Қабылдаған: PhD. Болганбаев А. Орындаған: Исмоилов Дилмухаммад Тобы


Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары



бет3/8
Дата07.03.2023
өлшемі88,68 Kb.
#171394
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Баскару Исмоилов
Кездейсоқ шамалар cc02be77967a3a6a4776b25665181d16, raspberry-pi-zero schematic, Burabay Kaz 22Oct2016 VY revision#3 10.04.17 VY clean figures (1)
(1.Балахметова. Г. «Транзитная экономика» 2001.)

2.1 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары


Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқықтары дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнәмдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.
Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.
Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық формалары бар:

  • мемлекеттік кәсіпорын;

  • серіктестік: толық жауапкершілікпен (толық серіктестік); аралас жауапкершілікпен (аралас серіктестік); шектеулі жауапкершілікпен (шектеулі серіктестік);

  • акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).

Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын бірлескен кәсіпорын, ,,кооператив,,, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды статусын бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірі, екінші жылы жартысын төлейді. Ал жаңа салада, құрылыста алғашқы екі жыл бойы қалыптасу кезеңінде салықтардың алынбай жүргені де сирек кездесетін жәй емес.
БК-бұл да экономикалық түсінік, әңгіме оны кім құрағаны жөнінде болып отыр. Біздің елімізде бұл форманың орын алғанымен оның заңды статусы толық анықталмаған. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, бірлескен кәсіпорындардың 90 проценті шектеулі жауапкершілігі бар қоғамдар. Қазір республикамызда, ТМД елдерінде бірлескен кәсіпорындар осы статусты қабылдаған. Заң бірлескен кәсіпорындарды басқалай ұйымдастыруға да рұқсат етеді. Енді кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формаларына толығырақ сипаттама берейік.
Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам. Қалғандары жалдамалы қызметкерлер. Толық серіктестік- жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұның мәні мынада. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай, мебель, картина, зергерлік бұйымдар т.б. бағалы мүліктерді тізімге алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы мүшелермен қатар енгенге дейінге қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады. Әдетте толық серіктестіктерді заңды тұлғалар (ірі кәсіпорындар) құрайды. Белгілі бір салада бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісім осындай серіктестікті құрудың негізі деп қарауға болады. Мұндай жағдайда серіктестіктің жарғысын тіркеудің де қажеттігі болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет