Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

 
Қыз Жібектің.
 
(Р.Ниязбек.Муза болсаң тұғырлы бір ақынға, 280 б.)
 
Аяз бидей
биім жоқ (А. Шаяхмет. Сӛз, 227 б.) 
6. Парольдік қызметі.
Адресат пен адресанттың бір лингвомәдени 
қауымдастық мүшелері екенін кӛрсете отырып, олардың арасындағы 
байланыстың ӛзгеше бір сипат алғандай әсер ету әлеуетімен ерекшеленеді. 
Менің еліме, 
Алтын сақаға кӛз тіккен
Менің жеріме –
Мыстан кемпірдей – 
Біреулер Телміреп қарап тұр.
Ормандардың (М. Темірхан. Қарап тұр!, 107 б.) 
Жасыл кӛрпесінің астынан –
7. Мифологиялық қызметі.
Мифтендірілген кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің 
шарықтау шегі кӛрсеткіш ретінде танылып, адресатты тылсым күшке 
сендіреді.
- Сендейлер сереңдеген қол-аяғы, Кӛшіріп алып келген тауың қайсы, 
Мықтаса малына шӛп ора алады.
Сен болсаң осы ауылдың Толағайы!
 (
Қ. Баянбай. Батырдың бас ауруы, 52 б.

8. Прагматикалық қызметі.
Автордың адресатқа жанама, тікелей, ашық, 
бүкпесіз әсер етуі. Тӛмендегі мысалда, автор ӛз қолданысындағы ІЕ туралы 
оқырманның аялық біліміне сенімді, сол себепті тікелей, бұйрық райда және
ескертпе түрінде беру арқылы адресатқа ӛзі кӛздегендей ықпал етеді.
Ой-ӛрісі тиыннан аспай қалған,
... Қарабайдай баймын деп сен есірме, 
Бір мәңгүртсің жүрегі тасқа айналған.
Қарабай да кезінде аштан ӛлген. 
(Р.Ниязбек. Қарабайда кезінде аштан ӛлген, 227 б.) 
9. Межелік қызметі 
арқылы фольклорлық кейіпкерлер болмысындағы 
қандай да бір қасиет немесе олардың іс-әрекеті сол қасиеттің не іс-әрекеттің 
шегі ретінде кӛрінеді. Мысалы, сатқындықтың шегі – Бекежанның іс-
әрекетімен, сараңдық – Шығайбай образымен, аңқаулық – Қожанасыр 
образымен т.с.с. ӛлшенеді. 
Мысал келтірсек:
«Керімқұл да құдайын ұмытады 
әншейін. ... О, оу, айтқандай үйінен қашан иіс шығарып еді. Ата-баба 
аруағына құран бағыштауды екібастан жылы жауып қойған. 
Шығайбайға 
айналып барады Керімқұл» (Қ. Жиенбай. Ән салуға әлі ерте. Рим папасын 
күткен күн, 281 б.) 
Автор кейіпкерінің іс-әрекеті «Шығайбайдан» да асып түсуі мүмкін, әйтсе де 
оның қарекеті «Шығайбаймен» ӛлшенеді. 
Тағы бір мысал:
Бекежандар
қаптаған сұм заманда 
Босағаңды жӛн шығар мықтағаның. (Р. Ниязбек. Мықты 
болсын босағаң, 148 б.) 
Фольклорлық кейіпкер «Бекежанның» сатқындығы ӛз махаббатына қол 
жеткізбек әрекетінен туындаған болса, ақын жырындағы «Бекежандар» 
сатқындығының себебі белгісіз. Олардың іс-әрекетіндегі сатқындық белгілер 
эпостық кейіпкердің махаббатқа талас кезіндегі іс-әрекетінен де зор болуы 
ықтимал, бірақ санада қалыптасқан халықтық ӛлшем сақталып қалған.
 
10. Эвфемистік қызметі. 


«Бұл бастықтың отырса тұра алмас, тұрса отыра алмас
бір тосындау 
үзірі бар екен, соның үшін жұмсақ орындық керек болып тұр» деп майда 
тілді имам мәймӛңкелетіп... жылында бір келетін құрбан айтта жамағатпен 
бірге сәждеге жығылып, тізе бүгудің орнына тосындау кінәратын 
сылтауратып қоқиған орындыққа жайғасқан оның қылығы миыма мүлде 
қонатын емес. (К. Сәттібайұлы К. Аран, 50 б.). 
«Алтын сақа» ертегісінен алынған тілдік материал әңгіме кейіпкерінің 
«ӛзінің кӛптің бірі емес екендігін» танытқысы келген ниетін ашып кӛрсетеді. 
Ілкі мәтіндердің кӛркемдеуіш құрал ретіндегі қолданысы мен қызметі 
әркелкі, оларды қолданудағы негізгі ұстанымдарды атап кӛрсетсек: 
біріншіден, ілкі мәтін ӛзі сӛз етіп отырған зат пен құбылыстың суретті 
бейнесін, ӛзіндік ерекшелігін нақты, дәл кӛрсетуге қызмет етеді, екіншіден
зат пен құбылыстың психологиялық жай-күйін тануға септігін тигізеді, ілкі 
мәтіндер қандайда бір зат пен құбылыстың, іс-әрекеттің табиғатын тереңдей 
танып-білу үшін қолданылады, ойды кӛркем түрде жеткізуге қызмет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет