4 кезең. Жоғары білім беру жүйесінің жаһандануы. 1960-XXI ғасырдың басы.Студенттерге академиялық мәселелеріне басшылық жасайтын қызметтердің дамуына маңызды оқиғалар әсер етті. Олардың ішінде, 1964 жылы АҚШ-та, үкіметтің «кедейлікпен күрес» бағдарламасының маңызды бір бөлігі ретіндегі, «Экономикалық мүмкіндік» заңының (Economic Opportunity Act) қабылдануы. Соған сәйкес, 20 ғасырдың 60-80 жылдары федералдық үкіметпен жүргізілген «Жоғарыға жылжыту» (Upward Bound) [78] білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, әлеуметтік жағдайы төмен, кедей отбасынан шыққан, дарынды, шалғайдағы елдімекендердегі, мүгедек балаларға жоғары білім алуға материалдық-қаржылық, академиялық көмек көрсетілді, университеттік бағдарламаны орындауға жағдай жасалды. «Трио» бағдарламасы «жоғары білімді тұлға – экономикалық дамудың капиталы» теориясына сүйеніп жасалды [79].
Трио жобасының басым бағдарламаларының бірі – әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге академиялық және әлеуметтік қолдау көрсету қызметтерін, бағдарламаларын ұйымдастыру болды. Яғни, бағдарлама тек қана студенттерге шәкіртақы тағайындап қана қоймай, олардың білім алу мотивациясын, болашақ кәсіби қалыптасуын анықтауға, академиялық жетістікке жетелейтін «Өз уақытын басқару», «Сәттілікке жету жолы», «Ақылдылыққа жетелейтін семинар», «Университетте білім алу стратегиясы» сияқты ата-анасы бұрын соңды жоғары білімге қолы жетпеген кедей отбасының балаларына дамытушы, бағыт-бағдар беруші курстарын ұйымдастырды, қиындық туғызған пәндер бойынша қосымша тьютор сабақтарын жүргізді, арнайы осы топтағы студенттермен жұмыс жасайтын эдвайзер, ментор, тьютор сияқты академиялық қолдау қызметкерлерін бекітті. Сонымен қатар, олардың жатақханада тұру, университетте дос табу, академиялық ортада қарым–қатынас жасау т.б. мәселелері бойынша психологиялық кеңестер жүргізіп тұрды. Трио бағдарламасы, университетте тек қана кедей отбасынан ғана емес, барлық білім алушыларға қатысты АҚК (ары қарай академиялық қолдау көрсету) бағдарламаларының дамуына да үлкен әсер етті.
АҚШ–тың көрнекті білім беру қызметкерлерінің бірі, G.M.Mardsen «Америка университетінің жүрегі» (The Soul of the American University) атты мақаласында Трио бағдарламасының аясында университеттер, әлеуметтік аз қамтылған, білім алу мүмкіндіктері мен оқу дағдылары төмен студенттерді қабылдап, АҚК орталықтарын үлкен масштабтарда ұйымдастырды» - деп тұжырымдады [80]. 1970 жылы Карнеги Комиссиясының «Білім алуға мүмкіндік: жоғары білім алуды қамтамасыз ететін бағдарламалар жүйесі» атты мақаласынан кейін, академиялық қолдау көрсету қызметтері (Student Academic Services), жоғары білім алу үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ететін ұлттық білім беру міндеттемелерінің біріне айналды [81].
Жоғары білім алуға студенттердің қажеттіліктері арттып, 50-60 жылдары ЖОО-на қабылданған білім алушылардың саны 41% өсті. Осыған байланысты білім алушылардың кәсіби дамуы мен әлеуметтену мәселелері, студент пен университеттің қарым-қатынасы бойынша ғылыми-тәжірибелік зерттеулер, теориялар қалыптаса бастады.
АҚШ ғалымы Rentz [47, 123 б.] пікірінше, 1970 жылдары университеттер маман даярлаудағы өздерінің миссиясы мен мақсаттарын қайта қарастырып, экономикалық дағдарыс уақытындағы тәжірибеге бағытталған оқу пәндері мен мамандану бағыттарын әзірлеп, студентті университет қабырғасында сақтап қалу (retention) бағдарламаларын кеңейткен. Соған байланысты, 1970 жылдары АҚШ-та қаржылық жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған, академиялық дайындығы төмен, этникалық аз ұлттар өкілі, мүмкіндіктері шектелген, жасы шамасы студенттік кезеңнен жоғары, шетелден келген студенттердің саны өсіп, оларды университет қабырғасында сақтап қалу үшін (retention), жеке-дара кеңес беру, оқытудың жекетұлғаға бағытталған, гуманистік технологияларын қолдануды қажет етті. Академиялық эдвайзерлер студентті АҚК элементтерімен байланыстырушы маманы деп танылды.
1970-80 жж. АҚК қызметтеріне деген жоғары сұраныс, факультет немесе университет деңгейінде арнайы эдвайзер, ментор, пәндер бойынша тьюторлардан, сыни тұрғыдан академиялық оқу-жазу курстарынан тұратын орталықтарын ашуға, олардың қызметін орталықтан басқаруға, үйлестіруге әкелді. Жоғарыда қарастырылған студенттерге «әкелік қамқор» (in loco parentis) тұрғысынан қарау түбегейлі жойылып, студенттер ісімен айналысатын арнайы кәсіби қызметтердің бағыттаушы, тәрбиеші ретіндегі рөлі арта түсті. Студенттер институционалдық басқару ісіне атсалысып, олардың оқу жоспарын құру, АҚК бағдарламалары, жатақхана, кітапхана мәселелері, мәдени-көпшілік ұйымдарда шешім қабылдауда көзқарастары есепке алынды.
Жоғары білім беру жүйесінің құрылымының студенттің қажеттіліктерін ескере отырып кеңеюі, мамандандырылған қабылдау комиссиясы, қаржылық көмек көрсету орталығы, пәндерге тіркелу офис-регистраторлары, жатақхана, жеке-дара және академиялық кеңесшілер, бағыт-бағдар беруші курстар, студентке академиялық және әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламалары, орталықтарын дамуына әкелді. Университеттердің саяси бағыты бойынша, білім алушылармен жұмыс істейтін кадрлар, студенттің даму теорияларын, психологиялық бейнесін, мәдени-әлеуметтік, ұлттық, жас және жыныс ерекшеліктерін ескеріп, оның дамуына әсер ете алатын «студентті дамытушы», «жоғары білім беру жүйесіндегі кеңесші» кәсіби мамандар ретінде қарастырыла бастады.
ЖОО-да академиялық эдвайзер, тьютор, ментор (тәлімгер) қызметтерінің іс-әрекетін дамытуға, оңтайландыруға бағытталған арнайы ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, 1972 жылы АҚШ-тың білім беру саласындағы профессорлары B. Crookston [56, 12-17 б.] және Т. O'Banion [57, 62-69 б.] академиялық эдвайзерлердің қызметінің бет-бейнесін түбегейлі өзгеріске ұшыратқан, «студент тұлғасын дамытушы эдвайзер» моделін академиялық қауымға ұсынды. Бұл модель академиялық эдвайзерлерді кәсібилендіруге, студентті басқа студенттік қызметтермен байланыстырушы, жауапты маман тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік берді.
Академиялық эдвайзерлер АҚШ педагогикасының маңызды кәсіби тұлғасына айналып, оның іс-әрекетін жетілдіру мақсатымен ұйымдар да ашылды. Солардың ішінде ең маңыздысына, Ұлттық Академиялық Эдвайзерлер Ассоциациясы (National Academic Advising Association-Nacada) жатады. Жетекші ұйым, АҚШ-та 1979 жылы өткізілген алғашқы эдвайзерлердің конференциясының шешімінің негізінде жұмысын бастап, 1981 жылы Накада журналын «Nacada Journal» жариялады [82].
1990-2010 аралығында ЖОО –ға түсушілердің саны шетел, әсіресе Қытай студенттерінің басымдығынан 80-ші жылдармен салыстырған үш есеге өсті. Білім беруді гуманизациялауды ақпараттық технологиялар негізінде қайта қарастырылған еңбектер жарық көрді. Әртүрлі студенттің кәсіби дамуы мен академиялық жетістігін көздеген орталықтар ашылды. АҚШ университеттері студенттердің білім алуына, дербес орындайтын өздік жұмыстарына немқұрайлылықпен қарау, білім сапасының төмендеуіне, АҚШ-тың жоғары білімі туралы әлеуметтік, әлемдік көзқарастың өзгеруіне, соның нәтижесінде жоғары білім беру институттарына деген сұраныстың азаюына әкелетінін жауапкершілікпен мойындады.
21 ғасырдың басында, академиялық қолдау көрсету орталықтарының басты функцияларының біріне «студенттің академиялық жетістігін жарнамалау», білім алушылар арасында «студенттің академиялық жетістігі» ұғымын тарату (Student Academic Success), соның негізінде білім алушылардың өзбетімен білімін алу үдерісін барынша жекедараландыру саясаты көзделді. АҚШ-тың білім беру жүйесінде «әрбір білім алушының академиялық жетістігі» студенттің де, университеттің де басты мақсатына айналды
Соған байланысты, қазіргі АҚШ шындығында, ұлттық деңгейде барлық университеттерді қамтуға бағытталған «Студент уақытының жұмсалу сауалнамасы» (National Survey of Student engagement) жүргізіліп отырады [83]. Оның басты мақсаты: білім алушылардың университеттің ұсынып отырған білім беру бағдарламаларымен қанағаттану деңгейін анықтау, олардың аудиториялық және аудиториядан тыс іс-шараларға жіберген уақытын өлшеу, салыстыру, соның негізінде әрбір университеттің білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс уақытын ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау, олардың оқыған курстары мен әдебиеттерінің саны, оқу үлгерімі, қоғамдық іс-шараларға қатысуы, басқа студенттермен, оқытушылармен қарым-қатынасына негізделген рейтинг жасау. «Студент уақытының жұмсалу сауалнамасы» (National Survey of Student engagement) алғашқы рет 1999 жылы пилоттық түрде жүргізілсе, 2013 жылы оған 620 университеттің 1,6 миллион студенті қатыстырылған.
21 ғасырдың бас кезінде, студенттің академиялық жетістігінің себептері, оған кері әсерін тигізетін факторлар арнайы эксперимент барысында зерттеле басталды. Алғаш рет, студенттің академиялық жетістігінің себептерін ғылыми-концептуалдық тұрғыдан қарастырылды. Білім алушылармен тікелей қарым- қатынас жасайтын университеттік құрылымдар, соның ішінде академиялық қолдау көрсету орталықтарының (Academic Support Center) іс-әрекеттері, студенттің даму теорияларына негізделіп, ұйымдастырылды. Солардың ішіндегі ең танымалдарына, A. W. Astin «Студенттің қоғамдық белсенділігі» (Student involvement: A developmental theory for higher education) [84], V. Tinto «Студенттің университеттен шығып қалу себептері» (Dropout from higher education: A theoretical synthesis of recent research) [85] сияқты зерттеулерін жатқыза аламыз.
Зерттеу нысанасына алып отырған Америка жоғары оқу орындарының 25 пайызы студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарын федералдық үкіметтің грантының негізінде ТРИО бағдарламасы бойынша ұйымдастырса, қалғандары университеттік бюджет негізінде жүзеге асыруда. Себебі, абитуриенттердің, оқу барысындағы академиялық кедергілерді жеңуге, олардың оқу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін академиялық қолдау көрсету бағдарламалары мен орталықтарын, университетті таңдаудағы басты критерийі ретінде қарастырылады.
Американың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуына жан-жақты талдау жасаудан, әрбір уақыт кезеңінде студенттерге арналған академиялық қолдау көрсету қызметтерінің жоғары білім беру жүйесінің саяси бағыттары мен өзгерістеріне байланысты өзіндік рөлі мен ерекшеліктерінің орын алғаны айқындалды. Ол өз кезегінде, зерттеуге алып отырған мәселенің қазіргі АҚШ университеттеріндегі ерекшеліктері мен басымдықтарын анықтауға, толыққанды теориялық-концептуалдық негізін толық түсінуге мүмкіндік береді деп қорытындылаймыз.
Келесі бөлімде қазіргі АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету ұғымының мәнін, ұйымдастырылу қағидаларын анықтау, бұл бағыттың бағдарламаларын біріктіретін арнайы орталықтардың жоғары білім беру жүйесінде алатын рөлін, студенттер тарапынан жоғары сұранысқа ие болу себептерін айқындау мәселелері мазмұндалады.
1.2 АҚШ–тың жоғары білім беру жүйесінде академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі
АҚШ университеттерінде ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан, «академиялық қолдау көрсету» ұғымын, оны жүзеге асыратын орталықтарды қарастырмас бұрын, осы мәселенің себеп-салдарын жете түсінуге мүмкіндік беретін, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің маман даярлаудағы мақсатын, жаһандану уақытындағы жоғары білім беру саясатынының маңызды бағыттарын анықтауымыз қажет. Бұл мәселеге қатысты, американ ғалымы Harvard Bowen студентке бағытталған оқыту, гуманистік қағидаларына сүйене отырып, теориялық негіздеген, «АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің маман даярлаудағы мақсаты» тұжырымдамасын басшылыққа алдық [86].
H.Bowen жоғары білім беру жүйесінің мақсатын, студенттің университеттік білім алу барысында қалыптасатын, жалпы, кәсіби оқу көрсеткіштері мен дағдыларын бейнелеу арқылы анықтады. 1977 жылы H. Bowen, АҚШ жоғары білім беру жүйесінің мақсаты, қоғамның бәсекелестік үдерісімен ұштасып, студент тұлғасының жан-жақты әлеуетін дамытумен байланысты болуы қажет деп тұжырымдады. Студенттің академиялық жетістігінің теориясының негізін қалаушы, американ ғалымы V. Тinto өз зерттеулерінде, H.Bowen тұжырымдамасы, АҚШ-тың университеттерінде студенттің когнитивті, эмоционалдық және адамгершілік дағдыларын дамыту мақсатында академиялық қолдау көрсету орталықтарының кең таралуына, сұраныста болуына, Америка университетінің маңызды құрылымы ретінде қалыптасуына әсер етті деп тұжырымдайды [87]. Бұл мәселелер, H.Bowen ұсынған «АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі маман даярлаудағы» тұжырымдамасын жан-жақты талдау жасауды қажет етеді.
H. Bowen тұжырымдамасының негізгі тұстарын қарастырсақ, ол студенттің когнитивті, эмоционалдық, адамгершілік (мораль) дағдылары мен практикалық құзіреттіліктерінің көрсеткіштерін айқындаған. Мысалы, студенттің когнитивті дағдыларына: вербалдық, (теориялық, практикалық тұрғыда ғылым түрлері бойынша академиялық жазу, сөйлеу мүмкіндіктері, шет тілдерін меңгеру); сандық (статистикалық анализ жасау, математиканың, бухгалтерлік есептің негізгі ұғымдарын түсіну); өмір бойы білім алу ( Lifelong learning - LLL) - (оқуға деген махаббат, тұрақталған интелектуалдық қызығушылықтар, оқу дағдыларына үйрену) дағдыларын, студенттің эмоционалдық, адамгершілік (мораль) дағдыларының көрсеткіштеріне: тұлғаның өзін-өзі тануы (тұлғалық құндылықтары, қызығушылықтары, құштарлықтары мен қабілеттерін, әлсіз тұстарын айқындай алуы, жекетұлғалық сәйкестенуі мен бірегейлігін тануы); психологиялық тұрақтылық (эмоцияларын конструктивті көрсете білуі, эмоционалды тұрақтылық, қауіпсіздікті сезінуі, өз–өзіне сенімділік, шешім қабылдағыштық, өзін-өзі және басқаларды қабылдай алуы); адамды түсіне білуі (аяушылық көрсету, кішіпейілділік, біреудің қайғысына ортақ болу, сыйластық, шыдамдылық, тұлғалармен қарым-қатынас жасай білуі) жатқызса, «практикалық құзіреттіліктер» санатына: мақсатқа жету қажеттілігі (орындау мотивациясы, бастамашылық (инициатива), өзін-өзі ұйымдастыра алуы); болашаққа бағдарлық (аса мұқияттылықпен жоспарлау, аса қауіпті шешімдер қабылдауда саналы болу, болашақ кәсіби мақсаттарын айқындау, жоспарлау), бейімделу (өзгерістерге ашықтық, жаңа идеяларға шыдамдылық, өз-өзіне жауапкершілік ала білуі, тәжірибеде үйрену қабілеттілігі ); көшбасшылық (басқа адамдардың сенімінен шыға білуі, жауапкершілік ала білуі, ұйымдастырушылық қасиеттер); денсаулық (физикалық, психикалық жай-күйін сақтаудың негізгі қағидаларын түсінуі ) және т.б. жатқызды [86, 55-59 б.].
Университеттік ортада студент тұлғасын тәрбиелеу мақсаттарын қарастырудан, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде білім алушыларға тек қана кәсіби білімдерді ғана беріп қана қоймай, эмоционалды, дене, әлеуметтік, адамгершілік, рухани, интеллектуалдық жағынан дамыған, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру идеясының 20 ғасырдың 70 жылдарынан орын алғаны байқалады. АҚШ университеттері алғашында H.Bowen кейінен B.Magolda [88] тұжырымдамаларына сүйене отырып, студенттің жоғары білім алу үдерісінде қалыптасатын құзіреттіліктер жүйесін қалыптастыруға әсер ететін әртүрлі академиялық қолдау көрсету қызметтері мен орталықтарын дамытуды көздеді.
Демек, жоғарыдағы тұжырымдамаларға талдау жасай келе, АҚШ университеттері тек қана кәсіби білікті мамандарды ғана емес, нарықтық қоғамның талаптарына төтеп беретін, бәсекеге қабілетті жекетұлғаны қалыптастыруды мақсат етеді деп тұжырымдаймыз.
Мәселен, Американың жоғары білім беру ассоциациясы (American Association for Higher Education), Студенттік кадрлар әкімшілігінің Ұлттық Ассоциациясы (National Association of Student Personnel Administrators) сияқты беделді ұйымдардың құжаттары, «университеттік оқыту-ұзақ мерзімді, тұлғаның тәжірибесіне негізделе отырып, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған куммулиятивті, оның қазіргі жағдайы мен болашағына әсер ететін үдеріс» қорытындылайды [89]. АҚШ-тың ғылыми-педагогикалық әдебиеттерінде, «тұтас» немесе жанжақты тұлғаны (whole person) қалыптастыру ұғымы үш маңызды постулатқа сүйенеді. Біріншіден, студенттер университеттің білім беру сапасын еңбек нарығында дәлелдейтін, оқудан белгілі бір жекедара академиялық, әлеуметтік тәжірибе алатын, күрделі, бірегей тұлғалар. Сапалы білім беру үдерісі, студенттердің жекетұлғалық қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне гуманистік педагогика тұрғысынан қарап, басқару құрылымы мен оқыту әдістерді, аудиториядан тыс іс-шараларды түрлендіруді қажет етеді. Екіншіден, оқу үдерісінің негізі, кәсіби бағытта, әлеуметтік «ағзалар» ретінде басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы, белгілі бір университеттің білім сапасын көрсететін студенттік тұлғалармен жүзеге асады. Үшіншіден, ЖОО-ның академиялық, әлеуметтік және физикалық ортасы - студенттің кәсіби қалыптасуына, жүріс-тұрысына, қызығушылық-тарына, әлеуметтенуіне маңызды әсер етеді. Соған сәйкес, аудиториялық сабақтар, аудиториядан тыс іс-шаралар, студенттермен, факультет оқытушылары мен АҚК орталықтарының мамандарымен қарым-қатынасқа түсу үдерісі, студенттің, өзіндік оқу үдерісін жетілдіруі немесе кедергі келтіруі мүмкін.
Ал, студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытына қатысты, АҚШ-тың жоғары білім беру саясатында, бірдей мәмілеге келе алмай отырған, бірнеше ұстанымдар мен бағыттар да бар. Мысалы, АҚШ білім беру саясаткерлері, педагог-ғалымдары келесі тұжырымдамаларды ұсынады:
Американың жаңа жаһандық экономикаға көшуіне байланысты білім беру сапасын қайта қарастырып, арттыруы қажет [90].
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесі, кез келген мемлекеттің еңбек нарығында бәсекелестіктен табылатын, жаһандық көшбасшы мамандарды дайындау қажет [49, 123 б.].
Білім алушылар, 21 ғасырдың өмір сүру режимі мен еңбек нарығында бәсекелестікте болуы үшін, жүйелі кәсіби, жекетұлғалық, әлеуметтік дайындықты қажет етеді [91].
Студенттің оқу үдерісін тиімділеудің негізгі механизмдерінің біріне АҚК орталықтары, бағдарламалары жатады, олардың студенттің тағдырына әсерін мойындауымыз қажет [92].
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, студенттің оқу үдерісін оңтайландыру кешенін айқындау мақсатында, «студенттерге академиялық қолдау көрсету» (student academic support) термині қолданылады. Университеттік АҚК бағыты, студенттердің кәсіби, жекетұлғалық қалыптасуынақа жетті, қосымша оқыту ортасымен қамтамасыз ету ғана емес, оның жекетұлғалық, кәсіби қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақ маман ретінде қалыптасуына әсер ету, пән бойынша артта қалушылармен жеке-дара жұмыс жасау, кемшіліктерді түзету, оқу дағдыларын дамыту, білім алу мотивациясын арттыру, оқу уақытын сауатты қолдануға үйрету, эссе және т.б. ғылыми іс-әрекеттің өнімдерін орындауды жетілдіретін кешенді қызметтерден, орталықтардан тұрады. Дегенмен, АҚК орталықтары, студенттің тек оқу мәселелерін ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік, қаржылық, т.б. сұрақтарына да бағытталған. Мәселен ғалым A.Astin, «Студенттің университеттен шығып кету себептері» атты классикалық еңбегінде, білім алушылардың әлеуметтік, жекетұлғалық сұрақтарын дер кезінде шеше алмауынан, «оқуды тастап кету» жағдайларының көп кездескенін дәлелденген [93]. Сол себептен, қазіргі білім беру үдерісінің жаһандану жағдайында, осындай бағыттағы зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ескере отырып, АҚШ-тың АҚК орталықтары, қызметтері, студенттің университетті жоғары оқу үлгерімімен, жан-жақты тәжірибемен аяқтауы үшін, осы мәселенің барлық құрамдас бөліктері мен салаларын қарастыруға бағыттайды.
Шын мәнінде, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету саласын айқындау, сырт көзбен қарағаннан күрделілек. Көптеген АҚШ-тың білім беру саласындағы зерттеушілері, педагог -ғалымдары үшін, бұл терминді қолдану, белгілі бір ғылым саласын меңгеруде академиялық тұрғыдан көмек көрсететін, студенттердің оқу іс-әрекетінің дағдыларын дамытатын, қосымша бағыт-бағдар беруші курстар, негізгі, күрделі оқу пәндері бойынша жүргізілетін тьютор сабақтары, ағылшын немесе математика, жазу курстары, академиялық эдвайзер, ментор қызметтерімен байланысты деп тұжырымдаса, екіншілері, академиялық қолдау көрсету қызметтерінің ауқымын кеңейтіп, оған әртүрлі студенттік жобалар, қаржылық көмек көрсету, психологиялық кеңес алу, тұлғааралық, ұлтаралық қарым-қатынасты жетілдіру, көшбасшылық курстарын, қорыта келе, университеттегі студенттің академиялық жетістігіне әсер ететін қызметтер мен іс-шараларды жатқызады.
Ендігі кезекте, студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытына қатысты американдық педагог ғалымдардың ой тұжырымдарын қарастырайық. Жоғары білім беру жүйесінде студенттердің оқу үлгерімін арттыру мәселелерін қарастырған ғалымдар Y.Gullat, W.Jan өз зерттеулерінде, АҚШ-тың университеттері, студенттердің академиялық мәселелеріне жағымды әсер ету үшін АҚК орталықтарын ұйымдастырады. Оның академиялық эдвайзер, тьютор, ментор, қосымша инструктор, психологиялық кеңес, оқу дағдыларын дамыту сияқты негізгі бағдарламалары, кампус қауымдастығының әртүрлі мүшелелеріне сапалы, позитивті тәжірибе алуына бағытталған деп тұжырымдайды [94].
W.R. Habley мақаласында, АҚК орталықтары студенттердің «білім алушы» ретінде көзқарасын жетілдіру, өзіндік белсенділігін арттыруға жетелейтін маңызды механизм деп қорытындылады [95].
Ал, ғалым A. Astin, зерттеулері, студентті маман ретінде қалыптастыру, барлық білім беру жүйесінің басты мақсаты деген идеяны ескере отырып, АҚК орталықтарының басты функцияларына. студентті университеттік іс- шараларға белсенде қатыстыру арқылы, білім алу тәжірибесін барынша арттыруға жағдай жасау деп қарастырды [93, 211 б.].
Американдық педагог-ғалымдар D.Cooper, M. A.Healy, J. Simpson, сапалы ұйымдастырылған АҚК орталықтары, студенттің оқу үлгерімін жетілдіру үшін, университеттік құрылымдармен жұмыс атқару, білім алушылардың күнделікті оқу жоспарымен тығыз қарым-қатынас жасауға білікті мамандарды тарту, жеке-дара, қосымша сабақтар, кеңестер жүргізу белгілерімен анықталады деп қорытындылай келе, сапалы АҚК орталықтарын ұйымдастыру мұқияттылықпен жоспарлауды, арнайы мамандарды,жұмыс нәтижесін үнемі бағалауды, күш- жігерді қажет етеді деген нұсқаулар береді [96].
Ал, M.Thorpe [97] американдық ЖОО-да, АҚК орталықтары жоғары ұйымдасқан, сапалы қосымша оқыту ортасы деген тұжырымдамаға келсе, F.Rasmussen, E.Skinner [98] зерттеу жұмысында, АҚШ–тың ЖОО-да орын алған АҚК орталықтары, студенттің оқу үлгерімі мен әлеуметтік бейімделуіне жағымды әсер ететін, жалпы білім алу дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлау, жазу дағдыларын дамытуға бағытталған бағдарламалардан тұрады деп анықтады.
«Студенттің оқу-танымдық белсенділігі - оның академиялық жетістігінің негізгі факторы» атты зерттеудің авторы John Bean, академиялық қолдау көрсету, көбіне аудиториялық сабақтан тыс жүргізілетін білім алушының когнитивті дамуына әсер ететін механизмдер кешені, деп анықтады [99] .
Американың білім беру саласындағы көрнекті ғалымдары, H.Boylan және L.Bliss [100] жоғары деңгейде ұйымдасқан, АҚК орталықтары, студентті университетте сақтап қалуға (retention), академиялық жетістігіне жетелейтін, дамыта оқытудың негізгі компоненті деген қорытындыға келді.
Ал, АҚШ білім беру қызметкерлері, A. McMurray және D. Sorrells зерттеулері, аудиториялық сабақтар (дәріс, семинар) мен АҚК орталықтары, АҚШ–тың университеттік білім беру сапасын арттырудың негізгі механизмі болатынын дәлелдеді [101].
K.Andrepont-Warren зерттеулері, АҚК орталықтарының негізгі бағдарламаларына, инструктор, тьютор сабақтары, оқу дағдылары семинарлары, мәдени, әлеуметтік іс-шаралар, кәсіби эдвайзерлер, студент-студент (пэр) дамытушы сыныптарын жатқызған. Автор шын мәнінде, жүйелі түрде студентке кәсіби кеңестер беру, оның өмірлік, кәсіби мақсаттарын анықтауға, оны жүзеге асыру қадамдарына жетелеуге мүмкіндік беретін, дамытушы үдеріс деп қорытындылады [102].
Білім беру жүйесіндегі халықаралық стандарттарды классификациялау ұйымының (International Standard Classification of Education (ISCED) анықтамасына сәйкес академиялық қолдау көрсету-студенттердің оқу бағдарламаларын меңгеруіне жауапты болатын барлық қызметкерлердің іс-әрекеттері деп жүйеленіп, оған, білім беру ұйымындағы барлық академиялық қызметкерлер іс-әрекеттері жатады деп тұжырым жасаған [103].
Зерттеу тақырыбына қатысты, бірқатар ғалымдардың ғылыми-педагогикалық еңбектерін қарастыру негізінде, АҚШ университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету орталықтары - білім алушылардың академиялық, әлеуметтік тәжірибелерін арттыруға, жетілдіруге ықпал ететін, олардың жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін, маңызды қосымша білім беру ортасы екенін анықтай келе, «білім алушыларға академиялық қолдау көрсету- студенттің университеттік оқу бағдарламасын меңгеру барысында академиялық үлгеріміне, әлеуметтенуіне институционалды ұйымдасқан түрде әсер ету, олардың білімдегі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы мамандар тарапынан кеңестер беру кешені» тұжырымында
авторлық анықтама береміз.
Сонымен бірге, американдық ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау жүргізу, АҚШ-тың педагогикалық ғылымында, АҚК орталықтарының негізгі мақсаттары мен іс-әрекеттерін айқындауға, нақтылауға мүмкіндік берді:
студенттің білім алу мақсатын анықтау;
оқу пәндерінің мазмұнын нақтылауға, мәнін түсінуге көмектесу;
студенттің өздік жұмыстары мен ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға жетекшілік жасау;
оқу шарттары мен келісімдерін орнату;
арнайы оқу пәндері немесе тақырыптары бойынша қосымша жеке-дара сабақтар өткізу;
студенттік өмірге бейімдеу;
студенттердің оқу-танымдық, әлеуметтік дағдыларын дамыту.
Бұл қызметтердің топтастыру мәселесінің әртүрлі болғанымен, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студентке бағытталған оқыту ортасын қалыптастыруда шешуші факторы болып, білім алушылардың оқу тәжірибесі мен оқу сапасын арттыруға тікелей әсер ететін маңызды құрал екенін анықтаймыз.
АҚШ университеттерінде, академиялық қолдау көрсету орталықтары кәсіби дайындалған мамандар арқылы ұйымдастырылған, професор-оқытушылардың іс-әрекетін жеңілдетуге, олардың студенттермен жеке-дара жұмыс жасаудағы уақытын үнемдеуге әсерін тигізетін студент-оқытушы қарым-қатынасынан дербес ұйымдастырылған, университеттің жеке білім беру құрылымы деп те тұжырымдауға болады.
Соған байланысты, неліктен АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде АҚК орталықтарының студенттер тарапынан сұраныста болуының себебі неде? деген сұрақ туындайды. Әрине, ол мәселені, университеттік оқыту – тәрбие үдерісінің басты ерекшеліктерінен анықтауымыз қажет.
Осы мәселеге қатысты ғалым, V.Тinto «Білім беру ортасының студенттің жетістігіне әсері» (The impact of learning communities on student success) [87, 134-139 б.] еңбегінде, АҚК орталықтарының университет ортасында өзіндік өміршеңдігінің екі себебін анықтайды: біріншісі, студенттің білімін қадағалауда қатаң талаптардың қойылуы; екіншісі, оқыту үдерісінің жекедаралануы.
Студенттің білімін бағалауда қойылатын қатаң талаптар мәселесін қарастырсақ, АҚШ университеттерінде білім сапасы үнемі қадағаланып отырады, ағымдық бақылаудың нәтижесі, қорытынды бағалауға әсер етеді. Студенттің аудиториядан тыс орындайтын өздік жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Дәріс, семинар, практикалық сабақтарына қатысу үшін, студент дербес оқу-танымдық іс-әрекет нәтижесінде көп мөлшерде, пәнге қатысты әдебиеттерді оқып, меңгеруі тиіс. Студент, профессордың дәріс сабағына дайындалмаса, пікірталастарға қатыса алмайды. Баға қою барысында пікірталастарға, семинарларға қатысу, семестр бойы қорытынды тест, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері әсер етеді. Студенттің өздік жұмыстары плагиат бағдарламасына тексеріліп, ал ондай жағдайлар кездессе, білім алушының алдыңғы академиялық жетістіктерін есептеусіз, университеттен шығаруға дейін алып келетін қатаң жазалар, ескертпелер жүргізіледі. Мысалы, Стэндфорд университетінде, плагиат мәселелерін алдын-алу үшін студенттерден «ар-намыс кодексіне» қол қоюын талап етіледі. Дәріс сабақтарына студенттер профессордың электрондық пошта арқылы жіберген материалымен алдын ала танысып, қиындық туғызған сұрақтарын белгілеп келеді. Ал дәріс сабақтары осы мәселелерге профессордың жауап беруі, студенттермен бірігіп талдау бойынша жүргізіледі.
Әрине, білім беру сапасы бірнеше факторлармен анықталатын күрделі мәселе. АҚШ университеттерінде, білім беру сапасы профессор-оқытушы құрамының деңгейімен, студенттік контингенттің білімділігімен, студенттерге, абитуриенттерге қойылатын талаптары, оқу үдерісінің электрондық бағдарламалармен қамтамасыз етілуі, материалды-техникалық база және т.б. критерийлермен анықталады. Білім беру сапасын жетілдіру бағытында оқытушы жұмысының тиімділігіне қойылатын талаптардың критерийлерде жоғары. Мысалы, Кентукки университетінің «Академиялық жетілдіруді зерттеу» орталығының білім алушылармен, оқытушылармен жүргізген сауалнамасына сәйкес, оқытушылардың келесі кәсіби сапаларын айқындаған:
пәнді немесе курсты оқытуды ғылыми-концептуалдық тұрғыдан ұйымдастыру;
студенттермен позитивті қарым-қатынас жасау дағдысы;
пәнді, оны оқыту әдістемесін білуі, студенттердің білімін бағалаудағы объективтілігі;
оқытудың инновациялық әдістерін білуі;
ақпараттық технологияларды қолдана білуі.
Қатаң оқу талаптарына төтеп бере алмаған, бәсекелестіктен көріне алмаған студенттер университтен шығып кетуіне тура келеді. Студентті, білім беру саласының «тұтынушысы» деп санайтын АҚШ университеттері үшін, бұл жағымды мәселе емес. Яғни, университетті оқу үлгеріміне байланысты «тастап кеткен» әрбір студент, университеттің қаржылық-материалдық жағдайына кері әсерін тигізеді деген ұстаным бар. Сондықтан, АҚК орталықтары арқылы, студенттерге оқу-танымдық іс-әрекетін басқару, ұйымдастыру, жеке оқу траекториясын құрастыру үшін, пәнді игеруге қойылатын қатаң талаптарға қажетті әртүрлі оқу дағдыларын дамыту курстары, күрделі пәндерді меңгеруге қажетті тьютор сабақтары және т.б. белсенді ұйымдастырылады [104]. Бұл жағдайда, орталықтың мамандары, студенттің білімін «толықтырушы», «түзетуші», «жетілдіруші», «қолдаушы» т.б. қосымша педагогтар рөлдерін атқарады деп тұжырымдауға да болады. Осы жағдайда, АҚШ университеттері, студенттердің оқу пәндерін меңгеруге қатаң талаптар қоя отырып, оны орындауға қажетті механизмдерді де қарастырғанын басып айтқан жөн.
Екіншісі, студенттердің АҚК орталықтарына сұраныс туғызатын ерекшелігі – оқыту-тәрбие үдерісінің жекедаралануы (индивидуализация).
Америка университеттерінде белгілі бір мамандықты таңдау бойынша студенттер қауымынан құралған «академиялық топ» ұғымы жоқ. Студенттік топ, белгілі бір уақытта, аудиториялық сабақта ғана бірігіп жұмыс атқаратын білім алушылар. Әрбір студент, өзіндік жеке оқу жоспары бойынша, оқу пәндеріне жазылып (Enrollment), оқу іс-әрекетін ұйымдастырады, дәріс, семинар сабақтарына қатысады.
Алғаш рет АҚШ-та тәжірибеге ендіріліп, қалыптасқан кредиттік оқыту технологиясында, студенттер жеке оқу жоспары, бойынша оқу траекториясын құрастырады. АҚШ университеттерінде әрбір оқу пәні, оның күрделілігі, көлеміне байланысты өткізілетін дәріс, семинар, лабораториялық сабақтардың, студентке берілетін өздік жұмыстардың санына байланысты кредит санымен (credit hours) айқындалады.
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі, кредиттік оқыту технологиясында, студенттің оқу іс-әрекетін жекедараландыру келесі мәселелерден көре аламыз: әрбір семестрде студенттің меңгеретін пәндерді таңдау құқығы; студентке ыңғайлы семестрлік оқу кестесінің құрастырылуы; жалпы білім беру, мамандық бойынша оқу пәндерін таңдау құқығы; университетаралық кредиттердің аударудың жеңілдігі; студенттің белгілі бір кредиттер санын жинағаннан кейін, білім алуын тоқтатып, кейіннен жалғастыра алуы. Университеттер арасындағы кредиттердің салыстыруы мен көшірілу жеңілдігі, жұмыс берушілер мен нарықтық қоғамның талаптары жауап беретін оқу бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осындай студентке берілген білім беру мүмкіндіктерінде, оның оқу-танымдық іс–әрекетін тиімді ұйымдастыру мәселелерін шешуде, АҚК орталықтарының маңыздылығы арта түседі.
Американың барлық білім беру жүйесі демократиялық қоғамның толыққанды азаматын тәрбиелеу, тұлғаның жекедара қабілеттерін мен дүниетанымын қолдауға бағытталған. Әрбір ЖОО-ны, студентті қабылдаудан, оқуды аяқтағанға дейін қаржылық көмек, кеңес беру, болашақ мамандығын жоспарлау т.б. сияқты психологиялық және академиялық, әлеуметтік кедергілердің алдын алуға тырысады. Соған сәйкес, АҚК орталықтарының келесі негізгі университеттік міндеттерін айқындадық:
Студенттердің оқу дағдылары мен іскерліктерін дамыту
Студенттің академиялық жетістігін жарнамалау;
Семестрден семестрге, курстан курсқа көшкен студенттердің санын арттыру;
Бірінші курс білім алушыларын университеттік өмірге бейімдеу және т.б.
Дегенмен, АҚШ университеттері жеке автономиялық мекеме болғандықтан, АҚК орталықтарының мақсаты, университеттің миссиясы мен саясатына, даму бағытына, ұстанымдары мен ерекшеліктеріне, студенттердің контингенттеріне қарай айқындалатынын атап кеткен жөн. Мысалы, Пенсильвания мемлекеттік университетінде, АҚК орталығының міндеттеріне, студенттерге, мамандандырылған пәндері бойынша эссе, ғылыми жұмыстар жазу, немесе нақты ғылымдар бойынша білімдерін жеткілікті деңгейге дейін көмек көрсету; студентке қажетті оқу дағдыларын дамыту, академиялық жетістікке бағыттайтын студент-cтудент арасындағы қарым-қатынасты нығайту деп айқындаса, Карлетон колледжіндегі АҚК орталығының миссиясы барлық студенттердің оқуға деген мотивациясы мен құштарлығын топтық, жеке-дара тьюторлық сабақтар, курстар арқылы арттыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту деп қарастырады. Бұдан, әрбір университет автономиялық қағидаға сәйкес, АҚК бағдарламалары мен орталықтарын студенттердің қажеттіліктеріне мен университеттің миссиясына қарай ұйымдастыратынын айқындаймыз.
Бірінші бөлімде анықтағандай, студентке АҚК бағдарламалары, алғашында АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде «қауіп-қатер» тобындағы студенттерге университетті аяқтау мүмкіндігін беру үшін ұйымдастырылса, қазіргі таңда, бұл қызметтердің рөлі қайта қарастырылып, студентті белсенді білім алушы ретінде қалыптастыру, студенттің субъектік позициясын арттыру, жаңа бағыттағы бәсекелестік орнатуға бағытталған. Америка тәжірибесінде тек қана бакалавр және магистрларды дайындайтын АҚШ университеттері (comprehensive university) осы бағыттағы бағдарламалар арқылы студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының белсендіру, оқыту сапасын арттыру, университетті аяқтаған түлектердің саны мен сапасын арттыру нәтижесінде, федералдық штат деңгейінде қаржылық грант ұтып алып, немесе университетті жетістікпен аяқтаған миллионер немесе тұрмыс жағдайы жоғары түлектерін қайырымдылық шараларына тарту арқылы өздерінің рейтингтерін көтеріп, ғылыми–зерттеу университет статусына дейін жеткен мысалдар да бар. Яғни, АҚШ университеттерінде, студенттердің жеке оқу траекториясын құруға институционалдық тұрғыдан әсер ету, оның оқу мотивациясын белсендіру мәселелері студентке болашақ кәсіби, өмірлік тәжірибесіне қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін толық меңгеруге ықпал етуі, университеттің де, сол жоғары оқу орнын аяқтаған студенттің де жарқын болашағымен, имиджімен тығыз байланысты маңызды мәселе ретінде қарастырылады.
Индустриалдық құрылымнан, постиндустриалдық нарықтық қоғам қатынасында, жоғары білімді тұлғалар санының артуы, оларды білімі бойынша дифференциациялауды қажет етеді. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі университеттер мен колледждер, білім алушылардың оқу жетістігін жетілдіру мен жаңа білімдердін қалыптастыруды мақсат еткен «ақиқат» (трюизм заңына сәйкес келеді. Соған сәйкес, АҚШ-тың жоғары білім беру институттары үш негізгі бағытты ұстанады: жекетұлғаға бағытталған оқыту үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмыстары, қоғамдық қызметтер. B.Magolda [88,90-103б.] тұжырымдамасына сәйкес, жоғары білім беру институттары осы функциялардың бір бағытына негізделе отырып, өзінің институционалдық саясатын қалыптастырады. Сондықтан, АҚШ-та, сонымен қатар, Болон үрдісіне енген елдерде де студентке бағытталған оқыту қағидасын ескере отырып бакалавриат дәрежесіне ерекше мән берілуде.
Студентке бағытталған білім беру - тұлғаның қайталанбас жекедаралығын дамыта отырып, өзін-өзі айқындауға, қажеттіліктері мен педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық бағыт-бағдары. Бұл білім беру қағидасы, АҚШ-та 20 ғасырдың 60-70 жылдарында А. Маслоу, К. Роджерс және т.б. көрнекті өкілдерінің еңбектерінде қарқынды қарастырылды. «Гуманистік білім беру», «жекетұлғаға бағытталған оқыту» деген синонимдес атаулары бар.
АҚШ университеттерінде, студентке бағытталған оқыту үдерісін ұйымдастыруда студенттің жасерекшелік, физиологиялық, психологиялық, интеллектуалдық ерекшеліктері, білім алушыға қажетті оқу бағдарламасының күрделілігінің әртүрлі деңгейіне бағытталған білім алу қажеттілігі; әрбір студентке бірегей индивид ретінде қарым-қатынас орнату мәселелері ескеріледі. Мысалы, АҚШ ғалымдары G.D.Кuh және N. Vesper, пікірінше, студентке бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру үшін, профессор-оқытушы құрамы мен АҚК мамандарының қарым-қатынасы жүйелі жүргізіліп, студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс оқу-танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырылуына әсер етуі қажет. Факультеттер мен АҚК орталықтары арасындағы әріптестік қарым-қатынастар, білім беру сапасын арттыру бойынша міндеттерді ескере отырып, әрбір студенттің қысқа мерзімді жетістіктерін көтермелеп отырады [105].
АҚШ университеттерінің академиялық қолдау көрсету орталықтарының маңызды міндеттерінің біріне, білім алушылар арасында студенттің академиялық жетістігі (Student Academic Success) ұғымын дамыту немесе жарнамалау, семестрден семестрге көшкен студенттердің санын арттыруға әсер ету мәселелерінің жататынын жоғарыда атап көрсеттік. Бұл мәселелер, бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі оқу үлгерімі жоғары студенттің семестрден семестрге көшуі, университетті аяқтау мүмкіндігі де жоғары болады.
Жаһандану жағдайында, студенттің «академиялық жетістігі» идеясы, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің философиялық негізі, миссиясына айналған деуге болады. АҚШ зерттеушілерінің пікірі бойынша, «студенттің жетістігі» ұғымы, ғылыми-ақпараттық прогрестің, жаһандану үрдісінің негізінде күрделеніп, өзгеріске ұшырады, қазіргі жастар қоғамда өз орнын табу үшін тек қана өз мамандығын жете білу жеткілікті емес деп тұжырымдайды. 21 ғасырдың студенттері мамандық бойынша білімдер жүйесімен қоса, қажетті ақпаратты талдау, жалпылау, бағалау, оны табу, қолдана білу, әртүрлі жағдайлардың алдын болжау, қоршаған ортаға бейімделу, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе білу қабілеттерімен қарулануы тиіс. Мысалы, АҚШ әлеуметтанушысы, Caren Kelley-Hall [106] жүргізген сауалнамасында, ЖОО-дағы «студенттің жетістігі» ұғымы келесі белгілермен анықталады деп қорытындылады: университетті аяқтағаннан кейін, қойған мақсаттарына сәйкес жұмыс табу, кәсіппен айналысу; өмірлік міндеттердің тепе-теңдігін орната білу; университетті аяқтау; оқу дағдыларын дамыту; академиялық мүмкіндіктерін сынақтан өткізу; көшбасшылық қасиеттерді меңгеру. Әрине бұл мәселелердің АҚШ-тың еңбек нарығындағы жұмыскерлерге деген қатаң талаптармен, бәсекелестікпен түсіндіріледі. Дегенмен, АҚШ педагог-ғалымдары, студент жетістігінің индикаторы - білім алушының оқу бағдарламасының аясында белгілі бір академиялық жетістіктерге жетуі, университетті жоғары оқу үлгерімімен аяқтауы деген тұжырымды ұстанады.
Академиялық қолдау көрсету орталықтарының келесі маңызды міндеттеріне, бір семестрден екінші семестрге көшкен білім алушылардың санын арттыру жатады. АҚШ педагогикасында, студенттерге қатысты «сақтап қалу» - «retention» ұғымы қолданылады. Педагогикалық тұрғыда, студентті «бір семестрден екінші семестрге көшіру» немесе «университет қабырғасында сақтап қалу» сөз тіркестерімен мағыналас келеді. Бұл термин, әсіресе АҚШ-тың университеттерінде қауіп-қатер (риск) тобындағы студенттерге жиі қолданылады. Олардың білім алу мотивациясын арттыруға, жеке оқу траекториясын құруға, әртүрлі пәндерді меңгерудегі қиыншылықтарды түзетуге, жетілдіруге, жекетұлғалық мәселелерін шешуге арналған кешенді «сақтап қалу» бағдарламалары ұйымдастырылады. Студенттің оқу үлгерімі мен курстан курсқа көшу тұрақтылығына кері әсер ететін негізгі мәселелерге пән бойынша білімінің, оқу мотивациясының, оқу дағдылары, сыни тұрғыдан ойлау, жазу шеберлігінің төмен болуы, әртүрлі жекетұлғалық проблемалары және т.б. жатады. АҚК орталықтарына университет ортасының ерекшеліктері туралы ақпараты жеткіліксіз, университетке қаржы және жеке тұлғалық мәселелерімен келген студенттерде қатысады. № 1 кесте, АҚШ университеттерінде АҚК орталықтарына қатысатын студенттердің басты мәселелер тобын бейнелейді:
Кесте 1 - АҚК орталықтарына қатысатын студенттердің басты мәселелері
Мәселелер түрлері
|
Іс-әрекет мазмұны
|
Жалпы білім деңгейінің төмендігі
|
АҚК орталықтарында тьютор іздестірген студенттердің басым көпшілігі, университет деңгейі қажет ететін белгілі бір академиялық стандартқа дайындайтын курстарға қатыса алмаған студенттер. Орта мектепті, әлеуметтік жағдайының төмен болуына байланысты жұмыс істеп, оқуын аяқтауға мәжбүр болған білім алушылардың академиялық дайындығы төмен болып келеді. Осындай санаттағы студенттер, оқу үлгерімін арттыру үшін, қосымша, тьютор немесе нұсқаушылардан сабақ алуы қажетті.
|
1
|
2
|
Оқу дағдысының аздығы
|
Бұл мәселені шешу үшін АҚК орталықтары оқу дағдыларын арттыру, студент уақытын үнемдеу, дәріс ескертпелерін жазу, тестке жауап беру дағдыларын арттыру семинарларын, мақсат қоя білу және т.б. курстарын өткізеді.
|
Жазу, сыни тұрғыдан оқу және жазу дағдыларының төмен болуы
|
Оқытушының сілтемесі/жолдауы және тьютордың бағалауына негізделген ғылыми әдебиеттерді оқу тәртібі, мақаланың негізгі түйінін анықтау, эссе жазу үшін қандай әдебиеттерді оқу керек мәселелері бойынша студенттер, тьютор кеңесін қажет етеді. Ресми дәйектерге сәйкес, 65% АҚШ студенттері осы салады біліктілігін арттыруды қажет етеді.
|
Анализ жасау дағдыларын арттыруды қажет ететін студенттер
|
Математика оқытушыларымен жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, Студенттердің бұл бағыттағы басты әлсіздігі, ақпаратты талдау және оның шешімін табу бойынша жүйелі әрекет ете алму қабілетсіздігі. Академиялық мәселелерді талдау арқылы шешімін табу, бірнеше байланыстардан ортақ жауапты табу дағдылары бойынша студенттер қосымша тьюторларды, нұсқаушыларды қажет етеді.
|
Оқу мотивациясының төмендегі
|
Мақсатқа жету үшін барлық күш жігерін салу, тез арада өз нәтижесінін бермейтіні көптеген студенттерді қанағаттандырмайды, кейіннен олардың оқу мотивациясы төмендейді. Осы топтағы студенттер эдвайзерлерді, тьютор, ментор қызметкерлерін қажет етеді.
|
Студенттердің жеке тұлғалық мәселелері
|
Студенттер колледж талаптары мен жеке басының мәселелерін тепе-теңдікте ұстай алмауына байланысты университеттен шығып кетеді. Осы топтағы студенттер кеңесші, ментор, психолог мамандарын қажет етеді.
|
1- кестенің жалғасы
1
|
2
|
Студенттердің жеке қаржысын басқара алмау мәселелері
|
Білім алуда экономикалық кедергілер деңгейін азайту үшін, студенттерге қаржыны үнемдеу, басқару бойынша ақпараттар береді. Тұрмыс деңгейі төмен отбасынан келген студенттер, қаржы мәселесі бойынша отбасында ақыл-кеңестер ала алмайды, сондықтанда, өмір сүру дағдылары, қаржыны басқару бойынша семинарларға қатысу, эдвайзерлердің кеңесін қажет етеді деп қарастырылады.
|
Университеттің ерекшеліктері мен талаптарымен бейтаныс
студенттер
|
АҚШ-тың университеттеріне тест құжаттарын тапсырған студенттердің 78.1% отбасында алғашқы буын студенттері (студенты в первом поколений). Соған байланысты, университет жайлы өз тәжірибесін бөлісетін тұлғаларды қажет етеді. Колледжде өмір сүру мәдениетіне ауысу үшін кеңесшілер мен менторлардың қызметі қажет. Бұл категорияға барлық бірінші курс студенттері жатады.
|
Зерттеу нысанасы ретінде қарастырылып отырған, Америка университеттерінде студенттер 1-2 курс бойы базалық білімдерді меңгеріп, болашақ мамандығы бойынша таңдау жасауды, жалпы университеттік курстарды меңгеруден кейін шешеді. Базалық пәндерді меңгеруде студенттердің негізгі функцияларына, әртүрлі білім саласынан түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру, пәндердің арасындағы байланысты түсіну негізінде болашақ мамандығын айқындау жатады. Осы жағдайда, АҚК орталықтарының басты бағдарламалары эдвайзерлер, менторлар студентті университетке жылдам бейімдеуге, болашақ кәсіби өзін-өзі анықтауына, оқу жоспарын, оқу кестесін ұйымдастыруға белсенді атсалысады. АҚК орталықтары, студенттерді университет қоғамдастығының белсенді қатысушылары және мүшесі ретінде қарастырып, қажетті бағдарламалар арқылы, олардың білім алу мүмкіндіктеріне әсер етуі тиіс.
АҚШ-тың АҚК орталықтарының веб-сайттарын интернет желісі арқылы тікелей қарастыру, оның басты құндылықтары:
- әрбір студент әртүрлі жолмен, әдіспен, жылдамдықпен оқуға қабілетті;
- әрбір студенттің жеке-дара қабілеттері мен қажеттіліктері бар;
- әрбір студент академиялық қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде сезінуі тиіс;
- әр студенттің білім алу құқығы бар;
- әрбір студент өзіндік мәдени, әлеуметтік, ұлттық тәжірибесімен келіп, оған сыйластықпен қарауды қажет етеді;
-әрбір студент білім беру бағдарламаларына қатысуға құқылы;
- студенттің оқу жоспарын құрастыруға қатысатын қызметкерлердің саны студенттің көздеген мақсаты мен оқу жоспарының күрделілігіне байланысты артуы мүмкін, деген негізгі тұжырымдамалардан құрылған, деп анықтауға мүмкіндік берді.
C.Vivian [107] зерттеулерінде, студенттерге АҚК орталықтарының стратегияларының бірі - «ортақ мақсатты көздеген білім алу қауымын қалыптастыру» - деп тұжырымдады. АҚК орталықтары, академиялық бағыттылығы бойынша, студенттерді қосымша бірдей курстарға біріктіріп, белгілі бір білім алу қауымдастық сезімін қалыптастыруға тырысады. Мұндай жағдайда, студент басқа студенттерде де кездесетін идентивті проблемалар болатынын анықтап, жалғызсырау, өз-өзіне сенбеушілік сезімдері төмендейді, топта жұмыс атқарады, бір-бірінің мәселелерімен бөліседі.
Сонымен қатар, АҚШ университеттерінде студенттер, оқу үлгерімінің көрсеткіштері бойынша, жоғары, орта, төмен санаттағы болып ажыратылып, олардың деңгейіне қажетті АҚК бағдарламаларының мазмұны анықталып, білім алушыларды «жетілдіру» бағытында, қосымша оқу іс-әрекеті ұйымдастырылады. Мысалы, Флорида университетіндегі (Florida State University) АҚК орталықтары, студенттің білім алу мотивациясы, оқу көрсеткіштері, оқу дағдылары, дербес уақытын ұйымдастыру критерийлері, оқуға дайындығы бойынша жоғары, орташа, төмен деп анықтап, әр топқа қажетті өзіндік бағдарламаларын ұйымдастыруда. Бұл бағыт бойынша, Университеттің тәжірибесі №2 кестеде берілген.
Кесте 2 - Флорида университетінде білім алушылардың оқу көрсеткіштерінің деңгейі бойынша АҚК бағдарламаларының ұсынылуы
Студенттің оқу дайындығының өлшемдері
|
Жоғары дайындық
-Ақпарат беру
(дербес білім алуға негізделеді)
|
Орташа дайындық-
Жетілдіру
( АҚК мамандарының көмегі қажет)
|
Төмен дайындық-
Қалыпқа келтіру
(кешенді ұйымдасқа АҚК мамандарының көмегі қажет )
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Білім саласы
Оқу жоспары
Білім алу ортасы
Мүмкіндіктерін бағалауы
Мамандық бойынша ақпарат
|
Күрделі оқу пәндеріне жазу. Коллоквиум. Онлайн сабақтары
Академиялық алмасу бойынша шетелге жіберу.Университет бойынша виртуалдық турлар.
Мамандық таңдаудағы онлайн курстары. Мультимедиялық презентациялар. Әртүрлі тағылымдамалар өту
|
Арнайы оқу сессиялары, практикалық сабақтар.
Фрешмен (1 курс студенттеріне) семинарлар мен курстар.
Онлайн курстар. Карьера орталығынан семинарлардан өту. Жұмыс іздеу, өндірістік курстары мен тағылымдарын жағдайын талдау
|
Колледжге дайындық курстарынан өту
Бірінші курс студенттеріне арналған оқу дағдыларын қалыптастыру курстары
Арнайы қабілеттерін бағалау тесттері.
Карьера орталығында жеке-дара кеңес алу
|
2- кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
Оқу дағдылары
Академиялық оқу дағдылары
Қиындықтарға төтеп беруі, шешімдер қабылдауы
Іс - әрекетін реттеуі, басқаруы
Әлеуметтік/ тұлғааралық/ қаржылық басқару
|
Дербес білім алу, кафедраның ғылыми жобаларына қатысу.
Пәнге, белгілі бір тақырыпқа негізделген мәселені шешу бойынша әдебиеттер беру
Оқу дағдылары, уақытты басқару бойынша видео/ CD курстары
Басқару түрлері бойынша видео/ CD курстары
|
Оқу, жазу орталықтары, математика,
лабораториялары, тестке дайындалу семинарлары
Кеңес алу орталықтарынан (стресс, үрей) курстар алу, пэр-білім алу бағдарламалары: ментор, тьютор
Оқу дағдылары курстары, эдвайзер.Топтық, курстық жобалар
Қаржылық көмек практикалық сабақтарына қатысу
|
«Сақтау» орталықтары. Жазу, сыни тұрғыдан оқу, математика курстары. Қосымша тьютор сабақтарына қатысу. Ментормен кездесу. Топта кеңес алу.
Пэр –студенттен білім алу бағдарламалары
Топта кеңес алу
Қаржылық көмек көрсету қызметкерлерінен жеке дара кеңес алу.
|
Іс-әрекеттік
Өзіндік тиімділік (самоэффективность) және локус-бақылау
|
Күрделі оқу пәндері, профессор-оқытушы құрамының зерттеулеріне қатысу, көшбасшылық мүмкіндіктері, волонтер, академиялық қолдау көрсету қызметтеріне қатысу: пэр-ментор, пэр-тьютор
|
Қысқа мерзімді өзін-өзі бағалау курстарына қатысу
|
Когнитивті, іс әрекеттік техникаларды қолдану арқылы жеке кеңес алу.
Ментор қызметі (тәлімгер)
|
Кестеден байқағанымыздай, жоғары дайындықпен келген студенттермен Флорида университетінің АҚК мамандарының әрекеттестігінде, ақпарат беруші позициясы ұсталады, оның дербес білім алу үдерісін жандандыру көзделеді. Жоғары дайындықпен келген білім алушылардың жеке оқу жоспарының аясында, концептуалдық білімдерді қажет ететін күрделі пәндерге жазылу, академиялық ұтқырлық бағдардамасы бойынша, шетел университеттерінда тағылымдамадан өту, білім алу, іс-тәжірибелерге жіберсе, ал оқу дағдыларын, оқу іс-әрекетін дамыту, әлеуметтік, тұлғааралық, қаржылық басқару мәселелері бойынша CD/видео курстары онлайн түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, АҚК орталықтары интеллектуалды, дарынды студенттерді, профессор-оқытушылардың ғылыми-зерттеу жобаларына қатыстыруға, студенттік ұйымдарда басқарушы тұғырлардан көрінуге, басқаларға пэр-ментор (тәлімгер), артта қалған студенттерге қосымша сабақ беретін пэр-тьютор (репетитор) т.с.с. жауапты рөлдерді орындауын қадағалайды. Университеттің саясаты бойынша, студенттің әртүрлі іс-шараларға қатысу белсенділігі жоғары болса, болашақ мамандығына қажетті көшбасшылық, тұлғаралық қарым-қатынас жасау, өзін-өзі көрсете білу қасиеттері дамиды. Білім алушының танымдық деңгейінің көрсеткіші, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. маңызды сапалармен анықталады. АҚК орталықтарының баяндамасы бойынша, студенттердің басым көпшілігі, білім алудың алдыңғы жылдарында орташа дайындықта болады. Бұл жағдайда, АҚК қызметкерлерінің әрекеттесуі, қысқа мерзімді бетпе-бет кездесулер кешені арқылы, жетілдіру ұстанымында болады. АҚК орталықтарының мақсаты, студенттің «сыни тұрғыдан ойлау», «шығармашылық ойлау», «дербестік», «белсенділік» қасиеттерін жетелеу. Студенттің интеллектуалдық, жекетұлғалық дамуына әсер ететін бірінші курс студенттеріне арналған оқу курстарына, сыни тұрғыдан жазу (эссе, зерттеу жұмысы) семинарларына, математика лабораториялары, тестке дайындалу семинарларына қатысады. Кеңес алу орталықтарынан арнайы стресс, үрей, қорқыныш т.б. тақырыптарына арналған психологиялық семинарлардан өтіп, олармен бетпе-бет, немесе онлайн түрінде жұмыс істейтін жоғары курс студенттері тарапынан пэр–ментор, пэр-тьюторларды бекітеді. Бұл деңгейдегі студенттердің қажеттіліктеріне бағытталған, оқу дағдыларын дамытуға әсер ету арқылы, оқу ортасына тез бейімдеуге, бағыт-бағдар беру маңызды деп есептеледі.
Оқу дайындығы төмен білім алушылармен, АҚК персоналдарының іс-әрекетті кешенді түрде әсер ету, олардың әлеуетін дамыту ұстанымында болады. Жоғарыда айтылғандай, бұл санаттағы білім алушылар академиялық, әлеуметтік, мамандық таңдау қиындықтары, көбіне қаржылық мәселелерге байланысты. Бұл топтағы білім алушылар мүгедек, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының университеттік білімі жоқ, шалғайдағы аймақтардан болып ажыратылып, қауіп-қатер (риск) тобында саналады. АҚК орталықтарының мақсаты, университетте студенттерді «сақтап қалу», олардың оқу үлгерімін арттыру, кешенді бетпе-бет әрекеттесу арқылы, университетті аяқтауға көмектесу, бағыттау, жан-жақты әсер ету. Бұл жағдайда, АҚК орталықтарының қызметкерлері, білім алушылардың екінші «ата-анасына» айналады деуге де болады.Оқу жылы басталмас бұрын, осы топтағы студенттердің арнайы қажеттіліктеріне бағытталған «жазғы лагерь» (summer camp), «жазғы бағыт-бағдар беру» (summer orientation course) курстары өткізіліп, онда әрбір факультеттің, мамандықтың талаптары, ерекшеліктерімен таныстыруға, студенттің университеттік білім алуға қызығушылығын арттыруға бағытталған қызықты ойындар, тренингтер, семинарлар өткізіледі. Көбіне, мұндай іс-шаралар, толықтай АҚК орталықтарының мамандарымен ұйымдастырылып, ал профессор-оқытушылар қауымы, өздерінің студенттік жылдарындағы жағымды, әртүрлі қызықты оқиғаларын, күрделі мәселелерін баяндауға, немесе әртүрлі тақырыпта курстар өткізуге шақырылады. Студенттерге, олардың ата-аналарына, оқу жылы басталмас бұрын, назар аударатын басты мәселелер тізімі: қажетті болатын АҚК орталықтарының бағдарламалары, курстары, университет, факультет, жатақхана, әртүрлі секциялар туралы ақпараттар электронды пошта арқылы жіберіледі. Академиялық эдвайзерлер, апта сайын білім алушыларды жеке-дара кездесулерге шақырып, үнемі бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, арнайы университеттің «Сақтап қалу» (Retention Center) орталығында пәндер бойынша қосымша тьютор сабақтары жүргізіліп, менторлар тағайындалады. Студенттер психологиялық денсаулық, салауатты өмір салты, стресс, оқу мотивациясы, тайм-менеджмент, жоспарлау тақырыптарына АҚК орталықтарымен дайындаған курстар кешеніне қатысады. Осындай, жүйелі және мақсатты ұйымдасқан АҚК қызметі негізінде, студенттердің оқу үлгерімі, соның негізінде университетті аяқтау мүмкіндігі де артта түседі.
Флорида университетінде студенттің оқу көрсеткіштерінің деңгейі бойынша АҚК бағдарламаларының ұсынылу мәселесін жан-жақты талдау, оқу үлгерімі мен әлеуметтік бейімделуіне кері әсерін тигізетін, білім алушылардың нақты қажеттіліктері мен әлсіз тұстарын ерте айқындау, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі маңызды бағытқа айналғанын анықтауға мүмкіндік берді.
АҚШ президенті Б. Обама, білім беруді дамыту бағдарламасы аясында, 2020 жылға дейін университетті аяқтаған студенттердің саны бойынша әлемдегі көшбасшы мемлекет болуымыз керек деп мақсатты қадам жасады [108]. Соған сәйкес, АҚК орталықтары өз жұмысын қарқындатып, федералдық штат қазынасынан бәсекелестіктен көрінген университетттерге қаржы бөлінуде. Яғни, университетті жоғары нәтижемен, белгілі бір көрсеткіштермен аяқтаған студенттердің санының жоғары болуы, университеттің рейтингісін анықтаудағы негізгі критерийлердің бірі ретінде қабылданады. Сондықтанда, жоғары оқу көрсеткіштерімен көзге түскен, немесе қауіп-қатер тобындағы, шетелден келген студенттермен де тығыз әрекеттесуі қажетті, қазіргі АҚШ экономикасы мен білім беру саясатындағы маңызды үдеріс.
Студенттердің академиялық қажеттіліктері мен кедергілері семестр сайын өзгеріп отыруы шартты құбылыс. Соған сәйкес, АҚК орталықтарының персоналдары мен координаторлары, әрбір білім алушының интеллектуалды, жекетұлғалық даму жоспарын қайта қарастырып, семестр сайын өзгерістер мен толықтырулар ендіріп отырады. Бұл мәселе, студентке қажетті, дер кезінде қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді, оның белсенділігі мен бағдарламаларға қатысуын қадағалайды. Білім алушылардың оқу үлгеріміне мониторинг жүргізіліп, соңында, белгілі бір бағдарламаны, оның оқу үлгеріміне әсері, персоналдар жайында қалыптасқан көзқарастар сауалнама нәтижесімен қорытындылады.
Көптеген АҚШ колледждері мен университеттері, студенттің өзіндік білім алуын ұйымдастыратын оқыту ортасын қарастырған. Мысалы Кентукки университетінің «Академиялық жетілдіру» орталығында, «дербес білім алу» территориясы (self-study zone) қарастырылған. Онда, оқушылардың білім алу мотивациясын арттыру үшін «біз сендерге сенеміз», «белсенді білім алушылардың қатарына қосыл», «академиялық мүмкіндікті жіберме», «қоғамның бәсекеге қабілетті мүшесіне айнал» т.б. сияқты лозунгтар, плакаттар ілінген. Сонымен қатар, орталық мамандары тьютор сабақтарын, әртүрлі студенттердің білім алу мотивациясын арттыруға бағытталған семинарлар, курстар ұйымдастырады.
Академиялық кедергілер мен қиындықтардың алдын алумен қоса, АҚК орталықтарының басты міндеттеріне, студенттердің әлеуметтік бейімделуіне жағымды әсер ету мәселесі де жатады. Университет ерекшеліктеріне дер кезінде бейімделу, студенттің қазіргі және болашақтағы жетістіктері мен оқу үлгеріміне әсер ететіні педагог қауымына белгілі жайт. Студенттің іс-әрекеті күрделеніп, жаңа қарым-қатынастар жүйесінде (стереотип, құндылықтар, қызығушылықтар, әдеттер) әрекеттеседі. Педагог-ғалымдар, әлеуметтік психогендік бейімделмеу, студенттің оқу үлгерімі мен жұмысқа деген қабілетін төмендетіп, сабақтарды қалдыру, оқу-тәрбие үдерісінің стресстік жағдайларына төзімсіз болуының бірден-бір жағымсыз факторы екенін анықтаған. Осы мәселелердің алдын-алу мақсатында, АҚК орталықтарында бірінші, екінші курс студенттеріне, магистранттарына арналған арнайы семинарлар, курстар өткізіледі, онда білім алушылардың деңгейіне байланысты, жаңа білім беру ортасының, миссиясы, оқыту-тәрбие үдерісінің ерекшеліктері, кампус саясатына қатысты академиялық әділдік (academic honesty), плагиат ережелері, баға қою жүйесі, академиялық сынаушы мерзім, курстарға тіркелу, жеке байланыстарды орнату маңыздылығы, қаржылық көмек процедуралары, дәрігерлік қызметтер, оқытушылардың студентке үміт арту мәселелері, академиялық эдвайзердің рөлі, негізгі мамандану саласын таңдау үдерісі, жеке оқу мақсатын қоюдың маңыздылығы, академиялық көмек алу (ментор, тьютор және т.б.), кампус өміріне, қоғамдық іс шараларға қатысты волонтер болу, кампустың мәдени іс -шараларына қатысу, басқа студенттермен байланыс жасауға қатысты аудиториядағы студенттерді танып-білу, жаңа адамдармен танысу, жақын достық қарым - қатынас орнату, тұлғааралық коммуникация жасау, салауатты өмір салтын ұстануға қатысты университетте дұрыс тамақтану, спорт секцияларына қатысу, ішімдік, шылым шегу, есірткі зияны туралы ақпараттар жүйесі ұсынылады. Сонымен қатар, эдвайзер, менторларда студенттермен жеке-дара кеңес беріп, психологиялық бейімделе алмау сияқты күрделі жағдайларда арнайы психолог мамандарына бағыттайды.
Бөлімде АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, «АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде маман даярлау» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, академиялық қолдау көрсету ұғымының мәні, жан-жақты қарастырылды, АҚК орталықтарына сұраныс туғызатын оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктері анықталды, АҚК орталықтарының негізгі мақсаты мен міндеттері талданды деп қорытындылаймыз. Бұл мәселелер, студенттің таңдаған оқу бағдарламасын меңгеруінде жеке оқу траекториясын қалыптастыруға барынша жағдай жасау, ол үшін арнайы академиялық қолдау көрсету орталықтарымен, факультет қызметкерлері, оқытушы-профессор тарапынан жан-жақты көмек көрсету АҚШ университетінің басты миссиясына айналғанын айқындауға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |