына құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген…
Кісі емескөп қатынды үйірлеген,
Болған жоқ бір пендеге тию деген.
Текті құс тазалықты қолына ұстап,
Арманы-ақ сұлулықты сүю деген”.

Міне, осылайша ақын Ақан серінің халық ішінен шыққан көркемөнердің көрнекті өкілі – асқан өнерпаз ретінде көрсетеді. 

Поэмадағы Ақан сері образын сөз еткенде Құлагерді айту аса қажет. Ақынның Құлагерді суреттеуі  және оның қадір-қасиеттерін баяндауы бас кейіпкер бейнесін тұлғаландырып тұр. Ақан серінің Құлагері туралы және сол Құлагердің өкінішті қазасы жайлы шығарған әнінің  хикаясы жөнінде  ақынның поэма жазуы – қазақ поэмасының тақырыптық-мазмұндық арнасындағы ұлттық ерекшелікті де аңғартады. Атқа байланысты оқиға жайлы арнайы поэма жазуы ақынның өз халқының ежелден келе жатқан ұлттық психологиясымен тығыз байланысын танытады. 
Ақан сері жеке-дара, салт жүріп, серілік, саяткершілік құрмаған. Оның қасында қашанда талантын құрмет тұтып, қолдап отыратын Ағытай қарауылдың ішіндегі небір өнерлі, балуан ақын жора-жолдастары болған. Ол суырып-салма ақындығымен қоса қызыл тілдің шешені әрі әнші-сазгерлігімен де ел құрметіне бөленген. Күлбілтелемей кесіп айтатын турашылдығы тағы бар. Ол әділдіктің ақ жолын аттап, елге тізесін батырған талайларды тәубесіне келтіреді. Тіпті турасын айтамын деп туғанына жақпаған кездері көп.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет