«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С


Абайдың ақындық мектебі Әуезов зерттеуінде



бет4/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
абайтану

15.Абайдың ақындық мектебі Әуезов зерттеуінде
Абайдың ақындық мектебі мәселесін ең алғаш М. Әуезов «Абай ақындығының айналасы» атты зерттеу еңбегінде саралап жазды. Онда ғылым Абайдың ақындық мектебі аясында Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері деп Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрімдерді атаса, «Абай ақынның төңкіріс алдында, не төңкірестен бергі қазақ ақындарына еткен әсері» деген тезисінде Абай дәстүрін жалғастырушылар ретінде XX ғасыр басындағы ояну дәуіріндегі әдебиет өкілдеріне сілтеме жасаған.
Абайдың ақындық мектебіндегі Абайдың ұстаздық еңбектеріне, үлгі-өнегелеріне мыналарды жатқызамыз: әдебиет тарихында жаңа, тың идеялық-көркемдік бағыт қалыптастыру, рухани бұлақ көздерінен алынған сюжеттер негізінде шәкірттеріне тарихи, реалистік және романтикалық эпикалық шығармалар жаздыру, мораль философиясын, толық адам ілімін адам тәрбиелеудің рухани құралы ретінде ұсыну, сөз өнерін ұлт, адамзат мүддесі жолындағы әділеттің күрес құралы ету.
Абайдың ақындық мектебінен тәлім алған Абай шәкірттері мен Абай дәстүрін жалғастырушылардың бұл бағыттағы шағармашылық еңбектеріне талдау жүргізу қажет. Оларға Ақылбай мен Мағауияның Абай тапсырмасы негізінде романтикалық поэмалар жазуы, Көкбай мен Шәкәрімнің тарихи жырлар тудыруы, Шәкәрімнің Абайдың «Толық адам» ілімін «Ар ғылымына» ұштастыра дамытуы, Абайдың азаттық танымдарының Алаш арыстары ұстанымдарының темірқазығы, өзекті идеялық негізі болғандығы, Қасым Аманжоловтан бастап, қазірге дейінгі қазақ әдебиеті тарихының ең таңдаулы өкілдерінің шығармашылықтарындағы Абай тағылымының көріністері, т. б. жатады.
Абай мектебінің ақындары, Абайдың ақындық мектебі. Мұхтар Әуезов зерттеу еңбектерімен де, көркем шығармадағы бейнелерін суреттеп жеткізуімен де Абайдың шәкірттерін танудың жолдарын қарастырды. Бірақ мұндай танымдық кезқарасты тұрақтандыруға жасаған әрекеттері қатты сынға ұшырады. 1953 ж. қаңтар айында «Правда» газетіңде «Сынау орнына мадақтау» деген мақаланың жарық көруі Әуезовті «Менің қателерім жайында» деп аталатын түсініктеме хатын жазуға итермеледі. Бұл хатта ол әдеби беталысы мен Абайдын ақын шәкірттеріне қатысты мынадай еріксіз мойындауларға барды: «...бірінші Кенесары Қасымов қозғалысына байланысты мәселеде, екіншісі Абай мектебі дейтін мәселеде және үшінші осы аталғандарга жалғас патриархалдық-феодалдық салт-сананың кейбір адамдарын дәріптеу меселесінде... Абайдың ақындық мектебі бар деген өзімнің көптен келе жатқан, кейін анықталған аса бір теріс түсініктерім бойын­ша, «Абай» романына жалғастыра «Ақын аға» деген кітап жаздым. Осы кітапта романның жағымды адамының бірі етіп, Көкбай деген реакцияшыл кертартпа ақынды бейнеледім. Осы айтылғандарға байланысты «Абай мектебі» дейтұғын мәселе жөніндегі өз (кателерімнің тамырын ашу кажет деп білемін» (папка №464, 3-5-беттер). Сейтіп «Правда» газетіндегі макаланың жарға жығарынан қауіптенген жазушы өзінің өмір бойы зерттеуі нәтижесінде тапқан танымдары мен кейбір туындыларынан бас тартуға дейін барды. 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басындағы теріс саясат Көкбайды ескішіл, молда, Тұрағулды байшыл, алашордашыл десе, Әріп, Әсет тағы басқаларын айыптар міндері дайын тұрды. Ал Мұхтар Әуезов бұл кезде Абай шәкірттерінің әдебиет тарихынан алар орнына қарап, олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындарлық пікір калыптастырған еді. «Шәкірт» деген сөз аталған жерде «ұстаз» деген сөздің тұратынын, олай болса, аға акындар мен іні акындардың буыны құралатынын айтты. Аға ақын Абайдын беталыс-бағыты, стилі, идеясы, өз халқының әдебиетіне енгізген жаңалықтары ұстаз боларлық дәрежеге көтерілгенін, таланты да, ағартушылық, елеуметтіқ көркемдік масштабтағы деңгейі де жоғары екенін, қай жағынан алып карағанда да, ол шәкірт ақындарга аға боларлық тұлғалық бітімін дәлелдеді. Абайдың айналасындағы ақындарды ауызға алғанда, алдымен Кекбай есімі бұрынырақ түседі. Тағы бір ауыз толтыра айтатын шәкірттің бірі Шәкәрім болса, оның шығармаларын талдаудың, сол кездің бағасы өлшемімен атын атаудың өзі жақсылыққа апармайтын. Мұсылманшылықты біршама жақсы оқыған Көкбай әншіліктің, ақындықтың жолына түсіп кетеді. Оны Абайға жақын еткен де осы өнері. Шәкірттер арасында ол суырып салып айтқыштығымен де ерекшеленді. Абайдың сенім артқаны сонша, өзінің алғашқы жазған өлендерін де соның атынан жазды. Ұстазы дуниеден қайтқаннан кейін ғана, Көкбай ауылда медресе ашып, бала оқытуға ауысады. Абай өмірін толықтыратын деректердің көпшілігін Мұхтар Әуезов осы Көкбайдан алғанды. Бұдан соң ұлы суреткер Абай мектебіне жататын ақындардан Ақылбай мен Мағауияны ерекше бөліп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет