Абай шығармаларындағы «шығармашылық контекстің» анық көрінуі. Абай фразеологизмдерінің қолданыс ерекшеліктері. –лық жұрнағының абстракт есім тудыруы қызметінің жандануы



Дата26.05.2023
өлшемі16,49 Kb.
#177783
түріСеминар
Байланысты:
12семинар қазақ әдеби тілінің тарихы


Аты-жөні: Бекбол Март
Тобы: ҚТӘ- 303

12 семинар
Тақырыбы: Абай шығармаларындағы «шығармашылық контекстің» анық көрінуі. Абай фразеологизмдерінің қолданыс ерекшеліктері. –лық жұрнағының абстракт есім тудыруы қызметінің жандануы.
Ең алдымен тоқталатын ұғым «шығармашылық контекс». Шығармашылық контекс дегеніміз – жазушының көркемдік-бейнелеуші түр- тұрпатын тікелей көрсететін тілдік фактілер жүйесі болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, Абайдың тілі өзіне дейінгі, өзімен тұстас қазақ көркемсөзі тілінен ерекшеленіп тұрады.

Абай Құнан­байұлы- қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.
Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі, енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп, оларды жеке-жеке талдаған жөн:
1) поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық (творчестволық) контекстдегеннің Абайда айқын көрінуі;
2) өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер;
3) айқындық пен дәлдік;

4) фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;


5) жеке сөздерді тандап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге айналдыру;


6) өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген өзгерістер.




Абайда өз қолтаңбасының (шығармашылық контекстің) айқын көрінуі. Абай, Пушкин сияқты, әдебиеттің, яғни өлеңнің іші «поэтикалық ойға» – «идеяға» толы болуы­на күш салды. Ойға, мазмұнға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздеттірді. Сондықтан да Абайда өлең мазмұнын, ақынның айтпақ идеясын білдіретін элементтердің айқындала, көріне түсуі басым, яғни Абайдан «шығармашылық контексті» көре аламыз.

Қазақ поэзиясы тілінің даму барысында Абай енгізген өзгеріс-жаңалықтардың ең бастысы фразеология са­ласында болды. Абай фразеология саласында түбірлі өзгеріс жасады де­уге болады. Ол өзгеріс, үш түрлі сипаттағы іс-әрекеттен тұрады: бірі – перифрастикалық тіркестерді мол қолдану, екіншісі – жаңа тіркестер жасау, үшіншісі – бұрынғы тіркестерді өзгертіп қолдану. Фразеология саласында Абай істеген өзгеріс-жаңалықтардың екінші түріне жаңа тіркестер жасауы жатады.




Сөз тудару саласында. XVIII ғасырда сөз жасайтын жұрнақтардың түрлері көбейе түскен. Бұл кезеңде де ең актив және өнімді жұрнақ – лықОл ең алдымен абстракт есімдерді тудырады және олардың дені қазақтың төл сөздерінен жасалады: билік, жақсылық ұрлық, қулық, кәрілік, елдік т.б. XVIII ғасырдың әдеби үлгілері тілінде -лық — тан басқа —лы, —сыз, -шы, -қ/-ақ/-ек, — шылық/- шілік, —тай/тей, -кер/-гер, — еген, улы, -шік, —шіл, — дас/- дес, -ша жұрнақты сөздер бар. Бірақ олардың қолданылу аялары тарлау. Мысалы, -шылық жұрнағымен келген сөз бірер ғана: кемшілік.
Қорыта келгенде, Абай қазақ өлеңінің құрылысына барлық жағынан өзгеріс-жаңалықтар қосты деуге болады, осы арқылы ол қазақ өлеңін жоғары дәрежелі жазба поэзия деңгейіне көтерді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет