«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С


Абайтанудағы «ақтаңдықтар» мәселесі



бет5/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
абайтану

16.Абайтанудағы «ақтаңдықтар» мәселесі
«Абайтану - қазақ әдебиеттану ғылымының ең кӛп зерттелген ӛнемді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасӛз бетінде жарық кӛріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» (С.Қирабаев). Алайда абайтану ілімінің тарихи бсатауларында тұрған Алаш арыстарының құнды ғылыми еңбектері мен мақалаларының идеологиялық қысымда болуынан Абай мұрасының зерттелу тарихы толық айқындалмай келген болатын. Бұл тұрғыда Абайдың кӛзі тірісінде «Дала уалаяты газетінде» жарық кӛрген М.Ж.Кӛпейұлының мақалалары ерекше аталады. М.Ж.Кӛпейұлы Абай ұлылығын «Бұл біздің соңғы пайғамбарымыз» деп бағалайды. «Дала уалаяты газетінде» (1889 №7;12) Абайдың екі ӛлеңі («Жаз», «Болыс болдым, мінеки») ӛлеңдері Кӛкбай Жанатайұлы атынан басылған-ды. Абай шығармашылығын ақындық мектебі тұрғысынан зерттеуді тұсаулап отырған идеологиялық кедергілер қазақ тарихындағы айбынды да айбарлы тұлға Абыла хан туралы дастан «Сабалақты» жазған Кӛкбай ақыннның мұрасы да біржақты қарастырылып келгені мәлім. Ұлы ақынның ӛмірі мен ақындық ӛнері туралы тұңғыш пікір айтқан Алаш қайраткері Ә.Бӛкейхан болатын. Ә.Бӛкейхан 1903 жылы «Киргизский край» (Т..ХҮІІІ. Россия. Осы томның «Исторические судьбы Киргизскогокрая и культурные его успехи» тарауы) атты кітапқа енген қазақ тарихы мен руханияты туралы зерттеуінде Абай ақындығын қазақ поэзиясындағы жаңа бағыттың ӛкілі деп бағалайды. Ал Абайдың ӛмірден ӛтуіне байланысты жазылған «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» атты азанама мақаласында ақынның шыққан тегі, ӛмірі, шығармашылық жолына қатысты тұңғыш мәліметтер береді (С.Қирабаев). Абай ақындығын, шығармашылығының әдебиет тарихындағы биік тұғырын «...Ӛлеңдерінен кӛрініп тұрғандай, Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді. Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке кӛтерген Абай сияқты қазақ ақыны осы кезге шейін болған емес» деп айқындайды. Ә.Бӛкейханов сонымен қатар Абайдың тұңғыш жинағын 1909 жылы Петербургте шығарған Кәкітай Ысқақұлы, Тұрағұл Абайұлының кемел ісіне ықпал еткен. Хат жазған (Қараңыз: Ә.Бӛкейханов. Кәкітай. Кітапта: Шығармалар. А., 1994). «...Әлихан Абай шығармаларын жинатып, ӛзі Семейде (орыс географиялық қоғамының Семей бӛлімшесі арқылы) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелінің ішінен Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі. Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан хауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тандыра алмай, Петербургке кетуі де осымен байланысты болса керек» (С.Қирабаев). Абайдың тұңғыш жинағы 1909 жылы Петербургте жарық кӛргенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Абайтану бастаулары «Абайтану тарихындағы» «ақтаңдақтарға» толы күрделі белес десек, жоғарыда аталған мақалаламен қатар 1918 жылдың ақпан-қазан айларында Семей қаласында Алаш қалам қайраткерлерінің қайратымен жарық кӛрген «Абай» журналы ерекше аталады. Барлығы 11 саны жарық кӛрген журналда Абай ӛмірі, шығармашылығы, әдеби мұрасының маңызы жан-жақты қарастырылған құнды мақалалар жарияланды. Бұл ретте осы басылымда жарияланған Ж.Аймауытұлы, М.Әуезұлының
«Абайдан соңғы ақындар», «Абайдың ӛнері һәм қызметі» мақалалары абайтануда ӛзінің құндылығын жоймайтын ғылыми мұра болып табылады. Мәселен, «Абайдан соңғы ақындар» мақаласында Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің даму бағыты сараланып, ұлы сӛз зергерінің кӛркемдік дәстүрінің жалғастығы айқындалды. Ал, «Абайдың ӛнері һәм қызметі» мақаласында Абайдың қазақ классикалық сӛз ӛнерін тақырыптық-идеялық жаңа биікке шығарудағы тарихи қызметі, эстетикалық мұраты талданып, «Абайдың ақындық ӛнері тар жолды, бірбеткей емес. Ол тараулар мынау: мінез түзететіндік (ахлақ), тереңнен толғайтындық (пәлсапа), сыншылдық (критика), суретшілдік (художественность), жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық (лирика), ащы тілдік, ызамен күлетіндік (сатира) һәм керемет переводшілдік» деген маңызды тұжырымдар жасалды. Түйіндей айтқанда, ұлттық әдебиеттанудың ӛзекті де басты арнасын құрайтын абайтану ӛзінің туу және қалыптасу барысында сан алуан ғылыми-зерттеушілік проблемаға толы түрлі тарихи белестерден ӛтті. Соның барысында ақын шығармашылығының зерттелу тарихы «бүгінде үдере дамып, ӛсу, ӛркендеу жолында қызу түрдегі пікір - таласы үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды» (З.Ахметов). Ал оның тарихи бастауларында Алаш әдебиетші ғалымдары тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет