Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз

Пантомимика
– дененің, қолдың қимылы, жүріс-тұрыстың, жесттердің сырттай 
көрініс алуы. Назары белгілі затқа, бейнеге, пікірге бір уақыт мөлшерінде 
ықылас қою, оның екі түрі бар: ерікті, еріксіз. Назары, зейіні дамыған мұғалім 
бір уақытта сыныптағы оқушылар немен айналысып отырғандарын аңғара 
алады. Дамыған педагогикалық зейін–бір уақытта көп объектілерді, тұрақты 
және жедел көңіл қойып ұстай білу. Мұғалімнің имиджі–киінуі, бет әлпетті 
бояуы, шаш үлгісі. Мұғалімнің сөзі–сөз арқылы мұғалімнің өзінің тұлғалық 
сапалары көрініс беріп, объектілердің, құбылыстардың, қатынастың мәні 
ашылып, оқушының тұлғалық қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады. 
Педагогикалық техникаға мұғалімнің сыртқы мәдениеті, көзқарасы, оқушыға 
ықпал ете білуі де жатады. Сыртқы мәдениетке: киінуі, шаш қоюы, дене бітімін 
ұстай алу, сыртқы келбет, сөйлеу, вербалды емес қарым-қатынас түрлері 
жатады. Сөйлеу мәдениеті дұрыс, қатесіз сөйлеуге, мәнерлілікке, сөз қорының 
байлығына, сөздің бейнелілігіне, дикцияға, тембрге тәуелді. Вербалды емес 
қарым-қатынас мәдениеті мимика, пантомимика, салмақтылық, өзіне 
сенімділік, аудиториямен контакт жасай алу арқылы қалыптасады.
А.С. Макаренко мұғалімнің сыртқы мәдениетіне өте зор мән берген. «Мен 
сыртқы кейпіне баса назар аудардым, сыртқы кейпі адамның өмірінде зор маңыз 
алады. Лас, салдыр-салақ адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді деп 
ойлау қиын». Ол қалай болса солай киінген мұғалімді сабаққа кіргізбей қоятын 
ескерткен. Шетел тілінің сөздігінде «артистизм» деген ұғым-көркемдік 
дарындылық, немесе бір істі жоғары деңгейде шебер орындау деген мағынаны 
білдіреді. Г.А. Гарипова театралдық педагогиканың жетістіктерін оқу-тәрбие 
процесінде қолдана білудің болашағы зор деген пікір айтқан.
Г.А. Гарипова «артистизм» деген ұғым үш маңызды қасиеттердің жүйесін 
құрайды деген: психофизикалық, эмоционалды-эстетикалық, көркемдік-
логикалық. Педагогикалық артистизм жоғарыда аталған ғалымдардың пікірінше 
мұғалімнің ойлай, сөйлей, қозғала білу қабілеттеріне, оның интуициясына
фантазиясына байланысты болып келетінін сөз еткен. 
Педагогикалық шеберлікті қалыптастыруда актерліқ қызметтен үйренуге 
болады. А.С. Макаренко: «Жаттығулар арқылы теория мен практиканың 
арасындағы алшақтық жойылады»,-деген. Мұғаліммен актердің қызметтерінде 
көптеген ұқсастықтар бар: олар өздерінің даусын, көңіл-күйін, денесін меңгере 
білулері керек, екі маман иелері де аудиториямен жұмыс істеуде аудиторияның 
назарын өздеріне аудара білулері қажет.
«Педагогикалық артистизм» ұғымы «артистизм», «импровизация», 
«шеберлік», «педагогикалық техника» ұғымдарын толыққанды ашу арқылы 
толықтырылады, ол мұғалімнің педагогикалық шынайылыққа қарым-
қатынасының арнайы типі ретінде көрсетіледі. 
Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесінде педагогикалық артистизм 
болмысы 
педагогтың 
бақылау, 
ассоциация, 
эмоция, 
педагогикалық 
шынайылықты түсіну тереңдігіне негізделген өзін көрсете білуімен, ол өз 
қалпында қалып, кез келген рөлді ойнау алуымен, оқушыларға вербалды және 


33 
вербалды емес педагогикалық іс-әрекеттер арқылы әсер ете алуымен 
сипатталады. Ал педагогикалық артистизм құрылымында мотивациялық, 
мобилизациялық, аттрактивті, фасилитаторлық, ынталандырушы, синтетикалық 
қызметтер бөліп көрсетілді. 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – 
еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға 
дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықтап көрсетілген 
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта 
әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын 
меңгеруге бағытталған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет