Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

үш түрлі құзыреттіліктер
жиынтығын игеруі мақсат 
етілген, олар: 
өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін мәселенің 
шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен 
бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік

Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған 
«құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты 
бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса 
жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра 
білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге 
жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби – 
дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға 
арналған 
Мемлекеттік 
бағдарламасында 
білімді, 
білік, 
дағдыларды 
механикалық түрде беру емес, ақпараттық – зияткерлік ресурстарды өз бетінше 
тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел 
өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете 
алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылатыны айтылған. 
Болашақ мұғалімнің бойына ондай қасиеттерді сіңіруге кәсіби – дидактикалық 
құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндік береді деп санаймыз. Жоғары оқу 
орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдарда ғана қарастырыла 
бастады[31]. 
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан 
келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі 
ереже ретінде төмендегілерді көрсетеді: 
-
құзыреттілік ұғымы тек танымдық және технологиялық құраушы ғана 
емес, әрі мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез – құлықтық, яғни ол 
оқыту нәтижелерін (білім мен іскерлікті), құндылық бағдар жүйелерін, әдет 
және т. б. қамтиды. 
- құзыреттілік – алынған білім, іскерлік, тәжірибе мен мінез – құлық 
тәсілдерін нақты іс -әрекет жағдайында жұмылдыру қабілетін білдіреді 
Қазіргі кезде психология, педагогика ғылымдарында болашақ маманның 
кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы мен дамуы үдерісіндегі мазмұны мен 
құрылымын зерттеудің профессиографиялық, деңгейлік және міндеттік сияқты 


34 
бірнеше тәсілдері бар екені байқалады. Сонымен қатар И. Ф. Исаев, Н.Д. Хмель 
және т. б. зерттеушілердің еңбектерінде жоғары педагогикалық білім беру 
жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұнын анықтаудың ұстанымдары 
түрліше айқындалған. Профессиограмма – маңызды құжат. Оның талаптарында 
кәсіби дайындық пен қайта дайындаудың барлық кезеңдері ойластырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет