Педагогикалық артистизм–
бұл педагогикалық үдеріс шарттарында
органикалық өмір сүруге қабілеттілігі (О.С. Булатова), бұл мұғалімнің балаға өз
ойы мен сезімін тереңірек жеткізе алуға мүмкіндік беретін тұлғалық
қасиеттердің күрделі синтезі (Ж.В. Ваганова), бұл тұлғаның еркін өзін-өзі
көрсете білу қабілеті (Г.А. Гарипова). Педагогикалық артистизмнің О.С.
Булатова келесі құраушыларын бөліп көрсетеді:
-
жаңа түрге ауысу (перевоплощение). Бұл қасиет мұғалімнен актерлік
қабілеттерді, өз қалпында қалып «рөлді» ойнай білуін талап етеді;
-
мұғалім ашықтығы, өзінің ішіндегісін жасырмай айту және тура
әрекеттер жасау;
-
жұғымдылығы (заразительность). В.И. Немирович-Данченко басқаларға
өз «сезімдерін» жұқтырудың өзі талант деп жазды. Ал К.С. Станиславский
жұғымдылықты сүйкімділік пен өзіне тарта білу күші ретінде анықтаған;
-
мұғалімнің ішкі және сыртқы көріністерінің үйлесімділігі–оқушыларда
эмоционалды қанағаттандырылуды сезінуге итермелейді;
-
өзін-өзі презентациялау;
-
сыртқы көзтартарлық–сыртқы және ішкі көріністердің мәдениеті,
табиғилық;
28
-
импровизация. В.А. Кан-Калик айтуы бойынша, бұл педагогтың оқушы
қылығы мен кенет жағдайға щұғыл әрі дұрыс баға беру, кейде логикалық
пайымдаусыз шешімді тез қабылдау, өзгермелі жағдайларда өнімді әрекет ету,
өз іс-әрекетін түзету;
-
эмпатия–адамның ішкі дүниесіне кірігу, қайғысы мен қуанышына
ортақтаса білу қабілеті, оқушыны эмоционалды қабылдау қасиеті [42].
Педагогикалық артистизмді дамыту үшін сыртқы және ішкі деп бөлуге
болатын сәйкесті шарттар қажет. Сыртқы шарттар:
1.
Мемлекет деңгейінде жүзеге асатын қоғамдық шарттар.
2.
Педагогикалық кадрлар квалификациясын көтеру мен кәсіби дайындау
деңгейіндегі іс-әрекеттің кәсіби-білімдік шарттары.
3.
Білім беру мекемелері деңгейінде қызмет ететін іс-әрекеттік шарттар.
Педагогикалық артистизмнің сәтті дамуының ішкі шарттарына келесі
факторлар кіреді:
1.
Тұлғаның нақты психофизиологиялық ерекшеліктері (жоғары жүйке
жүйесінің қызмет типі, мінездің индивидуалды қырлары және т.б.)
2.
Тұлғаның жоғары мәдени және әлеуметтік-рухани деңгейі, педагогтың
ішкі тәжірибесі.
3.
Тұлғаның кәсіби бағыттылығы, өз еңбегінің мақсаттарына ұмтылысы
[43]. Ғылыми әдебиеттерді талдай келе, педагогикадағы қолданыстағы
артистизм деп келесі ұғымдар келтіріледі:біріншіден, педагогтың тұлғалық
сапалары – жаңа түрге ауысу, сүйкімділік, икемділік, экспрессия қабілеті, жест
пен интонацияның байлығы, айтушының таланты, өзгелерге ұнау қабілеті,
бейнелік ойлау. Бұл жерде психика ерекшеліктері мен жүйке жүйесінің типі
маңызды. Екіншіден, педагогикалық артистизм оқыту амалдары мен
техникалар жиынтығын қосады. Үшіншіден, бұл педагогикалық іс-әрекетті
шығармашылық үдеріс ретінде қарастыратын концепция. Сөйлеу, тілдік
артистизм–бұл өз тұлғасын сөйлеуде көрсете білу. Бұл оның энергетикасы,
экспрессивтілігі, вербалды емес сөйлеуді қолдана білу. Тілдік артистизмге ие
болу үшін «риторикалық құралмен», яғни коммунификационды эффект түрінде
көрініс табатын: визуалды имидж; бірінші сөйлем эффектісі; релаксация
эффектісі; дискуссия эффектісі, қиял эффектісін қолдана білу маңызды [44].
Педагогикалық қарым-қатынас кезінде педагог артистизмі келесі қызметтерді
атқарады:
1.
Мотивациялық қызмет білім берудің танымдық мотивациясын
көтереді, білімді эмоционалды қабылдаумен байланыстыруға мүмкіндік береді.
2.
Мобилизациялық қызмет–педагогтың өзіне сенімділігі мен сергектігі
студенттердің іс-әрекет сәттілігіне сенімділігін арттырады.
3.
Аттрактивті қызмет–мұғалімге өзін тұлға ретінде қабылдауына көмек
көрсетеді. Бірінші әсер эффектісі жағымды немесе жағымсыз мұғалім ретінде
оқушыда ой қалыптастырады. Педагогтың жарқын тұлғалық көріністері
оқушыға жағымды әсер тудырады.
4.
Фасилитаторлық қызмет–мұғалім және тыңдаушы арасындағы өзара
қатынасты жеңілдетеді, өзге мәдениетке, ой-пікірге түсінісушілікпен қарауға,
29
сабырлық танытуға ықпал жасайды, сол арқылы оқушылардағы қорқыныш
сезімі басылады, кез келген уақытта педагогке жүгіне алады.
5.
Ынталандырушы қызмет–педагогтың шығармашылық өзін-өзі сезінуі
мен білім алушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру. Оның
нәтижесінде эмоционалды қанағаттандырылу туындайды.
6.
Синтетикалық қызмет–өзара ынтымақтастық, өзара шығармашылық,
өзара пікір-талас атмосферасы. Бірлескен қызмет жасау арқылы студент пен
педагог бір-бірін толықтыруға ұмтылады [45].
Актерлік және педагогикалық еңбектің айқын ортақтығын анықтай
отырып, импровизацияның шығармашылық педагогикалық қызметтегі алатын
орны мен маңыздылығын айқындап алайық. Себебі педагогикалық артистизм
түсінігі педагогикалық импровизация түсінігімен астасып жатыр.
Педагогикалық импровизациялау әрекетінің ішкі механизмін анықтай
отырып, педагогикалық импровизацияны жүзеге асыру кезеңдері туралы
мәселеге көшейік. В.А. Кан-Калик педагогикалық импровизацияны жүзеге
асыру үдерісін белгілі бір реттілікте қарастырады және бұның үш кезеңін атап
көрсетеді:
1.
педагогикалық нұрға бөленуі негізінде туындалатын идеяны шапшаң
талдау және оны жүзеге асыру құралдарын таңдау;
2.
шұғыл қабылданған педагогикалық шешімді орындау;
3.
импровизацияның нәтижелерін бағалау және қызметтің келесі
міндеттерін анықтау [46].
В.Н. Харькин педагогикалық импровизацияның туындалу және жүзеге
асырылу көрінісінің келесі арнайы кезеңдерін алдыға қояды:
1-кезең-педагогикалық нұрға бөлену;
2-кезең-сол не өзге идеяны жүзеге асырудың айқын бағытын анықтап алу;
3-кезең-көпшілік алдында іске асыру (педагогикалық идеяны жүзеге
асыру);
4-кезең-ұғыну (шұғыл талдау ісі);
5-кезең-сабақтың қорытынды бөліміне байсалды түрде қайта оралу.
Педагогикалық импровизация мәселесін зерттеушілермен оның әр түрлі
негіздегі топтамасы да ұсынылған: туындалу көзі бойынша, сапалы мағынасы
бойынша, импровизациялық процестің құрылымы бойынша, оны жүзеге асыру
нысаны бойынша. Сонымен, В.А. Кан-Калик педагогикалық импровизацияның
туындалу көзіне байланысты 5 нұсқасын анықтап көрсетеді:
-
сыртқы факторлардың оқыту үдерісін түзейтін әсерлерінің нәтижесінде
туындалған 1-ші нұсқа;
-
тікелей сабақ барысында кездейсоқ туындалған, жаңа педагогикалық
шешімнің нәтижесі болып табылатын педагогикалық импровизацияның 2-ші
нұсқасы;
-
сабаққа дайындық барысында есепке алынбаған байланыстылықтарды
оқу материалын түсіндіру қисынында анықтаумен туындалған, педагогикалық
импровизацияның 3-ші нұсқасы;
30
-
оқыту үдерісімен қатар жүретін және оның барысын түзеуге әкеп
соғатын өзіндік талдаудың нәтижесінде туындалған 4-ші нұсқа;
-
оқыту қызметін жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын көкейкөздік іздеу
нәтижесі болып табылатын педагогикалық импровизацияның 5-ші нұсқасы.
Педагогикалық импровизацияның жоғарыда келтірілген нұсқалары, оқыту
үдерісі барысының сыртқы немесе ішкі жағдайларының өзгеру нәтижесі және
аталмыш өзгерістерді еңсеру құралы ретінде ұсынылған.
В.Н.
Харькин,
педагогикалық
импровизация
көрінісінің
кең
таралымдығы, оны әр түрлі негіздемелер бойынша жіктеуге мүмкіндік
беретініне аса назар аударады, алайда оның ойынша, оны құрылымы бойынша,
жүзеге асырылу нысаны бойынша, сонымен қатар импровизацияның
туындалуына және өткізілуіне ықпал ететін факторлар бойынша жіктеу аса
мақсатқа сай болып табылады.
Педагогикалық импровизацияның В.Н. Харькин ұсынған, құрылымы
бойынша жіктелуін қарастырайық:
1.
«Классикалық» педагогикалық импровизация (импровизацияны жүзеге
асырудың жоғарыда көрсетілген 5 нұсқасын құрайды, интуиция үлесі жоғары,
алайда көкейкөздік қисынды ой қатысады);
2.
Үй дайындамасымен импровизациялау (интуицияның үлесі аз,
импровизацияны орынды қолдану үшін, алдын ала «импровизациялық тұзақ»
ойластырылады). В.Н. Харькиннің пікірінше, импровизацияның осы түрі
импровизациялық іс-әрекеттерді жүзеге асырудың сапалығын кепілдендіреді
және әрбір педагогтар үшін тиімді оқу тәрбиелеу тәсіліне айналады. Үйде
дайындағандарын қолдану, автордың ойынша, оларды қолдану тәсілдерінің
барлық жағдайын болжай алмағандықтан, көріністің мәніне қарама-қайшы бола
алмайды.
3.
Аралас немесе өтпелі импровизация (онда бұдан бұрын келтірілген екі
нұсқа-классикалық және үйде дайындалуы аралас (біріккен) күйде болады және
бірінен екіншісіне өтеді).
Аталмыш жіктеуден басқа, ғалым, педагогикалық импровизацияны жүзеге
асыру нысанынан ажыратуды ұсынады, онымен қатар ол ауызша, физикалық
немесе ауызша-физикалық іс-әрекетті бөліп қарайды. Оның ой-пікірі бойынша,
ең көп тараған түрі-педагогтің монологын, оқушымен немесе сыныппен
диалогын, тапқыр ілікпе сөзін немесе сөйлемшесін және т.б. қамтитын, ауызша
импровизация, сол себепті жас педагогтердің осы іс-әрекет түріне дайындалу
қажеттігі анық көрінеді.
Л.Ю. Берикханова педагогикалық импровизацияның келесі жіктеуін
ұсынады:
-
нақты бір сабақтың мақсатын;
-
оқу материалының мазмұнын;
-
әдістемелік тәсілді;
-
оқу байланысын ұйымдастыруды жүзеге асыруға және мақсатты
анықтауға бағытталған импровизация.
31
Авторлардың педагогикалық импровизацияның әр түрін бөліп қарау
айтарлықтай шартты деп санайтынын ескерген жөн, себебі шынайы тәжірибеде
импровизация көп жағдайда құрастырылған нұсқа түрінде кездеседі, онда
импровизацияның әр түрі табиғи түрде бірінен екіншісіне өтеді, бірін-бірі
толықтырады және байытады. Педагогикалық импровизацияның туындалуына
және өткізілуіне ықпал ететін факторлар қандай? Бұл сұраққа В.Н. Харькин
жауап қайтарған. Ол, педагогикалық импровизацияның негізін құрайтын
бөліктер: назар, елес және шабыт деп нұсқаған. Психологтар педагогикалық
импровизацияның келесі белгілерін атап көрсетеді, олар: шығармашылық
қызметтегі табанды қажеттілік, психологиялық күй, шығармашылық жұмысқа
дайындық, зерделерін мәселеге өспелі шоғырланушылық.
Жоғары және орта мектептегі педагогикалық қызметтің нәтижесі мен
сипатын талдау, сонымен қатар импровизация мәселелерін теориялық түсіну,
төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1.
Импровизациялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жиынтығы арқылы
шығармашылық қызметтің құнды біржолата өнімін жасап шығаратын әрекет;
2.
Импровизациялық-педагогикалық іс-әрекет алғашқы ниеттерін оқу-
тәрбие үдерісінің өткізілу талабына сәйкес тиімді құрастыру, жүзеге асыру және
түзеу шараларының үлгісі, тәсілі және құралы;
3.
Педагогикалық импровизацияның ішкі қозғаушы күші педагогикалық
интуиция болып табылады, оны оқыту қабылдаудың негізгі қозғаушы күші,
сабақ арасындағы қарама қайшылық және оқу үрдісінің шынайы нұсқасы;
4.
Педагогикалық импровизацияны орындау жоғары мектеп мұғалімінің
кәсіптік шығармашылық шеберлігінің деңгейінің сапасын арттыру [47].
Педагогикалық артистизм жүйелерінің тағы бір маңызды түрі–
педагогикалық техника. Педагогикалық техника дегеніміз–педагогтық іс-
әрекетті ұйымдастыра білудегі мұғалімнің ішкі және сыртқы қасиеттерінің
жиынтығы, іскерлігі. Педагогикалық техникалық іскерлік–алдымен, педагогтың
өзін-өзі басқара білуі; екіншіден-педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара
әсер ете білуді меңгеру. Бұл ұстанымдарды талдай айтсақ: біріншіден, педагог
өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара
білуге тиісті. Екіншіден, педагогтың өзін-өзі ұйымдастыра білуі, өзара
үйлесімділікті жүзеге асыруы, дидактикалық талаптарға сай болуы.
Педагогикалық техника – мұғалімнің қызметінде түрлі жағдайларда
тәрбиеленушілермен нәтижелі әрекеттесуге, өзінің тәртібін, көңіл-күйін
қадағалауға мүмкіндік беретін жалпы педагогикалық, психологиялық іскерлік
және дағдылар жиынтығы (Г.М. Коджаспирова). Педагогикалық техниканың
компоненттері:
Өзін-өзі меңгеру–түрлі жағдайда өзінің эмоциясын, тәртібін адамның
шамадан тыс кетпеуіне байланысты әрекеті.
Өзін-өзі меңгеру тәсілдері–қызметте өзін босаң ұстау, релаксация, ауто-
тренинг жасай білу, өзін басқаларға жақсылық жасауға дайын болуға тәрбиелеу,
ісіне оптимизммен қарау (еңбектерапиясы, музыкатерапиясы, кітаптерапиясы,
имитациялық ойын т.б.).
Мимика
– бет қимылы арқылы өзінің ойын, сезімін,
32
көңіл күйін көрсете білу. Мимиканың шешуші деталі көз және қабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |