35
Неміс моделі
: жалпы білім беретін мектеп-нақты арнаулы білім беретін
мектеп, гимназия және негізгі мектеп – институт және университет,
магистратура, докторантура.
Ағылшындық модель
: біріккен мектеп - грамматикалық және қазіргі
заманғы мектеп – колледж – университет, магистратура, докторантура.
Ресейлік модель
: жалпыға білім беретін мектеп – толық орта мектеп,
гимназия және лицей-колледж – институт, университет және академия –
аспирантура – докторантура.
Қазақстандық модель
: жалпыға
білім беретін орта мектеп, гимназия,
лицей – кәсіби мектеп, лицей, колледж, арнаулы білім беретін мектеп –
университет, институт, академия – магистратура, докторантура[49].
Соңғы жылдарда шетелдерде жасалған педагогикалық қарым-қатынас
стильдерінің ішіндегі қызықтыларының бірі – М. Талон ұсынған
оқытушылардың кәсіби позицияларының типологиясы болып табылады.
Модель I — «Сократ».
Бұл дискуссиялар мен пікірталасты жақсы көретін, оларды сабақтарда
әдейі тудырып отыратын оқытушы. Оған индивидуализм
және жиі болып
тұратын қақтығыстардың нәтижесінде оқу үдерісіндегі жүйесіздік тән;
оқушылар өз позицицияларының қорғанысын күшейтіп, оларды нығайтуға
үйренеді.
Модель II — «Топтық дискуссияның жетекшісі».
Өзіне дискуссия нәтижесінен гөрі демократиялық келісім маңыздырақ
болатын делдал рөлін қабылдай отырып оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жағдай –
оқушылар арасындағы келісімге келу және өзара қызметтестікті орнату деп
санайды.
Модель III — «Шебер». Педагог тек қана оқу үдерісінде емес, жалпы
өмірге деген көзқарасына да қатысты еліктеуге тұрарлық тұлға ретінде
қабылданады.
Модель IV — «Генерал». Студент әскери адам сияқты берілген
бұйрықтарды бұлжытпай орындауға тиіс деп санайтын
бұл типтегі оқытушы
өзін барлық уақытта және барлық жағдайда дұрыс деп есептейді де ешбір
екіұштылықты қабылдамайды, қатал талаптар қояды, студенттің айтылғанды
орындауына қалайда қол жеткізеді. Типология авторының мәліметтері
бойынша, бұл стиль педагогикалық практикада ең жиі кездесетін стиль түрі.
Модель V — «Менеджер».
Топтың тиімді іс-әрекеті атмосферасын
қамтамасыз ететін және инициатива мен дербестікті қолдайтын стиль.
Педагог
шешілгелі тұрған тапсырманы
әрбір студентпен талқылауға, бақылау мен
соңғы нәтижені бағалауды сапалы жүргізуге ұмтылады.
Модель VI — «Тренер». Аудиториядағы қарым-қатынас атмосферасы
корпоративтілік рухқа негізделген. Бұл жағдайда студенттер жеке-жеке
жағдайда индивид ретінде маңызды емес, ал, барлығы біріккен кезде көп іс
бітіретін бір команданың ойыншылары іспеттес. Педагогқа ол үшін ең бастысы
– соңғы нәтиже, тамаша табыстар мен жеңіс болып табылатын топтық күшті
біріктіріп рухтандырушының рөлі беріледі.
36
Модель VII — «Гид». Жанды энциклопедияның нағыз бейнесі.
Барлығы
нақты, қысқаша және жинақты.
Оған сұрақтардың өзімен қатар ол сұрақтарға
берілетін жауаптардың бәрі де алдын ала белгілі.
Техникалық тұрғыдан
мінсіздігі сондай, кейде тіпті іш пыстыруы мүмкін.
М.Тален типологизацияның негізі болып табылатын – педагогтың рөлді
оқушының емес, өзінің қажеттіліктерін ескеру принципі аясында таңдайтынын
әдейі баса көрсетеді [50].
ЖМ педогогикасының теориясында білім берудің мақсатын құрып
(конструируют), компетентті маман моделі түрінде немесе болашақ маманның
кәсіптік мәдениеті моделі ретінде алға міндет қояды. Осыдан кейін жаһандық
мақсат білім беру мазмұны деңгейінде құралады. Мақсаттар иерархиясы
құралады. Таксономия – бұл иерархияланған құрылым. Жоғарғы білім берудің
мақсаттарын иерархия түрінде, яғни бір-біріне бағынған түрінде
көрсетуге
болады
Достарыңызбен бөлісу: