Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна ақШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері


ЭЛЕМЕНТ 2 Университеттің оқыту үдерісінде өзін өзі ұйымдастыру



бет13/13
Дата05.11.2016
өлшемі3,76 Mb.
#948
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЭЛЕМЕНТ 2

Университеттің оқыту үдерісінде өзін өзі ұйымдастыру

Уақыт менеджменті. Дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу. Оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар. Оларды шешудің алгоритмі.



Мақсаты:

Студентке, дәріске, практикалық сабақтарға дайындалудың негізгі техникалары, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттарды шешудің алгоритмі туралы түсінік қалыптыру

Студентке өзінің уақытын тиімді жоспарлау, алынған тәжірибесіне талдау, рефлексия жасауға үйрету;

Тайм-менеджмент (уақытты басқару)

Мақсаты: студенттің өз уақытын тиімді басқару қабілетін дамыту;

Берілген тізімнен уақытты тиімді пайдалануға кері әсер ететін жағдайларға талдау жасаңыздар. Өзіндік олардың алдын алу жоспарын жасаңыз.



Өздік жұмыс тапсырмалары:

Тапсырма № 1 Уақытты тиімді пайдалануға кері әсері тигізетін жағдайлар.

  • Күн тәртібінде мақсаттың нақты айқындалмауы

  • Істерде басымдықтардың болмауы;

  • Бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға әрекет жасау;

  • Алдағы тапсырмалар мен қиындықтар оларды шешу жолдары туралы түсініктерінің болмауы;

  • Күн тәртібін жоспарлау алмау;

  • Жеке тұлғалық ұйымдаспағандық, шашылып жатқан оқу үстелі;

  • Материалды аса көп оқу;

  • Мотивацияның жетіспеуі;

  • Телефонмен сөйлесу;

  • Әлеуметтік желілерде отыру (агент, контакт, Facebook);

  • Жұмысты аяғына дейін жеткізбеу;

  • сабаққа дайындыққа аз уақыт бөлу;

  • жеке тақырыптарға басқалармен көп әңгімелесу;

  • аса көпшілдік;

  • «басқа күнге қалдыру» синдромы;

  • асуғу; нәтиженің тез болуын күту; аса шыдамсыздық.

Тапсырма № 2

Күнделікті тапсырмаларды тиімді орындау үшін күн тәртібін аса ұқыптылықпен жоспарлау маңызды. Кешегі күніңізді талдап, қойылған мақсаттарға кедергі келтіретін кері жағдайларды анықтаңыз. Сіздің ойыңызша, университетте тиімді ұйымдастырылған күн тәртібі қалай болу қажет?



Іс-әрекет түрлері

Жіберілген уақыт

Уақыт %

  1. Университетте білім алу







2.Жоспарлау (күн, айы, жылы)







3.Кітап оқу







4.Интернет







5.Сыртқы бет-бейнесін қалыпқа келтіру (шаш, киім, т.с.с.)







6.Тамақ ішу







7.Ойлану







8.Жолға кеткен уақыт







9.Демалыс, ойын-сауық







Тапсырма № 3

Белгілі бір жұмысты жоспарлау үшін оның мақсатын анықтау қажет. Үлестірме материалымен танысып, мақсат, оның критерийлері, қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтауға тырысыңыз.

Ұзақ мерзімді мақсатты анықтау

____________________________________________________________________

Орта мерзімді мақсатыңызды анықтау

____________________________________________________________________

Алдыңғы 5 күнге шолу жасап, оған жоспар құрыңыз. Алдыңғы аптада орындайтын маңызды және қосалқы тапсырмаларыңыздың тізімін жасаңыз.

Апталық жоспар

Апта күні

Негізгі тапсырмалар

Мақсат жетуге әсер ететіндер

Мүмкін болатын кедергілер

Кедергілерді қалай жеңуге болады?

1

2

3



4

5














Дәріс, практикалық сабақтарға дайындалу. Оқуда кездесетін қиын жағдайлар. Оларды шешу алгоритмі.
Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар.
Тапсырма № 1

Дәріс, практикалық сабақтарына дайындалуды талдаңыз. Дайындалудың негізгі тиімді тәсілдерін анықтап, кластерге толтырыңыз.



Сізбен құралған сызбаны берілген үлестірме материал № 3 салыстырыңыз. Сізге маңызды, тиімді тәсілдерді жазып алыңыз. Сабаққа дайындалуда осы әдістерді қолданып көріңіз.



Тапсырма 2

Сіздің ойыңызша, кедергі, қиындық, академиялық қиындық дегеніміз не? Практикалық, дәріс сабақтарына дайындалуда кездесетін қиындықтарды анықтаңыз, тізімін жасаңыз.



Тапсырма 3

Үлестірме материалында берілген мәселелерді шешу алгоритмімен танысыңыз. Әрбір кезеңнің ерекшеліктерін қарастырып, келесі сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз.





Кезең

Сұрақтар

Диагностикалық кезең

Сіздің психологиялық жағдайыңыз қандай?

Сізге көмек керек пе? Сіз көмекті кімнен сұрай аласын?

Сіздің жұмысыңыз туралы, оның мақсаты туралы нақты түсінік бар ма?

Қандай мәселе іске аспай жатыр? Неге байланысты сіз іс- әрекетіңізді жүзеге асыра алмай жатырсыз?

Мәселенің қандай белгілері бар?

Проблема бірінші рет қашан пайда болды?

Мәселені шешуге не әсер етеді?


Ізденушілік кезең

Себебін анықтау:

Мәселенің туындауына не әсер етті?

Неліктен мәселе туындады? Қайдан туындады?

Мәселе неліктен шешімін таппай жатыр?



Қосымша ақпаратты жинау, іздестіру

Кім? Не?Қайда?Қашан? Керек ақпаратты қалай табуға болады?


Келісім-шарт кезеңі

Шешім табудың мүмкін болатын жолдарын іздестіру

Мәселенің шешімін табуға не әсер етеді?

Мәселенің түп тамырын шешуге қандай жол тиімді?

Қандай шешімдер ойластырып қойдыңыз?

Бұл мәселе қайталанбас үшін не істеуге болады?

Пайда болған мәселені шешуге не кедергі келтіреді?



Мәселені шешу жолдарын таңдау, шектеуліктерді орнату

Қандай шектеуліктер бар? (уақыттық, материалдық т.б.)

Қандай талаптар бар?


Іс әрекеттік кезең

Мақсатты жүзеге асыруға қандай жағдайлар кедергі келтіреді?

Керісінше, жағымды әсер етеді?



Рефлексивтік кезең

Не жүзеге асты?

Қалай және неліктен жүзеге асты?

Болашақта қандай мәселелер бойынша жұмыс жасау қажет?

Берілген мәселені шешу алгоритмінен нәтиже шықпаса, бағыт бағдар беруге, немесе басқа студенттер ісімен айналысатын бөлімдерінің қызметін ұсынатын кафедраның академиялық эдвайзерінің көмегіне жүгініңіз.



Белсенді үлестірме материал № 1

Мақсаттарды қалыптастыру критерийлері

  • Мақсат шынайы болу қажет (жекетұлғаның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеру)

  • Мақсат экологиялық болу қажет (жекетұлғаның өзіне, басқаларға зиян келтірмеуі)

  • Нақтылық ( көздеген нәтижені анықтау)

  • Мақсат тек қана осы шақта қалыптасуы қажет

  • Мақсатты үш жүйеде елестету керек: нәтиже, нәтижені сезу, есту

  • Мақсат позитивті формада қалыптасады;

  • Нәтижеге жетуге сенім

Мысалы:

Мен, Рыстина Индира 31 мамырға дейін алдыма мақсат еткен іс-әрекет жоспарына сәйкес, өз- өзіме сенімділік, оқуға деген позитивті көңіл күйімді дамыту арқылы педагогика пәніне толықтай дайындаламын.



Мақсаттарды үшке бөлеміз.

1.Ұзақ мерзімді (стратегиялық)

2.Орта мерзімді (оперативті)

3. Қысқа мерзімді (тактикалық)

Ұзақ мерзімді мақсат бірнеше жылға (10-20 жылға), өмір кезеңдеріне жасалады. Мақсаттың басымдықтары екі өлшеммен ерекшеленеді:

- мақсаттың маңыздылығы;

- мақсаттың шұғылдығы.

Ортамерзімді мақсат бірнеше айларға жасалады. Тиімді оперативті мақсат келесі сұрақтарға жауап беруі керек: Кім? Қашан? Қалай? Неліктен?


Белсенді үлестірме материал № 2

Дәріске дайындық

Дәріс материалын толық меңгеру үшін оған студенттің дайындалуы қажет. Төменде берілген нұсқаулықтар дәріске тиімді дайындалуға мүмкіндік береді.



  1. Алдыңғы дәрісті аса ұқыптылықпен қайталап шығыңыз. Жоспарын, негізгі сұрақтарын айқындаңыз.

  2. Дәріс пен оқулықтағы материалдарды салыстырыңыз. Түсініксіз терминдер мен сөздерді жазып алыңыз, глосарий құрастырыңыз.

  3. Қосымша қайталауды қажет ететін сұрақтарды белгілеңіз. Дәріс барысында осы сұрақтарға жауап алуға алдын ала дайындық бола алады.

  4. Оқытушымен берілген әдебиеттерді қарап шығыңыз.

  5. Алдыңғы дәрісте берілген тапсырмаларды қайталауды ұмытпаңыз. Дәріс сабағына үнемі қайталау жүргізу, дайындалу пән бойынша тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дәріс бойынша конспект жазу

Дәріс барысында конспектілеу пәнді меңгеру барысындағы маңызды ақпарат. Дегенмен, студенттер оған механикалық жазба ретінде қарайды, материалдын мәніне үңілмейді. Төменде берілген нұсқаулықтар конспекті сауатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді:



  1. Жай ғана көшірмемен шектелмеу. Материалды ұғынып, қысқаша сөйлемдермен немесе сөздермен , фразалармен түртіп алу.

  2. Мәтінді орналастыруды түрлендіріңіз. Оңай есте сақтау және қайталау, толықтыру мәселелерін ұмытпау

  3. Нені жазу керек екені туралы шешімді жеке қабылдаңыз. Есте сақтауға қажетті ақпаратты жазып алу

  4. Дәрісте «осы материалды меңгеру барысында мен нені үйренуім керек?» деген сұрақ қойып отыру

  5. Жазбадағы маңызды ақпараттарды белгілеп қою. Парақта негізгі идеялар мен терминден айқын көрініп тұратындай етіп орналастыру. Маңызды ақпаратты белгілеу үшін сурет, түрлі түсті маркерлер, белгілеулер қолдану.

  6. Түсінбей қалған ақпаратты жазып алып отыру. Осыған қатысты өздеріңіздің көзқарастарыңыз мен ойларыңызды да қалдырмау. Осының барлығы дәріс соңында оқытушыға сұрақ қоюға мүмкіндік береді.

  7. Конспектіге қайталау жүргізу. Оларға толықтыру, өзгерістер енгіп отыру.


Семинар сабақтарына дайындалу

Семинар дәрістен де маңызды сабақ түрі. Практикалық сабақтар, материал бойынша пікірталас, талдау жүргізуге өте ыңғайлы. Төменде берілген нұсқаулықтар семинар сабақтарына тиімді дайындалуға мүмкіндік береді:



  1. Семинар сабақтарына аса жауапкершілікпен қарау. Емтиханда осы сабақтарда талданған материалдар бойынша жауап алуға болады.

  2. Әрбір сабақққа дайындалып бару. Жоспарлы түрде дайындалу емтиханға қажетті материалдар жинауға мүмкіндік береді. Белсенділік оқытушымен, топ студенттермен ескеріледі.

  3. Семинарға дайындықты сабақтың жоспарын, әдебиетін танысудан бастаған жөн. Дайындық үшін дәріс конспектілерін, оқулық, арнайы материалдарды қолданыңыз.

  4. Сұрақтар дайындау. Күрделі, қарама қайшылықты сұрақтарды оқытушыға қою.

  5. Топ студенттерімен бірігін жұмыс жасау, өзіңіздің біліміңізбен бөлісуге, толықтыруға мүмкіндік береді.

  6. Кітап немесе дәріс мәтінімен баяндама жасамауға тырысу. Ең бастысы, ғылымның терминдік апппаратымен еркін қолданып, мысалдар келтіруге үйрену қажет.


Белсенді үлестірме материал № 3

Мәселелерді шешу алгоритмі

Академиялық мәселелерді шешу үшін, Дж.Брансфорд және Б.С.Стейн ұсынған академиялық кедергілерді шешу технологиясы (IDEAL) бойынша бірізділікпен ерекшеленетін бес кезеңнен тұратын кешенді қолдануға болады:



  1. Диагностикалық (I- Identify) (академиялық мәселелерді айқындау, жетістікке жету белгілеу);

  2. Ізденушілік (D-Define) (себептерін іздестіру);

  3. Келісімдік (E- Explore) (академиялық кедергілердің шешу стратегиясын қарастыру, жауапкершілікті бөлу, қадамдық жоспарын әзірлеу);

  4. Іс-әрекеттік (A-Anticipate and Act) (айқындалған жоспардың мүмкін болатын салдарын алдын-ала болжау),

  5. Рефлексивтік (L- Look back and learn) (іс-әрекетке кері байланыс жасау).


ЭЛЕМЕНТ № 3. ЖОО-да студенттің өздік жұмысы

Өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері. өздік жұмыстың формалары мен түрлері. Өздік жұмысты бақылау әдіс-тәсілдері. Плагиат.



Өз бетімен білім алу парадигмасы және студенттің өздік жұмысы. Өз бетімен білім алу парадигмасы оқытудың дәстүрлі дәрістік-семинарлық жүйесін қайта қарастыруға себепші болады. Қазіргі кезде, оқу уақытының көлемін қысқартусайыстарға бетбұрыс жасалып отыр. Негізінен студенттердің танымдық қабілеттерінің жетілуіне көңіл бөлінеді. Бұл жерде ғылыми ақпарат пен білім алудың әдіснамалық мәдениетін меңгеру бірінші орында тұр. Студенттерге көздеген білімге қол жеткізу үшін жаңалықты үзбей іздестіре отырып, ақпараттық процестерді (іздестіру, сақтау, қайта қарастыру, тарату) сауатты түрде іске асырудың маңызы зор екендігін жоғарыда атап өттік. Осыған байланысты, қазіргі білім беру процесінің артықшылығы білімді, іскерлікті және дағдыны механикалық түрде беру емес, керісінше ақпараттық-рухани қор көздерін өз бетімен іздестіріп, табылған ақпаратқа талдау жасап, оны қолдана білетін, сонымен қатар пікірін ой елегінен өткізіп, ары қарай жетілдіруге тырысатын және жылдам өзгеріп жатқан өмір жағдайында өзін іс жүзінде табысты түрде көрсете білетін тұлғаны қалыптастыру.

Сонымен, жаңа білім беру парадигмасының ең алдымен студенттердің креативті және рухани дамуына бағытталғандығы білім беру практикасының басты міндетіне табиғат пен қоғам заңдылықтарын үйрету ғана емес, сонымен қатар «адам–табиғат–қоғам» жүйесіндегі қатынастарды үйлестіруге қол ұшын беру әрекеттері жататындықтан, мақсаты тұлғаның креативтік потенциалын жетілдіру болып табылатын оқыту әрекетіне инновациялық білім беру мәселесін дамыту септігін тигізеді.


Өздік жұмысты орындау студенттің келесі кезеңдерді орындауын талап етеді:

- өздік жұмыстың мақсатын анықтау;

- танымдық мәселені нақтылау

- өздік жұмыстың қойылған міндеттерді шешуі

- өздік жұмысты сапалы орындалуына тиімді тәсілдерді қолдану;

Өздік жұмыстың орындалуын жоспарлау, жүзеге асыру.
Оқу барысында студент өздік жұмыс түрлерін орындайды:


  1. Дәріске дайындалу;

  2. Практикалық сабақтарға дайындалу

  3. Семинар сабақтарына дайындалу

  4. Эссе, реферат, аннотация, рецензия жазу;

  5. Порфолио құрастыру

  6. Емтиханға дайындалу;

  7. Баяндама жасау, қорғау.


Өздік жұмыс тапсырмалары

Тапсырма № 1

БББ (білеміз, білгіміз келеді, білдік) стратегиясын қолдана отырып соңғы кезде аудиториядан тыс өздік жұмыс туралы ақпаратты анықтаңыз.

БББ (білеміз, білгіміз келеді, білдік) Чикаго университетінің профессоры Д. Оглмен құрастырылған. Оның негізгі ерекшелігі сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологияларын пайдалана отырып оқыту үдерісін (күш түсіру, ұғыну, рефлексия) үш кезеңімен өткізу.

БББ стратегиясы келесі кестені пайдалану арқылы қолданылады:


«Б» Білеміз

«Б» Білгіміз келеді

«Б» Білдік

1.

2.


3.








Тапсырма № 2


  1. «Insert» әдістемесіне сүйене отырып, өздік жұмыстың формаларын (Дәріске дайындалу;практикалық сабақтарға дайындалу; семинар сабақтарына дайындалу; эссе, реферат, аннотация, рецензия жазу; портфолио құрастыру; емтиханға дайындалу; баяндама жасау, қорғау).

I

interactive

өзін- өзі белсендіру

«V»-білеміз

N

noting

Жүйелі түрде белгілеу

«+» - жаңа ақпарат

S

system for







E

effective

тиімді

«-» -басқаша ойладым

R

reading and

оқу және ойлау

«?»-сұрақтардың бар екенін білмедім

T

thinking

Студенттермен «Insert» әдістемесін қолдануға қажетті бірнеше ережелерді белгілейік:



  • Белгілеулер жасау («V»-білемін; «+» - жаңа ақпарат; «-» -басқаша ойладым; «?»-сұрақтардың бар екенін білмедім)

  • Мәтінді оқу барысында белгілеулер жасаңыздар;

Тапсырма № 3

Алынған тәжірибеге рефлексия (кері байланыс) жүргізу үшін іс-әрекетке белгілі бір ұстаным беретін ПМҚ («плюс», «минус», «қызықты») кестесін толтыру қажет.

ПМҚ («плюс», «минус», «қызықты») кестесі

+

-

қызықты











Белсенді үлестірме материалдары № 1
Емтиханға дайындалу ерекшеліктері

Кредиттік оқыту технологиясына сай белгілі бір оқу пәнін меңгерудің нәтижесі 100 баллмен өлшенеді.

Емтихан студенттер үшін өте күрделі сын, сондықтан оған жан-жақты дайындық қажет.


  1. Жүйелі түрде дайындалу (семестрдегі әрбір семинар,дәріске дайындалу, оқудың басында қарастырылатын емтихан сұрақтарын алу).

  2. Меңгерілген материалды үнемі қайталау;

  3. Емтиханға дайындалу барысында білмейтін, дұрыс түсінбеген сұрақтарға аса назар аудару;

  4. Жазбаша, тест сұрақтары бойынша дайындалу;

  5. Өз өзіне сенімділігін көрсету.


Эссе жазу

Эссе жазу студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту арқылы академиялық жазу мәдениетін де қалыптасады.

Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал.

Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, дегенмен эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.

Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын тақырып туралы жан- жақты зерттеу жүргізу керек. Сондай-ақ, эссе жазуға не себеп болды, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, әсерлі сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Эссе жазуға қалай дайындалу керек?

Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру керек сияқты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?»


Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?

-Белгілі мәселе бойынша өз пікірін баяндау, дәлелдеу;

- -Оқырмандарды ақпараттандыру;

-Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

-Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

-Іс-әрекетке түрткі болу.


Аннотация және резенция жазу

Белгілі бір жұмысқа аннотация жазуда келесі кезеңдерге назар аудару қажет:



  1. Теориялық бөлім

  • Жұмыстың мақсаты;

  • Негіздемесі

  • (зертеуді орындау барысында қандай сұраққа жауап беру керек)

  • Зерттеуді жүргізу әдістері;

  • Зерттеуді жүргізу жоспары;

  • Алынған нәтижелер.

Рецензия латын тілінен «recensio- қарастыру»- белгілі бір басылым түріне (ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиет, газет, журнал мақалалары) талдау жасау, баға беру, пікір айту.

Рецензияның көлемі аз, жазылған пікірі қысқа болады. Рецензия жазудың үлгісі:


  • Тақырыптың өзектілігі және мәнділігі;

  • Тақырыптың ашылуы;

  • Қолданылған әдебиеттерге сипаттама (әдебиеттер, өндіріс, статистикалық мәндер, көлемі, жаңалығы);

  • Ғылыми баяндама жасаудың сапасы мен бірізділігі;

  • Жұмысты безендіру сапасы (библиография, сурет , кестелердің орналасуы).


Белсенді үлестірме материал № 2
Портфолио қалай құрастырылады

Пән бойынша портфолио жасаудың негізгі мақсаты жинақталған материалдарды бірізділік қағидасында орналастыру арқылы тұтас түсінік қалыптастыру, студенттің меңгеру үдерісін жеңілдету. Портфолио студенттің белгілі бір сала бойынша кәсіби жетістіктерін көрсететін студенттің өздік жұмыстарынан, мақалалар мен ресурстар жиынтығы.



Портфолионың мақсаты:

- студенттің білім алу іс-әрекетін белсендіру; студенттің кәсіби міндеттерді шешу тәжірибесін жүйелеу және сақтау;

- студенттің алдыңғы және кейінгі білімдер арасында байланыстар орнатуына мүмкіндік беру;

- курсты меңгеру барысында студенттің жекетұлғалық, кәсіби өсуіне есеп жүргізу;

- өздік жұмыстар арқылы студенттің мүмкіндіктерін, білімді меңгерудегі жетістіктерін көрсету;

-студенттің өзін-өзі бағалауы, өзіндік рефлексия жасауына, оқытушының бағалауына негіздеме.



Портфолио-сіздің тақырыбыңыз бойынша арнайы өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретін жинақталған материалдар құрамы. Ол сіздің тақырыбыңыздың қаншалықты терең зерттелгенін көрсетеді. Оған мынадай материалдар кіруі мүмкін:

  • 1.Газет, журналдардың қиындылары

  • 2.Интернет материалдары

  • 3.Өзіңіздің пікіріңіз бен сараптамаларыңыз, жазба жұмыстарыңыз

  • 4.Интервью материалдары мен сараптамалары

  • 5.Мамандардың пікірлері

  • 6.Аудио, бейне материалдар

  • 7.Статистиканы немесе басқа мәліметтерді көрсететін кесте, сызбанұсқа, графиктер мен диаграммалар, суреттер

8.Сіздің қысқаша баяндама- ұсынысыңыз.
Портфолионың үлгілік құрылымы

Бөлім 1 «Жалпы ақпарат»

    1. Резюме (берілген ресми сызба негізінде);

    2. Өмірбаян (еркін түрде). Өміріңіздің негізгі оқиғаларына сүйене отырып, қысқаша баяндама жазу.

    3. Өмірлік мақсаттар (2-3 жылға, немесе 5-7 жылға). «Мен болашақта қандай жетістікке жеткім келеді?» деген сұраққа жауап ретінде.

    4. Тест нәтижесі (ҰБТ).

Бөлім 2 «Ресми құжаттар».

Бұл бөлімде іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойынша жеткен жетістіктеріңіз бойынша құжаттар жинақталады. Ресми құжаттардың тізімін келесідей орналастыруға болады:



  • Орта білім куәлігі;

  • Олимпиада дипломдары;

  • Сайыстардың қатысушысы дипломы;

  • Спорт жетістіктері және т.б.

Бөлім 3 Шығармашылық жұмыс және әлеуметтік тәжірибе

Бұл бөлімде Сіздің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігіңіздің негізгі формаларынан, шығармашылық және жобалық жұмыстардың жиынтығынан тұрады: ғылыми конференцияларға қатысу; білім беру лагерлері, арнайы курстардан, іс тәжірибелерден өту, көркемдік,спорттық жетістіктер.

Ұсынылатын жұмыстардың үлгілік тізімі:


  • Жобалық жұмыстар. Жобаның тақырыбы, орындалуы көрсетіледі. Фотосурет, слайд ретінде қосымшалар қосуға болады.

  • Зерттеу жұмыстары және рефераттар.

  • Техникалық шығармашылық жұмыстары: үлгілер, макет жасау. Нақты жасалған жұмыстар тізімі, көрмелерге қатысу беріледі.

  • Іс тәжірибелерден өту: тілдік, еңбек.

  • Қоғамдық қозғалыстарда, ұйымдарға қатысу. Ұйымның аты, мақсаты, міндеттері, ұйымға мүшелік ету аралығы көрсетіледі.

  • Қосымша білім беру мекемелерінде білім алу. Ұйымның, курстың аты жазылады.

  • Олимпиада, сайыстарға қатысу. Іс-шара түрлері, өткізілген орны, оқушының жетістігі көрсетіледі.

  • Ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысу. Тақырыбы, уақыты, ұйымдастырылған білім беру ұйымдары көрсетіледі.

  • Спорттық нәтижелер. Спорт түрі, жарыстың формасы көрсетіледі.


Бөлім IV. «Пікір»

Бөлімде Сіз, сіздің әртүрлі іс-әрекет жетістіктеріңіз туралы жазған мамандардың, мұғалімдердің, ата-аналардың, достарыңның пікірінен тұрады. Пікірлер тізімі:



  • Мұғалімдердің пікірі;

  • Достарыңның пікірі. Достарыңыздан Сіздің жеке қасиеттеріңізді бейнелеп жазуыңызды сұрауға болады.

  • Сіздің газет, журналдарға жазған мақалаларыңызға пікір;

  • Әртүрлі ұйымдардан алғыс хаттар.


Баяндама дайындау және қорғау.

Университетте оқу барысында бірнеше баяндама жасау, оны қорғауға дайын болыңыз. Төмендегі кеңестер баяндама жасауға үйретеді:



  1. Тақырып бойынша негізгі дерекөздерін таңдаудан бастаңыз. Сіздің негізгі идеяңызға сай 8-10 әдебиеттен кем болмау керек.

  2. Сіздің жұмысыңыздың мазмұнын ашатын жоспар құрыңыз.

  3. Жиналған материалды өңдеу, жалпылау, жүйелеу. Қорытынды жасау.

  4. Жазу. Баяндама жазудың негізгі ерекшелігі ғылыми, академиялық стилді қолдану. Академиялық стиль – мақала, кітап, студенттердің өздік жұмыстарын жазуда қолданылатын мәтін стилі.

Академиялық стиль келесі нормалармен айқындалады:

- сөйлемдер күрделі, ұзын болуы мүмкін;

- әртүрлі терминдер, шетел сөздерінің кездесуі;

- «біздің ойымызша», «қорыта келгенде», «талдау нәтижесінде» т.с.с. құрылымдық айналымдар қолданылады.

5.Зерттеу нәтижесі бойынша топ алдында сөйлеу. Баяндамада зерттеушінің үш сапасы байланыста болады: зерттеу жұмысын жүргізе білуі, тыңдаушыларға нәтижесін жеткізе білуі, сұрақтарға білікті жауап беруі.

Баяндама бойынша презентация жасауға дайындықта келесі мәселелерді қарастыру қажет:

- жобаның презентациясынан аудитория қандай ақпарат алуы қажет?

- сөз сөйлеу (презентация) мазмұны;

- презентацияны иллюстрациялау;

- сөйлеушінің жеке имиджі.

Келесі сызбада берілген «Жаса- Жасама» ережелерін ұстану, Сіздің топ алдында ғылыми жұмысыңызды хабарлауда жетістіктікке жетелейді.



«Жаса»

«Жасама»

Аудиторияны алдын ала тексеріңіз, дайындап қойыңыз

«Қосарланған» сөздерді қосудан аулақ болыңыз

Барлық тыңдармандарды шолу жасау, алдын ала аудиториядағы атмосфераны анықтау

Қаламмен, сызғышпен тұрмау, қолды еркін ұстау

Тыңдармандармен көз байланысын орнату

Қолды қалтаға салмау

Ашық, қысқа көрнекіліктерді қолдану

Еденге, экранға, белгілі бір адамға қарап баяндама жасамау

Сөйлеу темпі мен ырғағын өзгерту, акцент жасау

Көрнекілік материалдарды сөзбе сөз оқымау

Дене қозғалысының бандалған ақпаратқа сай болуы

Түсінікті, анық сөйлеу

Берілген уақытты үнемдеу, дер кезінде аяқтау

Шағым, наразылық туғызатындай киінбеу

Түсінікті тілді қолдану

Сұрақ интонациясын, көзқарасын қолданбау

Жағымды, сенімді нотада аяқтау

Толқымау: Сізден артық бұл баяндаманы ешкімде жасай алмайды.


Ғылыми өздік жұмыстарын безендіру.

Ғылыми жұмыс композициясы.Титулдық бет. Теория+практика.

Аннотация және сын пікір жаза білу.

Кіріспе. Деректері мен әдебиеттерді анализдеу.

Зерттеудің негізгі бөлімін безендіру.

Тезистер құру. Теория + практика.

Қорғау, презентациялау.


  • 1.Осы тақырыппен жұмыс істеу барысында сіз нені үйрендіңіз?

  • 2.Өздік жұмыстарды орындау барысында туындаған мәселелердің шешудің альтернативті жолдары туралы не білдіңіз?



Белсенді үлестірме материал № 3

Плагиат

Плагиат басқа біреудің жұмысын, мақсаты мен қолданыс көлеміне қарамастан, дереккөзге сілтеме жасамай, өз жұмысы ретінде ұсыну дегенді білдіреді. Бұл академиялық адалдық нормаларын бұзуды көрсетеді.



Плагиат үлгілері:

  • көшіріп алу (басқа адамның тілін немесе идеясын өз меншігі ретінде қолдану арқылы);

  • дерекөзге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысын сөзбе- сөз үзінді алу;

  • дерекөзге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін немесе сөздердің орналасу тәтібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу;

  • құраушысына сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған идеяларды қолдану.

  • онлайн- дерекөздерді стильдеу мақсатында Интернеттен ақпараттарды кесіп алу және қою; Мысалы, «эссе банкі», немесе «қағаз фабрикасы», сияқты кәсіби агенттіктер арқылы жұмысты сатыл алу немесе тапсырыс беру не бірлескен жобада басқа біреулер орындаған зерттеулерді мойындамау.

Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты туындауы мүмкін: мәтінде, суретте, музыкалық үзінділерде, математикалық туындыда, компьютер ережелерінде және т.б.; web-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында; дәріс және басқа оқушы жұмыстарының үлестіру материалдарын қоса алғанда, жарияланған және жарияланбаған материалдар.

Жоғарыда жазылғанның негізінде, Сіздің зерттеулеріңізде, өздік жұмыстарыңызда қолданатын сілтемелерден, құжаттардан, мәтіннен, және журналдардан, сондай-ақ, web-сайттардан үзінді келтірудің барлық нормаларын сақтау, сонымен қатар тапсырманы орындау кезінде Сізге ауызша немесе жазбаша түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды. Басқа біреудің жұмысынан алынған көлемді дәйеккөздерден аулақ болыңыз.



ЭЛЕМЕНТ 4 Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау.

Студенттің жеке оқу траекторияы. Студенттің жеке оқу жоспары. Студенттің өмірлік және кәсіби мақсаттары



Мақсаты:

Студент студенттің жеке оқу траекториясының мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптасады;

Студент жеке оқу жоспары, таңдау жасау, өмірлік және кәсіби мақсаттарын анықтай алады

Студент өзінің психологиялық, кәсіби жағдайын талдап, қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарды қоя біледі.



Тапсырма № 1
Сіздің ойыңызша, жеке оқу траекториясы дегеніміз не? Төмендегі мәтінмен танысып, бұл ұғымның мәнін анықтаңыз, оның студенттерге беретін мүмкіндіктерін талдаңыз.

Әрбір білім алушы үшін оқу үдерісі жекедара, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Білім алуда таңдау жасау, қазіргі демократиялық қоғамның жекетұлғаға бағытталған оқыту үрдісін бейнелейді. Білім алуда таңдау жасау студенттің кәсіби білімді меңгеру барысында білім беру бағдарламасына сай университеттің ұсынып отырған пәнді меңгеру мазмұны, сабақты ұйымдастыру технологиялары мен формалары, білім жетістіктерін аутентивті бағалау әдістері бойынша студенттің өзін-өзі, кәсіби анықтауына негізделген жеке дара оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді. Студенттің жеке оқу траекториясын құру мәселесіне, екі ғылыми бағыт анықталған: көлденең және тік жеке оқу траекториялары. (Машкова, Т.В. Выбор студентами индивидуального образовательного маршрута в системе непрерывного многоуровнего образования.-дисс. к.п.н. Кемерова, 2006, 209 с.)

Көлденең жеке оқу траекториясы оқу студенттің іс-әрекетінде оқу пәнін, мазмұнын, өздік жұмыс формалары мен түрлерін, оқу нәтижелерін бақылау түрлерін таңдау арқылы белгілі бір білім алу деңгейінде өзінің қызығушылықтарына сай тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Тік бағыты студенттің күрделі білім беру бағдарламасына ауысу, немесе белгілі бір деңгейде тәмамдауды (бакалавриат, магистратура) қарастырады.

Көлденең бағытқа ғалымдар келесі мәселелерді таңдау құқығын жатқызады:

- сабақтардың формасы (интерактивті технологиялар, диалогты дәрістер, пікірталас элементімен дәрістер, семинар, экскурсия, жобалау, ғылыми конференция т.б.)

- оқыту технологиясының әдістері (жоба, жеке дара, топтық, шығармашылық тапсырмалары, микротоптағы жұмыстар, Интернет құралдарын қолдану арқылы өздік жұмыстар, эссе, реферат жазу, компьютерді белсенді қолдану);

- аралық және қорытынды бақылау формалары (рейтинг, портфолио, емтихан, жоба қорғау).

Ал, тік бағытқа, студент білім беру бағдарламасын меңгеру үшін базалық пәндер ретінде бакалавриат немесе күрделі деңгей саналатын магистратураны; оқу бағдарламасының сатылы, алмаспайтын сызбасын таңдай құқығы жатады.

Қорыта келе, студенттің жеке оқу траекториясы оның өмірлік стратегиясының бір бөлігі. Осыған байланысты, студент университеттегі оқу үдерісін өмірлік жоспарын (project de vie (фран.), өзінің бағыттары мен мақсаттарын анықтаудан бастау керек. А.Г. Гогобиредзе бойынша, кредиттік оқыту технологиясы студенттің кәсіби дамуының пирамидасын құрастыруды талап етіп, оның шыңына кәсіби жетістігінің деңгейін орналастырып, кейін жоспарлы таңдау жасау арқылы (пән, модуль күрделілігі, мамандану жоспары) студент «пирамида» шыңына жетеді (Гогоберидзе А.Г. Теоретические основы развития субъектной позиции студента в условиях высшего профессионального образования. дисс. д.п.н..- СПб., 2002).

С.И. Змеевтің пікірінше, білім, жеке тұлғаның өмірлік тапсырмалар мен байланыстылықты ескере отырып, өмірлік мақсаттарға жету құралы, олай болса,білім берудің миссиясы білім алушылардың осы құралдарды меңгеруге жағдай жасауы (Змеев С.И. Основы андрогогики.- М.: Флинта, 1999.- 123с. ).

Оқытуды барынша дараландыру мен білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту жағдайында студенттің дербес оқу дағдыларын дамытуға, жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруға әсер ететін академиялық қолдау көрсету кешенімен (эдвайзер, тьютор, ментор, дамытушы курстар және т.б.) қамтамасыз етілуі керек. ЮНЕСКО-ның негізгі құжаттарында, білім берудің мақсаты «студенттің оқуға деген мотивациясын, дербес білім алу дағдыларын қалыптастыру». «Адам ең жоғарғы құндылық, оның дамуы, өркендеуі мен әл ауқаты маңызды, сондықтан білім берудің мақсаты осы мәселелердің орын алуына барынша әсер ету» деп анықталған.

Студенттің жеке оқу траекториясының шыңына шығу арнайы академиялық қолдау жағдайында ғана жүзеге асады. Себебі, студент өзінің қызығушылықтары, мүмкіндіктерін анықтап, мақсатқа жету маршрутын жоспарлап, оқу барысында кездесіп, кәсіби жетістікке жетуге кері әсерін тигізетін академиялық кедергілер мен қиындықтарды жоя білуге дайын болуы қажет.

Тапсырма 2

Студенттің жеке оқу траекториясы тақырыбына пікірталас ұйымтастыру. Студентке академиялық қолдау көрсету мәселесіне қарама қарсы пікір айту. Ол үшін келесі кестені толтыру қажет:




«Қолдаймын»

«Қолдамаймын»







Көзқарастар қақтығысқан негізгі идеялар







Өзіңіздің жеке пікіріңізді келесі сызбаны қолдану арқылы негіздеңіз:

  1. Менің жеке пікірім

  2. Қысқаша негіздеме

  3. Мүмкін болатын қарсылықтар

  4. Менің пікірімнің дұрыстығын дәлелдеу

  5. Қорытынды

Тапсырма № 3

Жеке оқу траекториясын жоспарлау өмірлік, кәсіби жоспарын, мақсаттарын айқындаудан басталады.



  • Өмірлік жағдайды талдау:

- психологиялық күй;

- кәсіби жағдай

Сіздің психологиялық хал ахуалыңыз қандай?

____________________________________________________________________


Өзіңіздің психологиялық көңіл күйінізді жақсарту үшін қандай шаралар қолдана аласыз?

____________________________________________________________________

Өзіңіздің білім алу мақсатыңыз туралы нақты түсінік бар ма?

____________________________________________________________________

Білім алу, өмірлік мақсаттарыңызға қол жеткізуге әсер етеді ме?

____________________________________________________________________

Кәсіби мансабыңыздың (карьера) мақсаты қандай?

____________________________________________________________________

10 жыл өткеннен қандай жұмысты орындағыңыз келеді?

____________________________________________________________________

Оқу іс әрекетін орындауға түрткілер (мотив) қандай?

____________________________________________________________________

Қазіргі кезде? 10 жылдан кейін?

____________________________________________________________________

Жақын болашақта кәсіби жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін қандай қадамдар жасайсыз? (нақты)

____________________________________________________________________




  • Өмірлік мақсаттарды орнату (алдымен жоғары да берілген үлестірме материалдарды қарап шығу. Мақсат дегеніміз не? Қандай критерийлерге сәйкес болуы қажет?)




Менің өмірлік мақсаттарым

Мені үшін қаншалықты маңызды? Неліктен?










  • Уақыт критерийлеріне сай өмірлік мақсаттарды дифференциациалау




Өмірлік мақсаттар

Мақсаттарға қысқаша сипаттама

Ұзақ мерзімді




Орта мерзімді (5 жыл)




Қысқа мерзімді (12 ай )




Кәсіби мақсаттарым




Ұзақ мерзімді




Орта мерзімді (5 жыл)




Қысқа мерзімді (12 ай )





Тапсырма № 3

Өмірлік және кәсіби мақсаттарыңызды қарап шығып, мақсатқа жету тәсілдерін,күтілетін нәтиже, кездесетін кедергілерді анықтаңыз.


Тапсырма № 4

Қорытынды. Эссе жазу. Эсседе «мен неге оқып жүрмін?», «кім үшін оқып жүрмін?», «менің университетте оқуым өмірлік және кәсіби мақсаттарыма жетуге қалай әсер етеді?» сұрақтарына жауап іздестіріңіздер.



ҚОСЫМША И

«Академиялық қолдау көрсету кешенінің әсері» атты студенттерге арналған сауалнама



  1. «Университетте білім алу стратегиясы» курсының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінінің оқу ортасына дер кезінде бейімделуге жағымды әсері болды ма?

1. иә

2. жоқ


3. білмеймін
2. «Университетте білім алу стратегиясы» курсының қандай тақырыптары академиялық кедергілерді шешуде немесе олардың алдын-алуда маңызды болды? (маңыздылығы бойынша нөмірлеңіз)

1. Кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктері

2. Университет қызметтері

3. Дәріс,семинар сабақтарына дайындалу

4. IDEAL алгоритмі

5. Студенттің жеке оқу траекториясы

6. Өмірлік, кәсіби мақсаттарды айқындау

7. Плагиат

8. Уақыт менеджменті

9. Өзбетімен білім алу парадигмасы

10. Эссе жазу
3. «Университетте білім алу стратегиясы» бағдарламасының қатысушы болғанына қанағаттанасыз ба?

1. қанағаттамын

2. қанағаттанбаймын

3. білмеймін

4. Эдвайзердің академиялық кеңес беру үдерісінен, оқу-танымдық іс-әрекетіне қажетті қандай тәжірибе алдыңыз?

1.өте пайдалы тәжірибе

2. пайдалы тәжірибе

3. пайдасыз тәжірибе

4. жауап беруге қиналамын
5. Эдвайзердің академиялық қолдау көрсету іс- әрекетіне қанағаттандыңыз ба? (берілген жауаптарды жолаққа қойыңыз)


иә

жоқ

Білмеймін

А). таңдау жасау еркіндігіне қатысты_____________________ __

Б). қиын жағдайда дер кезінде көмек беруіне қатысты ________

В). әрекеттесу ұстанымы бойынша_________________________

5. Университетте білім алу стратегиясы» бағдарламасының болашақ академиялық мақсаттарыңызға қажетті күшті және әлсіз қасиеттеріңізді бағалауға әсерін бейнелеңіз? (өз ойыңызды жазыңыз)

____________________________________________________________________
6. Дербес оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда белсенділік ұстанымыңыз артты ма? (өз ойыңызды жазыңыз)

____________________________________________________________________
7. «Университетте білім алу стратегиясы» бағдарламасына қатысуға басқа студенттерге ұсыныс жасайсыз ба?

1. иә


2. жоқ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет