Жан-жануарлар дүниесін білдіретін ою-өрнектер. Бұл көбінесе киізден жасалған бұйымдарды өрнектеуге қолданылады. Тұрмыс тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан халық арасында қолөнер бұйымдарын көркемдеуде мүйіз тектес өрнектер кеңінен тараған.
Геометриялық ою-өрнектер. Текеметке түс беруде ою-өрнектерді ораналастыру тәртібінің кең тараған тәсілі – орталық бөлікті төрт бұрыштап бөліп алып, осы бөлікті ирек немесе су шынжыр өрнектермен жиектеп, анық көрсету. Орталық бөлікке екі, үш айшық орналастыруға болады.
Аспан әлемін жер дүние сырын суреттейтін ою-өрнектер. Текеметке әсіресе, жан-жағына күн сәулесі секілді тармағын жайған шеңберлі ою жиі салынған. Киізден жасалған бүйымдарға салынатын ою-өрнектердің мән-мазмұны, түп тамыры сонау ерте дүние тарихында жатыр.

Сырмақ жасау технологиясы туралы мәліметтер
Үй іші жиһаздардың бірі, ұнамдылығы жағынан да, көркемділігі жағынан да сырмақ жасау өнері халық ұнататын, көп тараған өнер. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақыүйдің киізін, әр тїрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасаған. Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады.