Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна


«Интертекстуалдылық байланыстың ілкі тілдік



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

«Интертекстуалдылық байланыстың ілкі тілдік 
бірліктермен құрылымдық байланысы»
атты тараушасында 
ілкі 
мәтіндердің интертекстуалдылық байланыс белгілерінің кӛмегімен қазіргі 
кӛркем 
шығармаларда 
кӛрінуі 
тілдік-мәтіндік 
айғақтар 
арқылы 
қарастырылды. 
1. Ілкі мәтіннің қазіргі кӛркем шығармада дәйексӛз арқылы берілуі. 
Әуелі дәйексӛз (цитата) туралы.
Дәйексӛз «мәтін ішіндегі мәтін» 
түзуіне орай мәтін бірлігі болып табылады. Дәйексӛз мағына тұтастығы 
сақталған, «дайын» күйінде қолданылатын интермәтіндер. Екінші бір мәтінде 
ойды толықтыру, жеткізу амалдарын жүзеге асырады. Кӛркем шығармадан 
мысалдар келтірейік. 
 
1.1 Сілтемесі берілген
 
дәйексӛз
А. «Ғашықтық жӛні бір басқа»
деп 
«Қыз Жібекте»
тегін айтпаса керек.
(отбасы бар, бірақ басқа қызға ғашық болып жүрген кейіпкердің махаббаты 
туралы)
(Ә.Асқаров. Кешегі күннің хикаясы, 182 б.) 
Ә.
. Ана қызға, шынында, не деуім керек? 
«Әйел болдың айла жоқ, егер еркек 
болғанда, болар ең жұртқа бір тұтқа» деп 
Қобландының Құртқаға 
айтқанын айтсам ба екен? (Қ.Түменбай. Тӛрт амал тіршілік, 198 б.) 
1.2 Сілтемесі берілмеген дәйексӛз 
«Арпа ішінде бір бидай»,
Жақсылыққа жамандық. 
Күндер ӛтіп, сырғиды-ай. Тимесе екен қырғидай
(А. Исаділ. Кӛкжиекке сіңген жол, 85 б.) 
1. Ілкі мәтіннің қазіргі кӛркем шығармада аллюзия арқылы берілуі. 
Аллюзия.
Интертекстуалдылық байланыстың аллюзия түрінде кӛрініс 
беруіндегі қызметін ашу үшін Н.Пьего-Гро ӛз зерттеулерінде аллюзияға 
берілген Шарля Нодьенің анықтамасына тоқталады: «аллюзия кеңінен 
танымал ойды ӛз сӛзіңмен қатыстырудың айлалы әдісі, ӛйткені бұл – 
цитатадан айырмашылығы мұнсыз да баршаға белгілі автор есімін тірек етуді 
керек етпейді, сәтті алынған айтылысты, цитатадағыдай, беделге 
жүгінтпейді, оқырман зейінін сәтті аударып, сӛз болып жатқан жайтқа орай 
басқаша арнаға салады» [34, 91 б.]. Мысалы: 
А.
 Ӛлең шӛп, ӛлең шӛп Қазақстан...
(Е. Раушанов. 1932 жыл. Қазақстан,134б.) 
Ә. 
Қош кӛрген хан сарайдан жан сарайын 
Бүгінгі Жиреншенің бірі Менмін!
(И. Сапарбай. Рухнама, 157 б.) 


Ӛлең жолдарынан аңыз желісі бойынша Жиренше шешен айтты деген, 
танымдық – прагматикалық әлеуеті зор
«Ӛз үйім - ӛлең тӛсегім!»
- атты ілкі 
айтылысқа меңзеліп, тұспалдап айтылған дүниені аңғаруға болады. 
Сонымен, 
аллюзия екінші бір мәтінде түр-тұлғасы жағынан ӛзгеріске 
түскенімен, ішкі мағынасын сақтай отырып, мәтінаралық байланысты 
жүзеге асырады.
«Мәтін ішіндегі мәтінде» аллюзиялық қолданыстағы мәтін 
бастапқы мағынасын сақтай отырып, ӛзі енген мәтіннің мағыналық ӛрісін 
кеңейту мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мағына жағынан құбылу қасиетіне ие 
болады
.
3. Ілкі мәтіннің қазіргі кӛркем шығармада реминисценция арқылы берілуі. 
Реминисценцияны
қазақ тілінде шартты түрде «жаңғырық» деп атауға 
болады, мысалы, Б. Сарыбайдың «Қараторғай» әңгімесіне тоқталсақ. 
«Қараторғай» әңгімесі «Қара батыр» ертегісінің ізімен жазылғандығы 
әңгіменің мазмұнынан, әңгіменің аяқталу стилінен байқалады. Ертегіде Қара 
батыр түрікпен елінің жортуылшыларына ұсталынып қалып, солардың елінде 
қой бағып, аш, жалаңаш, қамығып жылап жүрсе, «Қараторғай» әңгімесінде 
бас кейіпкер Темірдің әкесіз ӛсіп, шешесінің аз ғана еңбекақысы 
күнкӛрістеріне жетпей, тағдырдың тауқыметін тартып, ұрлықпен түрмеге 
түскен баланың тағдыры сӛз етіледі. Ертегінің кейіпкері құлдыққа түссе, 
әңгіменің кейіпкері түрмеге түседі. (Б.Сарыбай. Қараторғай, 10б.) 
4. Ілкі мәтіннің қазіргі кӛркем шығармада эпиграф арқылы берілуі.
 
«Ӛстіп жылап жүргенде, 
Ӛткенің бе, дүние боқ ...» 
«Қобыланды жырынан» (Бӛкен Абзал. Дүние, 19 б.) 
Қорыта келгенде, фольклорлық шығармалар қазіргі кӛркем шығармада 
дәйексӛз, аллюзия, реминисценция, эпиграф, тұтас мәтін күйінде, авторлық 
код, коллаж түрінде кездеседі. Аталған әрбір форма шығармаларда нақты бір 
қызмет атқарады. Мысал үшін: оқиғаны суреттеу, шығарма кейіпкерлерінің 
айтар ойының, сӛйлер сӛзінің кӛркемдігін, әсерлігін арттыру; ойды 
ықшамдау, ойды нақтылау, қандай да бір прецедентті кейіпкердің нақты бір 
белгісін меңзеу, болмаса шығарма кейіпкерінің табиғатын, болмысын ашу
сӛз қуатын арттыру, сендіру, мәтінге стилистикалық ӛң беру мақсатын 
жүзеге асыру үшін жұмсалады. 
Бірінші тараудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет