Абдрахманова қ. Ж


Этика – мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этиканың категориялары



бет73/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

Этика – мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этиканың категориялары : достық, махаббат, жомарттық, ізгілік, ұят, абырой, парыз, әділеттілік, бақыт, әдептілік.
Әдеп сөзі – қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Әдеп сақтау – туған халықты, елді, жерді, Отанды және жалпы адамзатты ардақтау болып табылады.
Әдептілік –имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі. Әдеп сақтау отбасында, ауыл-аймақ, ел- жұртта қалыптасқан мінез-құлық нормаларын бұзбауға міндеттейді. Мұны бұзған адамға сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға, тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр.
Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдепті адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да біледі. Табиғаттың әсемдігі мен сұлулығына, әдемілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге тиіс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көкті жұлу, аққуды ату, құдыққа түкіру т.б. – барып тұрған әдепсіздік.
Ұстамсыздық, біреудің сөзіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу – әдеттің ұнамсыз сипаттары.
Әдеттердің өзі негізінен екі түрге – жақсы және жаман әдетке бөлінеді
ӘДЕП. Құпияны сақтай білу. Мырзалық. Сенімділік. Шыншылдық. Білім. Қайғыға ортақтасу. Ұстамдылық.
Әділеттілік. Сабырлылық. Тазалық. Батылдық. Төзімділік Сөзге тұру. Кішіпейілділік. Мырзалық.

  • Мәтіннен не түсіндіңіз?

  • Этика дегеніміз не?

  • Этиканың қандай категориялары бар?

  • Этика немен байланысты?

  • Этикеттің синонимі қандай?

  • Әдеттің түрлерін атаңыз.

  • Әдеп сақтаудың экологиялық астары қандай?

  • Қазақ халқының өмірінде әдептің тағы қандай түрлері бар?



ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!!!
Жақсыны сыйласаң, есінен кетпейді, жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді. Асан қайғы
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса, адамгершілік ұтады.
Әбу Нәсір әл-Фараби Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да
болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық - шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.
Әбу Нәсір әл-Фараби Намысқой адам арын кірлетпейді. Намыс бар жерде ұят бар, ұят бар
жерде ар бар, ар бар жерде адами қасиеттердің бәрі бар.
Туғанбай Жанысбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет