Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна ақШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері



бет10/13
Дата05.11.2016
өлшемі3,76 Mb.
#948
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
уақыт менеджменті. дәріске және т.б. атап көрсетті, осы тақырыптар бойынша білім деңгейлерінің артқанын растады. Бұдан, анықтаушы эксперимент барысында анықталған студенттердің академиялық қиыншылықтар тудыратын, тақырыптар мазмұнының дұрыс таңдалғанын айқындаймыз. № 15 суретте ең көп таралған студенттердің жауаптары саналып, ортақ пайыздары анықталып, диаграмма түрінде ресімделді.

% студент жауаптары

Сурет 15 - «Университетте білім алу стратегиясы» курсының қандай тақырыптары академиялық кедергілерді шешуде немесе олардың алдын-алуда маңызды болды?
Респонденттердің жауаптарына талдау жүргізуден, эдвайзерлердің көмегімен білім алушыларға жеке оқу траекториясын саналы жобалауға әсер ететін, академиялық қолдау бағытындағы сапалы университеттік білім беру ортасының жүзеге асқанын аңғарамыз.

5, «Эдвайзердің академиялық қолдау көрсету қызметіне қандай баға бересіз?» сұрағының «таңдау жасау еркіндігіне қатысты» бөлімшесіне, респонденттердің 85%-ы «жоғары», 10 %-ы «орташа», 5% -ы «төмен»; «қиын жағдайда дер кезінде көмек беруіне қатысты», 90%-ы «жоғары», 10%-ы «орташа», 5%-ы «төмен»; «әрекеттесу ұстанымы қатысты» - 95%-ы «жоғары», 5%-ы «орташа» деп жауап берді. Сұрақтың әрбір бөлімшесіне қатысты білім алушылардың жауаптарының ортақ арифметикалық көрсеткіші анықталып: «жоғары»-90%, «орташа»- 7,3%, «төмен»- 3,7%, диаграмма түрінде ресімделді (сурет 16). Бұдан, эдвайзердің академиялық қолдау көрсету қызметіне кәсіби дайындық деңгейінің жоғары болғанын, олардың студенттің әртүрлі мәселелерін шешу міндеттерін аса жауапкершілікпен орындағанын айқындаймыз. Осы сұрақтың жауаптарының шынайылылығын арттыру мақсатында, білім алушылармен жүргізілген, сұхбаттасу нәтижелері, эдвайзерлердің студенттердің сенімділігін арттыруға, оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге, академиялық қиындықтардың шешімін табудың әртүрлі жолдарын іздестіруге, білім беру үдерісінің басқа объектілерімен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға өзіндік әсерін айқындады.



Сурет 16 - Эдвайзердің академиялық қолдау көрсету қызметіне білім алушылардың баға беруі


«Университетте білім алу стратегиясы» бағдарламасының болашақ академиялық мақсаттарыңызға қажетті күшті және әлсіз қасиеттеріңізді бағалауға әсерін бейнелеңіз?» сұрағына, респонденттердің басым көпшілігі, проблемаға негізделген тақырыптардың негізінде, орта, ұзақ мерзімді мақсаттар қою, «мен неге оқып жүрмін?», «кім үшін оқып жүрмін?», «менің университетте оқуым өмірлік және кәсіби мақсаттарыма жетуге қалай әсер етеді?» сұрақтарына жауап табу үшін, үнемі ізденісте болуға мүмкіндік берді, деп қорытындылады.

«Дербес оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда белсенділік ұстанымыңыз артты ма?» сұрағына 100 % студенттер, білім алуға деген мотивациясының артқанын, семестр соңында жоғары ортақ бал алғанын (GPA), өз-өзіне деген сенімділігінің, академиялық қауымдастықта қарым-қатынас жасау дағдыларының дұрыс жолға қойғанын пайымдады.



«Университетте білім алу стратегиясы» бағдарламасына қатысуға басқа студенттерге ұсыныс жасайсыз ба? сұрағына 100 % респонденттер оң жауап берді.

Қорытынды сауалнама нәтижесі, былайша ой тұжырымдауға мүмкіндік берді:

- студенттердің жеке оқу траекториясын жобалауда кезіктіретін академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен жүргізген, академиялық қолдау көрсету іс-әрекетінің, білім алушылардың университетке дер кезінде бейімделуіне әсер етті;

- бірінші курс студенттері, кредиттік оқыту технологиясының талаптары мен философиясы, университет құрылымы, қызметтері, олардың функциялары, уақыт менеджменті. дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар шешу техникалары мен әдістері, өздік жұмыстың формалары мен түрлері, студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары жобалау өмірлік және кәсіби мақсаттарын айқындау тақырыптарының маңыздығын атап көрсетті, осы тақырыптар бойынша білім деңгейлерінің артқанын растады.

- студенттер, академиялық эдвайзерлердің көмегімен, университеттік білім алу үдерісін, дербес оқу іс-әрекетін аса жауапкершілікпен жоспарлай бастағанын мәлімдеді;

- эдвайзерлердің көмегімен білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы жобалауға әсер ететін, академиялық қолдау бағытындағы сапалы университеттік білім беру ортасының жүзеге асқанын аңғартады;

- эдвайзердің кеңейтілген академиялық қолдау көрсету іс-әрекетінен респонденттердің жеке оқу траекториясын саналы жобалауға қажетті білімдерінің артқаны расталды.

Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудің нәтижелері бөлімінде, келесі міндеттер өз шешімін тапты деп тұжырым жасаймыз:

- университет студенттерінің академиялық кедергілерін айқындалды;

- соның негізінде, академиялық қолдау көрсетудің негізгі компоненттерінің мазмұны белгіленді;

- студенттерге академиялық қолдау көрсету моделінің, академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар курстары компоненттері тәжірибеге ендірілді;

- АҚШ тәжірибесіне негізделген, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету моделінің дамытушы академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар беруші курстары компоненттерінің тиімділігі тәжірибеде тексеріліп, оң нәтижелер алынды.


    1. АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде студенттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бағытталған академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын енгізу (академиялық эдвайзер, тьютор, офис-регистратор), оларды тиімді қолдану, Болон үдерісінің міндеттері мен қағидаларын орындаудағы негізгі талаптардың бірі. Қазақстан Республикасы, Болон үдерісінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың наурызында «Болон декларациясына» қол қойды. Болон үдерісі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Қазақстанның Болон процесіне қатысуының негізгі мақсаты - европа біліміне қолжеткізуді кеңейту және оның сапасын көтеру. Болон процесіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену, ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде өсуіне себепкер болды.

Болон декларациясына қол қою арқылы, кредиттік оқыту технологиясына толықтай көшу үдерісінде, Қазақстанның жоғары оқу орындарының алдында бірнеше өзекті басымдықтар мен міндеттер орын алуда:

- қоғамның, әлеуметтің, ғылым мен білімнің дамуындағы өзіндік рөлін нақтылау;

- әлемдік қауымдастықтың талаптарын қанағаттандыратын сапалы білім беру;

- жетістіктері мен кемшіліктерін ашық бағалау, үнемі жетілдіру жұмысын жүргізу;

- даму моделін анықтау (мақсат, стратегия, саясат, тиімділік көрсеткіштері, нәтижелілік);

- нарық қоғамында бәсекелестіктен табылатын түлектерді дайындау;

- студенттің жеке оқу траекториясын құруға жағдай жасау.

Болон декларациясының 10 негізгі қағидаларына студенттің өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру, студентке бағытталған оқыту әдістерін қолдану, студент қауымдастығының белсенділігінің рөлін арттыру жатады. Олай болса, еліміздің жоғары оқу орындары студенттің университетте сапалы білім алуына мүмкіндік жасайтын, студенттің ішкі потенциалын дамыту үшін енгізілген арнайы академиялық қолдау қызметтерінің жұмысын (академиялық эдвайзер, тьютор, арнайы бағыт-бағдар беруші курстарды) белсендіруді қажет етеді.

Бұл жағдайда, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесі, Болон үдерісіне қатысушы мемлекеттердің назарын өзінің бәселекестігімен аудартады. Мысалы, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесін әлемдік деңгейге дейін жеткізуге әсер еткен АҚШ университеттерінде «студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыру» (student- sentred- learning ), «өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру» (lifelong learning - LLL) идеялары алғаш рет 20 ғасырдың екінші жартысында жарияланып, қарқынды тәжірибеге қолдана бастады. Ал Болон декларациясына қол қойған мемлекеттердің, бұл мәселелерге ерекше назар аударуы 2009 жылы Левенде (Лувен-ла-Неве) жоғары білім беру жүйесіне жауапты шетел министрлерінің бас қосуымен өткен халықаралық конференцияда, 2020 жылға дейінгі жоғары білім беру жүйесінің дамуының басым бағыттарын анықтауда аңғарамыз:

- барлық азаматтарға жоғары білім алуға тең мүмкіндік беру;

- өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру;

- түлектерді жұмысқа орналастыру;

- студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыру;

- жоғары білімнің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, инновациямен байланысы

- еуропалық жоғары білім берудің халықаралық ашықтығы;

- студенттер мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығын кеңейту;

- мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту, қаржыландырудың басқа көздерін іздестіру;

- болон үдерісін басқарудың құрылымын жетілдіру [170].

Бұл мәселелер, «өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру», «студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыру», сияқты педагогикалық қағидалардың, академиялық қолдау көрсетудің маңызды бағыттарының АҚШ тәжірибесінен енгенін аңғартады. Сонымен қатар, АҚШ-тың жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету мәселесін жан-жақты зерттеу, ҚР университеттерінің Болон үдерісінің тараптарын қанағаттандырудағы қажетті де құнды, ғылыми-практикалық тәжірибе екенін аңғартады. Қазіргі таңда, АҚШ университеттері мен колледждерінде, академиялық қолдау көрсету бағдарламалары білім сапасын арттыруға, жетілдіруге, студенттерді университетте сақтап қалуға өзіндік үлесін қосатын, оқыту-тәрбие үдерісінің маңызды компонентіне айналған. Бұл бағыттың жоғары білім беру үдерісінің интеграциялану, жаһандану, көпұлттану жағдайында рөлінің арттуы, жоғары мектеп мәселесіне арналған көптеген американдық ғылыми әдебиеттерде мазмұндалуда.

АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің даму тарихын, орталықтарының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, ондағы студенттер тарапынан сұраныс туындататын озық бағдарламаларын жан-жақты зерделеу нәтижесі, еліміздің жоғары оқу орындарында студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыруда американдық тәжірибеден басшылыққа алатын келесідей ғылыми-теориялық тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

- АҚШ университеттері тек қана кәсіби білікті мамандарды ғана емес, азаматтық қоғамның талаптарына төтеп беретін, бәсекеге қабілетті, жан- жақты тұлғаны қалыптастыруды мақсат етеді;

- АҚШ университеттері, әрбір білім алушының - университеттік ортаның маңызды тұлғасы ретінде қарастырып, оның академиялық, әлеуметтік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, академиялық қолдау көрсету бағдарламаларымен қамтамасыз етеді;

- университеттік ортада, студенттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің барынша ескерілуі, білім беру үдерісінің субъектісі позициясын ұстанатын, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыратын, өзінің болашақ кәсіби іс-әрекетіне жауапты маман тәрбиелеуге мүмкіндік береді;

- Америка университеттерінде, студенттер ісімен айналысатын кадрларға студенттің оқу үлгерімін арттыру, университеттік ортаға бейімдеу, студенттік өмірін мазмұнды ету сияқты маңызды міндеттердің жүктелуі, академиялық эдвайзер, ментор, тьютор, инструктор және т.б. сияқты мамандарды жоғары оқу орындарында дайындауға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби іс-әрекетінің сапасын арттыруға жол ашты;

- университеттік студенттерге академиялық қолдау көрсету саласының білім алушының кәсіби қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақ кәсіби қалыптасуына әсер ету, пән бойынша артта қалушылармен жеке-дара жұмыс жасау, білімдегі ақаулықтарды, кемшіліктерді түзету, оқу дағдыларын дамыту, білім алу мотивациясын арттыру, студент уақытын сауатты қолдануға үйрету, эссе және т.б. ғылыми іс-әрекеттің өнімдерін жасауды жетілдіретін кешенді бағдарламалардан тұруы, университеттік білім сапасын арттыруға өзіндік әсерін тигізеді.

- АҚШ университеттерінде, академиялық қолдау көрсету орталықтарының кәсіби педагог-мамандары арқылы ұйымдастырылуы, професор-оқытушылардың студенттермен жеке-дара жұмыс жасау уақытын үнемдеуге үлкен септігін тигізетін, студент-оқытушы қарым-қатынасынан дербес ұйымдастырылған жеке университеттің қосымша білім беру құрылымын қалыптастыруға ықпал етеді;

- академиялық қолдау көрсету бағдарламаларының (біздің жағдайымызда академиялық эдвайзер, тьютор, ментор, бағыт-бағдар курстары) белгілі бір факультетпен немесе университеттік АҚК орталықтары арқылы ұйымдастырылуы, студенттің оқу пәндері бойынша артта қалуын алдын алуға, студенттердің оқу үлгерімін жетілдіруге, семестрден семестрге көшкен студенттер санын арттыруға жағдай жасайды;

- студенттерге академиялық қолдау көрсету бағдарламаларының тиімді ұйымдастырылуы жоғары білім беру жүйесінің жекедаралануы (индивидуализация) қағидаларын сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- студенттерге сапалы академиялық қолдау көрсету, университеттерді бәсекеге қабілетті етудің, университет пен білім алушылардың қарым-қатынасын дамытудың маңызды инструменті болуға әсер етеді;

- пән оқытушысы мен академиялық қолдау орталықтары арасындағы ынтымақтастық (Collaboration Between Classroom Instructors and Academic Support Center) студенттің комбинаторлық, синергетикалық білімді меңгеру нәтижесіне әсер етіп, жеке оқу траекториясының сапалы ұйымдастыруға жағдай жасайды;


  • оқытушылар мен академиялық қолдау көрсету орталықтарының кәсіби қызметкерлерінің байланыстылығы, студенттің нақты пән бойынша артта қалу жағдайларын, периферийлық, маргиналдық құбылыстан, барлық академиялық қауымдастыққа ортақ мәселеге айналдырады;

- студент-студент әрекеттестігіндегі коллегиалдық бағдарламалар (пэр-тьютор, пэр-ментор), студентті университетте сақтап қалу (retention) мен академиялық жетістігіне жетелейтін дамыта оқыту ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;

ҚР жоғары білім беру жүйесінің Болон үрдісінің принциптерін жүзеге асыруда білім берудің әдістері мен мазмұнын түбегейлі қайта қарастырылуда. Академиялық еркіндік, білім көлемін біріздендіру, оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу, білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту, білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі, білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру сияқты мәселелер, студентке бағытталған гуманистік принциптерге негізделген оқыту ортасын қалыптастыруда ғана өзіндік шешімін табады деп тұжырымдаймыз Оған қоса, кредиттік оқыту технологиясының талаптары, студенттен жоғары ұйымдасқан деңгейде дербестік, өз уақытын ұйымдастыру, дербес білім алу дағдыларының қажеттілігіне жоғары сұраныс туындатады. Ол үшін, студенттің білім алудағы субъектік позициясын , жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін жаңа педагогикалық технологияларды қолдануымыз қажет. Бұл жағдайда, АҚШ-тың академиялық қолдау көрсету бағытындағы тәжірибелері аса құнды тәжірибеге екенін теориялық талдау, педагогикалық эксперимент жұмыстарының нәтижелері аңғартады. Сонымен қатар, оның АҚШ университеттерінде орын алуын, диссертация міндеттері бойынша жан-жақты зерттеу, академиялық қолдау көрсету орталықтарының, студентке бағытталған ортаны қалыптастыруға әсер ететін, білім алушылардың білім алу мақсатын анықтау, оқу пәндерінің мазмұнын нақтылау, мәнін түсінуге көмектесу, студенттің өздік жұмыстары мен ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға жетекшілік жасау; оқу шарттары мен келісімдерін орнату; арнайы оқу пәндері немесе тақырыптары бойынша қосымша жеке-дара сабақтар өткізу; студенттік өмірге бейімдеу, жеке оқу траекториясын жүзеге асыруда бағыт бағдар беру, студенттерді әлеуметтік біліктермен қаруландыру сияқты мәселелермен айналысатыны анықталды. Кешенді түрде жүргізілетін эдвайзер, тьютор, ментор, бағыт –бағдар беру курстары сияқты академиялық қолдау көрсету бағдарламалары арқылы АҚШ университеттері, студентің қажеттілігі мен жекетұлғалық, кәсіби дамуына бағытталған оқыту-тәрбие үдерісін қалыптастыруды мақсат етеді.



ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдаудың, АҚШ ғалымдарының академиялық қолдау көрсету бағытындағы нұсқаулары мен тұжырымдамаларын ескере отырып, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенін ұйымдастырудың құрылымдық-теориялық моделін негіздедік. Оның академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар беруші курстары сияқты компоненттерін тәжірибеде апробациялау үшін, эдвайзер қызметіндегі оқытушылардың біліктілігін арттыру, университет студенттеріне сапалы академиялық кеңес беру бағдарламасын жасау жұмыстары жүргізіліп, академиялық кеңес беру мақсатымен дайындықтан өткен эдвайзер-оқытушылар, 1-ші курс студенттерімен «Университетте білім алу стратегиясы» атты модулдік арнайы курсын жүргізді. Педагогикалық эксперименттің қорытындысында, студенттердің жеке оқу траекториясын жобалауда кезіктіретін академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен жүргізілген, академиялық қолдау көрсету іс-әрекетінің, білім алушылардың университетке дер кезінде бейімделуіне жағымды әсер еткенін дәлелдеді. Бірінші курс студенттері, кредиттік оқыту технологиясының талаптары мен философиясы, университет құрылымы, қызметтері, олардың функциялары, уақыт менеджменті. дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар шешу техникалары мен әдістері, өздік жұмыстың формалары мен түрлері, студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары жобалау өмірлік және кәсіби мақсаттарын айқындау тақырыптарының өзектілігін атап көрсетті, осы тақырыптар бойынша білім деңгейлерінің артқанын растады, студенттер, академиялық эдвайзерлердің көмегімен, университеттік білім алу үдерісін, дербес оқу іс-әрекетін аса жауапкершілікпен жоспарлай бастағанын мәлімдеді. Бұдан, эдвайзерлердің бағыт бағдар беруші курс көмегімен білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы жобалауға әсер ететін, академиялық қолдау бағытындағы сапалы университеттік білім беру ортасының ұйымдастырылғанын аңғарамыз. Педагогикалық эксперимент жұмысының нәтижелері, академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын қолдануда келесі басты талаптардың ескерілуі қажет екенін дәлелдеді:

  • студентті оқыту үдерісінің басты тұлғасы ретінде қарастыру;

  • студент пен АҚК кадрларымен белсенді әрекеттестік ұйымдастыру, онда адамгершілік құндылықтардың басымдылығы, еріктілік, икемділік, бірлесіп жұмыс атқару (кооперация), жекедараландыру, студенттің субъектік позициясын белсендіру, тең құқықтық қағидаларын ескеру;

  • оқытудың индуктивті, оқу проблемасына негізделген әдістерін қолдану;

  • әрбір білім алушының жекетұлғалық ерекшеліктері мен әлеуетін ескеру;

  • студенттің жеке мақсаттарына жетуде дербес оқу іс-әрекетін оңтайландыру;

  • студенттің университетте академиялық жетістікке жетуіне, оның білім алу тәжірибесі мен көрсеткіштерінің әсерінің маңызының зор екенін түсіну;

  • студенттердің қателіктері, жөнсіз қылықтары мен қарама-қайшылықтарын мойындату, одан тиісті қорытындылар жасауға жетекші болу.

Диссертациялық жұмыстың теориялық талдау, педагогикалық экспериментінің қорытындыларынан, шетел тәжірибесінен бейімдеп енгізілген, отандық университеттердегі академиялық эдвайзер, тьютор сияқты студенттердің жеке оқу траекториясын жүзеге асыруға қолдау көрсету бағдарламаларын жетілдіру мақсатымен келесідей ғылыми-әдістемелік тұжырымдар мен нұсқаулар береміз:

А) академиялық эдвайзер қызметі бойынша:

  • қазақстандық кредиттік оқыту технологиясында эдвайзерлерді академиялық қолдау көрсетудің бөлігі ретінде қарастырып, оның іс- әрекетін дамытуға әсер ететін ғылыми негізделген тұжырымдама жасау;

  • қазақстандық эдвайзерлер ассоциациясын немесе белгілі бір кәсіби ұйымын құру, кеңес беру үрдісіне университет мүшелерін (профессор-оқытушы құрамы, инструктор, әкімшілік),университеттің академиялық қолдау көрсету ресурстарын қатыстыруға, кәсіби эдвайзерлер қауымдастығының бет - бейнесін (имидж) қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  • академиялық эдвайзерлердің біліктілігін арттыру жүйелі жүзеге түрде жүргізілсе, олардың кеңес беру іс-әрекетінің сапасы артады, соның нәтижесінде студенттің максималды жекедаралануына алғышарттар жасалады.

  • академиялық эдвайзерлерді студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін кәсіби маман ретінде қарау, жоғары оқу орындарда студенттердің жеке оқу траекториясын жобалауға әсер ететін эдвайзер мамандарын даярлауға мүмкіндік береді.

  • ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура мамандықтарына академиялық эдвайзер, тьютор қызметі, аясындағы арнаулы курс бағдарламаларын енгізу, болашақ жоғары мектеп оқытушысының эдвайзер, тьютор ретіндегі іс-әрекетін кәсібилендіруге, жетілдіруге мүмкіндік береді.

  • академиялық эдвайзердің әрбір студентпен жұмыс жасауына ұйымдастырушылық, қаржылық, әкімшіліу тұрғысынан жағдай жасау, оның әрбір студентке сапалы, жеке-дара кеңес беруіне мүмкіндік береді;

  • эдвайзерлердің бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейіндегі білім алушылардың жеке оқу траекториясын жүзеге асыруға әсер ететін, академиялық қолдау көрсету әдістемесін жасау;

  • эдвайзерлерге арналған әдістемелік құралдарда, оқулықтарда, академиялық кеңесші қызметінің мақсаты мен басты міндеттері, жұмысының ерекшеліктері, бағыттары, студентпен қарым-қатынас жасау философиясы ғылыми-теориялық негізделіп, студенттің академиялық тәжірибесін қанағаттандыру жолдары бойынша нақты әдістемелік ұсыныстар, дидактикалық материалдар берілуі қажет.

Б) тьютор қызметі бойынша:

- университеттік ортада, немесе кафедраларда пэр-тьютор бағдарламасын енгізу, студенттердің оқу үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді, жазғы семестрге қалған, немесе университеттен оқу үлгерімі бойынша шығарылған студенттердің санын қысқартады.

- университеттік ортада, кафедраларда оқу үлгерімі жоғары студенттер, магистранттар мен докторанттар қатарынан әртүрлі пәндерден пэр-тьютор курстарын ұйымдастыру, студент-студент қарым-қатынасындағы коллегиалдық әрекеттестікті дамытады;

- кафедраларда пэр-тьютор бағдарламасын ұйымдастыру, профессор-оқытушылардың әрбір студентпен жеке-дара жұмыс жасау уақытын үнемдейді;

- пэр-тьюторларды арнайы дайындықтан өткізуі, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, жарнамалық, техникалық жағынан тиімді ұйымдастырылуы, «студент-оқытушы-әкімшілік» қарым-қатынасының ынтымақтастығына, студенттердің академиялық жетістігіне, мотивациясына, сенімділігіне әсер етіп, жағымды «оқыту арқылы оқу» айналасының құруға жағдай жасайды.

Диссертациялық жұмыстың эмпирикалық мәліметтеріне талдау жасау, кредиттік оқыту технологиясында студенттің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға кері әсерін тигізетін академиялық кедергілердің 4 тобын анықтадық: 1) Университетке бейімделу 2) Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру 3) ЖОО-да студенттің өздік жұмысы 4) Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау. Демек, бұл мәселелердің алдын алу үшін, 1,2 тарауларда теориялық талдау жүргізілген АҚШ-тың академиялық қолдау көрсету барысындағы озық тәжірибесі ретінде қарастырылған, академиялық эдвайзер, тьютор қызметтерінің іс-әрекетін отандық университеттерде белсендіруді, пэр – ментор, пэр- тьютор, бағыт–бағдар курстары және т.б. сияқты академиялық қолдау көрсету компоненттерін оқу үдерісіне ендіруді қажет етеді.

Соған сәйкес, АҚШ-тың студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесіндегі ғылыми-теориялық материалдарға сүйене отырып, отандық университеттерде білім алушыларды кредиттік оқыту технологиясына бейімдеу, білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын–алу, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыру мақсатымен академиялық қолдау көрсету кешенін ұйымдастыру үшін келесідей ғылыми -теориялық нұсқаулар береміз:


  • студенттерді білім алудың өтпелі кезеңдерінде, жауапкершілікпен шешім қабылдауға көмектесетін қызметтермен, академиялық қолдау көрсету бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажет.

  • университетте студенттің академиялық кедергілерінің алдын алуға бағытталған АҚК орталықтарын ұйымдастыруда, жоғары оқу орнының студенттік контингентін зерттеуді қажет етеді;

  • университет студенттерінің қажеттіліктері мен академиялық кедергілер тобын анықтау негізінде, академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын ұйымдастыру қажет;

  • академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру - университеттің саясаты мен ерекшеліктерін, профессор-оқытушы құрамының, студенттердің ұсыныстары мен көзқарастарын ескеруді қажет етеді;

  • академиялық қолдау көрсету кешенін ұйымдастыруда ақпараттық–коммуникациялық құралдарды, университеттік сайттарын қолданып, оның білім алушылардың оқу үлгеріміне үлесін жарнамалау қажет;

  • академиялық қолдау көрсету кадрларының біліктілігін арттыру қажет.

  • пэр-тьютор қосымша сабақтары белсенді оқыту формасы ретінде «оқыту арқылы оқу» парадигмасы аясында жүзеге асуы тиіс.

  • тьютор, ментор студентердің мотивациясын, жауапкершілігін арттыру үшін «оқыту арқылы оқу» (learning by teaching), «оқыту арқылы екі рет оқу, қайталау» -(to teach is to learn twice) сияқты идеяларды қолдануға болады.

  • студенттер арасында, бір-біріне жәрдемдесуге негізделген адамгершілік, толеранттылық қарым-қатынасын қалыптастыратын пэр- ментор бағдарламасын енгізу қажет;

  • кредиттік оқыту технологиясына бейімделуге, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін бағыт-бағдар курстарын бірінші курс студенттеріне міндетті оқу компоненті ретінде оқу жоспарына енгізу қажет.

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде АҚК кешенін ұйымдастыруға, теориялық, тәжірибелік, әкімшілік, ұйымдастырушылық тұрғысынан алғышарттар жасалған, соған сәйкес жоғарыда берілген ғылыми-теориялық тұжырымдар мен нұсқауларды ескере отырып, отандық университеттерде академиялық қолдау көрсету кешенін жүзеге асыру қиындыққа соқпайтынын атап кету қажет [171].

Американың моделінің негізінде, болашақ мамандарға академиялық қолдау көрсету кешенінің ұйымдастырылуы, университеттің оқыту-тәрбие үдерісіне қатысты: Қазақстанның жоғары оқу орындарының Болон үдерісінің талаптарын толыққанды орындауға, университеттің миссиясы мен құндылықтарына сай, тұтас студентке бағытталған оқыту ортасын ұйымдастыруға, білім сапасын арттыруға институционалдық саясат арқылы білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс өздігінен білім алу тәжірибесін жетілдіруге, басқаруға, инновация мен өзгерістерге, жаңашылдыққа дайын болатын АҚК мамандарын дайындауға, университеттегі оқу үдерісіне байланысты студенттер, ата-аналар арасында жағымды имидж қалыптастыруға, профессор-оқытушылар құрамына қатысты: профессор-оқытушылардың әрбір студентпен жеке-дара жұмыс жасау уақытын үнемдеуге, жағымды «оқыту арқылы оқу» айналасы ұйымдастыруға басшылық етуге, студенттерге академиялық қолдау көрсету саласы бойынша білімін толықтыруға, жаңа бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, білім алушыларға қатысты: академиялық немесе жекетұлғалық кедергілердің алдын-алуға, студенттің университеттік тәжірибесін мазмұнды етуге, студенттік өмірге бейімдеуге, студенттің білім алу мақсатын анықтауға, студенттерді әлеуметтік біліктермен қаруландыруға, білім алушылардың іс –әрекетінде субъектік қарым-қатынас, дербес білім алу, жеке оқу траекториясы мен кәсіби келешегінде белсенділік, жауапкершілік, бастамашылық (инициатива) сияқты қабілеттердің көрінуіне, оқу үлгерімінің артуына, студенттің оқу - танымдық дағдыларын дамытуға, сайып келгенде кредиттік оқыту технологиясында білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға жағымды әсерін тигізеді деп қорытындылаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет