42
2.
МҰҒАЛІМНІҢ
ӘРТІСТІК
ҚАБІЛЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ
2.1 Мұғалім артистизмін диагностикалау критерийі мен
зерттеу әдістері.
Педагог үшін сабақтағы немесе одан тыс жерде де болсын балалармен
қарым-қатынаста шығармашылық күйді жоғалтпау маңызды. Тәрбиелеу және
оқыту жұмысында көптеген нәрсе актерлік шеберліктен тәуелді: мұғалім
педагогикалық, тәрбиелік, көркемдік мәселелерді кәсіби, қызық, дұрыс шеше
алу қабілеті көрінеді. Мектептегі мұғалім тек қана пән мұғалімі емес, сонымен
қаар балалар ұжымы өмірін ұйымдастырушы, тәрбиелеуші. Әртістік қабілеттер
мұғалімнің бала үшін қызықты адам болуына, баланың көркемпаз іс-
әрекеттерінің басқарушысы, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін
мерекелердің ұйымдастырушы, адамды әдемі сөзімен, бай мимика,
қиялымен
өзіне баурап алатын педагог болуға ықпалын тигізеді.
Осыған орай И.Ф. Исаев қалыптасқан педагогикалық артистизмнің төрт
деңгейін бөліп көрсетеді [54]:
Педагогикалық артистизмнің бейімделген деңгейі
физиологиялық және
психологиялық нышандардың болуымен сипатталады. Кәсіби-педагогикалық
іс-әрекет шығармашылықты қолданусыз өңделген схемамен құрылады.
Педагогтар артистизмнің кәсіби-педагогикалық шығармашығына белсенділік
танытпайды.
Репродуктивті
деңгей
педагогикалық
шынайылыққа
тұрақты
құндылықтық қатынас бейімдігін көрсетеді: мұғалім педагогикалық
артистизмнің рөлін жоғары бағалайды, шығармашылыққа ішкі «реттеуші»
тұрақты емес. Педагогикалық артистизм дамуының осы деңгейінде
педагогикалық қарым-қатынас міндеттері сәтті шешіледі. Оқытушы
педагогикалық артистизм деңгейін көтеру керек екендігін түсінеді.
Педагогикалық артистизм көрінісінің эвристикалық деңгейі
дамыған
бақылағыштық және қиялмен, шығармашылықпен, ойлау оригиналдылығымен,
керекті кезде «жинақтала» алуымен, өзінің еркі мен психикасын
ұйымдастырумен сипатталады. Бұл деңгейде педагогикалық артистизм ойлау
мен толғаныстарды бейнеде, жүріс-тұрыста, сөзде көрсете алуда байқалады.
Креативті деңгей
педагогикалық артистизмнің жоғары нәтижелілігімен,
психологтық-педагогтық
білім мобильділігімен, кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеттің рухани мазмұндылығымен, өз-өзіне сенімділігімен, адамдармен
қарым-қатынаста
дипломатиялығымен,
серіктестікке
ұмтылуымен,
қайырымдылығымен,
эмпатиямен,
эмоционалды
реактивтілігімен,
бейімделгіштігімен, ашықтығымен («масканың» жоқ болуы, сезімдерін еркін
көрсете алу), иілгіштігімен (мәселені оңай шеше алу) сипатталады.
Педагогикалық
артистизмнің
ішкі
қайнар
көздеріне
жатады:
психофизиологиялық (жүйке жүйесінің ерекшеліктері, жоғары жүйке
қызметінің типі, темперамент, мінездің индивидуалды ерекшеліктері,
психикалық үдерістердің ерекшеліктері, эмоционалды-еріктік сапалар, зейін,
43
байқағыштық, шығармашылық қиял,
фантазия, интуиция); әлеуметтік-
адамгершілік немесе әлеуметтік мәдени (бағыттылық, бағдар, көзқарас, жалпы
мәдени деңгей, рухани бейне, «мен-сезім»); педагогикалық немесе іс-әрекеттік
(кәсіби бағыттылық, дамыған педагогикалық ойлау, такт, шектен шықпау
сезімі, индивидуалды тәжірибе, тәжірибелік құзіреттілік, педагогикалық
мәдениет, «мақсат сезімі», индивидуалды стиль, педагогикалық техника).
Педагогикалық
артистизмді
диагностикалаудың
негізгі
әдістері
мұғалімнің өзін-өзі бақылауы, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, оқушылар мен
әріптестердің пікірлерін, тұлғалық субъективті
бағалауын зерттеу болып
саналады. Педагогикалық артистизмді диагностикалау тұрғылары: мұғалім іс-
әрекетінің рухани мазмұнына, оның рухани тәрбиелеуші миссиясына үңіле
қарау; көркем тілді, көркем бейнелік ерекшеліктерді қолдану; түрлі адамдардың
пікірлерін, жеке әсерлерді жинақтау.
Педагогикалық іс-әрекеттің, артистизмнің сәтті, табысты болуының
маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып
табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық,
байқампаздық, ақкөңілдік, ұстамдылық, басқаларға сене білу, түсіне білу
қабілеті, басқаларға
құрметпен қарай білу, намысына тимеу, әдептілік,
толеранттылық, адалдық, әзілдесе білу сияқты сапалардың міндетті болуы
шарт. Сонымен қатар, шешендік қабілеттер, артистік мінез ерекше атап
көрсетіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни, оқушылардың
психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және
әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды. Зерттеушілер тарапынан
педагогикалық әдепке үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы
мәдениеті және оның педагогикалық іс-әрекетінің
жоғары кәсіпқойлығы
байқалады. Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалары кәсіби сапалардан
ажыратылмайды.
Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талаптардың ішінде мұғалімнің
толерантты болуы-маңызды мәселе. Өйткені, оқушымен қарым-қатынас
жасауда шыдамдылық, әдептілік, оқушыны сыйлай білу, кешіре білу оның
мұғаліммен қарым-қатынас жасауына қолайлы жағдай тудырады.
Педагогикалық
толеранттылық–мұғалімнің
кәсіби
әрекетіндегі
құзырлылығын, төзімділігін, адамгершілігін, әдебін, шыдамдылығын жатқызуға
болады. Әдеп–әртүрлі жағдайда өзін ұстай білуі, шамадан тыс кетпеуі. Қазіргі
таңда психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық шыдамдылық»
ұғымына әр алуан түсінік берілген. Зерттеушілердің кейбіреулері
педагогикалық шыдамдылықты мұғалімнің білім субъектілерімен диалогиялық
қатынас қалыптастырудағы кәсіби қабілеттілігі ретінде көрсетсе, басқалары
педагог
шыдамдылығын мойындау, қабылдау, түсіну арқылы өзгеден дәл
басқаны көру қабілеттілігі деп қарастырады [55].
Л.М. Митинаның пікірі бойынша, педагогикалық шыдамдылықтың
аспектісі эмоционалды орнықтылық, педагогикалық қиындықтардың әр алуан
түрлеріне қарсы келу, психологиялық бейімділікті сақтау болып табылады.
Оның негізінде шынайы жағдаяттарды теңбе-тең бағалайтын қабілеттілік,
44
екінші жақтан, бір жағдайдан келесі жағдайға өтуді алдын ала болжау
мүмкіндігі жатыр,-деп жазады Л.М.Митина [56].
Педагогикалық артистизм–педагогикалық шеберліктің бір құраушысы.
Ал педагогикалық шеберлік жүйелерінің маңызды түрінің бірі–педагогикалық
мәдениет. Педагогикалық қарым-қатынас–оқушылардың мотивациясының
дамуы мен оқу іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, оқушы тұлғасының
дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық
қолайлы климатын қамтамасыз ететін мұғалімнің
оқыту процесіндегі
оқушылармен қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды,
бейнелі, символдық құралдар жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде
коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге
асырады. Мұғалімнің балаларға қарым-қатынасы орынды талап қоюшылықпен
үйлестірілген үлкен жылылық және қамқорлықпен сипатталады. Бұл аталған
педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге
асырылады. Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негізі
болып табылады. В.Г. Крыськоның пайымдауы бойынша, мұғалімдік қызметке
қажетті компоненттерге: адамгершілік, кәсіби қабілеттердің, мүмкіндіктердің
жоғары деңгейдегі жиынтығы және сондай деңгейде дамуы, жетілуі, олардың
іске асудағы мұғалімнің жеке тұлғалық күші, қабілеттері мен мүмкіндіктері
кіреді.
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: педагогикалық бағыт,
қызығушылық, қажеттілік, жан-жақты даму деңгейі (адамгершілік, ақыл-ой,
эстетикалық), педагогикалық шеберлік, үнемі
жетілуге бағыт ұстау, қарым-
қатынас мәдениеті, тәртібі, педагогикалық әдебі, мұғалімнің дербестігі, жалпы
және педагогикалық эрудициясы және құзырлылығы, мейірімділігі, ақкөңілдігі,
қызметке берілуі. Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің
негізі болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сәйкес коммуникативтік
құзыреттілік келесі компоненттерді қамтиды:
-
Достарыңызбен бөлісу: