Қабылдаған: PhD. Болганбаев А. Орындаған: Исмоилов Дилмухаммад Тобы



бет5/8
Дата07.03.2023
өлшемі88,68 Kb.
#171394
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Баскару Исмоилов
Кездейсоқ шамалар cc02be77967a3a6a4776b25665181d16, raspberry-pi-zero schematic, Burabay Kaz 22Oct2016 VY revision#3 10.04.17 VY clean figures (1)
Кооператив - бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Алайда біздің кооперативтер ең алдымен өндірістік, қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада өрістеп отыр. Кооперативтік кәсіпкерлік формаға тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив - ол заңды иегер. Көпшілік елде өріс алғанына қарамастан іс жүзінде кооперативтердің салыстырмалы түрде үлес салмағы аса көп емес. Оның көптеген себептері бар, ең алдымен, кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау тенденциясы байқалады, ол болса өндіріс тиімділігін төмендетеді, инновациялық процеске кедергі жасайды, құрылымдық қайта құруды қиындатады. Бір жағынан бұл форманың үлкен артықшылығы да бар, атап айтқанда, олардың ішіндегі маңыздысы меншік пен еңбектің бірлігінен туындайтын жоғары мотивациялық тиімділік. Алайда бұл тиімділік иесіз, ұжым меншігінің орнына, сол ұжым мүшелерінің меншігін енгізсе ғана көрініс алады. АҚШ-та мұндай кәсіпорындарға сипаттама бергенде ,,қызметкер меншігі,, деген ұғым қолданылады екен. Бұл дәлірек түсініктеме, өйткені қызметкер меншігі жеке меншіктің бір түрі, оның әйгілі ,,классикалық,, жеке меншіктің бір түрі, оның әйгілі ,,классикалық,, жеке меншіктен айырмашылығы сол, ол бір мезгілді және міндетті түрде кәсіпорынды басқару ісімен де айналысады.
Бір айта кететін жай, АҚШ-та қызметкерлер меншігіне мемлекеттік меншік емес, жеке меншік жатады. Мәліметтерге қарағанда бұл процесс жан-жақты қолдау табады, себебі қызметкерлер меншігі болып табылатын кәсіпорындарда еңбек өнімділігі басқа типтегі кәсіпорындармен салыстырғанда 10 процентке жоғары. Соңғы жылдары АҚШ Конгресі салық жеңілдігі, қызметкерлер меншігінің дамуын қолдауымен байланысты әр түрлі формада 20-дан астам федералдық заңдар қабылдаған. Қазір ол елде 11 мың кәсіпорын толық немесе жартылай қызметкерлер меншігінде. Онда 12 миллион адам еңбек етеді. Әр түрлі нысандағы қызметкерлер меншігінің бірнеше орталықтары пайда болды. Осы бағыттағы ұжымды жеке кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуының негізінде ғылыми-техникалық революция жатыр. Ол ғылыми сипаттағы жоғары өндірістің кеңінен дамуында ықпал етті, интеллектуалды еңбекпен шұғылданатын қызметкерлердің рөлін, үлес салмағын көтерді.
Конвейер көмегімен олардың жұмыс ритмі белгіленбейді, күнделікті жұмыстарына бақылау жасау да тиімсіз. Мұндай қызметкерлердің толық өнімділікпен еңбек етуі үшін алға қойған мақсаты айқын болуы шарт. Меншік иесі осындай мақсатты сапалы еңбектің онан әрі дамуына ықпал етеді. Нәтижесінде ондаған, кейіннен жүздеген, мыңдаған фирмалар пайда болуда, онда бірнеше мыңдаған адам етеді.
Мұншалықты бөлшектелгеніне қарамастан адамдардың басым көпшілігі қоғамдық өндірісте жалдамалы қызметкер ретінде емес, еңбекке деген ынтасы да, мүддесі де мүлдем бөлек қожайын ретінде қатысады. Мұндай міндеттер технологиялық тұрғыдан бөлуге болмайтын, ұсақ жеке кәсіпорындардан тұратын ірі өндірісте дәстүрлі жек меншікті қызметкерлер меншігіне айналдыру жолымен шешіледі. Мұндай қайта құруды қолдайтын кәсіпкерлердің өздері, өйткені өздері иелік ететін мүліктің бір бөлігін өз қызметкерлеріне беру арқылы еңбектерінің тиімділігін арттырады. Нәтижесінде бірдей иегерге пайдадан дивиденд ретінде беретін бөлігін қайтарып қана қоймай үстеме пайдаға ие болады.
Біздің елімізде еңбек ұжымдарының халықтық кәсіпорындарға қатынасы, көзқарасы оңды, сондықтан да меншікті мемлекеттен атып алу мен жекешелендіру кезінде кеңінен даму алатын болады. Бірақ, мұндай кәсіпорындар кеңестік колхоздардың жаңа тарихи бір түрі болмас үшін мұны ұйымдастыруда батыс елдерінің тәжірибесің жан-жақты зерттеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет