«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С



бет2/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
абайтану
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су, қаңлы
13.Абай поэтикасының зерттелуі
Өлең өрнектері. Абай қазақ поэзиясының өлең жүйесін өркендетіп дамытуға орасан зор үлес қосты. Абайдың бұл саладағы еңбегі, өнегесі сөз болғанда көбіне-көп ақынның жаңадан, тыңнан кіргізген дентиннің шумақ, өлшем үлгілері сөз болады. Абайдың жаңашылдығы көзге ұрып, ап-айқын көрініп тұратындықтан оған көбірек назар аударылады, мұның жөні де бар. Дей тұрғанмен Абайдың өлең жүйесін жетілдіру, шыңдауға, өркендетуге жұмсаған еңбегі жекелеген өлшем, өрнектермен шектелмейді. Бұрыннан белгілі 7-7 буынды жыр мен шумақты өлең түрлерін, 11 буынды өлең өлшемін поэзиялық шығармаларында асқан шеберлікпен қолданып, оларды жазбаша поэзияда орнықтыруы да - Абайдың қазақ өлең жүйесін өркендетуге қосқан үлесі. Жыр өлшемін Абай жазба поэзияда, айталық лирикада қаншалықты шебер қолданғанын «Жаз», «Жаздыкүн шілде болғанда...», «Келдік талай жерге енді...» сияқты өлеңдерінен анық байқаймыз. Ал «Татьяна сөзі» («Тәңрі қосқан жар едің сен...»)секілді өлеңдерінде қолданылатын 7-8 буынды өлшемнің 8 буынды тармағы 4 буынды бунақтардан құралатын нұсқасын немесе «Көзімнің қарасы...» секілді өлеңдегі 6 буынды өлшемді алсақ, бұлардан Абайдың қазақ поэзиясында бұрыннан бар үлгіні өзінше ширатып, көп шумақты лирикалық өлеңде қолдана білгенін айқын көре аламыз. Осы өлшем- өрнектердің қайсысын тілге тиек етсек те, ақынның қазақ өлеңінің ырғақтық байлығын шумақ, тармақ, бунақтық жүйесін жақсы меңгергені, өлеңнің әсем әуезділігін, дыбыстық гармониясын жарасымды келістіретін үлкен талғампаздығы, көркемдік шеберлігі ешбір талас тудырмайды. Абай поэзиясындағы өлең өлшемдері, шумақ өрнектері, ұйқас түрлері жайлы сөз қозғағанда алдымен ескеретін жай - Ұлы ақын бұрыннан белгілі, түрлендіріп, мейлінше мол пайдалану жағынан да осы зор өнегелі іс атқарды. Ал Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлшемдерін, шумақ өрнектерін айтсақ, олар жаңашылдық сипаты, қазақ өлең қүрылысын жетілдіру, өрістетудегі мән-мағынасы жағынан айрықша құнды. Абай тыңнан кіргізген өлшемдердің айрықша бір өзгешелігі - көлемі әр түрлі тармақтардың шебер қиюласып келетіндігі. Ал бұл қазақ поэзиясындағы өлең жүйесіне мүлде жаңа және өте маңызды сипат әкеліп қосты, өлең өлшемдерінің түзілу тәсілін толықтырып, байыта түсті. Абайдың өзгеше ырғағы, шумағы, ұйқасы бар өрнек тудырған тағы бір өлеңі «Сен мені не етесің... Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлең өрнектерінің ішіндегі ең күрделі және келісті жасалғаны - «Сегіз аяқ». Абай поэтикасы туралы жазылған мақалалар:
1.Е.Ысмайылұлы мен З.Шашкин Абайдың поэтикасы.
2.Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі.1960жылы.
3. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. 1973.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет