Қабылдаған: Т.ғ. к., проф м. а. Жолсейтова М



бет5/5
Дата04.01.2022
өлшемі61,49 Kb.
#108994
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алиакбарова М. ЖХБ-011. БӨЖ
10 СЫНЫП БЖБ
2.4 Нұр Отан партиясы.

Партия Жарғысы – ұйымдастыру мен қадағалау үшін ерікті түрде партия мүшелері қабылдаған толық ережелер жиынтығы. Партия деп – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі танылады. Партияның мақсаты - саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Партияның міндеттері:

мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;

партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;

мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау; партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру;

кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау; ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;

заң жобаларының бүкілхалықтық талқылауларына қатысу; өкілді және атқарушы органдарға енгізу үшін қоғамдық пікірді зерделеу әрі заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды депутаттық бірлестіктер арқылы іске асыру;

қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына жастарды біріктіруге жәрдемдесу;

белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік марапаттауларға ұсыну;

партия мүшелерін моральдық тұрғыдан көтермелеу;

азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.



ІІІ. Қорытынды.

Қазақ мамлекеті көзі ашық, көкірегі ояу әлемдік елдермен теңесе алатындай жас ұрпақты тәрбиелеп отыр. Жас ұрпақ елдің ертеңі. Білімді ұрпақ өз мемлекетінің саясаты мен қоғамдық ісіне еркін және белсенді араласа алуы керек. Ол үшін мемлекет демократиялық құқықты тәуелсіз ел болуы шарт.



ІV. Пайдаланылған әдебиеттер:

Ұлттық энциклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы



Қазақ энциклопедиясы «Бас редакциясы» Google.com сайты. ҚР Парламенті мәжіліс депутат блогы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет