«Абай» операсының 6 – бөліміндегі декоративті қолданбалы өнердің синкреттілігі



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#82364
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Абай операсы


Абай операсы еліміздегі теңдесіз туынды. Алыс – жақын шетелдерде мойындалған туынды. Композитор А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің операсы. Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 ж. желтоқсанның 26 күні Қазақтың опера және балет театрында, Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. 
Опера қазатың ұлы ақыны, ағартушы, ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірне негізделген. Сондай ақ туындыда бақталастарының қастандығынан қаза тапқан Абайдың шәкірті Айдардың өлімі де жырланады. Көрерменге өткен тарихтан сыр шерту үшін сахнадағы көріністің маңызы зор. Спектакльдегі декорациялармен қатар ұлттық киімдер, ондағы ою-өрнектер ерекше назар аудартады, олар анағұрлым тарихқа жанасады, қазақтың қолөнері, көшпелі өмір салты мен өнеркәсібі тудырған негізгі дүниенің бірі – киіз үй. Бәрі де – өнеркәсіптік құрал-жабдықтары, олар шығаратын бұйымдар да, осы бұйымдардың әсемдігі де киіз үйдің айналасына жинақталған. Міне осылай киіз үйдің жиһаздары, кілемдер, тұскиіздер, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар, бау-басқұрлар, қайталанбастай болып әсем өрнектелген басқа да бұйымдар пайда болған. Спектакльде декарациядан бөлек, көркемдік безендіру жұмыстары, әртістердің костюмдерімен де тікелей байланысты. Қойылым үшін әрбір орындаушыға жеке дара киім тігіледі. Бір кейіпкерге, бірнеше кастюм дайындалады. Әр дайындалған кастюм, өз кейіпкерінің статусына, мінезіне, сай дайындалады. Ондағы тігілген әр ою – өрнек, өзінің кейіпкерінің орынна сөйлеп тұрғандай болып көрінеді. Мысалы, Абайдың қарапайым халық арасында жүрген кездегі костюмі аса ою өрнектермен, тастармен көмкерілмеген, бұл оның қаратпаймдылығын білдірсе, енді бір костюмдері қымбат жібек матадан, қазақтың әсем оюларымен «қошқар мүйіз, құс қанат» әрленген. Әр киім өзінің персанажын, түсіндіріп, оны толықтырып тұрады. Жалпы бір операға, барлық хор, бишілер, кейіпкерлер, барлығын есептегенде дайындалған костюмдер саны 200, кейде тіпті 300ге де жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет