Қабылдаған: PhD. Болганбаев А. Орындаған: Исмоилов Дилмухаммад Тобы



бет6/8
Дата07.03.2023
өлшемі88,68 Kb.
#171394
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Баскару Исмоилов
Кездейсоқ шамалар cc02be77967a3a6a4776b25665181d16, raspberry-pi-zero schematic, Burabay Kaz 22Oct2016 VY revision#3 10.04.17 VY clean figures (1)

2.2 Кәсіпорындардың түрлері


Іс жүзінде әрбір кәсіпорын мемлекет пен рынок арасындағы финанс және мүліктік қатынастарды реттейтін арнаулы қаулы - қарарларға сәйкес ұйымдасады, әрекет етеді, шартты жағдайларға байланысты мемлекеттік кәсіпорындар 3 топқа бөлінеді:


1 Бюджеттік кәсіпорындар;
2 Мемлекеттік корпорациялар;
3 Аралас акционерлік қоғамдар;
Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар енеді. Өз жағдайына қарай олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомоствоға немесе жергілікті басқару оргапндарына бағынады. Олар пайдадан салық төлемейді, оларың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Олар, әдетте, сыртқы финанс көздерін пайдаланбайды, мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорын басшыларын мемлекеттік органдар тағайындайды, барлық қалған жұмыс істеушілермен бірге оларды мемлекеттік қызметкерлер деп атайды. Бюджеттік кәсіпорындарға байланыс жүйесі, верфтер, т.б. жатады.
Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық - құқылық формадағы мемлекеттік кәсіпорындар. Олар белгілі бір құқық субъектілер және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте, олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін атқарады. Басқаша айтқанда мемлекеттік корпорациялар коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей қолданып отыр. Мемлекеттік корпорциялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам формасында да құрылуы мүмкін. Мемлекеттік корпорациялар кәсіпкерлік қызметті коммерциялық негізде тиісті министрліктер мен ведомстволардың бекіткен жоспарларына сай жүргізеді. Мұндай қызметтің экономикалық негізін мемлекеттік қорлар есебінен құрылатын өзіндік капиталы, акционерлік капитал және капиталистік пайда құрайды. Сонымен қатар облигация формасындағы заем капиталын, банк несиелерін, басқа да финанс тетіктерін пайдаланады. Алайда, заем қаржыларының шектеулілігі финанс ресурстарын мәнді пайдалану мүмкіндігін төмендетеді. Мемлекеттік корпорациялардың рентабельдік және тиімділік көрсеткіші көбіне жеке фирмалардың сол сияқты көрсеткіштермен салыстыруға келмейді, өйткені тиімсіз өндірісті ең алдымен мемлекет өзі қорғап, өзі қаржыландырады, ал өндірістік өнімдер мен қызмет көрсету шектеулі бағамен сатылады.
Аралас компаниялар. Олар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың (вкладчиктердің) қолында болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңға сай аралас компаниялар заңды иегер, комерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады. Атап айтқанда, мемлекеттік несие мен қосымша қаражатты (дотация) пайдалану, импорттық лецензияларды жеңілдік тәртіппен алу, басқа мемлекеттік кәсіпорындардан бекітілген бағамен шикізат пен жартылай фабрикат алуға кепілдік, өндірген өнімдерді өткізуде кепілді рынок, сыртқы дотация т.б. жеңілдіктер.
Аралас фирмалардың өзіндік капиталы акционерлік капиталдан, капиталданған пайдадан, акциялары қор биржасында сатылатын болса эмиссиялық табыстан құрылады. Мемлекет пен жеке акционерлер табысты өз қызметтерінің нәтижесінде дивиденд формасында алып отырады. Аралас компаниялардың зайемдық қаржыларды пайдалануда мемлекеттік корпорациялармен салыстырғанда артық мүмкіндіктері бар. Аралас компаниялар шаруашылық ісін кәсіпкерлік және комерциялық негізде жүргізеді. Алайда ел экономикасына аса маңызды деген жағдайда әкімшілік пен тиісті министірліктер мен ведомстволар бірлесе отырып жоспар да белгілейді. Мемлекеттік корпорациялармен салыстырғанда олардың үлкен шаруашылық дербестігі бар. (4.«Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық сөздігі» Алматы. 1992 жыл.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет