Липидтердің тотығуы кезінде алғашында біріншілік тотығу өнімдері түзіледі: LOO• (перокси радикалдары), LO• (алкокси радикалдары), L• (алкильді радикалдар). Терең тотығу жағдайында екіншілік тотығу өнімдері түзіледі және бұл қосылыстардың тұрақтылықтары жоғары болып келеді: альдегидтер, кетондар, кіші молекулалық қышқылдар. Тотығу өнімдері ОАФ мен қоса жасуша биомембраналарын зақымдайды, ДНҚ және РНҚ молекулаларының құрылысын бұзады, метаболизмнің қалыпты өтуіне кедергі келтіреді.
Антиоксиданттар жайлы түсінік
Биологиялық мембраналардың липидтік қос қабатының тотығу процесі адам ағзасында әр түрлі патологияларға бастама болады. Қазіргі таңда осы зиянды реакциялар тізбегін тежеу үшін антиоксиданттық белсенділігі айқын байқалатын флавоноидтар класының қосылыстарын қолдану кеңінен етек
алуда. Белсенділігі жоғары, өзіндік құны төмен болып келетін флаван туындыларын республикамыздың фармацевтикалық өндіріске ендіру - актуалды мәселелер қатарына жатады. Антоцианидтер көбінесе гүл жапырақтарында (антоцианидиндердің гликозидтері) кездеседі. Олар көп жағдайда гүлдердің қызыл, ал қызыл, қызғылт, ақшыл көк және көк түстерін береді .