1.3 АҚШ университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету орталықтарын ұйымдастырудағы озық тәжірибелер
АҚШ университеттеріндегі АҚК орталықтары, өзіндік ұйымдастыру күрделілігімен, институционалды маңызды стратегиялық бағыттарымен ерекшеленетін, оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған. Бұл бөлімде, АҚК орталықтарын ұйымдастыру моделдерін, АҚШ университеттерінде қалыптасқан озық тәжірибелерін қарастыру арқылы, білім алушылардың дербес оқу-танымдық жетілдіру ортасын ұйымдастыру ерекшеліктері анықталды.
АҚШ университеттерінде, АҚК орталықтарын ұйымдастыру бойынша, ортақ «универсалды» моделі жоқтың қасы, әрбір білім беру ұйымы өзіне қажетті бағдарламаларын таңдау негізінде, жүзеге асыратынын атап кеткен жөн. АҚК орталықтарының тәжірибесі мен теориясын талдау, оның АҚШ ЖОО-да қалыптасқан негізгі алты моделін анықтауға мүмкіндік берді:
1. Факульттеттік моделі (Faculty only Model) - әрбір студент факультет тарапынан академиялық эдвайзер, пән бойынша қосымша кеңес беретін тьюторлармен қамтамасыз етіледі. Студент мамандану бағыты бойынша факультеттің кеңесшісіне жазылады. Егер, студент мамандану бағытын таңдамаған жағдайда, жалпы кеңес беретін эдвайзерге бекітіледі. Модельге сәйкес студенттерге АҚК факультет тарапынан ғана жүргізіледі (сурет 1).
Сурет 1- АҚК орталықтарын ұйымдастырудың факультеттік моделі
2. Қосымша моделі (Supplementary Model) - оның басты ерекшелігі, студент факультет қызметкерлері тарапынан академиялық кеңесшіге бекітіліп, сол арқылы университеттің АҚК орталығымен байланыс жасайды. Академиялық кеңесші студентке оқудағы қажеттіліктерін анықтауға көмектесіп, оқу-танымдық, әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған бағдарламаларға жазады. Орталықтың мамандары, факультет кеңесшілеріне семинар, тренингтер ұйымдастырып, қажетті, ақпараттық ресурстармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді (сурет 2).
Сурет 2 - АҚК орталықтарын ұйымдастырудың қосымша моделі
3.Бөлшектенуші модель (Split Model) – студенттерге АҚК міндеттері, факультет оқытушылары мен орталықтың мамандары арасында бөлінеді. Яғни, АҚК орталығы тек университетте академиялық дайындығы төмен, оқу дағдылары жеткілікті қалыптаспаған, немесе университетке бейімделе алмай жүрген «қауіп-қатер» тобындағы студенттермен жұмыс жүргізеді. Ал, басқа студенттермен факультет кеңесшілері жұмыс атқарады.
Сурет 3- Студенттерге академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың бөлшектенуші моделі
4. Дуалдық модель (Dual Model) – білім алушылардың АҚК орталығы және факульт тарапынан да эдвайзерлері, тьюторлары болады. Біріншісі, университеттің жалпы талаптары, саясаты, жүріс-тұрыс ережелері бойынша кеңес берсе, екіншісі, элективті пәндерді таңдау, академиялық мәселелер бойынша нақты проблемаларды шешуге әсер етеді. Сонымен қатар, орталықта және факультетте, қызметкерлер студенттерге байланысты күрделі жағдаяттарды шешуге атсалысатын, қолдау көрсететін супервизорлармен (жетекші) қамтамасыз етіледі.
Сурет № 4 Студенттерге академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың дуалдық моделі
Барлық студенттерді қамтуға мақсатталған модель (Total IntakeModel) – бұл модельге сәйкес АҚК орталығы белгілі бір уақытқа дейін (мысалы: негізгі мамандануын таңдау, оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру,) барлық студенттерге кеңес береді. Кейін, студенттер факультеттің академиялық кеңесшілеріне бекітіледі.
Сурет 5 - Студенттерге академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың барлық студенттерді қамтуға мақсатталған моделі
Қосымша элементтерді қажет етпейтін модель (Self-Contained Model) – бұл модельге сай студенттерге АҚК жұмыстары, институционалды ұйымдасқан орталықтар арқылы жүзеге асады. Факультеттің профессор-оқытушылары, тек қана дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді.
Сурет № 6 Студенттерге академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыруда қосымша элементтерді қажет етпейтін модел түрі.
СтуденттергеАкадемиялық Қолдау көрсетудің жаһандық одағы (The Global Community of Academic Support of student), Студенттердің ісі жөніндегі Европа кеңесі (European Council for Student Affairs), Европадағы студенттерге арналған ұйымдарды салыстыру (Comparison of the Student Service Organizations in Europe) сияқты беделді білім беру ұйымдарының есебіне сәйкес, университеттің АҚК моделін таңдауы, оның қаржылық мүмкіндіктері, студенттердің контингенттері мен университеттік құрылымдарына байланысты.
Зерттеуде біз АҚК-дің қосымша (Supplementary Model) моделін ұстанамыз. Оған сәйкес факультеттің кеңесшілері, эдвайзерлері, тьюторлары студенттің оқу барысындағы қиындықтары мен кемшіліктерін шешуге атсалысады, сонымен қатар, әрекеттесу субъектілері қосымша ақпарат немесе кеңес алу үшін университеттің барлық факультеттеріне ортақ, АҚК орталығына жүгіне алады. Студенттермен жұмыс факультеттің кеңесшілері арқылы өткізіліп, орталық қызметкерлері қажетті материалдар, оқу-әдістемелік кешен, біліктілікті арттыру семинарлары мен дәрістерін жүргізеді, олардың жұмысының нәтижелілігін бағалайды. D.S. Crockett [104, 59-70б.] зерттеулеріне сүйене отырып, студенттің кәсіби дамуына, кредиттік оқыту технологиясының студентке қоятын басты талаптарының бірі - өзіндік білім алу дағдыларына, дербес білім алу траекториясын жасауға жағдай жасайтын академиялық қолдау көрсетудің қосымша моделі болады деп нақтылаймыз. Факультет қызметкерлері оқу үдерісінде, студенттің оқу нәтижесіне, кәсіби қалыптасуына тікелей жауапты болады. Факультет кеңесшілері оқу үдерісінің ерекшеліктері, оқу пәндерінің мүмкіндіктері, университет саясаты, оқу кестесі және т.б. сияқты маңызды ақпаратттарға ие болады. Ғалым, D.S. Crockett АҚШ университеттерінің басым көпшілігі осы моделді ұстанатынын анықтады. Мысалы, АҚШ-тың Ганнон университетінде (Gannon University) барлық студентке академиялық қолдау көрсетудің компоненттерін (эдвайзер, тьютор, ментор, дамыту курстары, кәсіби бағыт бағдар беру курстары) біріктіретін, барлық университеттің факультеттеріне ортақ «Студенттің жетістігі» (Student Success Center) орталығы жұмыс атқарады. Сонымен қатар, әрбір факультеттің қызметкерлері студентке эдвайзер, тьютор, немесе ментор болып тағайындалады, студент, екі жақты академиялық қолдау қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі.
Біз зерттеу барысында, АҚШ-тың Университет пен колледждерді жоспарлау қауымдастығының (Society for College and University Planning) әртүрлі АҚК орталықтарының негізгі ерекшеліктеріне жан-жақты зерттеу жүргізу барысында, жазылған еңбектеріне сүйене отырып, осы бағыттағы ең үздік тәжірибені анықтайтын критерийлерді айқындадық:
- қайта құрастыру, жетілдіру үдерісімен айналысады;
- барлық бағдарламаларды бір орталыққа біріктіретін консолидациялық қызметі бар;
- ұйымдастыру моделінің сәйкестігіне бағалау жүргізеді;
- орталық қызметкерлерінің біліктілін арттырады;
- ақпараттар мен үдерістерді біріктіруге мүмкіндік беретін веб-жүйелерін қолданады [55, 147-156 б.; 109].
Студентке АҚК орталықтарының жоғарыдағы критерийлерінің негізінде, үздік тәжірибелері университеттер төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 3 - АҚК орталықтарын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелері жоғары оқу орындар
Моделі
|
Жоғары оқу орындары
|
Басшылыққа алған тұжырымдамалары
|
1
|
2
|
3
|
Бірнеше қызметтер мен бағдарламаларды бір орталыққа біріктіру
|
Boston college
Carnegie Mellon Fordham University
James Madison University
Johnson County CC
Purdue University Calumel
Seton Hall University
Tufts University
University of Delaware
University of Minnesota
Twin Cities University of North Carolina at Greensboro
|
Студентке қызмет көрсету орталығы
Студентке қызмет көрсету орталығы
Студенттің академиялық жетістігі орталығы
Бейімдеу және жетілдіру орталығы
Қоңырау шалу (Сall center) орталығы
Студенттік қызметтер орт.
Студентке бір орталықтан қызмет көрсету (One- Stop Student Center)
|
3- кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
Веб жүйесіне негіздеу
(интеграциялану)
|
Boston College
Brigham Young University
Indiana University
Kansas State University
Kent State University
Louisiana State University
Regis University
University of British
Columbia
University of Buffalo
University of California
|
Онлайн курстары
Веб жүйесіне негізделген студенттік қызметттер
Академиялық ақпараттарды басқару порталдары
Онлайн-Эдвайзер
Веб-Эдвайзер
Студенттің электронды портфолиосы
|
Ендігі кезекте, жоғарыда көрсетілген университеттердің академиялық қолдау көрсету орталықтарының модельдері мен басшылыққа алған тұжырымдамаларына, олардың жаңашыл іс-әрекетіне талдау жасалады.
1. Д.Мэдисон университеті (James Madison University) студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіру үшін, АҚК орталықтарының әртүрлі озық тәжірибелеріне сүйене отырып, қайта құру реформаларын жүзеге асырды. Университеттік қалашықтағы АҚК орталықтары мен қызметтерінің іс-әрекеті, білім беру мақсатын орындауға, студенттің маман, жекетұлға ретінде қалыптасуына, бірігіп әсер етуге бағытталған. Дж.Мэдисон университетіндегі «Студенттің академиялық жетістігі» (student academic success) моделі тиімді жүзеге асу үшін, студентпен жұмыс жасайтын қызмекерлер өз жұмыстарында келесі ұстанымдарды ескереді:
Оқыту үдерісі: Студенттерді білім алудың өтпелі кезеңдерінде, жауапкершілікпен шешім қабылдауға жағдай жасайтын, мамандармен, АҚК бағдарламаларымен қамтамасыз ету, белсенді қатыстыру.
Қызмет көрсету: АҚК орталықтарын, барлық студенттерге қолжетімді ету, олардың білім алудағы қарама- қайшылықтары мен кедергілерінің алдын-алу.
Ыңғайлылық: Университтің барлық АҚК бағдарламаларын орталықтандыру арқылы, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін кампус территориясында, тиімді етіп ұйымдастыру.
Кеңес беру: студенттің білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне негізделген, қажетті ақпаратпен, бағыттармен, ұсыныстармен қамтамасыз ету.
Уақыт: АҚК орталықтарын біріктіру арқылы, студенттер мен университет мамандарының уақытын үнемдеу, тиімді қолдануға жағдай жасау.
Сонымен қатар, бұл университетте студенттің академиялық жетістігіне әсер ететін негізгі факторы, тиімді білім беру ортасын қалыптастыру үшін, 3 стратегиялық бағыт жасалған. Біріншісі, «жетілдіру», яғни, орталықтарды ету, стратегиялық қайта құрастырулар жасау, сол арқылы АҚК орталықтарының функцияналдық міндеттерін кеңейту. Екіншісі, «үдерістерді жетілдіру», АҚК орталықтарының кәсіби іс-әрекеттеріне талдау жасау, барлық университеттің құрамдас бөліктеріне тиімді, ұтымды ететіндей өзгертулер енгізу. Соңғысы, «өнімділікті жетілдіру» жалпы оқу- тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға әсер ету, АҚК мамандарының кәсіби іс-әрекетін жетілдіру, , педагогикалық жобалау, студенттердің оқу мотивациясы мен жауапкершілігін арттыруға педагогикалық тұрғыдан әсер ету. АҚК орталықтарының әкімшілігі, студенттің академиялық жетістігіне заман талаптарына сай әсер ету үшін, ұсынылған бағдарламалардың мүмкіндіктерін үнемі бағалап отырады, жаңашыл әдістерді ендіру бойынша дәріс, семинарлар жүргізіп, мамандардың біліктілігін арттырып отырады.
2. Пурдю Калюмет университеті (Purdue Calumet University). Қазіргі жоғары білім беру жаһандану үдерісі жағдайында, АҚШ-тың көптеген үздік университеттерінің ортақ мақсаттарының бірі, АҚК орталықтарын модернизациялау, бірнеше функционалдық қызметтерді бір орталыққа біріктіру. Оған дәлел ретінде, Пурдю Калюмет (Purdue Calumet) университетінде АҚК орталықтарын қайта құрастыру және интеграциялау саясатын мысалға ала аламыз. АҚК орталықтарының басты мақсаты, студенттердің оқу-танымдық үдерісін жеңілдету, олардың білім алу мақсаттарын анықтау, студенттермен профессор–оқытушы құрамының позитивті қарым-қатынас жасауына әсер ету. Мәселен, Оқу пәнiне жазылу орталығына (Enrollment Services Center ) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі бойынша жан-жақты ақпарат беру, қаржылық көмек көрсету, психологиялық кеңес беру, академиялық қолдау көрсету орталықтары топтастырылып, студентке қажетті ақпараттардың, «бір терезеден» көрінуіне жағдай жасау (кесте 4). Сонымен қатар, орталықта жұмыс атқаратын мамандар, студенттердің әртүрлі сұрақтарына жауап беру үшін кросс- тренингтерден өтіп тұрады [110].
Кесте 4 - Пурдю Калюмет (Purdue Calumet) университетінің АҚК орталықтарын біріктірудегі жетістіктері
Орталықтандыру
ерекшеліктері
|
Енгізу нұсқасы
|
Пікір, талдау жасау
|
1
|
2
|
3
|
Үдеріс/Саясат
|
Топтастыру процедурасы
|
Қарама-қайшылылықты пікірлердің алдын-алу, әртүрлі департаменттер мен орталықтардан алған ақпараттар, университет ұстанымдары, тәжірибелері, идеялары туралы бірізділік пен байланыстылықты қамтамасыз ету.
|
Ұйымдастыру
|
Ұйымдастыру процедуралары
|
Студенттерге қолдау көрсететін департаменттер мен орталықтардың арасындағы үйлеспеушілік, олардың ұйымдастырушылық құрылымдары, ерекшеліктері мен шекараларына байланысты қандайда бір кедергілер келтіретіні ескеріледі .
|
4-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
|
Мамандарды кросс-дайындықтан өткізу
|
АҚК мамандары, функционалдық кәсіби іс-әрекеттерінен тыс, студенттермен қойылатын әртүрлі сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді.
|
Құралдар
|
Біріктірілген орталықтар (One-stop centers)
|
Академиялық немесе әлеуметтік, қаржылық көмек көрсететін орталықтарын студенттердің уақыттын үнемдеу, бірігіп жұмыс істеу мақсатында орталықтандырылған жүйесі жасалған.
|
Технология
|
Біріктірілген ақпараттық жүйелер мен порталдар
|
Университет сайтындағы әртүрлі бөлімдердегі, студентке қажетті ақпараттық мәліметтердің «бір терезеден» көрінуін қамтамасыз етілген.
|
Топтастыру процедурасы. Студенттерге әртүрлі департаменттер мен орталықтардан берілетін ақпарат пен университет саясатының арасындағы үйлесімділікті, тәжірибені біріктіру жолын талдау, студенттерде жиі кездесетін қарама-қайшылықтарды айқындау.
Қайта құру (реструктуризация). Студенттерге қолдау көрсететін орталықтардың жұмысын басқаруды жеңілдету үшін, барлық бірліктерді бір менеджердің басқаруына жағдай жасау.
Қызметкерлерді кросс-дайындықтан өткізу. Қызметкерлерді жұмыс орнынан босатпай біліктілігін арттыру, әртүрлі студентке қажетті ресурстар мен ақпараттарды білуге, әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, кросс-дайындық, мамандардың білім алушыларға бұрыс, ақпарат беріп, соның нәтижесінде,олардың бір бөлімшеден, екінші бөлімшеге пайдасыз, «шапқылап жүру» құбылыстарының алдын алады.
Біріктірілген орталықтар (One-stop centers) Басты мақсаты, бірнеше функциялар атқаратын студенттік қызметтерді орталықтандыру арқылы, олардың уақытын үнемдеу. Сонымен қатар, біріктірілген орталықтар, білім алушыларға қажетті, немесе студенттің жекебасының ерекшеліктері туралы ақпараттарды тез жинақтауға мүмкіндік береді.
Біріктірілген ақпараттық жүйелер. Мұндай веб-порталдар, бірінші жағынан, студент туралы ақпараттар базасын, профессор-оқытушы құрамымен, басқа да қызметкерлермен тез табуға әсер етсе, екінші жағынан, студентке қажетті барлық мәселелердің жүйелі ұйымдастырылған бір «терезеден» көрінуіне жағдай жасайды. Мысалы, онда студенттің өмірбаяны, ата-анасы туралы ақпарат, әр семестрде өткен оқу пәндері, GPA- оқу үлгерімінің ортақ балы, қатысатын үйірмелері мен секциялары, академиялық эдвайзерінің пікірі, мекен-жайы және т.б. ақпараттар берілген. Мұндай жағдайда, веб- порталдың ақпараттық базасының үнемі жаңарып тұруы маңызды.
Пурдю Калюмет (Purdue Calumet) университетінің студентке қолдау көрсететін әртүрлі орталықтарды интеграциялау тәжірибесіне талдау жасау, әртүрлі қызметтерді біріктіру арқылы студенттің уақытын үнемдеу, академиялық немесе әлеуметтік, қаржылық көмек көрсететін орталықтардың бірігіп жұмыс атқаратын орталықтандырылған жүйесін құрастыру міндеттерінің орын алғанын анықтауға мүмкіндік береді.
3. АҚШ–тың Тафтс университетінің (Tufts University) студентке АҚК орталықтарын қайта құрастыру, интеграциялау тәжірибесі, үш мақсатты ұстанымымен біздің назарымызды аудартты. Біріншісі, АҚК орталықтарын біріктіру арқылы студентке бағытталған білім беру айналасын қалыптастыру. Ол академиялық қауымдастықтың қарым-қатынас әрекеттестігіне негізделген, жоғары ұйымдастырылған бакалавриат, магистратура білімгерлеріне арналған бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Екінші мақсат, студентке бағытталған қызметтердің пайдалылығын арттыруға әсер ететін физикалық, электрондық ортаны қалыптастыру. Үшіншісі, студенттерді қызығушылықтары мен білім алу қажеттіліктеріне сай, адамгершілік қатынастар мен ақпараттық технологияларды біріктіре отырып, білім алушылармен қарым-қатынас жасауды кәсібилендіру, оңтайландыру. Университеттің АҚК орталығының директоры, К. Дилонның пікірінше, қоғамдағы сұраныс пен студенттің қажеттіліктерін зерттеп, оған бәсекелестіктен жауап беретін білім ортасын құрастыруды жалғастыру үнемі жүргізілуі қажет. Университетте қайта құрылған «Студентке қызмет көрсету» орталығы бірнеше қызметтерді біріктіріп, студенттер мен оқытушыларға пайдалы кеңес беруді дамытуда. Студентке қатысты барлық жекетұлғалық, академиялық және қаржылық ақпаратты, «Студент портфолиосы» атты университеттік сайтында орналасқан веб-портал жүйесі арқылы «бір терезеден» көруге жағдай жасалған.
4. Джонсон Коммюнити Колледжінде (Johnson County Community College) АҚК орталықтарын қайта құрудағы, «студенттің ой-пікірін ескеру» қағидасымен біздің назарымызды аудартты. Академиялық қолдау көрсету орталығының жаңа жүйесін қайта құруда 750-ден астам, университет қызметкерлерінен, студенттер және профессорлармен сауалнама жүргізіліп, онда үш маңызды сұрақ қарастырылды: «АҚК орталықтарын ұйымдастыруда нені бағалаймыз?», «қалыптасқан жағымды құндылықтар мен тәжірибелерді қайта қарастыруда нені өзгертуіміз қажет?» «академиялық қауымдастыққа пайдалы қолдау көрсету үдерістері мен процедуралары қалай жүзеге асуы қажет?» Респонденттердің жауаптарына талдау жүргізу негізінде, «Студенттің академиялық жетістігі» (Student Academic Success) орталығы құрылды. Орталықтың мақсаты, білім алушыларды ынталандыру, олардың академиялық, жекетұлғалық сұрақтарын қанағаттандыру, жеке оқу траекториясын жоспарлауға белсенді атсалысатын, білім алу субъектілерін қалыптастыру. Орталық мамандары, студенттік жас кезеңнің ерекшеліктерін, орталық бағдарламаларының мақсатын жете түсінуге ықпал ететін 240 сағаттан тұратын біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған. Университеттегі студентке АҚК орталығы «Өмір жолы» (LIFELINES) моделі деп те аталады (сурет 7). Оның басты идеясы, студенттің оқу танымдық іс- әрекетін күнделікті өмірде, университеттік іс-шараларда, білім алу бағдарламаларында, мамандықта меңгеруде жалғастырып, жетілдіріп отыру [111].
Сурет 7 Джонсон Коммюнити Колледжінің «Өмір жолы» (LIFELINES) моделі
. АҚШ-тың Делауэре Университетінде (University of Delaware) 1991 жылы студенттермен жұмыс атқаратын әртүрлі қызметтер, кеңейтілген бір орталық ретінде ұйымдастырды. Оған, офис–регистратор, қаржылық көмек қызметі, психологиялық кеңес беру, академиялық эдвайзер, дамытушы курстар, карьералық бағыт-бағдар беру курстары, пэр-тьютор, пэр-ментор бағдарламалары және т.б. кірді. Сондықтанда, орталықтың мамандарына, әртүрлі бағыттағы күнделікті сұрақтарға жауап беру әдіс-тәсілдері үйретілді. Біріктірілген орталықтардың іс-әрекетінде (One-stop centers), кадрлардың студенттермен қарым қатынас орнату деңгейі маңызды компонент. Сондықтан, кадрлардың стресске тұрақтылығын, студенттермен жұмыс жасауда жауапкершілігін арттыру үшін, позитивті қарым қатынас жасау дағдыларымен қамтамасыз ету мақсатты түрде жүргізіліп тұрады. Соңғы кезде университетте «универсал кадр» термині қолданылуда. Универсал кадрлар, өздерін ақпараттың қайнар көзі ретінде қарастырып, біріктірілген орталыққа келген студенттерге қаржылық көмек, психологиялық көмек, тьютор, ментор курстарына жазылу және т.б. сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Ақпараттық технологиялардың білім беру үдерісінің әртүрлі саласында қолданатын жаһандану ғасырының куәсі болып отырмыз. АҚШ университеттерінде, АҚК қызметтерінде веб-порталдарды қолдану соңғы онжылдықта қарқынды дамуда.
АҚШ ғалымдары АҚШ университеттері студентке қажетті ақпараттарды университет сайтында жариялау модернизациялауын, төрт бағыттын айқындайды.
1буын-ақпарат көзі. Бұл деңгейде, берілген мәліметтердің терминологиясы мен құрылымы ішкі институционалдық көзқараспен ұйымдастырылып, ақпарат шанабы (бункер) ретінде студентке тек қана пассивті оқырман болуға мүмкіндік береді. Мұндай сайттар, келесі ақпараттарды біріктіруі мүмкін: университетке қабылдау (шәкіртақылар, қаржылық көмек көрсету, жатақхана, бағыт бағдар беру курстары); академиялық мәселелер (академиялық күнтізбе, оқу курстары, қашықтықтан білім алу, академиялық эдвайзерлер, курстарға жазылу тәртібі т.б., АҚК орталықтарының ұсынатын бағдарламалары); факультеттер мен кафедралар жаңалықтары (әртүрлі іс-шаралар жоспары, күнделікті жаңалықтар,күнтізбелер, профессорлар туралы ақпарат); басқа да қызметтер мен ұйымдар (кампус офистері, студенттік ұйымдар, университет саясаты және т.б.)
2 буын- мазмұнды ақпарат. Бұл деңгейде ақпарат клиентке (студент) бағытталған сегментте, ішкі академиялық тілмен, институционалдық ерекшелікпен ұйымдастырылады. Бір ақпаратты, бірнеше жүйелерден көруге мүмкіндік бар. Мысалы, болашақ студенттерге (қабылдау тәртібі, бағыт-бағдар беру курстары, кампусты аралау кестесі, т.б.) студенттерге арналған (курстарға жазылу, қаржылық көмек, жатақхана, академиялық эдвайзер), ата-аналарға (кампустағы қауіпсіздік мәселелері, кампусты аралау кестелері, оқу құны т.б.), университет түлектері мен достарына ( басқару үкіметі, күнтізбе, іс шаралар, қайырымдылық көрсету шаралары), профессор-оқытушы құрамына (оқыту мәселелері, зерттеу, академиялық эдвайзер, қолдау көрсету қызметтері), қолдау көрсету персоналдары (профессор, т.б. университет қызметкерлері туралы мәліметтер, әртүрлі студенттер ісімен айналысатын орталықтар мен ұйымдар)
3 буын - веб-порталдар. Бұл деңгейде ақпараттар студенттің жекедара қажеттіліктері мен басымдықтарының айналасында ұйымдастырылған. Студенттер өздерінің жеке студенттік номерімен (ID) сайт жүйесіне кіріп, қажетті ақпараттарды ала алады. Бұл деңгейдегі веб-порталдардың ерекшеліктеріне, ақпаратты тұтынушының (студент) нақты талаптарына сәйкестендіру, бейімдеу (customization), нақты пайдаланушының қажеттіліктеріне сай ұйымдастыру (personalization) мәселелері жатады.
4 буын - жоғары байланыс және технологиялар. Ақпарат тек қана жекедара мәнерде ұйымдастырылып, студент пен АҚК орталықтарының қарым- қатынасы тек материалдық тәжірибеде емес, тікелей, жанама қарым-қатынасқа түсуге, студент пен АҚК мамандарының, қарым-қатынас жасауын эмоционалдық деңгейде жеңілдетеді.
Бұл буындағы веб-қызметтеріне, интернет арқылы жүргізілетін, Вригхам университетінде бірінші курс студенттеріне академиялық кеңес беру (Brigham Young University freshman adviser), Миннесота Университетдегі қаржылық көмек көрсетуді бағалау- (University of Minnesota financial aid estimator), Сетон Холл университетіндегі, қоңырау шалу арқылы жүзеге асатын қолдау көрсету орталығы- (Seton Hall University Call Support Center) сияқты әртүрлі веб- порталдар арқылы жүзеге асатын АҚК бағдарламаларын айта аламыз. Бұл веб-бағдарламалары, университет пен білім алушылардың, шынайы режимде әрекеттесуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда жаңа технологиялардың білім беру үдерісінде қолданудың қарқынды дамуы жағдайында, АҚШ университеттерінде студенттерге академиялық қолдау көрсету ретінде «Қоңырау шалу орталығы» (Call Center) бағдарламасы тәжірибеге ендірілуде. Бағдарлама оқытуды студентке бағытталған қағида тұрғысынан ұйымдастыруды ескере отырып, веб-порталға түскен студенттердің әртүрлі сұрақтарына «ақылды» ұйымдасқан портал және «универсал» қолдау көрсету мамандары арқылы, студенттердің әлеуметтік, жекетұлғалық, академиялық сұрақтарына тәулік бойы жауап алу мүмкіндігі бар. Бұл портал көбіне, шет елді мекендерде тұратын, белгілі бір жағдаяттарға тап болған, шетелге іс- сапарға кеткен т.б. суденттер үшін өте пайдалы.
Ақпараттық технологияларды академиялық қолдау көрсету бағдарламаларында қолданудың жаңашыл бағыты ретінде, Бригам Янг университетіндегі (Brigham young university), веб-порталға негізделген эдвайзер бағдарламасын (web-based advising) қарастыра аламыз. Бағдарламаның мақсаты бірінші курс студенттеріне университет туралы «жағымды бейне» қалыптастыру арқылы, білім алу мақсаттарын айқындауға, жоспарлауға әсер ету. Веб-эдвайзер, студенттің өмірбаянына негізделген академиялық мәселелер бойынша онлайн режимде бес кездесу жүргізеді, университетке өту мен бейімделу кезеңіне жағымды әсер етеді. Онлайн режимдегі, академиялық эдвайзер жүйесі, бағыт-бағдар беру курсымен студенттің қосымша білім алу жоспарына еніп, студентпен бірінші семестр барысында аяқталады. Онда, университеттік білім берудің ерекшеліктері, ондағы негізгі ұғымдардың мәні оқу пәндерінің ерекшеліктері мен мазмұны, бағыттары, негізгі және қосалқы мамандану, студент уақытын жоспарлау және т.б. маңызды мәселелер бойынша ақпараттар беріледі. Орталықтан басқарылған жүйе, бірінші курс студенттерінің міндетті қосымша білім алу іс-әрекеті ретінде, студенттің дербес шешім қабылдауына, жеке-дара оқу траекториясын қалыптастыруға нұсқаулықтар мен құралдармен қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, университеттік білім беру жүйесінде, сапалы АҚК орталықтарымен қамтамасыз ету, студенттердің академиялық жетістігін жетілдіру, университеттерді бәсекеге қабілетті етудің, университет пен білім алушылардың қарым-қатынасын дамытудың маңызды инструменті екенін анықтадық. Бұл қызметтердің ұйымдастырылуы білім беру ұйымының миссиясы мен құндылықтары байланысты болатыны байқалады. Студентке АҚК орталықтарының ұйымдастырудың нақты американдық моделі жоқтың қасы, дегенмен әр университет өздерінің басымдықтарына, бағыттарына қарай ұйымдастыратынын айқындадық. АҚШ-тың шағын либералдық университеттері бетпе-бет қарым-қатынасқа негізделген, біріктірілген қолдау көрсету орталықтарын ұйымдастырса, бірнеше салалы қоғамдық университеттер студентке қолдау көрсетуді жоғары технологиялар арқылы жүргізуде. Қандай жағдайда да, АҚК орталықтарының, студенттің көзқарастары мен қажеттіліктеріне, тәжірибесіне негізделіп ұйымдастырылатынын айтып кеткен жөн.
Жоғарыдағы АҚШ университеттерінің АҚК орталықтарының іс әрекетінің ерекшеліктерін жан-жақты талдау, ондағы мамандардың студенттермен қарым-қатынас жасауын, төмендегі іс-әрекеттік модельдерге сүйеніп жүзеге асыратынын анықтауға мүмкіндік берді:
«Студенттің ой-пікірін қабылдау» (taking student perspective model) моделі. Бұл моделге сәйкес, оқу-тәрбие үдерісін дербес, ішкі ұйымдастырылған жүйе ретінде қабылдап қана қоймай, білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктері мен жан дүниесін жете сезіну үшін, әкімшілік қызметкерлерін, профессор-оқытушы құрамымен «студенттік кезеңді бастан кешіру» сияқты іс-шаралар кешені өткізіледі. Оның басты идеясы, мамандардың студенттік кезеңнің барлық ерекшеліктерін қайтадан сезіндіру арқылы, маңызды шешімдер қабылдауда, студенттің қызығушылықтарын ескеру. Кейбір университеттер, оқу үдерісін жоспарлауда, әртүрлі құрылымдық өзгерістер жасауда студенттер кеңесін қатыстырады.
«Жекетұлғаға бағытталған немесе студентке бағытталған» (student-centred model) моделі. Жалпы университеттердің құрылымы, ондағы оқыту-тәрбие үдерісі, басқа да қызметтер, веб-сайттардың ұйымдастырылуы студентті «басты клиент» ретінде қабылдайды. Бұл қызметтер, «клиент» үшін ыңғайлы, қол жетімді, бірізді, кешендік тұрғыдан ұйымдастырылуы қажет. Бұл моделдің басты идеясы, білім алушының жоғары білім алуы мен мансаптық (карьера) мақсатына жету үшін оның жекетұлғалық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруде.
«Студенттің тәжірибесін тиімділеу» (improving the student experience) моделі. Көптеген АҚШ университеттеріндегі АҚК орталықтары студенттердің оқу тәжірибесін тиімділеу үшін сауда-саттық (коммерция) ұйымдардың іс- әрекетінің философиясы мен әдістерін меңгеріп, бейімдеп, қолдануда. Студенттер қауымы «тұтынушы», ал университетті аяқтаған студенттер саны «дайын өнім» ретінде қабылданады. Сондықтанда, АҚК орталықтарының мақсаты, семестрден семестрге көшкен студенттердің санын арттыру болады. Қазіргі таңда, АҚШ-тағы ең үздік университеттерді бағалауда, бітірген түлектердің саны, және олардың оқу үлгерімі басты көрсеткішке айналып отыр.
Меншіктегі іс моделі. Студентке академиялық қолдау көрсету саласының ұйымдастыруды концептуалдық тұрғыдан өзгерткен моделі. Студенттің әртүрлі академиялық және жекетұлғалық мәселелері, орталық қызметкерлерінің «меншіктегі ісі» ретінде қабылданады. Академиялық ортада, студенттердің сұрақтары, қиыншылықтары университет қызметкерлерінің жекебасының ісі ретінде аса жауапкершілікпен ұйымдастырылып, олардың «менің міндетімдегі жұмыс емес» сияқты ой-пікірлерін, ұстанымдарын жоюға бағытталған.
Берілген моделдерді талдаудан, академиялық қолдау көрсету, тек қана студенттің академиялық үлгеріміне әсер етіп қана қоймай, жалпы олардың университеттік өмірге бейімделуіне, әр алуан тәжірибе жинауына, қажетті байланыстар орнатуының басты механизмі екенін анықтаймыз. Оған қоса, бұл орталықтардың жалпы академиялық ортаны, климатты оңтайландыруға үлкен әсері бар екені байқалады.
Америка жоғары Білім беру Ассоциациясы (American Association for higher Education), Америка Колледж қызметкерлері Ассоциациясы (American College Personnel Association), Ұлттық Студенттер ісімен айналысатын басшылар одағының (National Association of Student Personnel Administrators) құжаттарына сәйкес [112], университеттер келесі сұрақтарға жауап іздеу арқылы, әрбір студентке академиялық қолдау көрсетуге бағытталған іс-әрекетін жүзеге асыруы қажет:
Студенттердің университеттік білім алуға дайындығы қандай деңгейде және олар қандай академиялық қолдау көрсету бағдарламаларыy қажет етеді?
Білім алудың қай кезеңінде студенттер қиыншылықтарға кезігеді?
Академиялық қолдау көрсету орталықтары, студенттің тұлғалық, кәсіби дамуына, университетті жоғары оқу үлгерімімен аяқтауына қалай әсер етуі тиіс?
Университет саясатындағы «студенттің қажеттілігіне бағытталған оқыту үдерісі» ұғымын қалай айқындалған?
Студенттердің академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына қатысу сапасы мен саны қалай анықталады, бағаланады?
Студенттер тарапынан, сұранысқа қандай бағдарламалар ие?
Студенттік мамандарды дайындау, біліктілігін арттыру, мотивациялау шаралары қалай жүзеге асуы тиіс?
Американдық педагог-ғалымдар, J.N.Gardner және G.Vander Veer [113] факультеттер мен студенттік қызметтердің бірлесе отырып жұмыс атқару арқылы студенттің академиялық жетістігіне әсер етудің негізгі шарттарын айқындады:
студенттің жетістігі мен оқу үлгерімін институционалдық құндылық ретінде қарастыру, ұғымның университеттің басым-бағыттары мен мақсаттын айқындау өлшеуішіне айналуы.
университеттің миссиясы мен құндылықтарына сай, тұтас оқу-тәрбие ортасын ұйымдастыру арқылы, білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс өздігінен білім алу тәжірибесін жетілдіру;
күнделікті институционалдық әрекеттестікте қолданылатын терминдер мен ұғымдарды ортақтандыру;
ұтымды білім беру технологиялары мен тәжірибелерін қолдану, студент-оқытушы қарым-қатынасын жиілету, студенттер арасында өздігінен білім алудағы тығыз әрекеттестікті орнату, белсенді оқыту технологияларын қолдану, оперативті кері байланыс орнату;
студенттік тәжірибеге қатысты ақпаратты жүйелеу, дер кезінде жеткізу, үнемі қолданыста, сұраныста болуын қадағалау;
инновация мен өзгерістерге, жаңашылдыққа әкімшілік пен кадрлардың дайын болуы, «жылы» қабылдауы;
студенттің өздігінен білім алуын ынталандыру арқылы оқу үлгерімі бойынша жалпы университеттік жоғары көрсеткіштерге жету.
Осыған сәйкес, АҚШ–тың жоғары оқу орындарында студенттің академиялық жетістігіне әсер ететін сұрақтарды, мәселелерді шешу үшін әртүрлі саладағы университеттің қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста болуы маңызды шарт. АҚК орталықтарының университеттік қауымдастықтың төмендегі құрылымдарымен жақын әрекеттестікте болуы маңызды:
1.Пән оқытушысы мен Академиялық қолдау қызметтері арасындағы ынтымақтастығы (Collaboration Between Classroom Instructors and Academic Support Services). АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, студенттің академиялық жетістігіне тек қана оқу жоспары, оқу бағдарламалары мен пән оқытушының дәріс, семинар сабақтарын өткізу барысында көрінетін кәсіби іс-әрекетінің сапасы ғана емес, студентке оқу пәні, университеттік орта ұсынатын мүмкіндіктерді меңгеруге әсер ететін академиялық, әлеуметтік қолдау көрсететін қызметтерінің, орталықтардың сапалы ұйымдастырылуы да маңызды. АҚШ ғалымдарының пікірінше, факультеттің профессор-оқытушы құрамының, қосалқы академиялық қолдау көрсету орталықтарымен әрекеттестігі мен ынтымақтастығы, студенттің комбинаторлық, синергетикалық білімді меңгеру нәтижесіне әсер етіп, жеке оқу траекториясының сапалы ұйымдастырылуына жағдай жасайды.
Оқытушылар мен академиялық қолдау көрсету орталықтарының кәсіби қызметкерлерінің байланыстылығы, студенттің нақты пән бойынша артта қалу жағдайларын, периферийлық, маргиналдық құбылыстан, барлық академиялық қауымдастыққа ортақ мәселеге айналдырады, соның нәтижесінде профессор-оқытушы құрамының жеке студентпен жұмыс жасау іс-әрекетін үнемдейді. Қосымша тьютор сабақтары, белгілі бір пән профессорының құрастырған силлабусы бойынша жүргізіледі. Американың академиялық қолдау көрсету орталықтарының ұлттық бағалау баяндамасында, бұл бағыттың сапасы, «студенттің өмірін орталықтан ұйымдастыратын» кәсіби қызметке айналуымен бағаланады деп айқындалған.
Студенттердің ісімен айналысатын қызметтер мен академиялық қолдау көрсету орталықтарының ынтымақтастығы. АҚШ-тың педагогтарының пікірінше, академиялық жетістік когнитивті факторларға ғана тәуелді емес, сонымен қатар студенттің әлеуметтік бейімделуі, эмоционалды тұрақтылығы мен жекетұлғалық саулығымен де байланысты. АҚШ университеттері «жан-жақты» дамыған жекетұлғаны (whole person) қалыптастыруды мақсат етеді. Сондықтан, студенттің жетістігіне әсер ететін академиялық және академиялық емес факторлардың спектрін шешуде маңызды. АҚШ ғалымдарының зерттеулерінде, академиялық, когнитивті мәселелерді жетілдіруге ғана арналған біржақты қолдау көрсету бағдарламаларынан, студенттің әлеуметтік, академиялық, мәдени мәселелерін біріктірген, интегративті курстардың ұтымды екені дәлелденген [93,125б.; 107,27б.]. Сондықтан, АҚК орталықтарының функцияларына, студенттің бос уақытын ұйымдастыру үшін, әртүрлі спорт түрлері, мәдени-шығармашылық курстарына жазу да жатады.
Студент-студент қарым-қатынасында коллегиалдық академиялық ынтымақтастығы. Академиялық қолдау көрсету орталықтарында студентке, оқу үлгерімі жоғары студент тарапынан өткізілетін бағдарламалар да қарастырылған. Оларға пэр-тьютор (peer-tutoring), пэр-ментор (peer-mentoring), коллегиалдық дайындалу ортасы (peer study groups) жатады. Ағылшын тілінен аударған «peer»- пэр «тең», «бір позицияда» деген мағынады білдіреді. Көбіне, «оқытушы» позициясындағы студент, пән бойынша академиялық жоғары көрсеткіштер көрсеткен, профессорден жағымды пікірнама алған жоғары курс студенттері.
Тәжірибелі педагог ғалымдар H. Boylan & L Bliss еңбектерінде жоғары ұйымдастырылған, студент-студент әрекеттестігіндегі коллегиалдық бағдарламалар, студентті университетте сақтап қалу (retention) мен академиялық жетістігіне жетелейтін дамыта оқытудың негізгі компоненті деп анықталған [100, 3б.]. АҚШ ғалымдары, студент-студент қарым-қатынасындағы коллегиалдық бағдарламалардың негізгі төрт басымдықтарын анықтады:
1. бір-біріне жәрдемдесуге негізделген адамгершілік, толеранттылық қарым-қатынасты қалыптастыру;
2. университеттің академиялық қолдау көрсету ресурстарын сараптау;
3. оқытуды жетілдіру стратегиясын дамыту;
4. студент пен студент арасындағы жағымды тәжірибе алмасу, АҚК орталықтарының рөлінің арттыру.
АҚШ–тың жоғары білім беру жүйесі, қазіргі нарықтық кезеңнің өзгерістеріне төтеп бере алатын, өзіндік тәуелсіз саясатымен, әралуандылығымен ерекшеленетін университеттерден тұрады. АҚШ жоғары білім беру жүйесін шетелден келген студенттер арқылы көпұлттандыру саясатында үлкен жетістерге жеткенін айтып кеткен жөн. Халықаралық, жергілікті студенттердің, әралуандылығын ескере отырып, оларға ыңғайлы жеке оқу траекториясын қалыптастыруға академиялық қолдау көрсету орталықтарының әсерінің зор екені анықталды. Дегенмен, АҚК орталықтары білім беру жүйесіндегі қаржылық дағдарыстарға байланысты, университеттік, өзіндік ресурстар арқылы қаржыландырып, студенттің оқу үлгеріміне деген нәтижелілігін жыл сайын дәлелдеп отыруға тура келеді. Мысалы, Кентукки университетінінің Академиялық жетілдіру орталығы (The Study of Academic Enhancement) университет әкімшілігіне семестр сайын студенттер тарапынан сұраныс, бағдарламалардың білім алушылардың оқу үлгеріміне, бейімделуіне әсері туралы қорытынды есеп беруі тиіс.
АҚШ ғалымдарының зерттеу жұмыстарына жүйелі теориялық талдау жүргізу, АҚК орталықтарының веб-сайттарын тікелей интернет желісі арқылы қарастыру мүмкіндігі, онда жүргізілетін келесі семинар, практикалық сабақтардың студенттердің оқу үлгерімі мен университеттік өмірге бейімделуіне маңызды әсері бар екендігін айқындатты. 5-ші кестеде семинарлар кешешінің студент үшін маңыздылығы дәрежелік ранг түрінде берілген.
Кесте 5 АҚК орталықтарындағы студенттерге арналған семинарлар кешені
Белсенді семинар/іс шаралардың түрі
|
Ран-гісі
|
Студенттердің қалыптасқан ой-пікірлері
|
Мамандық таңдау семинарлары
(Career Workshop)
|
1
|
Таңдаған мамандықтың еңбек нарығындағы жағдайы, кәсіби байланыстар жасау, резюме құрастыру сияқты маңызды ақпараттар береді. Студенттің университетте негізгі, қосалқы (major, minor) мамандануы бойынша шешім қабылдауына әсер етеді.
|
Бағыт-бағдар беру іс шаралары
(Student Support
Services Orientation)
|
2
|
Студентке қажетті әртүрлі университеттік ресурстарды дер кезінде білуге, оқу бағдарламасы аясында қойылған мақсаттарды қайта қарастыруға, студенттікке өтпелі кезеңде академиялық қоғамның маңызды бір мүшесі ретінде сезінуіне әсер етеді.
|
Түскі ас/ Бродвей ойындары
(Dinner/Broadway
Play)
|
3
|
Бродвей ойындары, аудиториялық сабақтардан тыс уақытта, жаңа достар табуға, қажетті жаңа байланыстар орнатуға, студенттің әлеуметтенуіне көптеген мүмкіндіктер береді.
|
Стресстік жағдайларда көмек көрсету семинарлары
(Stress Relief
Workshop)
|
4
|
Семинар барысында алған ақпараттар студенттің әлеуметтік, академиялық қиыншылықтар барысында стресске қарсы тұруға, алдын-алуға, емтихан, сынақтарға дайындалу барысында пайдалы.
|
Тестке дайындалу семинарлары
(Test Preparation
Workshops)
|
5
|
Тестке дайындалу техникасы мен әдістерін меңгертеді
|
Оқу дағдыларын дамыту семинары
(College Skills
Workshop)
|
6
|
Білім алушының дербес оқу стилін анықтауда, сыни тұрғыдан оқу, жазу, дағдыларын қалыптастыруда, күнделікті оқу режимін құрастыруда жағымды әсер етеді.
|
Плагиат семинарлары
(Plagiarism Workshop)
|
7
|
Гуманитарлық пәндер бойынша зерттеу жұмыстарын жазуда әртүрлі плагиат түрлерін алдын алуға, студенттің белсенді оқу позициясын қалыптастыруға әсер етеді.
|
Әртүрлі іс- шаралар
Diversity Workshops
|
8
|
Әртүрлі семинарлар студенттің күнделікті тұрмыстық жағдайына байланысты ақпараттар, пайдалы кеңестер беріп, жатақханада тұру тәртібі, салауатты өмір салтын ұстануға әсер етеді.
|
Кестеден, мамандық бойынша кеңес беру семинарларының студенттердің көзқарастары бойынша, бірінші рангте екені байқалады. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, студенттердің мамандық таңдауы екінші курстан кейін анықталатынын ескере отырып, бұл семинарлар 1-2 курс білім алушылары және бітіруші түлектермен де жүргізіледі, студенттің кәсіби өзін-өзі анықтауына, мамандығы бойынша маңызды шешімдер қабылдауына үлкен әсер етеді. Бағыт-бағдар беру іс-шаралары, университеттік оқу дағдылары, тестке дайындық т.б. семинарлары кәсіби мамандармен жүйелі өткізіліп, студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудағы келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға бағытталғанын анықтадық. Семинарлар тақырыбы студенттің әртүрлі әлеуметтік, жекетұлғалық, академиялық, қарым-қатынастық мәселелеріне бағытталып, студенттің бейімделу үдерісінде өзектілігімен көзге түседі.
Сонымен бірге, кредиттік оқыту технологиясында білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыру мәселесіне жағымды жағдай мақсатымен, ҚР университеттеріне бейімдеп тәжірибеге қолдану үшін, АҚШ тың жоғары оқу орындарында академиялық қолдау көрсету орталықтарының уақыт талабында бәсекелестіктен көрінетін озық бағдарламаларын айқындалды. АҚШ ғалымдарының зерттеу жұмыстарын талдау жасау келе, келесі АҚК бағдарламаларының студенттер арасында жоғары сұранысқа ие болатынын анықтадық (кесте 6):
Кесте 6 Университет ортасында сұранысқа ие АҚК бағдарламалары
Озық тәжірибелі академиялық қолдау көрсету бағдарламалары
|
Мазмұны, әсері
|
1
|
2
|
Академиялық Эдвайзер
|
Студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруда маңызды іс әрекеттерді жүзеге асырады:
білім алушылардың өмірлік мақсаттарын зерттейді;
2) мамандық бағытындағы мақсаттарын анықтайды;
3) негізгі және қосалқы мамандану саласын іріктейді;
4) семестр сайын оқу курстарын жоспарлайды;
5) студенттің сабақ кестесін құрастырады.
Эдвайзерлердің қызметіндегі ынтымақтастық қағидасы студенттің ішкі оқу мотивациясын арттырады.
|
Тьютор
|
Тьютор, қиындық туғызатын курс тақырыптары бойынша қосымша сабақтар жүргізеді. Студенттерді оқытушы-профессор құрамынан басқа пән бойынша белгілі бір нұсқаушыларды бекітудің университеттік жүйесі; шағын топта немесе жеке-дара кеңесші- оқытушының басшылығымен жүргізілетін интенсивті сабақтар.
|
– кестенің жалғасы
1
|
2
|
Ментор
|
Ментор – студентке бекітілген тәлімгер. Студенттерге арналған ментор бағдарламасының үш негізгі мақсатына, университетке жаңа түскен студенттердің жатсыну сезімдерін азайту, студенттерге оқытушы - профессор құрамымен формалды емес әлеуметтік байланыс құруға мүмкіндік беру, студенттердің академиялық жетістігі мен университеттерді бітірушілердің санын арттыру жатады.
|
Бірінші курс студенттеріне арналған «Оқуда жетістікке жету» курстары
|
Бұл курстар студенттің академиялық жетістігін жетілдіру концепциясы мен идеясына негізделіп, студенттің оқу дағдыларын, білім алуға деген ішкі және сыртқы мотивациясын арттыруға байланысты да дәрістер, практикалық сабақтардан тұрады.
|
Кестеде берілген бағдарламалар жүйесі, АҚШ-тың университеттеріндегі «Академиялық қолдау көрсету» орталықтарының басым көпшілігінде орын алғанын айтып кеткен жөн. Бұл бағдарламалар, студентке бағытталған оқыту ортасын қалыптастыру қағидасына негізделе отырып ұйымдастырылады, осы бағыттаға үздік тәжірибелер қатарына жатады. Бағдарламалар, студент-студент, студент-кәсіби персоналдар қарым-қатынасында ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, Кентукки университеттерінде жаңадан қабылданған бірінші, екінші курст студенттеріне тьютор немесе ментор қызметі, жоғары курс студенттері тарабынан ұйымдастырылады, АҚК орталығының қызметкерлерімен қадағаланып отырады.
Келесі бөлімде, ҚР университеттеріндегі кредиттік оқыту технологиясына бейімдеп, студенттердің жеке оқу траекториясы мен белсенді оқу ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында АҚШ университттерінде академиялық қолдау көрсету орталықтарының озық бағдарламаларының мәні, мазмұны, университеттерде ұйымдастырылу ерекшеліктері анықталып, қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |