3 СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҚШ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНДІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Студенттерге академиялық қолдау көрсету моделін жүзеге асырудағы тәжірибелік-эксперименттік дайындық жұмыстары
Диссертациялық жұмыстың 1, 2 тарауларында АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсетудің теориялық маңызды жақтары, студенттерге қолдау көрсетудің тарихи тұрғыдан қалыптасуын, университеттерде студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруды, жалпы білім беру үдерісін жекедаралануын мақсат ететін, академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі, ұйымдастырудың озық тәжірибелері, модельдері, бағдарламалары анықталды. ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарында академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасалынып, ҚР университеттерінде кредиттік оқыту технологиясында қолдануға мүмкін болатын студенттерге академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі теориялық тұрғыдан негізделді.
Диссертациялық жұмыстың келесі логикалық міндетін шешу үшін, кредиттік оқыту технологиясында білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын-алу, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға, жүзеге асыруға әсер ететін 2.3 параграфта берілген, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық теориялық моделінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді. Соған сәйкес, бұл бөлімде, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық- теориялық моделін тәжірибеге ендірудің мазмұнды және процессуалды ерекшеліктері, алынған нәтижелерге талдау, зерттеу жұмысының қорытындылары мазмұндалады.
Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстардың өту барысының нақты белгіленген жағдайларын зерттеуге бағытталған. Экспериментте құбылыстың табиғи жағдайларда бақылап- зерттеуге болмайтын белгілерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылыстар мен деректерді «таза күйінде» зерттеуге мүмкіндік береді, ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмприкалық заңдылықтарды шығару және нақты білімге жету.
Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер шамалы, сондықтанда эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру жолы да бола алады. Осыған байланысты, біз эксперименттік жұмыстың жоспарын, мақсатын, мүмкін болатын нәтижелерін де ойластырдық. Сонымен қатар, тәжірибелі –эксперимент жұмыстарын жүргізудің осы аталған қағидаларына сүйене отырып, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудің төмендегідей міндеттері айқындалды:
- университет студенттерінің академиялық кедергілерін айқындау, академиялық қолдау көрсетудің негізгі компоненттерінің мазмұнын белгілеу;
- студенттерге академиялық қолдау көрсету моделінің, академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар курстары компоненттерін тәжірибеге енгізу;
- университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің тиімділігін тәжірибеде тексеру.
Жоғарыдағы міндеттерге сәйкес, келесі кезеңдерден тұратын тәжірибелік- эксперименттік жұмыстың бағдарламасы жасалды:
- эксперименттің айқындаушы кезеңі
- эксперименттің қалыптастырушы кезеңі
- алынған нәтижелерді талдауға, зерттеу жұмысының келешегін айқындауға мүмкін беретін эксперименттің қорытынды – аналитикалық кезеңі.
Демек зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне байланысты тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде осы мәселенің теориялық-әдіснамалық негіздерін құраушы педагогика ғылымында қалыптасқан төмендегідей мазмұндағы ұғымдарды басшылыққа алуды жөн көрдік. Тәжірибелік эксперимент жұмысының барлық кезеңдері зерттеу проблемасы бойынша теориялық талдау жасаудың нәтижелерін ескеру арқылы жүзеге асты.
Айқындаушы эксперименттің негізгі мақсаты:
білім алушылардың кредиттік оқыту технологиясында жеке оқу траекториясын, жеке білім алу маршрутын саналы қалыптастыруда, жүзеге асыруда кезіктіретін академиялық кедергілерін айқындау;
анықталған студенттердің академиялық кедергілерінің негізінде, академиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін негізгі компонент, академиялық эдвайзерлердің кәсіби іс-әрекетінің мазмұнын әзірлеу;
Сол себепті, студенттердің кредиттік оқыту технологиясында жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруда кезіктіретін академиялық кедергілерін, сонымен қатар академиялық эдвайзерлердің көмегімен шешуге мүмкін болатын мәселелерін анықтау мақсатымен студенттермен, эдвайзер-оқытушылармен сауалнама жүргізілді.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтаушы кезеңі 2010-2011 жылдары өткізілді. Анықтаушы экспериментте Л.Н.Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар, журналистика және саясаттану факультеттерінен 180 студент, осы факультеттерден 18 эдвайзер-оқытушылар қатысты. Анықтаушы эксперименттің мақсаттарын жүзеге асыру үшін сапа санатындағы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Себебі, сапа санатындағы зерттеу әдістері арқылы алынған мәліметтер белгілі бір шкалаға сәйкес сандық өлшемдерді қатаң сақтауын талап етпейді, пікірлердің субъективті мағынасын дәл ашуға мүмкіндік береді. Осы санаттағы зерттеу әдістері әртүрлі құбылыстар санатындағы жекетұлғаның іс-әрекетін зерттеуге де ыңғайлы. Егер, сандық зерттеу әдістерінде сұраққа жауап нақты сан, таңбалар ретінде болса, сапалық әдістерде белгілі бір объектінің, түсініктің индивидтің тәжірибесін ескер отырып, оның маңыздылығын, субъективті құндылығын бейнелейтін номиналды жауаптар алуға мүмкіндік береді.
Айқындаушы эксперименттің барысында алынған мәліметтер университет студенттерінің ауызша, жазбаша мәліметтері болғандықтан, талдау жүргізу бірлігі ретінде белгілі бір ақпарат беретін респонденттердің сыни ой-пікірлерін, жауаптарын қарастырдық.
Алдымен, кредиттік оқыту технологиясында студенттің жеке оқу траекториясын жобалауда кезіктіретін академиялық кедергілерін, қиыншылықтары туралы оқытушы-эдвайзерлердің ақпараттық хабардарлығын айқындау мақсатымен сауалнама жүргізілді (қосымша А). Сауалнама нәтижелеріне талдау жүргізілді, төмендегі кесте түрінде берілді:
Кесте 9 - Кредиттік оқыту технологиясында студенттердің академиялық кедергілері туралы оқытушы-эдвайзерлердің ақпараттық хабардарлығы
№
|
Сұрақтардың мазмұны
|
Жауап нұсқалары
|
Иә
|
Жоқ
|
1
|
Студенттер кредиттік оқыту технологиясында жеке оқу траекториясын жобалауда, жүзеге асыруда академиялық кедергілерді кезіктіреді ме?
|
83%
|
17%
|
2
|
Студенттің академиялық мәселелерін шешуге өз үлесіңізді қостыңыз ба?
|
75%
|
25%
|
3
|
Студенттің академиялық мәселелерін шешуге атсалысу үшін қажетті кәсіби біліміңіз жеткілікті ме?
|
33%
|
67%
|
4
|
Оқу барысында студенттің кезіктіретін академиялық кедергілерін шешу мақсатымен арнайы курстарды енгізу қажет пе?
|
100%
|
|
5
|
Осы бағыттағы арнайы дайындықтан өткеннен кейін, студенттердің академиялық кедергілерін шешуге белсенді атсалысасыз ба?
|
|
7%
|
Сауалнама мәліметтеріне талдау жасаудан, оқытушы –эдвайзерлердің басым көпшілігі (83%) cтуденттердің кредиттік оқыту технологиясында жеке оқу траекториясын құрастыруда, жүзеге асыруда академиялық кедергілерді кезіктіретінін, 75% - оқытушы–эдвайзерлер студенттердің академиялық мәселелерін шешуге өз үлесіңізді қосқанын растайды. Дегенмен, 67% - респонденттер қалыптасқан академиялық сұрақтарды шешуге қажетті кәсіби білімдерінің жеткіліктіз екені туралы пікірді ұстанады. Сонымен қатар, 100% - жауап берушілер, білім алу барысында студенттің кезіктіретін академиялық кедергілерін шешу мақсатымен арнайы курстарды енгізу қажеттігімен келіседі, 93% оқытушы –эдвайзер арнайы дайындықтан өткеннен кейін, студенттердің академиялық кедергілерін шешуге белсенді қатысатынын растайды. Оқытушы –эдвайзерлермен жүргізілген сауалнама, студенттердің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін академиялық кедергілерін шешудің қажеттілігіне жағымды қарым-қатынасын анықтады.
Анықтаушы экспериментте кредиттік оқыту технологиясында академиялық мәселелерді шешуге деген студенттердің қарым-қатынасын анықтау мақсатымен де сауалнама жүргізілді (қосымша Б).Сауалнамаға Еуразия Ұлттық университетінен 230 студент қатысты. Респонденттердің жауаптары талданып, төмендегі кесте түрінде берілді.
Кесте 10 - Академиялық кедергілер туралы студенттердің ақпараттық хабардарлығы
№
|
Сұрақтардың мазмұны
|
Жауап нұсқалары
|
Иә
|
Жоқ
|
Біл-мей-мін
|
1
|
Білім алу барысында академиялық қиындықтарды кезіктіресіз бе?
|
85%
|
15%
|
-
|
2
|
Академиялық мәселелерді шешу үшін арнайы қолдау көрсету, немесе дербес шешу механизмдерін, әдістерін үйрену қажет пе?
|
95%
|
5%
|
-
|
3
|
Білім алуда көрініс табатын академиялық мәселелерді шешуге тырысасыз ба?
|
|
|
5%
|
|
А) дербес
|
10%
|
|
|
Б) әдебиеттер арқылы
|
15%
|
|
|
В) Интернет желісінде
|
30%
|
|
|
Г) басқа студенттер, туыстарымнан көмек сұрау
|
25%
|
|
|
Д) академиялық эдвайзерлер арқылы
|
15%
|
|
|
4
|
Академиялық қиындықтарды шешуге қажетті дағдыларыңыз жеткілікті ме?
|
20%
|
65%
|
15%
|
«Білім алу барысында академиялық қиындықтарды кезіктіресіз бе?» сұрағына 85% - респонденттер оң, 15% - теріс жауап берді. Бұдан, кредиттік оқыту технологиясында студенттердің басым көпшілігі академиялық қиындықтарды кезіктіретін анықтаймыз. 95% білім алушылар академиялық мәселелерді шешу үшін арнайы қолдау көрсету, немесе дербес шешу механизмдерін, әдістерін үйрету қажеттігін растайды. Кестеден көріп тұрғанымыздай, университеттік оқу барысында көрініс табатын академиялық мәселелерін 10% - респонденттер дербес, 15% - әдебиеттер арқылы, 30% - Интернет желісінде, 25% - басқа студенттер, туыстарынан көмек сұрау негізінде, 15% - академиялық эдвайзерлер арқылы шешеді. Бұдан, студенттердің барлық қолжетімді әдістерді қолдану арқылы академиялық мәселелерін шешуге тырысатынын айқындаймыз. Сонымен қатар, 65% жауап берушілер академиялық қиындықтарды шешуге қажетті дағдыларыңыз жеткіліксіз екенін растайды.
Оқытушы-эдвайзерлермен, студенттермен жүргізілген сауалнаманың қорытындылары, кредиттік оқыту технологиясының басты талаптарының бірі, оқу үдерісін барынша жекедараландыруды жүзеге асыру үшін, студенттерге академиялық қолдау көрсету механизмдерімен қамтамасыз ету қажеттігін, оған деген қалыптасқан жағымды қарым- қатынасын көрсетті.
Анықтаушы эксперименттің келесі кезеңінде, кредиттік оқыту технологиясында студенттердің кезіктіретін академиялық кедергілерін нақты айқындау мақсатымен «Университет студенттеріне арналған кешенді сауалнама» (қосымша В), «Портфолио» (қосымша Г) әдістерінің жиынтығы қолданылды. Берілген зерттеу әдістеріне шолу жасап өтсек, «Университет студенттеріне арналған кешенді сауалнамада» ашық, жабық, жартылай жабық, рангілеу сұрақтарды қолданылды.
Сауалнаманың кредиттік оқыту технологиясында студенттердің кезіктіретін академиялық кедергілерін айқындау, оны шешудің мүмкін болатын тәсілдерінің мазмұнын дәл табу мақсатымен әзірленгенін айтып кеткен жөн. Сонымен қатар, эксперимент аясында 30 білім алушылармен жүргізілген сұхбаттасудың нәтижелері (қосымша Д), сауалнаманың cұрақтарынын даярлауға негіз болғанын айтып кеткен жөн.
Университет студенттеріне арналған кешенді сауалнамаға Еуразия Ұлттық Университеттінің Әлеуметтік ғылымдар, саясаттану және журналистика факультеттерінен 130 студент қатысты. Сауалнама құпия (анонимный) түрінде өткізіліп, студенттердің зерттеу мәселелеріне қатысты пікірлерін еркін, ашық түрде білдіруіне, соның негізінде шынайы жауаптар алуға негіз болды. Сауалнама емін–еркін жағдайда өтіп, студенттердің толтыру барысындағы сұрақтарына толықтай жауаптар берілді. Сауалнама нәтижелеріне сандық талдау жүргізу үшін математикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Студенттердің оқу үдерісінде кезіктіретін академиялық кедергілер бойынша ақпараттық хабардарлығы айқындау мақсатымен жүргізілген алғашқы сауалнаманың нәтижесінен 85% респонденттердің білім алу барысында қандайда бір, академиялық қиындықтарды кезіктіретінін анықтаған болатынбыз.
Ал, кредиттік оқыту технологиясында студенттердің кезіктіретін академиялық кедергілердің негізгі бағыттарын айқындау үшін жүргізілген екінші сауалнаманың нәтижелерін талдауға келетін болсақ, «Оқу үдерісінде академиялық қиыншылықтар кездеседі ме?» сұрағына 30% - респонденттер «оң» жауап берсе, 12% - академиялық қиындықтарды «жиі» кездестіретінін, 30% - «кейде», 18 - «сирек» кезіктіретінін, ал қалған 10% - мүлдем кездестірмейтінін мәлімдеді.
Бұл жағдайда, бірінші курс студенттерінің 2,3 курс студенттерімен салыстырғанда академиялық кедергілермен жиі кездесетінін айтып кеткен жөн. Біздің ойымызша, бұл мәселелер, кешегі оқушылардың, білім алушыларға жоғары талаптар мен міндеттер орнатқан, оларға мүлдем таныс емес, университтің білім беру ортасына көшуімен түсіндіріледі. Кредиттік оқыту технологиясы, студенттерден, білім алуына студенттерден жауаптылықты, белсенділікті, оқу іс-әрекетін дербес ұйымдастыруда талап ететін перспективалы, стратегиялық, тактикалық, оперативті міндеттерді шешуді талап етеді. Осы мәселелерге байланысты, білім алудың бірінші курс студенттері үшін сыни кезеңінде, университет ортасына бейімделуі үшін академиялық қолдау көрсетудің аса қажет екені анықталды.
Алынған мәліметтерге талдау жүргізу, респонденттер (әсіресе бірінші курс студенттері) кредиттік оқыту технологиясында оқу үдерісінің ұйымдастырылу ерекшеліктері мен түсініктері (білім алушының академиялық рейтингі, жеке оқу жоспары, кредит, межелік бақылау, оқу пәнiне жазылу, офис-регистратор, оқу үлгерімінің орташа балы - GРА т.б.) - 78%, оқу пәні бойынша - 59%, университеттің әртүрлі студенттер ісімен айналысатын қызметтері мен бөлімдері - 36%, элективті курстарды таңдау - 33% бойынша әртүрлі ақпараттардың жете түсіндірілмей себептерінен, қиындықтарға кездесетінін айқындады. Бұл жағдайлар, бірінші курс студенттерінің университет ортасының мүмкіндіктері туралы жеткіліксіз хабардарлығымен, осы бағытта қажетті академиялық қолдау көрсетуді талап етеді.
Алынған мәліметтерге сәйкес, әсіресе бірінші курс студенттері, жаңа ақпараттарды іздеуде (30%), университеттің әртүрлі қызметтерін табуда (36%), курс бойынша таңдау жасауда қиыншылықтар (34%) кезіктіретін мәлімдеді. Бұл жағдайлар, студенттердің университеттің әртүрлі білім беру мүмкіндіктері туралы хабардарлығының жеткіліксіз екенін аңғартады.
Сауалнаманың сұрағына сәйкес, студенттердің оқу барысында эссе, портфолио, жоба, реферат, курстық, дипломдық жұмыстар сияқты әртүрлі өздік жұмыстарды орындауда академиялық қиындықтарға кезігетінін айқындадық. 52% - студенттер әртүрлі бағыттағы өздік жұмыстарды орындау барысында қиындықтар «үнемі», 26% - «кейде», 16% - «сирек» кезіктіретінін растады.
«Өздік жұмысты орындаудың қандай қиыншылықтары бар?» сұрағына студенттер әртүрлі жауаптар берді: «неден бастауды білмеймін» - 30%, «белгілі бір өздік жұмыстың талаптарын түсінбеймін» - 10%, «ойымды дәл бейнелей алмаймын» - 26%, «берілген тапсырманың соңғы нәтижесін елестете алмаймын» - 30%, басқалары - 4 % («барлығы түсінікті», «кімнен көмек сұрауды білмейтін», «тапсырманы ұқыпсыз оқу») сияқты жауаптар берді.
Бұдан, кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейтуге қажетті, өздік жұмыс тапсырмаларының орындау әдістерін меңгертуді үйрету қажеттілігі айқындалады.
Сауалнаманың № 7, 8, 9, 10 сұрақтарына дәріс, семинар, кітап оқу, дербес оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы академиялық қиыншылықтар туралы студенттердің жауаптарын қорытындылап, төмендегі кесте ретінде ұйымдастырдық.
Кесте 11 - Университет студенттерімен жүргізілген сауалнаманың қорытындылары
Сауалнама сұрақтарының мазмұны
|
Студент жауаптары
|
|
Жауап нұсқалары
|
Дәрісте
|
айтылған ақпараттың қай бөлігін жазу керек екенін білмеймін
|
20%
|
конспект жазып үлгіре алмаймын
|
26%
|
негізгі кезеңдерді ажырата алмаймын
|
14%
|
айтылған мәліметтердің барлығын жазамын
|
20%
|
кейіннен, дәрістің басы мен аяғын, негізгі тұстарын айқындай алмаймын
|
16%
|
барлығына үлгіре аламын
|
4%
|
Семинар сабақтарында
|
талданып жатқан мәселеге, тақырыпқа қосылу қиындық туындатады
|
30%
|
қателесу себебінен, жауап беруге көбіне қорқып отырамын
|
26%
|
оқытушының көзқарасымен, «әлсіз студент» қатарына жату қорқынышынан түсінбеген сұрақтарды түсіндіруден бас тартамын
|
30%
|
басқалары семинар тақырыбын менен жақсы түсінген сияқты көрінеді
|
4%
|
қиындық туындамайды
|
10%
|
Кітап оқу барысында
|
негізгі идеяларын айқындай алмаймын
|
30%
|
еске сақтай алмаймын, соған байланысты бірнеше рет қайталап оқу қажет
|
40%
|
қандай тұстарын конспектілеуді ажырата алмаймын
|
24%
|
Басқасы: «басқа нәрселерге жиі назар аударамын», «ұйықтап қаламын»
|
6
|
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда
|
барлығын «ең соңғы күнге» қалдырамын
қандай жұмысты бірінші бастауды білмеймін
|
46%
24%
|
әртүрлі тапсырмаларды орындауға қанша уақыт жұмсайтынымды басқалардан сұрауым қажет
|
24%
|
Басқасы: «ештеңеге үлгере алмаймын», «белгілі бір жоспар жасап, сол бойынша жұмыс жасаймын»
|
4%
|
Алынған мәліметтерге талдау жүргізсек, студенттердің дәріс, семинар, практикалық сабақтарында, кітап оқу барысында, дербес оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда әртүрлі қиыншылықтарға кездесетінін айқындаймыз. Мысалы, дәріс сабақтарында 20% - респонденттер айтылған ақпараттың қай бөлігін жазу керек екенін білмейді, 26% - конспект жазып үлгіре алмайды, 14% - негізгі кезеңдерді ажырата алмайды, 20% - айтылған мәліметтердің барлығын жазады, 16% - кейіннен, дәрістің басы мен аяғын, негізгі тұстарын айқындай алмайды; семинар сабақтарында, 30% - білім алушыларға талданып жатқан мәселеге, тақырыпқа қосылу қиындық туындатады, 26% - қателесу себебінен, жауап беруге көбіне қорқақтайды, 30% - оқытушының көзқарасымен, «әлсіз студент» қатарына жату қорқынышынан түсінбеген сұрақтарды түсіндіруден бас тартады, кітап оқу барысында, 30% - респонденттер
Тақырыптың негізгі идеяларын айқындай алмайды, 40% - ақпаратты еске сақтай алмайды, 24% - ақпараттың қандай тұстарын конспектілеуді ажырата алмайды, оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда, 46% - жауап берушілер, барлық жұмысты «ең соңғы күнге» қалдырады, 24% - қандай міндетті бірінші орындауды білмейді, 24% - әртүрлі тапсырмаларды орындауға қанша уақыт жұмсайтыныны басқалардан сұрау қажеттігі туындайды.
Бұл мәселелер студенттің маман ретінде қалыптасуына, кредиттік оқыту технологиясында белсенді оқу танымдық іс- әрекеттің субъектісі болуына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан да, студенттерге, дербес оқу іс-әрекетін өзіндік ұйымдастырудың әдістерін меңгертуге, арнайы курстарын енгізуді талап етеді.
Студенттердің кездескен қиындықтарын дербес шешу дағдыларын талдау жасаудан, 10% - респонденттердің мәселелерді шешімін дербес табуға, іздеуге тырысса, 40% - эдвайзерлердің, пән тьюторларының, достарының, топ студенттерінің көмек сұрайтынын, ал қалғандары (50%) - академиялық қиыншылықтар туғызатын жағдайлардан бас тартатынын мәлімдеді.
Академиялық кеңес, көмектер сұрау жиілігіне келетін болсақ, 50% респонденттер эдвайзер, пән тьюторлары, деканат қызметкерлері, достарының, топ студенттерінің көмегін «жиі» сұраса, 6% респонденттер күрделі жағдайларда ғана баратынын аңғартты.
Сонымен қатар, 76% студенттер, академиялық эдвайзерлердің кеңес беру үдерісінің жеке оқу жоспарын, траекториясын қалыптастыруға маңыздылығын түсінеді, олардан жиі академиялық қолдау көрсетуді талап етеді. Дегенмен, сұхбаттасу барысында,эдвайзер-оқытушылардың уақыт тапшылығынан, әрбір студентпен жеке-дара жұмыс жүргізуге мүмкіндігінің жоқтығын мойындайды. Студенттер, эдвайзерлердің кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктері, оқу үлгерімін бағалау, таңдаған пәндердің, тіпті мамандықтың мүмкіндіктері туралы концептуалды негізделген ақпараттар туралы кеңес бермейтінін, көбіне эдвайзерлер тәртіп, сабаққа қатысу, оқу үлгерімі, т.б. мәселелерді қадағалап, студенттерден «талап етуші» позициясын ұстанатынын айқындады. Көптеген студенттердің пікірінше, эдвайзерлер тек қана элективті пәндерді таңдау бойынша ғана академиялық кеңес беретін оқытушылар ретінде қабылданады. Бұл мәселелердің алдын алу үшін, АҚШ тәжірибесінің пайдалана отырып, эдвайзерлерге арналған арнайы біліктілігін арттыру курстарын тәжірибеге енгізуді талап етеді.
№ 2,16,17 (№ 2 - Оқу үдерісінде қандай академиялық қиыншылықтарды кездестіресіздер?, №16 – Университетте сапалы білім алудың әдістері мен нұсқаларын білемін, №17 - Студентке қатысты университеттік іс-шаралар, конкурстар, сайыстар, шәкіртақылар туралы ақпараттарды алып тұрамын) сұрақтар бір-бірімен тығыз байланысты, университеттік білім беру ортасының студенттердің кәсіби қалыптасуына жасаған мүмкіндіктерін анықтау үшін құрастырылды. Студенттердің басым көпшілігі (60%) университеттің ерекшеліктері, білім алудың әдістері мен әртүрлі нұсқалары туралы жалпы түсінік қалыптасқан, дегенмен, ақпарат алу көздерін біле бермейді. Респонденттердің 15% -і ғана академиялық сұрақтарды қалай, кімнің көмегімен шешу (эдвайзер, топ студенттері, пән оқытушылары, деканат қызметкерлері) керек екенін біледі, 35% респонденттердің әртүрлі академиялық сұрақтарды шешуде қажеттілік танытпайды, пассивті орындаушы позициясын ұстанады.
Сонымен қатар кредиттік оқыту технологиясында таңдау жасау барысы (элективті курстар, мамандану бағыты, дипломдық жұмыс тақырыптары, академиялық мобильділік т.б.) 30 % - респонденттер үшін қиындық туындатады, олар берілген тізімнен өзіне қажетті дұрыс бағытты таңдауда күмәнданады. Дегенмен, 45% респонденттер - таңдау жасаудың қажеттілігін көре алмайды. Алынған мәліметтер, эдвайзер- оқытушыларға студенттің жеке оқу траекториясын құру, саналы таңдау жасау, оқу процесінде субъективті позициясын ұстану дағдыларын қалыптастыруда қажетті біліктіліктен арттыруда қажет екенін көрсетеді.
62% респонденттер жеке оқу траекториясын саналы, белсенді түрде жүзеге асыру техникаларын, әдіс-тәсілдерін үйрену мүмкіндіктеріне жағымды қарым- қатынасын көрсетті. Студенттермен сұхбаттасу барысында олардың жеке оқу траекториясын жобалауда жекетұлғалық міндеттерін жүзеге асыру мақсаттымен берілген «мұндай жағдайда оқу үдерісі тиімді, жекетұлғаға бағытталып жүзеге асады», «менің тұлға ретіндегі қызығушылықтарым, қабілеттерім ескеріледі» сияқты жауаптарынан көре аламыз.Дегенмен, 34% респонденттер, жеке оқу траекториясын, жеке оқу жоспары саналы жобалауға теріс пікірлерін білдірді. Сұхбаттасуда, «міндеттерді орындаудың уақыты мен ерекшеліктерін анықтау қиындыққа соғады», «шиеленіс жағдайларға алып келеді», «орындаушы позициясымен келісемін» деген жауаптар алынды.
Сауалнаманың соңғы сұрағына жауап бере отырып, респонденттер университеттің құрылымы, кредиттік оқыту технологиясы, университет қызметтері туралы қосымша ақпараттар алып тұру қажеттілігін басып айтты.
Эмпирикалық мәліметтерді қорытындылай келе, кредиттік оқыту технологиясында студенттің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға кері әсерін тигізетін мәселелерді төртке бөле аламыз:
Университетке бейімделу (кредиттік оқыту технологиясының талаптары мен философиясы, университет құрылымы, қызметтері, олардың функциялары) студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметкерлері және оның оқыту үрдісінде алатын орны мен функциясы туралы хабардарсыздығы);
Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру (уақыт менеджменті. дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу. Оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар шешу техникалары мен әдістерін білмеуі);
ЖОО-да студенттің өздік жұмысы (өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері. өздік жұмыстың формалары мен түрлері, орындау техникалары, өздік жұмысты бақылау әдіс-тәсілдері, плагиат мәселелері туралы білімдерінің жеткіліксіздігі );
Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау (студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары жобалаудағы қиыншылықтар, өмірлік және кәсіби мақсаттарын айқындай алмауы).
Кредиттік оқыту технологиясының талаптары, студенттен жоғары ұйымдасқан деңгейде дербестік, өз уақытын ұйымдастыру, дербес білім алу дағдыларының қажеттілігіне жоғары сұраныс туындатады. Осыған байланысты, 1,2 тарауларда теориялық талдау жүргізілген АҚШ -тың академиялық қолдау көрсету барысындағы озық тәжірибесі ретінде қарастырылған академиялық эдвайзерлердің іс-әрекетін отандық университеттерде белсендіруді қажет етеді.
Анықтаушы эксперименттің келесі кезеңінде, кредиттік оқыту технологиясында студенттердің кезіктіретін академиялық кедергілерін нақты айқындау мақсатымен «Портфолио» әдістемесі қолданылып, оның барысында студенттің кәсіби дамуы мен біліктілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін ұйымтастырылған, мақсатты құжаттар жиынтығы жинақталды. Оған қоса, бұл әдістеме, қалыптасқан жағдайдың мәнін түсінуге, әрбір студенттің жекедара шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелерін, студенттің оқу, зерттеуші, іс- тәжірибелік дағдыларының деңгейін анықтауға да мүмкіндік береді. Портфолио «Резюме» ( студенттің өмірбаяны, өмірлік, кәсіби жоспарлары туралы эссе), «Жұмыстар жинағы» (семестр барысында орындалған, студенттің пікірінше ең үздік, қиындық туындатқан өздік жұмыстардан құралады.Студент белгілі бір жұмысқа таңдау жасауын түсіндіреді), «Қорытынды» (студент семестр бойындағы академиялық жетістіктерін қорытындылап, өзінің жетістіктерін, кезіктірген қиындықтарын айқындайды) сияқты бөліктерден тұрды. Портфолио әдістемесі, студенттің жетістігінің бағалаудың жаңашыл формасы ретінде келесі педагогикалық міндеттерді де шешуге көмектеседі:
- оқу мотивациясын ынталандыру және қолдау;
- белсенділік, дербестік дағдыларын мадақтау, оқу және өзіндік оқу мүмкіндіктерін кеңейту;
- білім алушылардың рефлексивті (өзін-өзі бағалау) дағдыларын дамыту;
- өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру, мақсат қою, оны жүзеге асыру біліктіліктерін қалыптастыру;
- оқу үдерісін жекедараландыру;
- әлеуметтену үшін қосымша алғышарттар мен мүмкіндіктер туындатуы.
Студенттердің портфолиосына талдау жасау, контент-анализ арқылы жүзеге асты. Контент-анализ жасаудың ерекшелігі, оның нәтижелері студенттердің ұғыну деңгейін, олардың шынайы және жасырын іс-әрекетін, қызығушылықтары мен бағыттылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.
Эссе жұмыстарына талдау жасау барысында, 80 % студенттердің алыс, жақын мақсаттарын айқындалмағаны анықталды. Сонымен қатар, студенттердің академиялық жетістіктеріне деген сенімділігінің жоқтығы, эмоционалдық тұрақтылығының, шешім қабылдау, өзіндік іс-әрекетін, кәсіби перспективасын жоспарлай алу, жауапкершілікті сезіну дағдыларының қалыптаспағаны айқындалды. Студенттердің жетістіктерін бағалауда қиындықтарда туындайды, себебі берілген мәліметтер тек қана, студенттердің қатысқан оқиғалары туралы ақпарат беріп қойып, жетістіктеріне рефлексивті, сыни тұрғыдан бағалау жасалынбаған. Сонымен қатар, 26% студенттер, орындалған жұмыстардың жағымды және жағымсыз жақтарына сапалы түрде қорытынды жасауда қиындықтарға кезіккен. Портфолио әдістемесіне талдау жасаудан, студенттерде айқындалған академиялық қиыншылықтарының сауалнама жұмыстарымен сәйкестігін дәлелдеп, келесі түрде ажыратуға болады:
- университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыруы
- өздік жұмыс тапсырмаларын орындаудағы қиыншылықтар
- өмірлік, кәсіби жоспарларды анықтау, алынған тәжірибеге рефлексия жасау қиыншылықтары.
Студенттің кредиттік оқыту технологиясында кезіктіретін академиялық қиыншылықтары мен кедергілерінің айқындау мақсатымен жүргізілген сауалнаманың, портфолио жұмысының қорытындылары сәйкестенген мәселелерді (Университетке бейімделу, Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру, ЖОО-да студенттің өздік жұмысы, Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау) айқындауға мүмкіндік берді.
Қорыта келе, тәжірибелік–эксперименттің анықтаушы кезеңінде жүргізген диагностикалау келесі маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді:
студенттердің жеке оқу траекториясын қалыптастыру мақсатымен академиялық эдвайзерлердің біліктілігін арттыру қажеттігі анықталды;
кредиттік оқыту технологиясында оқу барысында студенттердің кезіктіретін академиялық кедергілерінің бағыттары (университетке бейімделу, университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру, ЖОО-да студенттің өздік жұмысы, университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау) айқындалды;
анықталған студенттің қиыншылықтары, академиялық қолдау көрсету бағытының мазмұнын әзірлеуге негіз болады.
студенттердің жеке оқу траекториясын саналы жобалау мен жүзеге асыруға жағымды қарым-қатынасы анықталды;
студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруда кезіктіретін академиялық қиыншылықтарының конструктивті шешу қажеттілігі айқындалды.
Тәжірибелік–эксперименттің анықтаушы кезеңінде жүргізілген диагностикалық дайындық жұмыстары, қалыптастырушы экспериментте «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін» тәжірибеге ендіруге, студенттердің академиялық кедергілерін шешуге бағытталған академиялық қолдау көрсету жұмыстарының мазмұнын толыққанды, мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік берді деп қорытындылаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |