35
ӘОЖ 82(574.4)
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ
Бағдатова Ж.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к Жороқпаева М
КеАҚ «Семей медицина университеті»
,
Семей қ. Қазақстан Республикасы
Өзектілігі:
Абай
қара сөздерінің ауқымы кең, философиялық ойларға қанық. Әр
заман сұрақтарының жауабын беріп тұрған құнды дүние. Ғалымдар қара сөздердің мәйегін
көрсетіп, жан
-
жақты талдаған сайын өзектілі артып отыр.
Мақсаты:
Абай қара сөздерінің мағынансын түсіну.
Материалдаржәнезерттеуәдістері:
жинақтау, талдау.
Зерттеунәтижесі:
Абайдың
«Қарасөздерінің» соңғынұсқасыМүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жж.
қолжазбаларыбойыншажарияланыпкелген. Ақынның 150 жылдықмерейтойықарсаңында
«Қарасөздердің»бұрынкеткентекстегікемшіліктерітүзетіліп,түпнұсқамендәлдігімүмкіндігін
шеқалпынакелтірілген.
Абайдың
қара сөздерінің тақырыптары әр заманның сұранысы. Қырық бес қара
сөзінде асыл маржан ойлар әр оқырманға ойына ой қосып, танымын арттырады. Абай қара
сөздерінде қазақтың дүние есігін ашқаннан, о дүниелік
өміріне дейінгі іс
-
әрекеттерінен
мәліметтер келтіріледі. Адам туылғанда есті болмайды, ол өсе келе жақсы мен жаман
қасиеттерді көре келе қалыптасатынын айтады.Абайтанушы, академик Ғарифолла Есім
еңбектерінің бірінде Абайдың арманы толық адам еді. Сонда ақылды адам, жүректі адам.
Жүректі болғанда ол әлгі мейірімді адам деген сөз.
Қайратты адам, қайратты болғанда
қажымайтын, талмайтын Махамбеттер сияқты. Енді осының біреуі алға кетіп, қалғаны
қалып қойса қиын болады. Осы үшеуінің үйлесімдігі өзі табиғи табылу керек.
Табиғи
үйлесімділік тапқан кезде ол енді толық адам. Ондай адамдардан биік
-
биік тұлғалар
шығады. Ел басшылары шығады деп атап көрсетеді.
Қ
ара сөздерінде («Ғақлияларында») адам психикасын шебер және терең
ажырататыны
соншалық, әр заман ағымына сайма
-
сай келеді.23 (жиырма үшінші) қара
сөзі: «.Біздің қазақты
оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар.Мысалы,
отыз бірінші қара сөзі: «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп барын
айтады:әуелі
-
көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші
—
сол нәрсені естігенде я
көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып,
ынтамен ұғу керек; үшінші
—
сол
нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші
-
ой кеселді
нәрселерден қашық болу керек. Бұл аталған әрбір себептің шешу жолдарын да атап береді.
Қара
сөздерінде шешендік
өнер, мақал
-
мәтелдердің мағынасын да кеңінен талдап
көрсетеді. «Өнер
-
алды бірлік, ырыс
-
алды тірлік» мақалында оғып
-
бұғып
тірлік етуді
емес, еңбек қылып, қызмет қылуға шақырады. Көкірегі, көңілі тірі болу керектігін айтқан.
Қорытынды:
Қара
сөздерінде халқының әлеуметтік өміріндегі олқылықтарын
түзетуге, жастарды даналық ойларымен білім, ғылымға құмар болуға шақырды.Кісіліктің
терең ұғымы ар, ұят, намыс.Өз ары алдында жасалған рухани қылмысы
–
арын сату,
арсыздыққа салыну, ұяттан безу.Адам
болудың бір шарты
–
Ұят деген ұғымды бойға
сіңдіру.Ар, ұятпен қатар саналы қазақтың табиғатына сіңген бір ұғым
–
Намыс.Ақын бұл
ұғымға да ерекше мән береді. Уақыт өтеді, заман өзгереді, бірақ адам ар, ұят, намысты ең
басты ұстанымы қылып жадында сақтауы тиіс. Абай арман еткен ақылды, білімді, әділ,
жігерлі жастары ар,ұят, намыспен қаныққан жан болу керек.