Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна


«Ілкі мәтін - интертекстуалдылық байланыстың



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

«Ілкі мәтін - интертекстуалдылық байланыстың
тілдік белгісі»
атты тараушасында интертекстуалдылық ұғымы мен 
прецеденттілік мәселесінің арасындағы ӛзара байланысты қарастырған 
теориялық зерттеулер талданды. 
И.П.Зырянова интертекстуалдылық теориясының ауқымының кеңеюі 
прецеденттілік теориясының дамуына жол ашқанын, оның міндетіне мәдени 
сабақтастық пен мәдени жалғасымды қамтамасыз ететін вербалды 
феномендерді зерттеу жататындығын айтады
 
[2, 24 б.]. Л.С. Кушнеруктың 
кӛзқарасы бойынша, прецеденттілік түсінігі интертекстуалдылық феноменін 
кең мағынада зерттеудегі бір бӛлікті қамтиды, ол – коммуникацияның 
ұлттық-мәдени ерекшелігін ықпалдасушы инсандардың (субъектілердің) 
санасындағы жалпыұлттық инвариантты бӛлікті құрайтын элементтерді 
талдау арқылы анықтаумен байланысты [3, 27 б.].Э.М. Аникинаның 


тұжырымдамасы бойынша: «Прецеденттік ұғымы интертекстуалдық 
ұғымымен тығыз астасып жатады, ал айырмашылығы зерттеу аспектісіне 
байланысты: интертекстуалдық мәтіннің қасиеті немесе санаты ретінде 
түсіндірілсе, прецеденттік, ең алдымен, жазушының/оқырманның санасымен, 
жадымен, ақпаратты когнитивтік қорында сақтау амалдарымен және 
бұлардың мәністі жұмбалау мен тәпсірлеудегі рӛлімен байланысты болады. 
Бұл ұғымдарды олардың орналасу жағдайына қарай айырған жӛн: 
интертектсуалдық мәтінге тиесілі, «бӛгденің сӛзі» арқылы мәністі кодтаудың 
ерекше амалы ретінде мәтінде кӛрінеді, ал прецеденттік адамның 
тезаурусынан, яғни, санасынан орын алады да, осы себептен 
интертекстуалдықтың ӛмір сүруінің тезаурустық пішіндері ретінде кӛрінеді», 
«Прецедентті феномендер интертекстуалдылық байланыс орнатудың болмаса 
интертекстуалдық байланысты зерттеудің құралы ретінде анықталады»[4, 
13б.]. 
Ілкі құбылысқа ең алғаш кӛңіл аударған ғалымдар – Ю.М. Лотман мен 
Ю.А. Сорокин. Ілкі феномендердің ішінде ғалымдардың ең бірінші кӛңілін 
аударған ілкі мәтін болды. 1987 жылы Ю.Н. Караулов «Русский язык и 
языковая личность» атты монографиясында осы терминді алғаш қолданады. 
1987 жылы Ю.Н. Караулов «Русский язык и языковая личность» атты 
монографиясында осы терминді алғаш қолданады. Монографияда 
Ю.Н.Караулов ілкі мәтінге мынандай анықтама береді: «тұлға үшін 
танымдық және эмоционалдылық тұрғыдан маңызы бар (1); тұлғаның ӛзіне 
дейінгілер мен қазіргі замандастарын қоса, айналасындағы адамдардың бәрі 
үшін ӛзінен-ӛзі түсінікті сипаттағы (2), сондай-ақ аталмыш тілдік тұлғаның 
дискурсында қолданылуында бірнеше мәрте қайта жаңаратын мәтіндер», осы 
анықтамадан прецедентті мәтіннің белгілерін кӛреміз [5, 262 б.]. Демек, ілкі 
мәтін белгілі бір ұлт ӛкілі үшін контекстен тыс, жеке тұрғанда да түсінікті, 
осы себепті кӛркем шығармаларда автордың айтар ойын жеткізу құралы 
ретінде қолданылады. Жиі қолданылатын ілкі мәтіндер кӛп жағдайда 
халықтық ӛнімге айналатындығын байқауға болады. Оқиғаны ӛте дәл берген, 
болмаса қандай да бір қасиетті шебер кӛрсеткен, яғни аса ұтымды шыққан 
автор мәтіні халықтық қолданысқа ие болады да, уақыт ӛте келе авторы 
ұмытылып, мәтін ғана қалады. Олар ілкі теңеу, ілкі айтылыс, ілкі есім, ілкі 
атау, ілкі феномен, ілкі жағдай деген түрлі ұғымдарға айналып, 
лингвомәдени кеңістікте қарастырылуда.
Прецеденттілік ұғымын зерттеуші ғалымдар пікірін зерделей келе, 
мынандай 
қорытындыға 
келдік: 
- ілкі мәтін – лингвомәдени бірлік, ілкі мәтіндерде нақты бір 
лингвомәдени қауымға тиесілі түсініктер, ақпараттар мен құндылықтар 
жүйесі сақталады, тасымалданады, таратылады; 
- ілкі мәтін - семиотикалық бірлік, ілкі мәтін ықшамдалып, фрагмент 
түрінде тілдік санада сақталады, ӛзектелу процессінде бүтін бір мәтінді 
жаңғырта алатын қасиетімен ерекшеленеді; 
- ілкі мәтіндер - аксиологиялық кӛрсеткіш, нақты бір ұлтқа тән 
қасиеттер 
мен мінез-құлықтардағы 
жақсы 
мен жаманды, оның 


дүниетанымындағы, ӛмір сүру салтындағы, іс-әрекетіндегі дұрыс пен 
бұрысты шартты түрде анықтаушы белгілер жиынтығынан тұрады; 
- психолингвистикалық құбылыс, (бүтіннің бӛлшекке айналуы) бүтін 
бір мәтіннің бір фрагмент арқылы ғана тілдік санада орнығып, қажет кезінде 
сақталған мәтіннің автоматты түрде ӛздігінен іске қосылуын жүзеге 
асыратын бейсана әрекет. 
Сонымен, 
прецеденттілік – интертекстуалдылықтың тілдік құралы 
қызметін атқара отырып, мәтін мен тілдік тұлға санасының арасындағы 
қатынасты кӛрсететін санат. Ілкі мәтіндер, ең алдымен, танымдық 
қызметі тұрғысынан анықталатын және жеткізетін ақпараты мәдени 
тұрғыдан құнды деп саналатын тілдік бірліктер. 
Бірінші тараудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет