Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз


Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты жазылған сияқты



бет2/20
Дата15.09.2017
өлшемі1,06 Mb.
#33115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты жазылған сияқты.

 Қорыта келе, І.Жансүгіровтың шығармалары өнерді дәріптеген туындылар. Ол осы шығармаларымен келешек ұрпаққа «Өнер- адамның асыл мұрасы»,- деген ойын жеткізеді. Өзінің өнерге деген құрметін, сый-сияпатын, үлкен махаббатын, өнердің әсерінен бойын жайлаған керемет сезімдерін өзінің өшпес ақындық өнерімен жеткізе білді. Адамдарды ерекшелендіретін, , сақтап, қастерлеп ұрпақтан- ұрпаққа берілетін, ешбір бағасы жоқ, уақытқа, жауға бағынбас асыл мұра- өнер!

 


Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жаз.




«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді қапысыз айтқан қайран бабамның бар арманы – шамшырағы, маңдайына біткен жұлдызы қызының арын сақтап, намысын таптатпағанын көру десем артық айтпаған болар едім. Сол арманына жету үшін қызын қырық үйден тыйып, бауыр еті баласының бойына тәрбиенің асыл дәнін дарытып, көзінен таса қылмаған. Қызының болашақта намысшыл, кербез, келбетті, ұяң, қайсар, ақылды да ор рухты болуына бар күш жігерін салған. Себебі, қыз-ұлттың айнасы. Сондай ата-ананың тәрбиесін көрген қыздардың бірі ретінде Ақбілек келбеті – намысшыл, қайсар қазақ қызының келбетін көрсете ме?


Мен Ақбілекті сонау сум заманның, (патша үкіметінің озбыр саясатының азуының) надан халықтың құрбаны ретінде таныймын. Бірақ ол қанша қиындық көрсе де ешқашан салын суға кетірмеді. «Жаратқан иемнің маңдайыма жазғаны осы болса көнемін», - деп қолым қаусырып қарап отырмай қанша құласа да ұшуға талпынған балапандай жігерін құм қылмады.

Ол қара мұрттың күштеуімен оған тұрмысқа шығып, жүрегі қаламаса да ерім деп сылаған азаматтың құрсақтағы сәбимен өзін тастап кеткенінен кейін, қорған болар пана іздеп ата-анасын (барады) (қайын) өз жұртына барады. Ауыл адамдары оған саусақ шошайта күліп, артынан өсек таратқанын көріп, оларға налыйды. Менің жүрегіме батқаны: жұрт-жұрт қой, дәл осы кезде құлынының қиналғанын көре тұра, өз баласын өзінен тепкен ата-ананың қылығын көрген Ақбілектің халі еді. Себебі қорғаным деп жүрген адамнан қолдау көрмеу – кеудеңдегі жүрекке шоқ басқанмен тең. Бұл дүниеде одан асқан ауыр азап бар ма? Ал Ақбілек өмірдің сондай соқпағына душар болды. Бірақ, ол өзінің бойындағы өр рухты өшірмеді, керісінше өсірген үстіне үстіне өсіре берді. Бұл өмірдің тұрғанымен сынақ екенің еш ұмытпады. Мен бұл жерде Ақбілектің қайсарлығын көре алдым. Қайсарлық қана емес – ау, намысшылдығы да таңба басқандай белгілі.

Ақбілектің бойында өшпей беріспей рух бар. Себебі ол – қазақ қызы. Менің ойымша, оның өміріндегі қиындықтар мына бес күндік фәнидегі өз орныңды адаспай табуға апарар соқтықпалы жолы, баспалдағы секілді. Менің бұл сөзіме оның қалаға кетіп, білімсіздің күш қараңғы екенін түсініп оқу оқығаны, одан кейін жігерін жиып, жаңа ғұмырдың, кірпішін қалағаны дәлелі болмақ.

Қорытындылай келе Ақбілек – қазақ қызына үлгі болар тұлға. Оның бойындағы қасиеттер әр қазаққа керек. Оның ғұмырымен танысқан адам мақсатқа біліммен жете алатынын, жасықтың, қорқақтың ғұмыры ешқашан жарық болмайтынын түсінеді.

 


І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.


Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланысты Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Өзге поэмаларға қарағанда, бұл поэманың сюжеттік-композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас. Мәселен, оқиғаны басынан бастамай, аяғынан алып қарасақ та жеткілікті. «Туған жер» атты басқы тарауда ақын Көкшетауда жападан-жалғыз қайыңды көлеңкелеп отырған қара шалды, оның үстінде ілулі тұрған аттың қу басын әңгімелейді. Міне, осы әңгіме-жұмбақтың сырын айтпақ боп ақын шегініс жасайды. Бүкіл оқиғаны сол шегініс арқылы береді де, «Аттың азалы әні» деген соңғы тарауда баяғы алдыңғы тараудағы қара шал мен аттың қу басына қайта оралады. Поэма сюжетін құрудағы бұл қаусырмалы композицияны ақын шебер де ұтқыр пайдаланады.  Поэманың бас қаһарманы – Ақан сері Қорамсаұлы. Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме беріп кетеді. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. 

Поэмадағы ақынның авторлық мінездемесіне қарағанда: Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып, ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып, зекет алып, дүниенің нәжісін бойға жаққан  молда» емес, тіпті, байдың жалшысы да емес, өз малын баққан қарапайым шаруа да емес. Поэманы оқып отырған оқырманның осы тұста  заңды сұрағы туатыны аян. Ақан енді кім? Бұған жауап ақынның Ақанға берген мына сипаттамасынан табылады: 


     “Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз қырқынмен.
Өмірдің ащы емес, тұщысын да
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен.
Міне, осылайша ақын Ақан серінің халық ішінен шыққан көркемөнердің көрнекті өкілі – асқан өнерпаз ретінде көрсетеді.   Мәселен, Ілияс суреттеген Құлагердің  Қобыландының Тайбурылынан, Алпамыстың Бйшұбарынан, Қамбардың қара қасқасынан, Төлегеннің  Көкжорғасынан өзгешелігі бар. Ауыз әдебиетіндегі  аттар әсірелеу арқылы берілсе, Ілияс Құлагерді әсірелемейді де, кейіптеп суреттемейді. Құлагер – Ақан серінің сұлулығы, идеалы. Оның түсінігінде ондай тұлпар енді келмесі анық. Сол тұлпармен жүрек түкпіріне ұялаған әсемдік, көркемдік бәрі жоғалған. Оның бұрынғыдай ән айтуы да, ел арасында жайраңдап жүруі де екі талай. Құлагерге жұмсалған айбалта, Ақанның өзіне тиген, ол енді тірі өлік. Сол заманның зұлым-күшінің нақтылы өкілі ретінде  поэмада көрінетін кейіпкер – Батыраш. Ол – Ақан серіге қарама-қарсы бейне. Ақан серімен майданданға ашық шықпай, жар астынан бұқпантайлап келіп, өз арам ниетін іске асырады. Ашық әрекетке баспайтыны – ол Ақан серінің жақтайтын дүйім елден  қаймығады, жасқанады. Батыраштың ұнамсыз кейіпкер екені оған ақын берген мінездемеден көреміз. Бір жерде ол туралы: 

 “Батыраш бала жастан атқа құмар,


Айқайшыл ат әперген баққа құмар.
Арам ой, атанамыс ұр-шоқпары,
Кір көңіл, сарайының батпағы бар”, —
деп сипатталған Батыраш. Осы Батыраштың зұлымдығы поэма оқиғасының шиеленісуі, әрі шешілуі үстінде көрінеді. 

Ал, поэманың тіл байлығы төтенше. Өзге поэмалардағыдай, бұнда да ақын еркін төгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқырманды эстетикалық ләззатқа бөлеп, бірден баурап алады. 



«Құлагер» поэмасындағы ақынның көркемдік шеберлігі, тілінің аса шұрайлығы  жайлы М. Қаратаев «Қазақ поэзиясының Құлагері» деген ғылыми зерттеуінде: «Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын, әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдыраған нәзік лирикалық сезім, серпінде, кең эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғыраған кәдімгі он бір буынды  қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мәнінде поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров творчествосының биік шыңы деуге толық дәлел бола алады» — деп түйген болатын. Тілінің байлығы, тазалығы, мөлдірлігі мен бейнелілігі жағынан «Құлагер» — қазақ поэзиясындағы ең үздік поэмалардың бірі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет