Абдрахманова Фарида Елтайқызы Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі



Дата24.04.2017
өлшемі19,36 Kb.
#14867
  • Абдрахманова Фарида Елтайқызы
  • Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің
  • биология пәнінің мұғалімі
  • Амантоғай ауылы
  • Аманкелді ауданы
  • Қостанай облысы
  • Мақсаты:
  • Қан кету түрлерін ажырата білуге үйрету, жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларының анатомиялық-физиологиялық түсініктерін қалыптастыру және олардың алдын алуға үйрету, денсаулықты сақтауда және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда жүректі жаттықтырудың маңызын көрсету;
  • Оқушылардың қауіпсіздік техникасын және өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету, санитарлық-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге үйрету, денесін жетілдіруге үйрету;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін, синтездеу, талдау, қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту, жүйке жүйесінің қызметін үйрету.
  • 1
  • 2
  • 3
  • Көрнекілігі : тірек сызбалар мультемедиалық проектор, компьютер, суреттер.
  • Сабақтың түрi: дәстүрлі
  • Қолданылатын әдiстер:
  • Сұрақ – жауап, сұхбат, биологиялық диктант, зертханалық жұмыс,
  • СТО элементтері.
  • Пән аралық байланыс: әдебиет, дене шынықтыру, өмір қауіпсіздік негіздері.
  • Сабақтың барысы :
  • 1. Ұйымдастыру кезеңі
  • 2. Үй тапсырмасын сұрау
  • 3. Жаңа сабақ
  • 4. Зертханалық жұмыс
  • 5. Пысықтау сұрақтары
  • 6. Үйге тапсырма беру
  • Ұйымдастыру,амандасу оқушыларды түгендеп сабаққа көңілін аудару
  • Үй тапсырмасын сұрау:

“Менен –сұрақ, сізден – жылдам жауап” жедел сұрақтар

  • Үй тапсырмасы

1.Қан тамырлармен қалай қозғалады? 2.Артериялық қысым дегеніміз не? 3. Ең жоғарғы қысым қай тамырда болады? 4.Ең төменгі қысым қай тамырда болады? 5. Гипертония дегеніміз не? 6. Гипотония дегеніміз не? 7. Тамырдың соғуы дегеніміз не 8. Қалыпты жағдайда тамыр неше рет соғады? 9. Адамның артериялық қысымын қандай құралмен өлшейміз? 10. Қысымды өлшейтін құралды таныстыр.

Қан қысымын өлшеу

Тамырдың соғуын санау

Жанды матор сынбайды, Күні – түні тынбайды. Кейде оның жұмысын, Дәрігерлер тыңдайды.

Жүрек

Тарам – тарам бір ғалам, Айқұш – ұйқыш шырғалаң. Толған ағыс тоқтаса, Жоғалады бір адам.

Қантамырлар

  • Қантамырларын ата.
  • Мақсаты:
  • Қан кету түрлерін ажырата білуге үйрету, жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларының анатомиялық-физиологиялық түсініктерін қалыптастыру және олардың алдын алуға үйрету, денсаулықты сақтауда және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда жүректі жаттықтырудың маңызын көрсету;
  • Оқушылардың қауіпсіздік техникасын және өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету, санитарлық-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге үйрету, денесін жетілдіруге үйрету;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін, синтездеу, талдау, қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту, жүйке жүйесінің қызметін үйрету.
  • 1
  • 2
  • 3

Жүрек - көрінетін, көрінбейтін сырлары бар жан айнасы. Жүрек – бүкіл дененің басқарып тұрған хатшысы. Жүрек – бастан аяқ дененің компьютері. Жүрек – көзге көрінбейтін дүниені көретін дененің телескопы.

Жүректің жұмысына кері әсер ететін іс-әрекеттер

  • Аз
  • қимылдау
  • Мөлшерден тыс
  • тамақтану
  • Спиртті сусындарды ішу
  • Темекі тарту

Жүректің жұмысын нығайту үшін

  • Дене жаттығуын жасау
  • Еңбекпен айналысу
  • Салауатты өмір салтын ұстану
  • Таза ауада тынығу

Шамадан тыс дене және психикалық жүктеме жүректің қалыпты жұмысын бұзып, жүрек ауруларын туғызуы мүмкін.

Жүрек ауруларының себептері

  • 1. Жүректе оттектің жетіспеуі
  • Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі біртіндеп төмендеп, содан кейін тоқтап қалуы жүректің қандайда бір бір бөлігінің жансыздануына, яғни жүрек инфарктіне себепші болуы мүмкін.
  • 3. Зиянды заттар пайдалану арқылы жүректің жұмысы нашарлайды.

ЖҮРЕКТЕ ОТТЕКТІҢ ЖЕТІСПЕУІ

  • Адамға ауа жетпей қалады
  • Жүрекке үгу әдісі бойынша көмек беру
  • Үгу әдісі екіге бөлінеді
  • Сыртқы үгу ( жабық)
  • Ашық үгу (ішкі)
  • Жабық үгу жасағанда, кеуденің алдыңғы қабырғасы мен омыртқаның арасында жасанды қысым түсіру.
  • Қан итеріліп шығады және қан айналу ағзаны оттекпен қамтамасыз етеді

Зиянды заттар

  • Темекі тарту
  • Ішімдік ішу
  • Есірткі қолдану

Темекінің зияны

Ішімдіктің зияны

Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек

  • капиллярлық
  • веналық
  • артериялық
  • Қан кетудің түрлері

Капиллярлық қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

  • Капиллярлық қан кетуде жарақатта қан тамшыларының бөлінуі байқалады. Капиллярмен қан баяу ағатындықтан, мұндай қан кетуді тоқтату оңай. Алғашқы көмек көрсеткенде, жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен 5 пайыздық өңдеп, таза дәке таңғышына салу керек.

Веналық қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

  • Веналық қан кету қою түсті қан ағатын вена зақымданғанда болады. Ірі веналар зақымданған кезде капеллярлық қан кетудегі сияқты жарақат маңын йод ерітіндісімен өңдеп, қысатын таңғыш салу керек. Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда оған қан жүруді азайту үшін көтеру керек. Егер қысатын таңғыш қан кетуге көмектеспесе, онда міндетті түрде дәрігерге апару керек.

Артериялық қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

  • Адам өміріне артериялық қан кету едәуір қауіпті болып саналады. Бұл кезде көп қан кетеді. Артериялық қан кету ашық алқызыл түсті қанның жарақаттан атқылап ағуымен ерекшелінеді. Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып жгутпен қысу керек. Егер жгут дұрыс салынса, қан кету тоқтайды. Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутті 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Сондықтан жгут салынған уақытты дәл көрсетіп, зардап шеккен адамды тез арада ауруханаға жеткізу керек.

Биологиялық диктант Адам денесіндегі венаның жалпы мөлшері................. қарағанда көп. Қан жүректің ............ жұмысына байланысты қозғалады. Ересек адамда тамырдың соғуы минутына .......... соққы құрайды. Адамның артериялық қысымын ................. арқылы өлшейді.

Салыстыр

Зертханалық жұмыс: Қан кеткенде алғашқы көмек көрсету

  • Керекті құрал-жабдықтар: қысатын таңғыш, бұрайтын таяқша, әр түрлі созылғыш жгут, жай бинт, йодтың спирттегі 5 пайыздық ерітіндісі.
  • Жұмыс мақсаты:
  • Жгут салуды үйрену
  • Қан тамырлары жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы білімдерін пайдаланып, артериялық және веналық күшті қан кету кезінде жгут салу туралы әрекетті түсіндіру.

Сәйкесін тап

  • Вена қан тамыры
  • Артерия қан тамыры
  • Капилляр қан тамыры
  • Қан мүшелер мен ұлпалардан жүрекке ағатын едәуір ірі тамырлар
  • Қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар

Жұмыс реті: 1. 40-параграфтан жгут салу ережесін оқыңдар. 2. Шартты түрде қан кетуді тоқтату үшін досыңның білегіне жгут салыңдар. 3. Әрі қарай: параграф мазмұнында алғашқы көмек көрсету сипатталған. Өз әрекеттеріңді осы нұсқаулар ға сәйкес жүргізіңдер.

Тапсырма: Өз әрекетіңді түсіндіріп, жгут салу ретін сипаттаңдар: а) алдымен қан кету түрін анықтап алу керек, себебі .............................. ә) жгутты зақымданған жерге салу тәртібі: ........................................................ б) жгутты былай салу керек.......................... в) жгутты, шамамен, ........... Сағат ұстау керек, себебі....................

Қорытынды:

  • Жүрек және қан тамырларының қалыпты жұмысы үшін қандай жағдайлар керек?.
  • Жүрек ауруларының негізгі себептері неде?
  • Ішімдік пен темекінің жүрек қан тамырлары жүйесіне қалай әсер етеді?
  • Капеллярлық қан кетуді қалай тоқтатады?
  • Веналық қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі?
  • Артериядан қан кетудің қауіптілігі неде?
  • Артериядан қан кеткенде қандай алғашқы көмек шаралары көрсетіледі?
  • Жгутты неге 2 сағаттан артық ұстауға болмайды?

Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске аранаңыз. Ар-намысыңызды биік ұстаңыз. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір – ақ рет келеді., оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады. Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыз!

Үйге тапсырма §40. Мазмұнын түсініп оқу, зертханалық жұмысқа қорытынды жазып келу. Бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет