Қабылдаған: PhD. Болганбаев А. Орындаған: Исмоилов Дилмухаммад Тобы



бет2/8
Дата07.03.2023
өлшемі88,68 Kb.
#171394
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Баскару Исмоилов
Кездейсоқ шамалар cc02be77967a3a6a4776b25665181d16, raspberry-pi-zero schematic, Burabay Kaz 22Oct2016 VY revision#3 10.04.17 VY clean figures (1)

2.Негізгі бөлім


Кәсіпкерлік қаракет тиісті басқару әдістерін талап етеді. Ерекшелік қасиеттері бола тұра, бұл әдістер кәсіпорындарда ендігі қолданылып қолданылып жүрген әдістер секілді жүйеленген, ұйымдастырылған және мақсатқа бағдарланған болуы керек. Әрбір кәсіпкерлік ұйым сол бір ғана базалық принциптермен сипатталатын болса да, қазіргі бар өндірістік кәсіпорындардың, қызмет көрсету саласы мекемелердің және жаңадан құрылған кәсіпорындардың мақсаттары әр түрлі, олардың алдарында әр түрлі проблемалар тұр, жеңіп жатқан қиыншылықтары да әр басқа. Әрбір жеке кәсіпкер өзінің жағдайы мен қабылданған міндеттемелеріне орайлас оңтайлы шешімдер таба білуі керек.


Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігі дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономикада ,,кәсіпкерлік,, түсінігі XVІІІ ғасырда пайда болды да, ,,меншік иесі,, деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иеләк етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан 18-ғасырдың аяғы 19-ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б. Сэй кәсіпкерлікті А. Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К. Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.
Кәсіпкерліктің меншік иесінен ажырасуы акционерлік қоғамда анық көрініс алды. Акционерлік кооперативтік экономика жағдайында меншік заңды факт ретінде өзінің бөлу қызметінен айрылады. Өндірістегі өкімет меншіктен ұйымдастыруға ауысады, сөйтіп меншік пассивті роль атқаратын болады. Дәстүрлі меншік түсінігімен қатынасты нақты физикалық заттар орнына, акционер қағаз бумасымен, меншіктің титулымен шектеледі. Акция иесі кәсіпорындарға шартты бақылау ғана жасай алады.
Кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік бағдарламаны анықтау, қаржыландыру көзін таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т.б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы керек.
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жәй тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек. Кәсіпкерліктің қандай түрімен айналысушылардың басым көпшілігі кепілді табыс пен жоғары жалақыға есеп жасайды. Алайда кәсіпкерлік және рыноктың дамуы тек жоғарғы табыс пен жалақыдан тұрмайтыны, оның көлеңкелі жақтары да аз емес екендігі белгілі. Осыдан да болар ауыз екі сөзде тәуекел тас жарады, тас жармаса бас жарады деген де бар.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұның өзі экономиканың қажетті рыноктық құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірбиеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік – экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім-кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, тауарсыз, капиталсыз, ең басты реттеуші- құн заңынсыз, қозғаушы күші бәсекесіз олар дами алмайды.Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде көп түрлілік объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі. Қазіргі әлемде дәрежесі мен сипаты бойынша әр қилы өндіргіш күштердің, таңғажайып қабысуын байқауға болады. Қоғамдық, жалпы мемлекеттік мақсатқа пайдаланатын өндіргіш күштер бар, сонымен қатар ұжымдық, топтық және жеке дара мақсатта қолданылатын өндіргіш күштер де бар. Осыған сәйкес меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы формалары даму алады. Осының негізінде аралас типтегі рыноктық экономиканы құрайтын көп субъектілі нақты экономиаклық қатынастар орын алды. Кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтқанда үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, кең көлемді тәуекелге бел байлау, іскерлік. Белгілі Австриялық экономист И. Шумпетер айтқандай, кәсіпкерлік-жұмыстың бір түрі емес, тұнып тұрған ақыл-ой, тұла бойы қасиет. «Ерекше бір көріпкелдік қасиет болуы рутина қысымына әрдайым қарсылық жасай білуі шартты мәселе. Жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін пайдалана білуі керек. Хас тәуекелге бел байлап, қорқуды, үрейді жеңе білу, болып жатқан құбылыстарға еш байланыссыз өз шешімін анықтау».
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде де кәсіпкерлікті шаруашылық искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық жанашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді т. б. мұның бәрі пайда әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі «мүмкіндік-искусствосы». Оның үстіне әңгіме тауарлы және бәсекелі шаруашылықтың тууымен байланысты өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде болып отыр. Мұнда жеке бастың бейімділігі, қабілеті, батылдығы маңызды роль атқарады. Бұған қосарымыз Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікке жол ашқан, оның құқы мен жауапкершілігі туралы алғашқы қабылдаған заң актілерінің бірі «Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы» болды. Мұнда кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс-қимылы, ол пайда алу мақсатын көздейді, тәуекелділік көрсетеді, өзгерістерге деген жауапкершілігі бар деп анықтама берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет