тәжірибе нәтижелерін таңдау және өңдеу тәсілдерін негіздеу.
Тәжірибені орындау.Зертхана тәжірибелік зерттеулер жүргізілетін арнайы жабдықталған бөлме болып табылады. Жұмыс жасау аумағының ерекшеліктеріне сәйкес зерттеу зертханасының үш түрін бөлуге болады: стационарлы, жылжымалы және жүрісті. Стационарлы зертхананың жұмысшы орыны жұмыс столымен жабдықталады. Зертхананың арнауына байланысты әрбір зертханалық стол, су, электр және газдан басқа қосымша бумен, сығылған ауамен, вакууммен қамсыздандырылады. Сонымен қатар, столдарда электрмоторларды қосу үшін штепсельдер, үстел лампалары, есеп машиналары, қыздырғыш құралдар (пояльниктер, плиткалар) орналасады. Жұмыс орнының жарықтануына аса назар аудару керек. Жылжымалы зертханалардың жабдықталуы стационарлыға жақын, бірақ бөлме ауданы кіші болады. Жылжымалы зертханаларда зертханалық үстелдер орнына тәжірибе жүргізу үрдісінде қажетті ақпараттыжазуға арналған жиналмалы үстелдермен жабдықталады. Зерттеуші (экспериментатор) зертханада теориялық немесе практикалық есептің дұрыс шешілуіненегізделген жауапты жұмысты атқарады. Әдістемені орындаудағы дәлдік, ұқыптылық, тәжірибе дайындығының
мұқияттылығы, оны жүргізудегі зейінділігі тәжірибелік жұмыс тиімділігінің басты талаптары болып табылады. Тәжірибені жүргізер алдында зерттеуші әдістемені тағы да анықтап қарап шығуы және барлық қажетті құжаттарды дайындауы керек.
Анықтаудың және бақылаудың талдауын арнайы журналға жазып толтыру керек. Журнал формасы барлық фактілерді максималды тіркеуге сай келуі керек. Егер өлшеу үрдісінде қарапайым есеп қажет болса, онда олар журналға немесе тәжірибе өткізудің номері, сериясы, күні немесе айы көрсетілгенбөлек дәптерге тіркелуі керек.Тәжірибелік жұмысты қорытындылаудың маңыздысы нәтижені болжаммен салыстыру болып табылады. Болжамды дәлелдеу –бүкіл зерттеудің, сонымен бірге тәжірибелік жұмыстың маңызды сәті.Тәжірибені дайындауға және өткізуге қанша уақыт кеткені ескерілуі тиіс. Алынған деректерге талдау жасау үшін математикалық статистиканы, компьютерлік бағдарламаларды пайдаланады. Зерттелінетін жүйе мен зерттеу нөтижесі жағдайын тануды алға қоя отырып, зерттелетін құбылыстардың жалпы математикалық сызбасы жасалынады. Осыған ұқсас зерттеулерді ескере отырып, математикалық сызба анықталады және өңделіп түзетіледі. Анықталған сызба негізінде тәжірибе жүргізудің тиімді және экономикалық жоспары жасалынады.Тәжірибенің математикалық теориясын қолдану – тәжірибелік зерттеу көлемін белгілі бір түрде жоспарлау кезінде оны жақсартуға және олардың дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.Тәжірибені дайындаудың негізгі сатысы оның мақсатымен есебін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, аппарат және машина, басқа да қондырғылар жинағын негіздеу қажет. Осыған байланысты экспериментатор елде шығарылатын өлшеуіш аппаратурасымен жақсы таныс болуы керек (жыл сайын шығатын каталогтар көмегімен).
Әдістемеде тәжірибені жүргізу үрдісі толық жасалады, өлшеу және бақылау операцияларының жүру реті құрастырылады, әрбір операция бөлшектеп сипатталынады, операция сапасын бақылау әдісі негізделеді. Бақылау және өлшеу нәтижелерін жазатын журналдар түрі жасалады.
Әдістеменің негізгі бөлімі тәжірибелік мәндерді талдау және өңдеу әдісін таңдау болып табылады. Мәндерді өңдеу – барлық сандарды жүйелеу, жіктеу, талдау болып табылады.
Тәжірибенің нәтижелері жазудың оқуға ыңғайлы формасында – кестелер, графиктер, формулалар, номограммалар түрінде болуы керек. Олар алынған мәнді сапалы, тез қарастыруға және талдауға мүмкіндік береді. Барлық айнымалылар физикалық шамалардың ортақ бірлік жүйесінде белгіленуі керек.
Әдістемеде тәжірибелік мәндерді талдаудың және өңдеудің математикалық әдісіне үлкен мән аудару керек, мысалы эмпирикалық тәуелділіктерді орнықтыруға түрленетін сипаттамалар арасындағы байланыстың апроксимациясына, критерий және интервалдарды орнықтыруға және т.б. критерийлердің диапазоны тұрақтандырылуы керек.
Әдістемені өңдеп бекіткеннен соң, теориялық өңдеудің тереңдігіне, қабалданған өлшеу құралдарының дәлдік дәрежесіне тәуелді тәжірибелік
зерттеудің көлемі және еңбекті қажет етуі дәрежесі анықталады (зерттеудің теориялық бөлімі дәлірек құрастырылған сайын, тәжірибе көлемі аз болады).
Тәжірибелік жұмысты жүргізудің көлемі мен еңбек ету қажетіне тәжірибе түрі айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, өрістік тәжірибе заң бойынша көп еңбекті қажет етеді және осыны жоспарлау кезінде есепке алған жөн. Тәжірибелік жұмыс көлемін орнатқан соң, қажетті өлшеу құралдарының, материалдар көлемі, орындаушылар тізімі, күнтізбелік жоспар және шығындар сметасының тізімі жасалады.
Тәжірибенің жоспар бағдарламасын жасау кезінде әрқашанда оны жеңілдетуге ұмтылу керек. Оған алдын ала талдау және бір параметрді әртүрлі техникалық құралдармен өлшеу нәтижелерін, сонымен қатар алынған нәтижелерді өңдеу әдісін салыстыру арқылы қол жеткізуге болады.