Липидтер құрылысының әркелкі болуына қарамастан, молекулалары негізінен органикалық қосылыстардың екі класы- спирттер мен май қышқылдарынан тұрады. Липидтер құрамына спирттердің келесі түрлері кіруі мүмкін:
жоғары біратомды спирттер (цетил спирті СН3(СН2)14СН2ОН)
үш атомды спирт- глицерин СН2ОН-СНОН-СН2ОН
екі атомды спирт – сфингозин
Липидтердің асқын тотығуқұбылысы туралы зерттеулерді алғаш болып швейцариялық ғалым де Сосше 1800 жылдар шамасында жүргізді. Сынап монометрін қолдана отырып де Сосше ауада ашық ұсталған жер жаңғағы майының көлемі бір жыл ішінде жүз елу есеге артқанын байқаған. Майдың кейбір компоненттерінің оттекпен реакцияға түсетіні анық болса да, 1900 жылдары таза көмірсутектер өсімдік майынан бөлініп алынғаннан кейін ғана құбылыс механизмі түсіндіріле басталды. 1920 жылы линоль қышқылы олеиннен, ал линолеин қышқылы линольден тотығу реакциясына жылдамырақ түсетіндігі анықталды. Тотығу механизмін жүйелі түрде зерттеу нәтижесінде Стефенс циклогексеннің перокси туындысын синдездеп алды.